"Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Сырдария аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы №383 шешімінің 1-тармағының қолданылуын тоқтату туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 118 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 қыркүйекте № 5965 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 174 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 174 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387- бабының 1- тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Сырдария аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы № 383 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5430 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде "Тіршілік тынысы" газетінің № 26 жарияланған) 1-тармағының қолданылуы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс 13 сессиясының төрағасы:
Е.Жақыпов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: Е.Әжікенов
     
      КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің мемлекеттік кірістер
комитеті Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер Департаментінің
Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ М.Абдықалықов
28 тамыз 2017 жыл.