Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 18512 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісі құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Қуандықов Ә.Ә.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      ___________________________

      20___ жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      ___________________________

      20___ жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 30 наурыздағы
№ 40 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және резиденттердің және бейрезиденттердің Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Қағидалар мынадай тәртіпті қамтиды:

      валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату;

      банктік шот бойынша қолма-қол шетел валютасын алумен, есепке жатқызумен және пайдаланумен байланысты операцияларды жүргізу.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар да пайдаланылады:

      1) БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      2) ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3) ішкі корпоративтік ақша аударымы – заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшелерімен немесе бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің арасында жүзеге асырылатын ақша аударымы;

      4) тіркеу куәлігі – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін валюталық шартты тіркеу кезінде берілген және күшін жоймаған, белгіленген үлгідегі құжат;

      5) Ұлттық Банк – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      6) хабарлама туралы куәлік – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа берілген және күшін жоймаған, белгіленген үлгідегі құжат.

2-тарау. Валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібі

1-параграф. Валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру

      3. Уәкілетті банк резидент немесе бейрезидент Қағидаларға сәйкес ұсынған құжаттар және (немесе) мәліметтер болған жағдайда валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізеді.

      Қағидалардың мақсаттары үшін егер төлем және (немесе) ақша аударымының валютасы Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) долларынан басқа валюта болса, төлем және (немесе) ақша аударымы сомасының баламасы операция жүргізілген күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып есептеледі.

      Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 5-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында есептік нөмірді алу талабы қолданылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымын жүргізу ерекшеліктері көзделеді.

      4. Резиденттің міндеттемелерін орындау мақсатында бейрезиденттің шетелдік банктегі шотынан резиденттің валюталық операциясы бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы:

      1) резиденттің бейрезиденттен алған қаржылай қарызын үшінші тұлғалардың шоттарына аударған;

      2) өзі тіркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқығы бар бейрезидент резидентке бағалы қағаздар нарығында қаржылық қызметтер көрсеткен;

      3) бейрезидент резидентке тапсырма шарты бойынша қызметтер көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.

      5. Есептік нөмірді алу талабы қолданылатын валюталық шарт бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде резидент төлем құжаттарында осындай шарттың деректемелерін және есептік нөмірін көрсетеді. Келіп түсетін сомаларды идентификаттау мақсатында резидент бейрезидентті өз пайдасына ақша аударуға арналған төлем құжаттарында валюталық шарттың деректемелерін және оның есептік нөмірін көрсету қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      Есептік нөмірді алу талабы қолданылатын валюталық шарт бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде уәкілетті банк (оның филиалы) төлем құжатында валюталық шарт деректемелерінің және оның есептік нөмірінің болуын тексереді.

      Егер капитал қозғалысының операцияларын жүргізуге негіз болатын және (немесе) орындалатын шетелдік банктегі шотты пайдалана отырып төлемдер және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын, есептік нөмір берілген не тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік берілген валюталық шартқа (бұдан әрі – капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт) Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 5-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Ұлттық Банк бекіткен Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының 15 және 22-тармақтарына сәйкес жаңа есептік нөмірді алу талап етілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілсе, төлемді және (немесе) ақша аударымын қолданыстағы есептік нөмірді (тіркеу куәлігінің немесе хабарлама туралы куәліктің нөмірін) пайдалана отырып жүргізуге жол беріледі. Бұл ретте уәкілетті банк (оның филиалы) резидентке жаңа есептік нөмірді алу қажеттілігі туралы кез келген нысанда хабарлайды.

      Егер валюталық шарт бойынша резиденттің пайдасына келіп түскен төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша төлем құжатында осындай шарттың деректемелері және (немесе) оның есептік нөмірі дұрыс көрсетілмесе немесе болмаса, уәкілетті банк ақшаны есепке жатқызуды валюталық шарттың деректемелерін және (немесе) оның есептік нөмірін резиденттің жазбаша растауының негізінде жүргізеді.

      Валюталық шарт бойынша келіп түскен ақшаны есепке алу үшін қажетті деректер төлем құжатында болмаған жағдайда, уәкілетті банк (оның филиалы) келіп түскен сомаларды идентификаттау қажеттілігі туралы резидентке алдын ала жазбаша хабарлай отырып, оларды жөнелтушінің нұсқауларын сақтау есебіне есепке жатқызады. Резидент валюталық шарттың деректемелерін және оның есептік нөмірін көрсете отырып, келіп түскен соманың сипаты туралы уәкілетті банкке (оның филиалына) жазбаша хабарлайды.

