"Екiншi деңгейдегi банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілігінің тізбесін, нысандарын және табыс ету мерзімдері

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 236 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 желтоқсанда № 19781 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілігінің тізбесін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18220 болып тіркелген, 2019 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы қаулыға 3, 5 және 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілік Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне көрсетілген нысандарда көзделген деректер есепті айда өзгерген немесе алынған кезде есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші (қоса алғанда) күніне дейін электрондық түрде ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 2019 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 1 ақпан аралығындағы кезеңде ұсынылған қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептіліктен қателер анықталған жағдайда екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары қателерді мынадай іс-шараларды төмендегі жүйелілікпен жүзеге асыру арқылы түзетуді қамтамасыз етеді:

      анықталған қателерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің көрсеткіштер түріндегі қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйесінде 2019 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 1 ақпан аралығындағы кезеңде ұсынылған есептіліктегі деректерді түзетуді жүзеге асыру арқылы түзетеді;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бұрын ұсынылған қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептіліктен анықталған қателердің сипатын көрсете отырып жазбаша хабарлама жібереді.";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы қаулы:

      1) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 4-тармақты;

      2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кредиттік тарих субъектісі туралы есеп осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қамтамасыз ету туралы есеп осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осы қаулының 1-тармағының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтары 2019 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары 2020 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      2019 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 236 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылады

      Әкімшілік деректердің нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсына орналастырылған

Кредиттік тарих субъектісі туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: КР_ОСКИ1

      Кезеңділігі: кредиттік тарих субъектісі туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай

      Есепті кезең: 20__жылғы "___""_______________" жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары (бұдан әрі - кредитор)

      Ұсыну мерзімі:

      2021 жылғы 1 қаңтарға дейін: есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күніне дейін - есептілікте көзделген деректер есепті айда өзгерген кезде

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап: кредиттік тарих субъектісі туралы деректер өзгертілген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей

  Нысан

1-кесте. Заңды тұлғалар және бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер бойынша кредиттік тарих субъектісі туралы есеп көрсеткіштерінің тізбесі

Көрсеткіштер атауы

Мәні

1

2

3

1

Заңды тұлғаның немесе бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкердің атауы


2

Дара кәсіпкердің белгісі


3

Ұйымдық-құқықтық нысаны


4

Меншік нысаны


5

Кредиттік тарих субъектісінің құжаттары:


5.1

сәйкестендіру құжаттарының түрі


5.2

құжаттың нөмірі


6

Кредиттік тарих субъектісінің мекенжайы:


6.1

мекенжайының түрі


6.2

елі


6.3

облысы


7

Резиденттік белгісі


8

Офшорлық аймақ


9

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты


10

Экономикалық қызмет түрі


11

Кредитормен ерекше қатынастармен байланысты болу белгілері


12

Компаниялар тобына тиесілілік


13

Есепке алу күні


2-кесте. Жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, жеке тұлғалар бойынша кредиттік тарих субъектісі туралы есеп көрсеткіштерінің тізбесі

Көрсеткіштер атауы

Мәні

1

2

3

1

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


2

Туған күні


3

Жынысы


4

Кредиттік тарих субъектісінің құжаттары:


4.1

сәйкестендіру құжаттарының түрі


4.2

құжаттың нөмірі


5

Кредиттік тарих субъектісінің мекенжайы:


5.1

мекенжайының түрі


5.2

елі


5.3

облысы


6

Резиденттік белгісі


7

Офшорлық аймақ


8

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты


9

Экономикалық қызмет түрі


10

Кредитормен ерекше қатынастармен байланысты болу белгілері


11

Есепке алу күні


      Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________

      Телефоны ___________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________

      Орындаушы ________________________________________________ ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                        телефоны

      Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      _______________________________________________                  ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                        қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      _______________________________________________                  ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                        қолы, телефоны

      Күні 20 __ жылғы "___" _________

  Кредиттік тарих субъектісі
туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Кредиттік тарих субъектісі туралы есеп (индексі – КР_ОСКИ1, кезеңділігі – кредиттік тарих субъектісі туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Кредиттік тарих субъектісі туралы есеп" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға олар уәкілеттік берген тұлғалар қол қояды.

      4. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын күндер мынадай форматта көрсетіледі: "КК.АА.ЖЖЖЖ", мұнда "ЖЖЖЖ" - жылы, "КК" - күні, "АА" - айы.

      Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі.

      Егер тиісті көрсеткішке Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмеген болса, барлық көрсеткішті толтыру міндетті болып табылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанның мақсаттары үшін қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде мынадай анықтамалықтар пайдаланылады: Байланысты болу белгілері; Кәсіпкерлік субъектісінің санаттары; Офшорлық аймақтар; Экономикалық қызмет түрі; Компаниялар топтары; Ұйымдық-құқықтық нысаны; Меншік нысаны; Сәйкестендіру құжаттарының түрі; Елі; Облысы; Жынысы.

      6. Нысанда Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері – заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкерлер болып табылатын кредиттік тарих субъектілері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Автоматты тәсілмен жасалған кері репо операциялары бойынша кредиттік тарих субъектісі ретінде осы мәмілелер жасалған қор биржасы көрсетіледі.

      Кредитордың принципал рөлінде болу жағдайын қоспағанда, кредитордың кредиттік тарих субъектісі ретінде өзін көрсетуіне рұқсат етілмейді.

      Белгілі бір көрсеткіш бойынша деректер өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат өзгеріс болған есепті кезеңде жаңартылуға жатады.

      7. 1-кестенің 3, 4, 5.1, 6.2, 6.3, 8, 9, 10, 11, 12-жолдарында, 2-кестенің 3, 4.1, 5.2, 5.3, 7, 8, 9, 10-жолдарында мәндер анықтамалықтардан таңдалады.

      8. 1-кестенің 5, 6, 11, 12-жолдарында, 2-кестенің 4, 5, 10-жолдарында бір кредиттік тарих субъектісі бойынша бірнеше өзекті мәндерді бір мезгілде көрсетуге рұқсат етіледі.

