"Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына өзгерістер енгіз

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 338 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19151 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 75226 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2014 жылғы 8 наурыздағы № 47 (27668) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мектеп қызметінің тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мектептердің қызметін қаржылық қамтамасыз ету";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мектепті басқару";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымы қызметінің тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдарын қаржылық қамтамасыз етілуі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Халықаралық ынтымақтастық";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Шағын жинақты және тірек мектептері (ресурстық орталық) қызметінің тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Түзету мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектеп қызметінің тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Кешкі мектеп қызметінің тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Арнаулы білім беру ұйымы қызметінің тәртібі"

      5-тарау мынадай редакцияда жазылсын::

      "5-тарау. Арнаулы білім беру ұйымы қызметінің тәртібі

      79. Арнаулы білім беру ұйымдарына тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету мақсатында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 1-тармағында көрсетілген кәмелетке толмағандар жіберіледі.

      80. Арнаулы білім беру ұйымының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту;

      2) кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың және қоғамға жат қылықтардың алдын алу;

      3) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      4) кәмелетке толмағандардың заңға бағыну мінез-құлықтарын қалыптастыру;

      5) оқыту және тәрбиелеу процесінің үздіксіздігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету.

      81. Арнаулы білім беру ұйымы кәмелетке толмаған қыз балалар мен ұл балаларды бөлек орналастыруды қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады. Ер және әйел жынысты тәрбиеленушілердің, сондай-ақ 11-14 жастағы тәрбиеленушілердің жатын корпустарын 15-18 жастағылардан оқшау орналастыру міндетті шарт болып табылады.

      Тәрбиеленушілердің тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген) бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) сәйкес белгіленеді.

      82. Арнаулы білім беру ұйымына кәмелетке толмаған соттың шешімі бойынша бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін. Кәмелетке толмаған күдікті өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын жағдайларда, ол қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін арнаулы білім беру ұйымына орналастырылуы мүмкін.

      83. Кәмелетке толмағандарды анықтау үшін арнаулы білім беру ұйымына құжаттар жинауды кәмелетке толмағандарды анықтау мен есепке алуды жүзеге асыратын білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау органдары қамтамасыз етеді.

      Арнаулы білім беру ұйымына жіберілетін кәмелетке толмағанның әрқайсысына:

      1) кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына жіберу туралы сот шешімі;

      2) туу туралы куәлік (жеке куәлік);

      3) білім алушының жеке ісі қағазы;

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 026/е нысаны бойынша баланың медициналық картасы, 063/е нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы (бұдан әрі - № 907 бұйрық);

      5) отбасының құрамы, отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің толық деректері, олардың нақты тұратын жері, жұмыс орны, кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағу мен тәрбиелеу үшін жағдайлардың болуы көрсетілген отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;

      6) ата-ана қамқоршылығының жоқ екенін растайтын құжаттар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері (түлектері) қатарынан кәмелетке толмағандарға беріледі;

      7) оқу орнынан мінездеме;

      8) әскерге шақыру жасындағы адамдар үшін тіркеу куәлігі.

      Жеке іс құжаттары, сондай-ақ кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және баланы отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына қабылдаған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 592 қаулысымен бекітілген Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергі болатын аурулардың тізбесіне сәйкес денсаулық жағдайында ауытқулары бар кәмелетке толмағандар арнаулы білім беру ұйымына жіберілмейді (бұдан әрі - № 592 қаулы).

      Алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдаланатын кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде міндетті түрде оларға наркологиялық аурулардан емдеу курсынан өту мақсаттылығы зерделенеді.

      84. Арнаулы білім беру ұйымына кәмелетке толмағандар білім беру органдарының қарамағындағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары арқылы жеткізіледі.

      85. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымында ұстау шарттары Заңның 13-бабы 9-тармағының 1) тармақшасына, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымының Жарғысына, ішкі тәртіп қағидаларына және осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етіледі.

      86. Білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

      87. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен тәрбиеленушілерге негізгі орта білім туралы немесе жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

      88. Арнаулы білім беру ұйымында кәмелетке толмағандарды оқыту және тәрбиелеу олардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сараланған түрде жүргізіледі.

      89. Арнаулы білім беру ұйымында еңбекке баулу оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу-тәжірибе учаскесінде және қосалқы шаруашылықта кәмелетке толмағандардың жасы мен дене бітімінің дамуын ескере отырып, күніне екі сағаттан төрт сағатқа дейін жүзеге асырылады.

      90. Арнаулы білім беру ұйымында тәрбиеленушілерді кәсіптік даярлау Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      91. Біліктілік емтиханын тапсырған тәрбиеленушілерге нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік берілгені туралы куәлік (сертификат) беріледі.

      92. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымынан шығарған кезде қабылдау-табыстау актісі бойынша: оған тиесілі заттар, ақша, жеке іс құжаттары, жүргізілген екпелер туралы және эпидемиологиялық орта туралы мәліметтерді көрсете отырып, медициналық картадан үзінді беріледі.