      6. Егер келіп түскен ақша күнтізбелік бір жүз сексен күннің ішінде валюталық шарттың деректемелері немесе оның есептік нөмірі бойынша идентификатталмаса не резидент Қағидаларда көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзге әрекеттерді орындамаса, уәкілетті банк (оның филиалы) мұндай нұсқауды жөнелтушіге орындамай қайтарады.

      7. Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 7-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлға уәкілетті банкте шот ашпай және (немесе) оны пайдаланбай, Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады.

      8. Уәкілетті банк экспорт немесе импорт бойынша ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын бұзушылықтарды қоспағанда, уәкілетті банктің клиенттері жол берген, күнтізбелік ай ішінде өзіне белгілі болған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының бұзылу фактілері туралы келесі күнтізбелік айдың соңғы күнінен кешіктірмей, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұзушылық бойынша карточкаға сәйкес Ұлттық Банкке хабарлайды.

      9. Қағидаларға сәйкес талап етілетін ақпаратты уәкілетті банктер берілетін деректердің конфиденциалдылығын және бірдей болуын қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің көлік жүйесін пайдалана отырып, қағаз тасымалдағышта не электрондық тәсілмен ұсынады.

2-параграф. Валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде талап етілетін құжаттар

      10. Валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде резидент немесе бейрезидент уәкілетті банкке мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жеке тұлғаның ЖСН-ы қамтылған жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін);

      2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (бар болса) (жеке шетелдік тұлғаға және азаматтығы жоқ бетке үшін);

      3) Ұлттық Банктің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясы (бар болса);

      4) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелердің орындауын растайтын не оларды орындау үшін қажет болатын құжаттардың көшірмелері;

      5) валюталық шарт немесе оның көшірмесі. Есептік нөмірін алу талабы қолданылатын валюталық шарт немесе оның көшірмесі есептік нөмірді алғаны туралы белгімен ұсынылады (валюталық шартқа Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін берілген есептік нөмірі үшін);

      6) тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік алынған және есептік нөмір берілмеген капитал қозғалысы жөніндегі тіркеуге жататын валюталық шарттар немесе шетелдік банктердегі шоттар үшін.

      Валюталық шартты ұсыну мынадай жағдайларда талап етілмейді:

      егер валюталық операция бойынша ақша аударымы Қазақстан Республикасының аумағында резидент-жеке тұлғалар арасында немесе бейрезидент-жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылса және өтеусіз болып табылса;

      егер валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомада жүзеге асырылса және төлемнің және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі немесе бенефициары жеке тұлға, шетелдік заңды тұлғаның филиалы және (немесе) өкілдігі немесе бейрезидент-заңды тұлға болып табылса;

      егер валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомада жүзеге асырылса және бейрезидент-заңды тұлға (төлемнің және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі немесе бенефициары) осындай төлемнің және (немесе) ақша аударымының есептік нөмір беру талап етілетін валюталық шартты орындауға байланысты емес екені туралы жазбаны жасаса немесе растаса;

      егер валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жеке тұлға шетелдік банктегі өзінің банктік шотына (өзінің банктік шотынан) жүзеге асырса.

      Резиденттің және (немесе) бейрезиденттің міндеттемелерін орындау есебіне резидент үшінші тұлға уәкілетті банк арқылы валюта операция бойынша жүргізетін төлем және (немесе) ақша аударымы резидент үшінші тұлға мен атына төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын тұлғаның арасындағы өзара міндеттемелердің сипатын айқындайтын шартты ұсынған жағдайда, егер бұл осындай төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға негіз болған валюталық шартта көрсетілмесе, жол беріледі. Егер валюталық шарттардың кез келгеніне есептік нөмір алу талабы қолданылса, онда есептік нөмір беру туралы белгімен немесе тіркеу куәлігінің көшірмесімен, немесе хабарлама туралы куәліктің көшірмесімен валюталық шарттың көшірмесі ұсынылады.

      Егер резидент жеке тұлға валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын резидент-жеке тұлға жұбайының (зайыбының) немесе жақын туысының міндеттемелерін орындау есебіне жүзеге асырса, онда валюталық шарт ретінде ақша жөнелтушінің міндеттемелерін орындау есебіне төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылатынын растайтын құжат ұсынылады.

