Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17884 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін өтінішті уәкілетті органға талап етілген құжаттарды қоса бере отырып, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады".";
7-тармақ алып тасталсын;
15-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В" төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінің болуы;
2) осы заңды тұлға шыққан елдің шетелдік қадағалау органы халықаралық Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия ұйымының консультациялары, ынтымақтастығы және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойды;";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган эмитенттің "жеке кабинетіне" және орталық депозитарийге электрондық форматта облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектісін және электрондық құжат нысанында мыналарды жібереді:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті – облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда;
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті – облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркелген жағдайда;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті – облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда.".
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Эмитент айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті эмитенттің "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу кезінде уәкілетті орган берген қағаз тасымалдағыштағы құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқан жағдайда, эмитент құжаттардың телнұсқасын және (немесе) көшірмелерін алу қажет болған кезде мыналарды:
облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің) телнұсқасын;
облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) көшірмелерін беру үшін уәкілетті органға өтініш береді.";
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлік осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін өтініші, эмитенттің атқарушы органы басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.
Эмитенттің облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу өтінішіне, сондай-ақ облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаға эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды.
4-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Құжаттардың көшірмелері эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) қағаз тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:
1) облигациялардың күшін жою негізін көрсете отырып, эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қойған облигациялар шығарылымының күшін жою туралы өтініш;
2) облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған эмитенттің органы шешімінің көшірмесі;
3) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын), облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісін), облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқалары (оларды қағаз тасымалдағышта алған жағдайда);
4) эмитенттің органы облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған күні орталық депозитарийдің облигациялар ұстаушылардың жоқ екені туралы хабарламасы (егер осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған немесе осы шығарылымның барлық облигацияларын эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған жағдайда);
5) сот бекіткен эмитентті қайта құрылымдау жоспарының көшірмелері (қаржы ұйымдарының, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымдардың қайта құрылымдау рәсімдері жүзеге асырылған жағдайда);
6) эмитентті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің және сот бекіткен тарату балансының көшірмелері (эмитент мәжбүрлеп таратылған жағдайда).
Облигациялар шығарылымын олардың айналыс мерзімі өткеннен кейін жою үшін эмитент уәкілетті органға Тізбенің 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжатты ұсынады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Құжаттардың көшірмелері эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Оригинатордың соңғы жыл үшін аудиторлық есебі және оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секьюритилендіру мәмілесі бойынша талап ету құқығын беру шарты облигациялар шығарылымы проспектісімен (облигациялық бағдарлама проспектісі) бірге ұсынылады.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Эмитент облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының проспектісін) уәкілетті органға электрондық түрде ұсынады.
8. Облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі) қазақ және орыс тілдерінде жасалады.
Облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі) номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялар шығарылған жағдайда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалады.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Осы қосымшаның 19, 20, 21 және 22-тармақтарында көрсетілмеген, бірақ "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі және "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес эмитенттің үлестес тұлғалары болып табылатын эмитенттің үлестес тұлғалары:
1) жеке тұлға үшін – эмитенттің үлестес тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
2) заңды тұлға үшін – эмитенттің үлестес тұлғасының толық атауы, орналасқан жері және бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).
Егер осы заңды тұлға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылса, онда қатысу үлесін көрсете отырып, осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылары туралы мәліметтер көрсетіледі:
жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
заңды тұлға үшін - толық атауы, орналасқан жері;
3) оларды эмитенттің үлестес тұлғаларына жатқызудың негізі және эмитентпен үлестес болған күн.
Эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін, заңды тұлға болып табылатын эмитенттің үлестес тұлғасына қатысты қосымша:
эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері және бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса);
эмитентке тиесілі жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының осы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы орналастырылған акциялардың немесе қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық қатынасы;
эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін заңды тұлғаның негізгі қызмет түрлері;
эмитент осы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы акциялардың немесе акциялардың он немесе одан да көп процентін иеленген күн;
заңды тұлға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылса, онда қатысу үлесін көрсете отырып, осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің он және одан да көп пайызын иеленетін өзге қатысушылары туралы мәліметтер көрсетіледі:
жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
заңды тұлға үшін - толық атауы, орналасқан жері.
