Жер салығының мөлшерлемелері туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 383 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 сәуірде № 5430 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 174 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 174 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және 386-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1 тармағы қолданысы 2018.01.01 дейін - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2017.08.28 № 118 шешімімен тоқтатылды.
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
      2-1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
      Ескерту. Шешім 2-1-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 17.03.2017 № 101 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      3. "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 қарашадағы кезектен тыс ХLVІ сессиясының № 343 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 5259 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 желтоқсанда "Тіршілік тынысы" газетінің № 98 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың кезектен Аудандық мәслихаттың
      тыс LІІ сессиясының хатшысы:
      төрағасы:
      Ш. Зетов___________ Б. Маншарипов______________
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің мемлекеттік кірістер
комитеті Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер Департаментінің
Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Б.Дүйсенов
"29" ақпан 2016 жыл.