      11. Резиденттің немесе бейрезиденттің валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын уәкілетті банк шығарған төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізуі Қағидаларға сәйкес талап етілетін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алдын ал сұратусыз жүзеге асырылады.

      Егер осындай операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы баламасы елу мың АҚШ долларына тең болатын немесе одан жоғары сомаға жүргізілсе, онда резидент немесе бейрезидент Қағидалардың 14 және 15-тармақтарына сәйкес уәкілетті банктің сұратуы бойынша мәліметтерді ұсынады.

      Егер төлемді және (немесе) ақша аударымын резидент-заңды тұлға немесе шетелдік қаржылық емес ұйымның резидент-филиалы (өкілі) корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып баламасы елу мың АҚШ долларына тең болатын немесе одан жоғары сомаға жүргізсе, онда осындай резидент осындай төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті банкке валюталық шартты немесе оның көшірмесін ұсынады.

3-параграф. Валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде талап етілетін мәліметтер

      12. Валюталық шартты ұсыну талап етілетін валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде және жеке тұлғада (ақша жөнелтушісінде немесе ақша бенефициарында) оны ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде уәкілетті банк осындай төлемді және (немесе) ақша аударымын жеке тұлға жасаған немесе растаған мынадай:

      1) уәкілетті банкке осындай төлемі және (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына және (немесе) Ұлттық Банкке ұсынуын рұқсат ететін;

      2) осы төлемінің және (немесе) ақша аударымының есептік нөмір (резиденттер үшін) алу талап ететін валюталық шартты орындауға байланысты емес екенін растайтын;

      3) осы төлемінің және (немесе) ақша аударымының террористік және экстремистік қызметті қаржыландырумен және терроризмге не экстремизмге өзге де қолдау көрсетумен байланысты емес екенін растайтын жазбалары туралы мәліметтер болған кезде жүргізеді.

      13. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге бағытталуы мүмкін және Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 21-бабының 2-тармағында айқындалған валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы ақша жөнелтуші немесе ақша алушы болып табылатын резидент уәкілетті банкке осы төлем және (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты валюталық бақылау органдарына беруге рұқсат беру туралы мәліметтер болған кезде жүзеге асырылады.

      Осы рұқсат еркін нысанда ресімделеді. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге бағытталуы мүмкін валюталық операцияларды жүзеге асыруға негіз болатын валюталық шарт шеңберіндегі валюталық операциялар бойынша барлық төлемдерге және (немесе) ақша аударымдарына қатысты бір рұқсат беруге жол беріледі.

      14. Резидент баламасы елу мың АҚШ долларына тең болатын немесе одан жоғары сомаға Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 15-бабына сәйкес хабарлауға жататын төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оның ішінде:

      1) егер осы деректер төлем құжатында көрсетілген деректермен сәйкес келмесе, төлем құжаты бойынша жөнелтушінің және бенефициардың тіркелген елін;

      2) ішкі корпоративтік ақша аударымының белгісін;

      3) төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілетін валюталық операцияның кодын;

      4) төлем құжаты бойынша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда, валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші және (немесе) ақша алушы туралы мәліметтерді;

      5) төлем құжаты бойынша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда, валюталық шарт бойынша ақша жөнелтушінің және ақша алушының тіркелген елін;

      6) валюталық шарттың деректемелерін және валюталық шарттың есептік нөмірін (ол болған кезде) көрсете отырып валюталық операция туралы мәліметтерді ұсынады.

      Валюталық операцияның кодын және осы тармақта көрсетілген өзге мәліметтерді көрсету мақсаты үшін уәкілетті банктің сұратуы бойынша резидент-заңды тұлға құрылтай құжаттарын ұсынады.

      15. Бейрезидент баламасы елу мың АҚШ долларына тең болатын немесе одан жоғары сомаға Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 15-бабына сәйкес хабарлауға жататын төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде уәкілетті банкке Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша валюталық операция бойынша мынадай мәліметтерді ұсынады:

      1) егер осы деректер төлем құжатында көрсетілген деректермен сәйкес келмесе, төлем құжаты бойынша жөнелтушінің және бенефициардың тіркелген елі;

      2) төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілетін валюталық операцияның коды;

      3) ішкі корпоративтік ақша аударымының белгісі.

      16. Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы туралы мәліметтерді уәкілетті банкке клиент ұсынады немесе уәкілетті банк клиент ұсынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өзі дербес көрсетеді.

      Валюталық бақылау агенті ретінде уәкілетті банк клиент ұсынған мәліметтердің және ұсынылған валюталық шарттың негізінде валюталық операцияның кодын көрсетудің дұрыстығын тексереді және қажет болған кезде клиент көрсеткен деректерді түзетеді.

3-тарау. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібі

      17. Резиденттер және бейрезиденттер, жеке тұлғалар мен уәкілетті банктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуды және (немесе) сатуды қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу немесе сатуға өтінімдер негізінде жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуды және (немесе) сатуды ішкі корпоративтік ақша аударымын бұдан әрі жүзеге асыру мақсатында шетелдік қаржылық емес ұйымдардың (резиденттер және бейрезиденттер) филиалдары (өкілдіктері) бұл аударымның ішкі корпоративтік болып табылатындығын растайтын құжат негізінде жүзеге асырады.

      18. Уәкілетті банктерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімді ресімдеу кезінде қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсатын көрсетеді.

      Бейрезидент-заңды тұлғалар ұлттық валютамен уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға немесе сатуға өтінімді ресімдеу кезінде қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу немесе сату мақсатын көрсетеді.

      19. Уәкілетті банктерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға бір уәкілетті банктен бір операция күні ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын баламасы бір жүз мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға сатып алады.

      Шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға шетел валютасын шетел банктеріндегі меншікті шоттарға аудару, шетел валютасындағы өтеусіз трансферттер, сондай-ақ шетел валютасын уәкілетті банктердегі шоттарға орналастыру жатады.

      20. Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) баламасы бір жүз мың АҚШ долларынан асатын сомаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алуға өтінімді ресімдеу кезінде өтінімге валюталық шарттың көшірмесін қоса отырып, сатып алынатын шетел валютасының мақсаты мен сомасын растайды, ол бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынады.

      Егер валюталық шартқа есептік нөмірді алу талабы қолданылатын болса, онда есептік нөмір тағайындау туралы белгімен немесе тіркеу куәлігінің көшірмесімен, немесе хабарлама туралы куәліктің көшірмесімен бірге валюталық шарттың көшірмесі ұсынылады.

      Уәкілетті ұйымдардың уәкілетті банктен ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған қолданыстағы лицензия және оған қолданыстағы қосымшаның (қолданыстағы қосымшалардың) негізінде жүзеге асырылады.

      21. Резидент-заңды тұлғаның (уәкілетті банкті қоспағанда) баламасы бір жүз мың АҚШ долларынан асатын сомаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алуға өтінімді орындау кезінде уәкілетті банк өтінімде көрсетілген шетел валютасын сатып алу мақсатын және сомасын шетел валютасын сатып алу мақсатын және сомасын растайтын валюталық шартпен, сондай-ақ осы валюталық шарт негізінде Шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу қағидаларына сәйкес бұрын жүзеге асырылған қолда бар мәліметтермен салыстырып тексерді.

      Бір валюталық шарт бойынша резидент-заңды тұлғаның өтінімі негізінде есептелген қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алудың жалпы сомасын валюталық шарттың сомасынан асыруға рұқсат етілмейді.

      22. Резидент-заңды тұлға Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ол бойынша бұрын сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасы пайдаланылатын міндеттемелерді орындау мақсатында басқа валюталық шарттың көшірмесімен қоса қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынған, бұрын ресімделген өтінімге қосымша өтінімді уәкілетті банкке ұсынған кезде басқа валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты өзге де мақсаттарға пайдалануға рұқсат етіледі.

      Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасы резидент-заңды тұлға қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынған өтінімде не бұрын ресімделген өтінімге қосымша өтінімде көрсеткен мақсаттарға қолданылады.

      23. Уәкілетті банк резидент-заңды тұлғаның Қағидалардың 19, 20 және 22-тармақтарына сәйкес ресімделген қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алуға өтінімін, егер:

      өтінімде көрсетілген шетел валютасын сатып алу мақсаты және сомасы валюталық шарттың көшірмесімен расталмаса;

      бір валюталық шарт бойынша резидент-заңды тұлғаның өтінімі негізінде есептелген қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алу сомасы осындай валюталық шарттың сомасынан асып кетсе;

      бір заңды тұлға бір уәкілетті банк арқылы резидент-заңды тұлғаның өтінімі негізінде есептелген шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға бір операция күні ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасы баламасы бір жүз мың АҚШ долларынан асып кетсе орындауға қабылдамайды.