      Арнаулы ұйымнан шығатын арнаулы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері тұратын жеріне арнаулы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің ертіп жүруімен жеткізіледі.

      Ұйымнан шығудың барлық жағдайларында арнаулы білім беру ұйымдарының әкімшілігі бітірушілерге осы мекемеде болған кезеңде олардың бұрынғы пайдалануындағы маусымдық киім мен аяқ киім жиынтығын береді.

      93. Арнаулы білім беру ұйымындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын::

      "6- тарау. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы қызметінің тәртібі

      6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      94. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына тәрбиенің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген кәмелетке толмағандар жіберіледі

      95. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының негізгі міндеттері:

      1) кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту;

      2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алу;

      3) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастыру;

      5) оқыту мен тәрбиелеу процесінің үздіксіздігін және бірлігін қамтамасыз ету.

      96. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары ер және әйел жынысты адамдарды бөлек орналастыру шартымен он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін құрылады

      97. Тәрбиеленушілердің тұруын ұйымдастыру санитарлық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      98. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке толмағандар соттың шешімі бойынша алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберіледі.

      Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілетін кәмелетке толмағанның әрқайсысына:

      1) кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы сот шешімі;

      2) туу туралы куәлік (жеке куәлік);

      3) оқушының жеке ісі;

      4) № 907 бұйрыққа сәйкес № 026/у нысаны бойынша баланың медициналық картасы, 063/у нысаны бойынша профилактикалық егу картасы;

      5) отбасының құрамы, әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің толық деректері, олардың нақты тұратын жері, жұмыс орны, кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағу мен тәрбиелеу үшін жағдайлардың болуы көрсетілген отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;

      6) ата-ана қамқоршылығының жоқ екенін растайтын құжаттар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері (түлектері) қатарынан кәмелетке толмағандарға беріледі;

      7) оқу орнынан балаға мінездеме;

      8) әскерге шақыру жасындағы адамдар үшін тіркеу куәлігі.

      Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына № 592 қаулыға сәйкес денсаулық жағдайында ауытқулары бар кәмелетке толмағандар жіберілмейді.

      Алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдаланатын кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы мәселені қарау кезінде міндетті түрде оларға наркологиялық аурулардан емдеу курсынан өту мақсаттылығы зерделенеді.

      Жеке іс құжаттары, сондай-ақ кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер кәмелетке толмағанды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына қабылдаған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей Республикалық деректер базасына енгізіледі.

      Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру және жеткізу үшін қажетті құжаттарды жинауды ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.

      Кәмелетке толмаған күдікті өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдырыла алмайтын жағдайларда, ол қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастырылуы мүмкін.

      99. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында ұстау шарттары Заңның 14-бабы 11-тармағының 1) тармақшасына, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының Жарғысына, ішкі тәртіп қағидаларына және осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етіледі.

      100. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының құрылымында режим бойынша аға кезекшінің және кезекшінің бірліктері көзделеді.

      101. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

      Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен тәрбиеленушілерге негізгі орта білім туралы не жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

      Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін оқыту мен тәрбиелеу олардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сараланған түрде жүзеге асырылады.

      102. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында еңбекке баулу оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу-тәжірибе учаскесінде және қосалқы шаруашылықта кәмелетке толмағандардың жасы мен дене бітімінің дамуын ескере отырып, күніне екі сағаттан төрт сағатқа дейін жүзеге асырылады.

      Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілерді кәсіптік даярлау Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Біліктілік емтиханын тапсырған тәрбиеленушілерге нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік берілгені туралы куәлік (сертификат) беріледі.

      103. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан кететін тәрбиеленушілер тұратын жеріне ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары қызметкерлерінің ертіп жүруімен жеткізіледі.

      Ұйымнан шығудың барлық жағдайларында ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының әкімшілігі бітірушілерге осы мекемеде болған кезеңде олардың бұрынғы пайдалануындағы маусымдық киім мен аяқ киім жиынтығын береді.

      104. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін көрсету өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.".

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын::

      "7-тарау. Аурухана жанындағы мектеп қызметінің тәртібі";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық мектеп қызметінің үлгілік қағидаларында;

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Халықаралық мектептің қызметін ұйымдастыру тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Оқу-тәрбие процесі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Халықаралық мектепті басқару";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қаржылық қамтамасыз ету";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрамдастырылған біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер қызметінің қағидалары";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қосымша білім беретін мектеп-орталықтардың қызмет қағидалары;

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мектептер-интернаттар-колледждер қызметтерінің қағидалары"

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Оқу-сауықтыру орталықтар (кешен) қызметінің қағидалары"

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын::

      "6-тарау. Оқу-өндірістік комбинат қызметінің қағидалары (мектепаралық, курстық)";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын::

      "7-тарау. Оқу-тәрбиелеу орталығы (кешені) қызметінің қағидалары";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын::

      "8-тарау. Оқу орталығы қызметінің қағидалары";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын::

      "9-тарау. Біріктірілген білім беру ұйымдарын басқару".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заң шығару және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі