Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 174 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 383 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5430 болып тіркелген, 2016 жылғы 06 сәуірде "Тіршілік тынысы" газетінің №26 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Аталған шешім мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.