4-тарау. Қолма-қол шетел валютасын алуға, есепке жатқызуға және пайдалануға байланысты уәкілетті банктегі банктік шот бойынша операцияларды жүргізу тәртібі

      24. Жеке тұлғалар уәкілетті банктердегі өздерінің банктік шоттарынан (өздерінің банктік шоттарына) қолма-қол шетел валютасын шектеусіз алады (салады).

      25. Заңды тұлғаларға және шетелдік ұйымдардың филиалдарына (өкілдіктеріне) Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 7-бабында көрсетілген жағдайларда жеке тұлғалармен есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін уәкілетті банктегі өздерінің банктік шоттарынан қолма-қол шетел валютасын алуына рұқсат етіледі.

      26. Заңды тұлға немесе шетелдік ұйымның филиалы (өкілдігі) жеке тұлғаға оның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға баруына байланысты шығыстарды, оның ішінде өкілдік шығыстарды төлеу жөніндегі валюталық операцияны жүзеге асыру мақсаттары үшін өзінің банктік шотынан қолма-қол шетел валютасын алған кезде уәкілетті банкке жеке тұлғаларға жүзеге асырылатын төлемдерді растайтын және алынатын қолма-қол шетел валютасының сомасына нұсқауды қамтитын құжаттарды ұсынады. Осындай құжаттар ретінде бұйрықты, өкімді, шешімді, іссапар шығыстарының сметасын ұсынуға жол беріледі.

      Жеке тұлғаға оның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға баруына байланысты шығыстарды, оның ішінде өкілдік шығыстарды корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып төлеу жөніндегі валюталық операцияны жүзеге асыру мақсаттары үшін қолма-қол шетел валютасы алынған жағдайда көрсетілген құжаттар осындай алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті банкке ұсынылады.

      27. Жеке тұлғаға оның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға баруына байланысты шығыстарды, оның ішінде өкілдік шығыстарды төлеу жөніндегі валюталық операцияны жүзеге асыру мақсаттарына алынған қолма-қол шетел валютасы көрсетілген мақсатқа (толық немесе ішінара) пайдаланылмаса, пайдаланылмаған қолма-қол шетел валютасы қызметкерлердің іссапар мерзімі аяқталған соң он жұмыс күні ішінде заңды тұлғаның немесе шетелдік ұйым филиалының (өкілдігінің) уәкілетті банктегі банктік шотына міндетті түрде есепке жатқызылады.

      Заңды тұлға немесе шетелдік ұйымның филиалы (өкілдігі) қолма-қол шетел валютасын уәкілетті банктегі өзінің банктік шотына есепке жатқызған кезде кассалық кіріс ордерінде өзінің қолма-қол шетел валютасын алу негізін көрсетеді.

      28. Уәкілетті банк Қағидалардың 8-тармағына сәйкес Ұлттық Банкке Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 7-бабында көзделген жағдайларда қолма-қол шетел валютасын есепке жатқызуды қоспағанда, қолма-қол шетел валютасын заңды тұлғаның немесе шетелдік ұйым филиалының (өкілдігінің) банктік шотына есепке жатқызу фактісі туралы хабарлайды.

      29. Қағидалардың 25, 26, 27-тармақтары дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктерге, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қолданылмайды.

  Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Бұзушылық бойынша карточка" нысаны №_________ есепті кезең: ______ жылғы ______ айы бойынша

      Индекс: KN1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: уәкілетті банк

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде.

  Нысан

Уәкілетті банктің атауы __________________________

Жол коды

Ақпарат түрі

Бұзушылық бойынша ақпарат

10

Банктің клиенті бойынша ақпарат:


11

атауы (заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) үшін) тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін)


12

БСН (заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) үшін)


13

ЖСН (жеке тұлғалар үшін)


14

клиенттің белгісі:
1 - заңды тұлға, 2 - жеке тұлға, 3- заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі)


15

тұрақты тұратын (орналасқан) жері


16

облыс коды


20

Валюталық операция бойынша ақпарат:


21

күні


22

сомасы


23

валютасы


30

Бұзушылық жөніндегі ақпарат:


31

түрі


32

бұзушылықтың сипаты


33

валюталық шарттың нөмірі (бос орынсыз көрсетіледі)


34

валюталық шарттың күні (ЖЖЖЖ/АА/КК форматында)


35

есептік нөмірі (бар болса)


36

валюталық шарт бойынша өзге ақпарат (бар болса)


37

бұзушылық бойынша қосымша мәліметтер


      Басшы (Бас бухгалтер)

      _________       _______       __________________________________________________

      (лауазымы)       (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Орындаушы __________ _______________________________ телефоны ___________

                        (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      20 ____ жылғы "____" _____________

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
"Бұзушылық бойынша
карточка"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Бұзушылық бойынша карточка" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Бұзушылық бойынша карточка" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 3- тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2-тарау. Нысанды толтыру

      3. Ақпарат Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда ұсынылады.

      4. Коды 11-жолда жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның немесе заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) атауы көрсетіледі.

      5. Коды 16-жолда ҚР МЖ 11-2009 "Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес облыс кодының бастапқы 2 цифры көрсетіледі.

      6. Коды 21, 22, 23-жолдар құжаттар немесе ақпарат беру мерзімдері бұзылған жағдайларда толтырылмайды.

      7. Коды 21-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып валюталық операция жүргізілген күн көрсетіледі.

      8. Коды 22-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргізілген валюталық операциялардың сомасы операция валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.

      9. Коды 23-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргізілген валюталық операция бойынша валюта кодының ҚР ҰЖ 07 ІSO 4217-2012 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес әріппен берілген белгісі көрсетіледі.

      10. Коды 31-жолда мәтіндік форматтағы бұзушылықтың түрі көрсетіледі.

      11. Коды 32-жолда бұзушылықтың қысқаша сипаты мәтіндік форматта келтіріледі.

      12. Коды 34, 35, 36-жолдар валюталық заңнама бұзыла отырып жүргізілген валюталық операция бойынша валюталық шарт болған кезде толтырылады.

  Қазақстан Республикасында
  валюталық операцияларды
  жүзеге асыру қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

Валюталық операциялар туралы мәліметтер

      Уәкілетті банктің коды __________________________________

      Төлем құжатының нөмірі_______________ Күні _______________

Жолдың коды

Ақпарат түрі

Ақпарат

01

Валюталық операцияның коды


02

Аударым белгісі ("1" – 2) ішкі корпоративтік аударым; "0" - өзге төлем (аударым))


10

Төлем құжатында көрсетілген төлем және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі және бенефициары туралы ақпарат


11

Жөнелтуші резиденттілігі елінің коды


12

Бенефициар резиденттілігі елінің коды


20

Валюталық шарт туралы ақпарат:


21

Шарттың нөмірі (атауы, бар болса)


22

Шарттың күні


23

Шарттың есептік нөмірі (бар болса)


24

Валюталық шарт бойынша өзге ақпарат (бар болса)


30

Валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші туралы ақпарат (төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушімен сәйкес келмеген жағдайда толтырылады)


31

Резиденттілік белгісі


32

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Заңды тұлғаның, оның филиалының (өкілдігінің) атауы


33

ЖСН немесе БСН (бар болса)


34

Экономика секторының коды


35

Резиденттілік елінің коды


40

Валюталық шарт бойынша ақша алушы туралы ақпарат (төлем құжатында көрсетілген бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда толтырылады)


41

Резиденттілік белгісі


42

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Заңды тұлғаның, оның филиалының (өкілдігінің) атауы


43

ЖСН немесе БСН (бар болса)


44

Экономика секторының коды


45

Резиденттілік елінің коды


  "Валюталық операция
туралы мәліметтер"
нысанына қосымша

"Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 2 шілдедегі Заңының 15-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан тиісті төлем құжатына қосымша ретінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру

      4. 01, 02, 11, 12-жолдарды резидент-клиенттер мен бейрезиденттер толтырады. 21, 22, 23, 24, 31, 32, 33, 34, 35, 41, 42, 43, 44, 45-жолдарды тек резиденттер толтырады.

      5. 01-жол Түсіндірмеге қосымша болып табылатын валюталық операциялар кодының кестесіне сәйкес толтырылады.

      6. 11, 12, 35, 45-жолдарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" 06 ИСО 3166.1 - 2013 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуіне сәйкес резиденттілік елінің екі мәнді коды көрсетіледі.

      Резиденттілік елі – заңды тұлғаны, заңы тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу елі немесе жеке тұлғаның тұрақты тұру елі (азаматтық немесе Қазақтан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылған құқық негізінде).

      7. 31, 34, 41, 44-жолдар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген, "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады.

  "Валюталық операция
туралы мәліметтер" нысанын
толтыру бойынша
түсіндірмеге қосымша
  1-кесте

Валюталық операциялар кодтары

Валюталық операциялар кодтары

Операциялардың атауы

1.Банктік шоттарды қолдана отырып жүргізілетін операциялар

11. Сыртқы сауда-саттық операциялары (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), оның ішінде комиссиялар және электрондық ақшаны сатып алу/өтеу шарттары бойынша

11.1 тауарлар үшін төлемдер:

1111

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар үшін төлемдер;

1112

Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарлар үшін төлемдер;

1113

Қазақстан Республикасының аумағында және оларды Қазақстан Республикасынан тыс әкетпей сатып алынған немесе сатылған тауарлар үшін төлемдер;

1114

Қазақстан Республикасынан тыс және оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелмей сатып алынған немесе сатылған тауарлар үшін төлемдер;

11.2 жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін төлемдер:

1121

бейрезиденттің резидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер;

1122

резиденттің бейрезидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер;

1123

резиденттің резидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер;

1124

бейрезиденттің бейрезидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер

11.3 электрондық ақшаларды қолдана отырып жүргізілетін операциялар

1131

эмитенті резидент болып табылатын электрондық ақшаларды қолдана отырып жүргізілетін операциялар

1132

эмитенті бейрезидент болып табылатын электрондық ақшаларды қолдана отырып жүргізілетін операциялар

11.4 өзге төлемдер:

1141

тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттары бойынша ілеспе төлемдер

1142

қате есепке жазылған сомаларды, ұсынылмаған тауарлар, көрсетілмеген қызметтер, орындалмаған жұмыстар үшін төлемдерді қайтару

1143

тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге шарттар бойынша өзге төлемдер

12. Жылжымайтын мүлікті, басқа жабдықты және көлік құралдарын (сатып алу және сатудан басқа), өндірілмеген қаржылық емес активтерді, зияткерлік меншік нысандарын, материалдық емес активтерді қолдана отырып жүргізілген операциялар

12.1. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды, зияткерлік меншік нысандарына толығымен айырықша құқықты қоса алғанда, меншік құқығын иелену

1211

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті, өндірілмеген қаржылық емес активтерді (жер, оның қойнауы) қоспағанда, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын иелену

1212

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікке меншік құқығын иелену

1213

зияткерлік меншік нысандарына толығымен айырықша құқықты иелену

1214

өзге материалдық емесе активтерге меншік құқығын иелену

12.2. ағымдағы жалдау (жер қойнауын пайдалану құқығын қоса алғанда), айырықша құқықты ішінара иелену

1221

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті, өндірілмеген қаржылық емес активтерді (жер, оның қойнауы) қоспағанда, жылжымайтын мүлікті жалдау

1222

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті жалдау

1223

жабдықты және көлік құралдарын жалдау

1224

зияткерлік меншік нысандарына ішінара айырықша құқықты иелену

1225

өзге материалдық емесе активтерді пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге төлемдер

12.3. қаржы лизингі немесе кейіннен сатып алумен жалдау

1231

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті қоспағанда, кейіннен сатып алумен жылжымайтын мүлікті жалдау

1232

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүліктің қаржылық лизингі

1233

жабдықтың және көлік құралдарының қаржылық лизингі

12.4. өзге төлемдер

1241

өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате есепке жазылған сомаларды қайтару және жылжымайтын мүлікті, басқа жабдықты және көлік құралдарын (сатып алу және сатудан басқа), өндірілмеген қаржылық емес активтерді, зияткерлік меншік нысандарын, материалдық емес активтерді қолдана отырып жүргізілген операциялар бойынша басқа да төлемдер

13. Қаржы құралдарын қолдана отырып жүргізілген операциялар

13.1. қарыздар, капиталға қатысу құралдары, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары

1311

қаржы құралдары бойынша төлемдер: қарыздар (беру және өтеу), капиталға қатысу құралдары (жарғылық капиталды қалыптастыру (сатып алу, сату), бағалы қағаздар (сатып алу, сату, өтеу) және олар бойынша кірістерді төлеу (сыйақы, дивидендтер, бөлінген пайда)

1312

туынды қаржы құралдары бойынша төлемдер және олар бойынша кірістерді төлеу

13.2. брокерлік қызмет көрсету, портфельді инвестициялық басқару (егер қаржы құралын анықтау мүмкіндігі болмаса) шарттарының аясында

1321

брокермен, басқарушы компания - резидентпен жасалған шарттар бойынша операциялар

1322

брокермен, басқарушы компаниямен, бейрезидент - инвестициялық банкпен жасалған шарттар бойынша операциялар

13.3. мүлікті сенімгерлік басқару, трастілер

1331

резидент-сенімгерлік басқарушымен жасалған шарттар бойынша операциялар

1332

бейрезидент-сенімгерлік басқарушымен жасалған шарттар бойынша операциялар

13.4. бірлескен қызмет қатысушысының міндеттемелерін орындауы (1, 2 немесе 3.1-бөлімдерге енгізілген операцияларды қоспағанда)

1341

бірлескен қызметті Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды көздейтін шарттар бойынша операциялар

1342

бірлескен қызметті Қазақстан Республикасынан тыс жүзеге асыруды көздейтін шарттар бойынша операциялар

13.5. өзге төлемдер

1351

өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате есепке жазылған сомаларды қайтару және қаржы құралдарын, электрондық ақшаларды қолдана отырып жүргізілген операциялар бойынша, брокерлік қызмет көрсету, портфельді инвестициялық басқару, сенімгерлік басқару, траст, бірлескен қызмет шарттары бойынша басқа да төлемдер

14. меншік шоттары және сауда-саттық емес операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

14.1. меншік шоттары бойынша

1411

басқа резидент-банкте меншік шотқа (меншік шоттан) ақша аудару

1412

шетелдік банкте меншік шоттан (меншік шотқа) ақша аудару

1413

резидент-банктегі шоттан қолма-қол шетел валютасын алу

1414

резидент-банктегі шотты толтыру үшін қолма-қол шетел валютасын салу

1415

банктің клиенттен ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алуы

1416

банктің клиентке ұлттық валютаға шетел валютасын сатуы

1417

банктің клиенттен (клиентке) шетел валютасын басқа шетел валютасына сатып алуы (сатуы)

1418

өзге валюталық құндылықтарды сатып алу/сату

14.2. үшінші тұлғалардың (мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардың) пайдасына төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

1421

өтеусіз аударымдар, өтеусіз қаржылық көмек, мүшелік жарналар және үшінші тұлғалардың пайдасына басқа да төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

1422

резидент-банкте үшінші тұлғаның шотын толтыру үшін қолма-қол шетел валютасын енгізу

1423

төлем карталарын қолдана отырып жүргізілген төлемдер (егер операция басқаша жіктелмесе)

1424

баждар, салықтар, айыппұлдар, сот шешімдерін және басқаларды төлеу

1425

зейнетақы, жалақы, іссапар шығындарын төлеу

1426

банктік шоттар бойынша сыйақы және комиссиялар

14.3. өзге операциялар

1431

өзге төлемдер: өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате есепке жазылған сомаларды қайтару және 14.1. және 14.2-бөлімдерге енгізілмеген басқа да операциялар

2. Банктік шоттарды қолданбай жүргізілген операциялар

21.Клиенттерден валюталық құндылықтарды сатып алу (қолма-қол шетел валютасын қоспағанда)

2101

чектер, вексельдер және басқа төлем құжаттарын сатып алу

2102

тазартылған алтыннан жасалған өлшеуіш құймаларды және басқа да валюталық құндылықтарды сатып алу

22. Клиенттерге валюталық құндылықтарды сату (қолма-қол шетел валютасын қоспағанда)

2201

чектер, вексельдер және басқа төлем құжаттарын сату

2202

тазартылған алтыннан жасалған өлшеуіш құймаларды және басқа да валюталық құндылықтарды сату

23 Шот ашпай жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

2301

Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем және (немесе) ақша аударымы

2302

Қазақстан Республикасынан тыс жіберілген немесе шетелден алынған төлем және (немесе) ақша аударымы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 30 наурыздағы
№ 40 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің құрылымдық элементінің тізбесі

      1."Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 551-556 (27629) жарияланған).

      2."Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 34-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінде № 115 (2316) жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10777 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 264 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13580 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 250 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16537 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).