Арнайы қаржы компаниясы облигацияларды шығарған кезде, үлестестікті тану және оның пайда болу күнін көрсете отырып, секьюритилендіру мəмілесіне тараптардың аффилиирленуі туралы ақпаратты ашып көрсетеді.
Егер Эмитенттің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну күніне дейін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған болса, онда осы тармақты эмитент толтырмайды.".
3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 213 қаулысына 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 213 қаулысына 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
20 __ жылғы "___" _________ Алматы қаласы
Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________ тіркелген
(эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)
мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге алды.
Шығарылым_________________________________________________________
(облигациялардың саны цифрмен және жазбаша,
______________________________________________ облигацияларға бөлінген,
облигациялар түрі)
оларға_______________________________________________________________
халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) берілген.
Бір облигацияның номиналды құны______________________________________
____________________________________________________________________
_______________________________________________________ теңге.
(цифрмен және жазбаша)
Облигациялар шығарылымының көлемі__________________________________
(шығарылатын облигациялардың
________________________________________________________ теңге болады.
жиынтықты номиналды құны цифрмен және жазумен)
Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
куәлікті ауыстыру себебі (эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі ауыстырылған жағдайда толтырылады):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Уәкілетті тұлға __________________ _____________________________
(қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)
Мөр орны (қағаз нысаны үшін)
Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
20 __ жылғы "___" ___________ Алматы қаласы
Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________________ тіркелген
(эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)
облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге алды.
Облигациялар шығарылымының көлемі _________________________________
________________________________________________________ теңге болады.
(цифрмен және жазумен)
Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне ____ нөмірімен енгізілген.
Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі
(эмитенттің облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі ауыстырылған жағдайда толтырылады):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Уәкілетті тұлға __________________ _____________________________
(қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)
Мөр орны (қағаз нысаны үшін)
Облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
20 __ жылғы "___"_____________ Алматы қаласы
Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________ тіркелген
(эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)
облигациялық бағдарлама шеңберінде мемлекеттік тіркеуге алды.
Шығарылым
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(облигациялар саны цифрмен және жазумен, облигациялар түрі)
___________________________________________________________________
халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) берілген
___________________________________________________________________
облигацияларға бөлінген.
Бір облигацияның номиналды құны ____________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
_____________________________________________________________ теңге.
(цифрмен және жазумен)
Облигациялар шығарылымының көлемі _________________________________
___________________________________________________________________
(шығарылатын облигациялардың жиынтықты номиналды құны
______________________________________________________ теңге болады.
цифрмен және жазумен)
Облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (эмитент облигациялық бағдарлама
шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті
ауыстырған жағдайда толтырылады):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
Уәкілетті тұлға __________________ _________________________________
(қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)
Мөрдің орны (қағаз нысаны үшін)
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлік
20 __ жылғы "___" _______________ Алматы қаласы
Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)
_________________________________________________________________________
(эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні, тіркеуші органның атауы,
____________________________________________________________________,
бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
тіркеген
_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
(эмитенттің толық атауы мен орналасқан жері)
облигациялар шығарылымының күшін жойды.
Шығарылым_________________________________________________________
(мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік
____________________________________________________________________
___________________________________________________________ тіркелген.
тіркеген органның атауы, күні, айы, жылы)
Шығарылым облигацияларына берілген халықаралық сәйкестендіру нөмірі
(ІSІN коды) __________________________________________________________
Шығарылым_________________________________________________________
(облигациялардың саны цифрмен және
____________________________________________________________________
жазбаша,облигациялар түрі)
облигацияларға бөлінген.
Облигациялар шығарылымының _______________________________________
____________________________________________________________________
(күшін жою себебі)
байланысты күші жойылды.
Облигациялар шығарылымының күші ___________________________________
____________________________________________________________________
(күні, айы, жылы)
бастап жойылды деп есептелсін.
Уәкілетті тұлға __________________ _________________________________
(қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)
Мөрдің орны (қағаз нысаны үшін)