      1-кестенің 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10-жолдарында, 2-кестенің 2, 3, 6, 7, 8, 9-жолдарында бір кредиттік тарих субъектісіне біреуден аспайтын өзекті мән сәйкес келеді.

      9. 1-кестенің 2-жолында, егер кредиттік тарих субъектісі бірлескен кәсіпкерлік түріндегі дара кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкер болса "1" мәні көрсетіледі, олай болмаған жағдайда "0" көрсетіледі не көрсеткіш жіберілмейді.

      10. 2-кестенің 2, 3-жолдарында көрсеткіштер Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      11. 1-кестенің 3-жолында көрсеткіш Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      12. 1-кестенің 4-жолында көрсеткіш заңды тұлғалар болып табылатын барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      13. 1-кестенің 5-жолында, 2-кестенің 4-жолында бір кредиттік тарих субъектісі бойынша бір түрдегі бірден артық өзекті сәйкестендіру құжатын көрсетуге рұқсат етілмейді, сондай-ақ біреуден артық субъект бойынша бір нөмірі бар бір түрдегі құжатты көрсетуге рұқсат етілмейді.

      Барлық кредиттік тарих субъектілері бойынша міндетті түрде мынадай ақпарат көрсетіледі:

      Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға, бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін);

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері бойынша – балама сәйкестендіру нөмірі.

      Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, қарыз (шартты міндеттеме) шарты 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредиттік тарих субъектілері бойынша міндетті түрде салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Кредиттік тарих субъектісінің резиденттік белгісі өзгерген жағдайда сәйкестендіргіштердің тарихи өзара байланысын сақтау мақсатында ол бойынша бизнес-сәйкестендіру нөмірімен (жеке сәйкестендіру нөмірімен) немесе салық төлеушінің тіркеу нөмірімен қатар балама сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      14. 1-кестенің 6-жолында, 2-кестенің 5-жолында кредиттік тарих субъектісінің тіркелген (заңды) және (немесе) орналасқан жерінің (нақты) мекенжайлары көрсетіледі.

      Тіркелген мекенжайының "Елі" көрсеткіші кредиттік тарих субъектісінің резиденттік белгісіне сәйкес анықталады.

      Бір кредиттік тарих субъектісіне әрбір мекенжай түрі үшін елдің, облыстың бір өзекті мәні сәйкес келеді.

      "Облысы" көрсеткіші Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      15. 1-кестенің 7-жолында, 2-кестенің 6-жолында Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын кредиттік тарих субъектісі бойынша "1", Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын кредиттік тарих субъектісі бойынша "2" мәні көрсетіледі.

      16. 1-кестенің 11-жолында, 2-кестенің 10-жолында бір кредиттік тарих субъектісі бойынша көрсеткіш бойынша көрсеткіштің өзге мәндерімен бірмезгілде "Байланысты емес" мәнін пайдалануға рұқсат етілмейді.

      17. 1-кестенің 12-жолында компаниялар тобына қатыстылық кредитордың ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.

      Кредитор компаниялар тобына жататын кредиттік тарихтың әрбір субъектісін анықтамалықтағы тиісті топқа байланыстырады.

      Компаниялар тобының анықтамалығын кредиторлар жүргізеді, анықтамалықтағы тиісті ақпаратты кредиторлар қажетіне орай дербес жаңартады.

      Көрсеткіш компаниялар тобына қатысты кредиттік тарихтың барлық субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      18. 1-кестенің 13-жолы, 2-кестенің 11-жолы кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер ескерілген жағдай бойындағы күнді көрсетуге арналған.

      19. Қосымша түсініктемелер Нысан мақсатында баламалы сәйкестендіру нөмірі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын кредиттік тарих субъектісін сәйкестендіргіштердің бірі ретінде болады.

      Заңды тұлғаларға арналған баламалы сәйкестендіру нөмірі XXYY0ЖЖААККF форматтағы 12 мәндік нөмірді білдіреді, мұнда:

      XX – латын әліпбиінің екі бас әрпі түріндегі елдердің екі таңбалы кодтарына сәйкес резиденттік;

      YY – түпнұсқа әліпбидің екі бас әрпі түріндегі заңды тұлғаның атауы;

      0 – резервтік позиция;

      ЖЖААКК – заңды тұлғаның 6 цифр (мұнда "ЖЖ" - жыл, "АА" - ай, "КК" - күн) түріндегі заңды тіркелген күні;

      F - 0-ден бастап 9-ға дейін бір цифр түріндегі бос мән.

      Жеке тұлғаларға арналған баламалы сәйкестендіру нөмірі XXYYЖЖААККFF форматтағы 12 мәндік нөмірді білдіреді, мұнда:

      XX – латын әліпбиінің екі бас әрпі түріндегі елдердің екі таңбалы кодтарына сәйкес резиденттік;

      YY – түпнұсқа әліпбидің екі бас әрпі түріндегі жеке тұлғаның аты мен тегі;

      ЖЖААКК – жеке тұлғаның 6 цифр (мұнда "ЖЖ" - жыл, "АА" - ай, "КК" - күн) түріндегі туған күні;

      FF - 00-ден бастап 99-ға дейін 2 цифр түріндегі бос мән.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 236 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы "28"
желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылады

      Әкімшілік деректердің нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсына орналастырылған

Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: КР_ОД1

      Кезеңділігі: қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай

      Есепті кезең: 20__жылғы "___"________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары (бұдан әрі - кредитор)

      Ұсыну мерзімі:

      2021 жылғы 1 қаңтарға дейін: есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесіне (қоса алғанда) дейін, - есепті айда болған есептілікте көзделген деректер өзгерген кезде;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап: қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы деректер өзгертілген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей

  Нысан

Кесте. Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп көрсеткіштерінің тізбесі

Көрсеткіштер атауы

Мәні

1

2

3

1

Кредиттік тарих субъектісі және кредитордың онымен шарттық қатынастары туралы мәліметтер:


1.1

Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі)


1.2

Кредиттік тарих субъектісінің құжаттары:


1.2.1

сәйкестендіру құжаттарының түрі


1.2.2

құжаттың нөмірі


1.3

Дара кәсіпкер белгісі


1.4

Қарыз (шартты міндеттеме) түрі


1.5

Шарттың нөмірі


1.6

Шарттың күні


1.7

Кредиттік желіге тиесілілігі:


1.7.1

кредиттік желі шартының нөмірі


1.7.2

кредиттік желі шартының күні


1.8

Банк кепілдігін (кепілдемені) шығару нөмірі


1.9

Банк кепілдігін (кепілдемені) шығару күні


1.10

Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсететін кредитордың филиалы


1.11

Шарттың талаптары бойынша қарыз (шартты міндеттеме) мерзімінің аяқталу күні


1.12

Шарт бойынша валюта түрі


1.13

Шарттың валютасымен қарыз (шартты міндеттеме) сомасы


1.14

Шарт бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі:


1.14.1

мөлшерлеме түрі (белгіленген, өзгермелі)


1.14.2

өзгермелі индекс атауы


1.14.3

сыйақы мөлшерлемесінің жылдық пайыздармен мөлшері:


1. 14. 3. 1

белгіленген мөлшерлеме (өзгермелі мөлшерлеменің белгіленген спрэды)


1. 14. 3. 2

өзгермелі индекс


1.15

Шарт бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі:


1.15.1

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша бастапқы мөлшерлеме мөлшері


1.15.2

шынайы жылдық тиімді салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері


1.16

Өтеу кестесі:


1.16.1

кесте жасау күні


1.16.2

өтеу валютасының түрі:


1. 16. 2. 1

негізгі борыш


1. 16. 2. 2

сыйақы


1.16.3

төлемдер:


1. 16. 3. 1

өтеу күні


1. 16. 3. 2

кезекті төлем мөлшері:


1. 16. 3. 2.1

негізгі борыш бойынша


1. 16. 3. 2.2

сыйақы бойынша


1. 16. 3. 3

келесі өтеу күніне негізгі борыш бойынша берешектің қалдығы


1.17

Қарыздың (шартты міндеттеменің) мақсаты:


1.17.1

кредиттеу мақсаты


1.17.2

кредиттеу объектісі


1.17.3

қарыз (шартты міндеттеме) сомасының үлесі


1.18

Қарызды қаржыландыру көзі:


1.18.1

қаржыландыру көзі


1.18.2

қарыз сомасының үлесі


1.19

Қарыз алушыда валюталық түсімнің және (немесе) хеджирлеу құралдарының болуы


1.20

Қарыз бойынша талап ету құқығын беру (сату), қабылдау (сатып алу):


1.20.1

беру (сату), қабылдау (сатып алу) белгісі


1.20.2

талап ету құқығы берілген не сатылған (қабылданған не сатып алынған) ұйымның түрі


1.20.3

талап ету құқығы берілген не сатылған (қабылданған не сатып алынған) ұйымның атауы


1.20.4

талап ету құқығы берілген не сатылған (қабылданған не сатып алынған) ұйымның құжаттары:


1. 20. 4. 1

сәйкестендіру құжаттарының түрі


1. 20. 4. 2

құжаттың нөмірі


1.20.5

беру (сату), қабылдау (сатып алу) күні


1.20.6

сату (сатып алу) сомасы


1.21

Қайта қаржыландырылған қарыз бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


1.21.1

алдыңғы кредитордың құжаттары:


1. 21. 1. 1

сәйкестендіру құжаттарының түрі


1. 21. 1. 2

құжаттың нөмірі


1.21.2

алдыңғы қарыз алушының құжаттары:


1. 21. 2. 1

сәйкестендіру құжаттарының түрі


1. 21. 2. 2

құжаттың нөмірі


1.21.3

шарттың нөмірі


1.21.4

шарттың күні


1.22

Міндеттемені тоқтату:


1.22.1

міндеттемені тоқтату негіздері


1.22.2

шешім қабылдаған кредитордың уәкілетті органы


1.22.3

міндеттемені тоқтатудың нақты күні


2

Есепке алу күні


      Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________

      Телефоны ___________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________

      Орындаушы ________________________________________________ ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                        телефоны

      Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      _______________________________________________                  ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                        қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      _______________________________________________                  ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                        қолы, телефоны

      Күні 20 __ жылғы "___" _________

  Қарыз (шартты міндеттеме)
шарты туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп (индексі – КР_ОД1, кезеңділігі – қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға олар уәкілеттік берген тұлғалар қол қояды.

      4. Егер өзгеше белгіленбеген болса, Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі бүтін сандармен белгіленеді, теңгемен көрсетіледі. Бүтін сандарға дейін дөңгелектеген жағдайда 0,5 аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал 0,5 тең және одан жоғары сома бірге дейін дөңгелектенеді.

      Коэффициенттер және пайыздар үтірден кейін екі таңбамен көрсетіледі.

      Күндер мынадай форматта көрсетіледі: "КК.АА.ЖЖЖЖ", мұнда "ЖЖЖЖ" - жылы, "КК" - күні, "АА" - айы.

      Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі.

      Егер тиісті көрсеткішке Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмесе, барлық көрсеткіш толтыруға міндетті болып табылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанның мақсаты үшін қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде мынадай анықтамалықтар пайдаланылады:

      Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі);

      Сәйкестендіру құжаттарының түрі;

      Қарыздың, шартты міндеттеменің түрі;

      Кредиттеу мақсаты;

      Кредиттеу объектісі;

      Қаржыландыру көзі;

      Міндеттемелерді тоқтату негізі;

      Талап ету құқықтары берілген не сатылған ұйымның (одан қабылданған не сатып алынған) түрі;

      Кредитордың уәкілетті органы;

      Филиалдар;

      Өзгермелі индекстер;

      Валюта түрі.

      6. Нысанда кредитордың кредиттік тарих субъектісімен кредиттік тарих субъектісі және кредитор арасында жасалған шартқа байланысты қалыптасқан өзара қарым-қатынастар не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қарым-қатынастар туралы мәліметтер беріледі.

      Мәліметтер есепті кезеңде жасалған және (немесе) қолданыстағы не есепті кезеңде қолданылуы тоқтатылған барлық қарыз (шартты міндеттеме) шарттары бойынша, барлық өтелмеген, оның ішінде баланстан есептен шығарылған және (немесе) сенімгерлікпен басқаруға берілген, сондай-ақ өтелген, кешірілген немесе есепті кезеңде сатылған қарыздар бойынша, барлық шартты міндеттемелер бойынша ұсынылады.

      Қарыздың (шартты міндеттеменің) кредиттік тарих субъектісімен байланысы қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде субъектінің сәйкестендіру құжаты арқылы орнатылады.

      Белгілі бір көрсеткіш бойынша деректер өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат өзгеріс болған есепті кезеңде жаңартуға жатады.

      7. 1.1, 1.2.1, 1.4, 1.10, 1.12, 1.14.2, 1.17.1, 1.17.2, 1.18.1, 1.20.2, 1.20.4.1, 1.21.2.1, 1.22.1, 1.22.2-жолдарда мәндер анықтамалықтардан таңдалады.

      8. 1.1, 1.17, 1.18, 1.21-жолдарда бір шарт бойынша бірнеше өзекті мәндерді бір мезгілде көрсетуге рұқсат етіледі.

      1.2-жолда бір кредиттік тарих субъектісі бойынша бірнеше өзекті мәндерді бір мезгілде көрсетуге рұқсат етіледі.

      1.3-жолда бір кредиттік тарих субъектісі бойынша бірден аспайтын өзекті мән сәйкес келеді.

      1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.11, 1.12, 1.13, 1.14, 1.15, 1.16, 1.19, 1.20, 1.22-жолдарда бір шартқа бірден аспайтын өзекті мән сәйкес келеді.

      9. 1.3-жолда, егер қарыз (шартты міндеттеме) дара кәсіпкерге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында берілетін болса "1" мәні көрсетіледі, керісінше жағдайда "0" көрсетіледі не көрсеткіш берілмейді.

      Көрсеткіш кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғалар болып табылатын кредиттік тарих субъектілерімен жасалған барлық шарттар бойынша толтыруға міндетті болып табылады.

      10. 1.5, 1.6-жолдарда кредитор көрсеткіштер мәндерінің кредиттік тарих субъектісінің және кредитордың арасында жасалған шарттың нөміріне және күніне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      "Шарттың нөмірі", "Шарттың күні" көрсеткіштері қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде қарыз (шартты міндеттеме) шартын сәйкестендіргіш ретінде болады және шарт туралы мәліметтер ұсынған кредитор үшін бірегей және шарттың қолданылу кезеңі ішінде өзгермейтін болып табылады.

      Бірегейлікті қамтамасыз ету мақсатында, егер кредитордың ішкі құжаттарында қарызға (шартты міндеттемеге) автоматтандырылған жүйелерде өзге сәйкестендіру нөмірін беру көзделген болса, онда шарттың нөмірі ретінде осы сәйкестендіру нөмірін беру мүмкін болады. Бұл ретте сәйкестендіру нөмірі шарт туралы мәліметтер ұсынған кредитор үшін бірегей және шарттың қолданылу кезеңі ішінде өзгермейтін болып табылады.

      Егер кредиттік және дебеттік карталар (кредиттік лимиті бар) бойынша төлем карталарын шығару туралы жалпы шарт ресімделетін болса, "Шарттың нөмірі" көрсеткіші бойынша банктің төлем картасын шығару туралы жалпы шартының нөмірін және "/" таңбасы арқылы төлем картасының нөмірін көрсету қажет.

      Егер кредиттік желі шеңберінде қарыз өтініш негізінде берілетін болса, "Шарттың нөмірі" көрсеткіші бойынша кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімнің нөмірін және "/" таңбасы арқылы қарыздың сәйкестендіру нөмірін көрсету қажет.

      Автоматты тәсілмен жасалған кері репо операцияларының мәмілелері бойынша мәмілені сәйкестендіргіш көрсетіледі.

      Шарт күнінің шарттың талаптары бойынша нақты беру күнінен, өтеу күнінен, міндеттемені нақты тоқтату күнінен кеш болуына жол берілмейді.

      11. 1.7-жол шеңберінде қарыз берілетін "Кредиттік желі" шартты міндеттемесін сәйкестендіруге арналған және кредиттік желі шеңберінде берілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      Кредитор көрсеткіш мәндерінің тиісті кредиттік желінің нөмірі мен күніне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      12. 1.10-жол кредиторлар анықтамалығына сәйкес қарызға, шартты міндеттемеге қызмет көрсететін кредитордың филиалын сәйкестендіруге арналған. Егер қарызға (шартты міндеттемеге) тікелей кредитор қызмет көрсететін болса, онда көрсеткіш бойынша кредитор, егер филиал көрсететін болса – кредитордың филиалы көрсетіледі.

      Кредитор филиалдарының анықтамалығын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредитордың өз филиалдары туралы мәліметтер ұсынуы бойынша жүргізеді, анықтамалықтағы тиісті ақпарат қажеттілігіне қарай жаңартылады.

      13. 1.11-жол қосымша келісімдер ескеріле отырып, шартта көрсетілген қарыз (шартты міндеттеме) мерзімінің аяқталу күнін көрсетуге арналған.

      Егер шартта оның қолданылуының аяқталу мерзімі болмаса, көрсеткіш берілмейді.

      14. 1.13-жол қосымша келісімдер ескеріле отырып, шартта белгіленген валютамен қарыз (шартты міндеттеме) сомасын көрсетуге арналған.

      Көрсеткіш бойынша мәні үтірден кейін екі таңбамен көрсетіледі.

      Көрсетілген көрсеткіш бойынша кредиттік карта, кредиттік желі, овердрафт үшін таңдалған валютамен шарт бойынша лимит көрсетіледі.

      Шарт валютасымен қарыз (шартты міндеттеме) сомасы не шарт бойынша валюта түрі өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат өзектендіруге жатады.

      Кредиттік қалдығы бар кредиттік және дебеттік карталарды қоспағанда, шарт валютасымен қарыз сомасының негізгі борыш қалдықтарының сомасынан аз болуына жол берілмейді.

      15. 1.14-жолда өзгермелі мөлшерлеменің белгіленген спрэдына және өзгермелі индекске бөле отырып мөлшерлемені көрсету 2019 жылғы 1 шілдеден кейін жасалған не өзгерістер енгізілетін, сыйақының өзгермелі мөлшерлемесі белгіленген барлық қарыз шарттары үшін міндетті болып табылады.

      Өзгермелі индекстер анықтамалығын кредиторлар жүргізеді, анықтамалықтағы тиісті ақпаратты кредиторлар қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.

      16. 1.16-жол қосымша келісімдер ескеріле отырып, шартта белгіленген өтеу кестесін көрсетуге арналған.

      Өтеу кестесінде негізгі борышты және сыйақыны өтеу валютасының түрі, өтеу күндері, негізгі борыш және сыйақы бойынша кезекті төлемдер мөлшерлері, келесі өтеулер күндеріне негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, қарызды өтеу кестесі жасалған күн қамтылады.

      Кезекті төлемдер мөлшері, берешек қалдықтары қосымша келісімдер ескеріле отырып, шарт валютасында көрсетіледі.

      Шарттың талаптары өтеу кезеңділігінің өзгеруіне немесе өтеу кестесі бойынша өзге өзгерістерге әкеп соқтыратындай өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат шарттың талаптары өзгерген кезден бастап өзектендіруге жатады.

      Көрсеткіш өтеу кестесі бар барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      17. 1.17-жол кредиттеу мақсаты мен объектісін, сондай-ақ қосымша келісімдер ескеріле отырып, шартқа сәйкес қарыз сомасынан көрсетілген мақсатқа берілген соманың үлесін көрсетуге арналған.

      Қарыздың мақсаты (нысаналы мақсаты) "Кредиттеу мақсаты" және "Кредиттеу объектісі" көрсеткіштерінің мәндерін аралас қолданумен айқындалады.

      Бір қарыз бойынша үлестердің жиынтық сомасы жүз пайызға тең келеді.

      Кері репо операцияларын қоспағанда, көрсеткіш барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      18. 1.18-жол соның есебінен қарыз қаржыландырылған не қарыз бойынша талап ету құқығын иеленген кредиторды қаржыландыру көзінің түрін, сондай-ақ қаражат көзі есебінен қаржыландырылатын қарыз сомасының үлесін көрсетуге арналған.

      Бір шарт бойынша үлестердің жиынтық сомасы жүз пайызға тең келеді.

      Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      19. 1.19-жолда кредиттік тарих субъектісінде валюталық түсім және (немесе) хеджирлеу құралдары болған жағдайда "1" мәні көрсетіледі, олай болмаған жағдайда "0" көрсетіледі не көрсеткіш берілмейді.

      Банкаралық қарыздарды, кері репо операцияларын қоспағанда, көрсеткіш шарт бойынша валюта түрі теңгеден өзгеше барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      20. 1.20-жол талап ету құқықтары үшінші тұлғаға берілген немесе сатылған не үшінші тұлғадан қабылданған немесе сатып алынған қарыздарды сәйкестендіруге арналған.

      Талап ету құқығы үшінші тұлғаға берілген жағдайда "01" белгісі, сатылғанда – "02", қабылданғанда – "03", сатып алынғанда – "04" көрсетіледі.

      Көрсеткіш 2019 жылғы 1 шілдеден кейін талап ету құқықтары берілген (сатылған) не қабылданған (сатып алынған) барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      21. 1.21-жол жаңа қарыз шарты шеңберінде берілген қаражат есебінен 2019 жылғы 1 шілдеден кейін қайта қаржыландырылған қарыз шартының нөмірі мен күнін, сондай-ақ қайта қаржыландырылған қарыз бойынша алдында міндеттемелер орындалған алдыңғы қарыз алушының және алдыңғы кредитордың құжаттарын көрсетуге арналған.

      Көрсеткіш бойынша кредитор қайта қаржыландыруға дейін басқа қарыз шартының нөмірі мен күні бойынша берілген мәліметтердің бірдей болуын қамтамасыз етеді.

      1.21.1, 1.21.2-жолдар басқа қарызды қайта қаржыландыру мақсаты үшін берілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады, 1.21.3, 1.21.4-жолдар кредитор ішкі қайта қаржыландыру мақсаты үшін берген қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      22. 1.22-жол қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша тараптар міндеттемесін толығымен тоқтату негізін, оны нақты тоқтату күнін, сондай-ақ тиісті шешім қабылдаған кредитордың уәкілетті органын көрсетуге арналған.

      Міндеттемені нақты тоқтату күні ретінде шарт бойынша міндеттеме тоқтатылған күнді көрсету қажет.

      Егер міндеттемені тоқтату негізі кредитордың ішкі құжаттарымен реттелген болса, "Кредитордың шешім қабылдаған уәкілетті органы" көрсеткіші бойынша кредитордың тиісті ішкі құжатты бекіткен уәкілетті органы көрсетіледі.

      Міндеттемені нақты тоқтату күнінің шарт күнінен ерте және есепті күннен кеш болуына жол берілмейді.

      "Міндеттемені тоқтату негіздері", "Міндеттемені нақты тоқтату күні" міндеттемесі толығымен тоқтатылған барлық қарыздар (шартты міндеттемелер) үшін міндетті болып табылады.

      "Кредитордың шешім қабылдаған уәкілетті органы" көрсеткіші кредитордың борышты кешіруіне байланысты міндеттемесі толығымен тоқтатылған барлық қарыздар үшін міндетті болып табылады.

      23. 2-жол қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы мәліметтер ескерілген жағдай бойынша күнді көрсетуге арналған.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 236 қаулысына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы "28"
желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
7-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылады

      Әкімшілік деректердің нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсына орналастырылған

Қамтамасыз ету туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: КР_ОО1

      Кезеңділігі: қамтамасыз ету туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай

      Есепті кезең: 20__ жылғы "___" "_________________" жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары (бұдан әрі – кредитор)

      Ұсыну мерзімдері:

      2021 жылғы 1 қаңтарға дейін: есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесіне (қоса алғанда) дейін, - есепті айда болған есептілікте көзделген деректер өзгерген кезде;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап: қамтамасыз ету туралы деректер өзгертілген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей

  Нысан

Кесте. Қамтамасыз ету туралы есеп көрсеткіштерінің тізбесі

Көрсеткіштер атауы

Мәні

1

2

3

1

Кепіл шартының нөмірі


2

Кепіл шартының күні


3

Кепіл шартын тоқтату:


3.1

кепіл шартын тоқтатудың нақты күні


3.2

кепіл шартын тоқтату негізі


4

Кепіл беруші (кепілгер, кепіл беруші,сақтандырушы):


4.1

субъект түрі (заңды немесе жеке тұлға)


4.2

атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


4.3

кепіл берушінің (кепілгердің, кепіл берушінің, сақтандырушының) құжаттары


4.3.1

сәйкестендіру құжаттарының түрі


4.3.2

құжаттың нөмірі


5

Қамтамасыз ету түрі


6

Шарт бойынша валюта түрі


7

Кепіл құны (теңгемен)


8

Нарықтық құны (шарт валютасымен)


9

Қабылданған қамтамасыз етуді есепке алу шотының нөмірі


10

Резервтерді (провизияларды) есептеу кезінде қосылатын қамтамасыз ету құны (теңгемен)


11

Келіп мүліктің орналасқан (тіркелген) жері


12

Кепіл мүлкі нысанының жеке нөмірі


13

Қамтамасыз етуді соңғы бағалау (қайта бағалау) күні


14

Бағалаушы не қамтамасыз ету құнын белгілеген тұлға туралы мәліметтер:


14.1

атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


14.2

бағалаушының не қамтамасыз ету құнын белгілеген тұлғаның құжаттары:


14.2.1

сәйкестендіру құжаттарының түрі


14.2.2

құжаттың нөмірі


15

Кепіл шарты (шартты міндеттемелер) бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


15.1

шарттың нөмірі


15.2

шарттың күні


16

Есепке алу күні


      Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________

      Телефоны ___________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________

      Орындаушы ________________________________________________ ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                        телефоны

      Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      _______________________________________________                  ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                        қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      _______________________________________________                  ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                        қолы, телефоны

      Күні 20 __ жылғы "___" _________

  Қамтамасыз ету туралы есеп
нысанына қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қамтамасыз ету туралы есеп (индексі – КР_ОО1, кезеңділігі – қамтамасыз ету туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Қамтамасыз ету туралы есеп" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар қол қояды.

      4. Егер өзгесі белгіленбеген болса, Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі бүтін сандармен белгіленеді, теңгемен көрсетіледі. Бүтін сандарға дейін дөңгелектеген жағдайда 0,5 кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал 0,5 тең және одан жоғары сома бірге дейін дөңгелектенеді.

      Күндер мынадай форматта көрсетіледі: "КК.АА.ЖЖЖЖ", мұнда "ЖЖЖЖ" - жылы, "КК" - күні, "АА" - айы.

      Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі.

      Егер тиісті көрсеткішке Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмеген болса, барлық көрсеткіштер толтырылуы міндетті болып табылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйедегі Нысан мақсаты үшін мынадай анықтамалықтар пайдаланылады:

      Елі;

      Сәйкестендіру құжаттарының түрі;

      Қамтамасыз ету түрі;

      Валюта түрі;

      Шот нөмірі;

      Кепілді тоқтату негізі.

      6. Нысанда кредитор кепіл, кепілдік және кепілдеме, сақтандыру шарты негізінде қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша қабылдаған қамтамасыз ету не мүлік түріндегі, оның ішінде болашақта түсетін ақша түріндегі қамтамасыз етуді қосқанда, өзге қамтамасыз ету туралы мәліметтер беріледі.

      Егер қарыз бойынша кепіл туралы жеке шарт жасалмаған, бұл ретте қарыз шартында кредиттік тарих субъектісі (борышкер болып табылатын) орындамаған жағдайда кепіл мүлкін өндіріп алу құқығы көзделген болса, онда кепіл туралы шарт ретінде тиісті қарыз шарты көрсетіледі.

      Қаржы лизингі бойынша лизинг мәні қамтамасыз ету ретінде көрсетіледі.

      Кепіл туралы шарт тиісті кепіл мүлкі (кепілдік немесе кепілдеме не өзге мүлік) қамтамасыз ету болатын барлық қарыз (шартты міндеттеме) шарттарына тәуелді болады.

      Егер қарыз (шартты міндеттеме) кепілмен, кепілдікпен немесе кепілдемемен не анықтамалықпен көзделген қамтамасыз етудің өзге түрлерімен қамтамасыз етілмеген болса, онда Нысанның өзге көрсеткіштері бойынша мәліметтер көрсетілмейді.

      Бір қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша кепіл туралы бірнеше шарт көрсетуге рұқсат етіледі.

      Белгілі бір көрсеткіш бойынша деректер өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат өзгеріс болған есепті кезеңде жаңартуға жатады.

      7. 3.2, 4.3.1, 5, 6, 11, 14.2.1-жолдарда мәндер анықтамалықтардан таңдалады.

      8. 1, 2-жолдар кредиттік тарих субъектісі (борышкер болып табылатын) кепілмен қамтамасыз етілген қарыз (шартты міндеттеме) бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайда кредитордың (кепіл ұстаушының) соның негізінде кепіл мүлкінің құнынан қанағаттандыру алуға, шартқа сәйкес кепілгерге немесе кепілдік берушіге не өзге тұлғаға орындалмаған міндеттеме бойынша талап қоюға құқығы болатын кепіл, кепілдік және кепілдеме туралы шарттың нөмірін және күнін көрсетуге арналған.

      Осы көрсеткіш бойынша мәліметтер шартқа сәйкес толтырылады, кредитор олардың кепіл, кепілдік, кепілдеме не сақтандыру туралы шарттың нөміріне және күніне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      Көрсеткіштер қамтамасыз етуді сәйкестендіргіш болады, қамтамасыз ету туралы мәліметтер ұсынған кредитор үшін бірегей болып табылады және шарттың қолданылу кезеңі ішінде өзгермейді.

      Егер бір кепіл туралы шарт шеңберінде қамтамасыз етудің бірнеше түрі көзделген болса, қамтамасыз етудің осы түрлерінің әрқайсысы осы шарттың нөмірімен және күнімен көрсетіледі.

      Бірегейлікті қамтамасыз ету мақсатында егер кредитордың ішкі құжаттарында кепіл шартына автоматтандырылған жүйелерде өзге сәйкестендіру нөмірін беру көзделген болса, онда кепіл шартының нөмірі ретінде шарттың қолданылу кезеңі ішінде өзгермейтін осы сәйкестендіру нөмірін беруге болады.

      9. 3-жолда кепіл туралы шарттың қолданылу мерзімінің нақты аяқталу күнін және кепілді тоқтату негізін көрсету қажет.

      Кепіл туралы шартты нақты тоқтату күні кепіл туралы шарттың күнінен ерте және есепті күннен кеш болуына жол берілмейді.

      10. 5-жол шартта көзделген қамтамасыз етуді "Қамтамасыз ету түрі" анықтамалығына сәйкес түрлері бойынша жіктеуге арналған.

      11. 7-жол кредитордың кепіл саясатына сәйкес есептелген қамтамасыз ету құнын көрсетуге арналған.

      8, 10-жолдар есепті күндегі соңғы бағалауды (қайта бағалауды) және кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау бойынша ішкі құжаттарға сәйкес есептелген резервтер (провизиялар) есебіне енгізілетін қамтамасыз ету құнын көрсетуге арналған.

      9-жол қамтамасыз ету құны ескерілетін шот нөмірін көрсетуге арналған.

      Кепілдік және нарықтық құны кепіл туралы шарт шеңберінде әрбір қамтамасыз ету бойынша жеке-жеке көрсетіледі.

      12. 11-жол кепіл туралы шартқа сәйкес қамтамасыз етуге қабылданған жылжымалы мүліктің тіркелген жерінің және жылжымайтын мүліктің орналасқан жерінің елін көрсетуге арналған және жылжымалы және жылжымайтын мүлік болып табылатын қамтамасыз етудің барлық түрлері үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      13. 12-жолда жылжымайтын мүлік объектісі үшін кадастр нөмірі, көлік құралдары үшін көлік құралының бірегей коды көрсетіледі (бар болса).

      Көрсеткіш жеке негізде бағаланатын кепіл мүлкі нысаны бойынша толтыруға міндетті болып табылады.

      14. 14-жолда егер соңғы бағалауды (қайта бағалауды) кредитор дербес жүргізген болса, онда бағалаушы ретінде кредитор өзін көрсетеді.

      Көрсеткіш бағалау (қайта бағалау) 2019 жылғы 1 шілдеден кейін жүргізілген барлық қамтамасыз ету үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      15. 15-жолда тиісті кепіл туралы шарт қамтамасыз ету болатын қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Кредитор Нысандағы қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күні қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есепте көрсетілген шарттың нөмірі мен күніне сәйкес келуін қамтамасыз етуге тиіс.

      16. 16-жол қамтамасыз ету туралы мәліметтер ескерілген жағдай бойынша күнді көрсетуге арналған.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 236 қаулысына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы "28"
желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
9-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылады

      Әкімшілік деректердің нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсына орналастырылған

Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: КР_ООЗУО1

      Кезеңділігі:

      ай сайын – екінші деңгейдегі банктер, ипотекалық ұйымдар, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы;

      тоқсан сайын – уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға берілген лицензиясы бар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары

      Есепті кезең: 20__жылғы 1 "________" жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға берілген лицензиясы бар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары (бұдан әрі – кредитор)

      Ұсыну мерзімдері:

      2021 жылғы 1 қаңтарға дейін: есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда);

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап: есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы жұмыс күніне дейін (қоса алғанда)

  Нысан

Кесте. Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп көрсеткіштерінің тізбесі

Көрсеткіштер атауы

Мәні

1

2

3

1

Қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


1.1

шарттың нөмірі


1.2

шарттың күні


2

Ағымдағы талаптар және есепті кезеңдегі қаражат қозғалысы туралы ақпарат:


2.1

Есепті кезеңде есептелген (теңгемен, шарт валютасымен):


2.1.1

сыйақы


2.1.2

айыппұлдар және өсімпұлдар


2.2

Есепті кезеңде берілген (теңгемен, шарт валютасымен)


2.3

Есепті кезеңде нақты беру күні


2.4

Есепті кезеңде нақты түскен төлемдер сомасы (теңгемен)


2.5

Негізгі борыш қалдығы (теңгемен, шарт валютасымен):


2.5.1

мерзімі өтпеген берешек


2.5.2

мерзімі өткен берешек


2.5.3

баланстан есептен шығарылған берешек


2.5.4

кешірілген берешек


2.6

Негізгі борыш бойынша шот нөмірі:


2.6.1

мерзімі өтпеген берешек


2.6.2

мерзімі өткен берешек


2.7

Есептелген сыйақы қалдығы (теңгемен, шарт валютасымен):


2.7.1

өтелмеген


2.7.2

мерзімі өткен


2.7.3

баланстан есептен шығарылған


2.7.4

кешірілген


2.8

Сыйақы бойынша шот нөмірі:


2.8.1

мерзімі өтпеген берешек


2.8.2

мерзімі өткен берешек


2.9

Шартты міндеттеме қалдығы (теңгемен, шарт валютасымен)


2.10

Шартты міндеттеме шотының нөмірі


2.11

Есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) қалдығы:


2.11.1

өтелмеген


2.11.2

баланстан есептен шығарылған


2.11.3

кешірілген


2.12

Оң (теріс) түзету (теңгемен, шарт валютасымен)


2.13

Оң (теріс) түзету бойынша шот нөмірі


2.14

Дисконт (сыйлықақы) (теңгемен, шарт валютасымен)


2.15

Дисконт (сыйлықақы) бойынша шот нөмірі


2.16

Мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні:


2.16.1

негізгі борыш бойынша


2.16.2

сыйақы бойынша


2.17

Мерзімі өткен берешекті өтеу күні:


2.17.1

негізгі борыш бойынша


2.17.2

сыйақы бойынша


2.18

Баланстан есептен шығарылған күн:


2.18.1

негізгі борыш бойынша


2.18.2

сыйақы бойынша


2.19

Біртекті емес кредиттер бойынша резервтердің (провизиялардың) нақты қалыптастырылған сомасы:


2.19.1

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша


2.19.2

уәкілетті органның талаптары бойынша


2.20

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша біртекті емес кредиттер бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) бойынша шот нөмірі


2.21

Резервтеу мөлшерлемесі


2.22

Біртекті емес кредиттер бойынша болашақ ақша ағынының дисконтталған құны (алу күтілетін құны)


2.23

Қайта құрылымдау:


2.23.1

қайта құрылымдау белгісі


2.23.2

қайта құрылымдау жүргізілген күн


2.24

Құнсыздану белгілері


3

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша портфельдік негізде қалыптастырылған резервтер (провизиялар) туралы ақпарат:


3.1

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша портфельдің атауы:


3.1.1

біртекті активтердің


3.1.2

құнсыздану белгісі жоқ жеке активтердің


3.2

Дисконт (сыйлықақы) (теңгемен, шарт валютасымен)


3.3

Дисконт (сыйлықақы) бойынша шот нөмірі


3.4

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша портфельдік негізде резервтердің (провизиялардың) нақты қалыптастырылған сомасы


3.5

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша портфельдік негізде қалыптастырылған резервтер (провизиялар) бойынша шот нөмірі


4

Есепке алу күні


      Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________

      Телефоны ___________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________

      Орындаушы ________________________________________________ ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                        телефоны

      Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      _______________________________________________                  ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                        қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      _______________________________________________                  ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                        қолы, телефоны

      Күні 20 __ жылғы "___" _________

  Қарызға (шартты міндеттемеге)
қызмет көрсету туралы есеп
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп (индексі – КР_ООЗУО1, кезеңділігі – ай сайын немесе тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар қол қояды.

      4. Егер өзгеше белгіленбеген болса, Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі үтірден кейін екі таңбалы сандармен белгіленеді, теңгемен көрсетіледі.

      Коэффициенттер және пайыздар үтірден кейін екі таңбамен көрсетіледі.

      Күндер мынадай форматта көрсетіледі: "КК.АА ЖЖЖЖ", мұнда "ЖЖЖЖ" - жылы, "КК" - күні, "АА" - айы. Уақытсыз күнін көрсету көзделген жағдайларда уақыты көрсетілген күннің 0 сағаты 00 минуты 00 секунды ретінде қабылданады.

      Шетел валютасымен берілген қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша беру, есептеу сомалары, есепті күндегі берешек қалдығы шетел валютасымен және ұлттық валютадағы баламасымен көрсетіледі.

      Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі.

      Егер тиісті көрсеткішке Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмесе, барлық көрсеткіштер толтыруға міндетті болып табылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйедегі Нысанның мақсаты үшін мынадай анықтамалықтар пайдаланылады:

      Шот нөмірі;

      Портфельдер.

      6. Нысанда есепті кезеңдегі қаражат қозғалысы туралы, қарыздар мен шартты міндеттемелер шарттары бойынша міндеттемелердің өзгерістері және ағымдағы жай-күйі, шарттар және біртекті кредиттер портфельдері, құнсыздану белгілері жоқ жеке активтер портфельдері бөлігінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) туралы мәліметтер беріледі.

      Нысанның көрсеткіштері бойынша мәліметтер тиісті қарыз (шартты міндеттеме) шарттарына тәуелді болады және әрбір есепті күні маңызын арттыруға жатады.

      7. 2.6, 2.8, 2.10, 2.13, 2.15, 2.20, 3.1, 3.3, 3.5 жолдарда мәндер анықтамалықтардан таңдалады.

      8. 2.2, 2.3-жолдар есепті кезеңде берілген қарыз немесе шартты міндеттеме бойынша пайдаланылған лимит сомасын және оны беру (пайдалану) күнін көрсетуге арналған.

      Егер есепті кезеңде қарыз бөліп-бөліп берілген болса, қарыз бөліктерінің сомаларының және қарыздың тиісті бөлігін нақты беру күнінің массиві көрсетіледі.

      Нақты беру күні есепті кезеңнің басталу күнінен ертерек және міндеттеменің тоқтатылуының нақты күнінен немесе есепті кезеңнің аяқталу күнінен кеш болуына жол берілмейді.

      Кредит карталары бойынша 2.2-жолда берілген қарыз сомасы бөліктерге бөлмей-ақ бір сомамен көрсетіледі, 2.3-жол толтырылмайды.

      9. 2.4-жолда қарыз алушының есепті кезең ішінде осы қарыз бойынша негізгі борыш, сыйақы, айыппұлдар мен өсімпұлдар, қарыз бойынша комиссиялар кіретін барлық міндеттемелерін өтеу есебіне нақты енгізген ақша қаражатының сомасы көрсетіледі.

      Кредит карталары және овердрафтар бойынша есепті кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы көрсетіледі.

      10. 2.5, 2.6-жолдар қарыз бойынша мерзімі өтпеген, мерзімі өткен негізгі борыш қалдықтарының сомаларын және сомалар есепке алынатын шот нөмірін, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша негізгі борыштың есептен шығарылған не кешірілген қалдықтарының сомаларын көрсетуге арналған.

      Кредит картасы үшін лимиттің игерілген бөлігі осы көрсеткіш бойынша көрсетіледі, кредит картасы бойынша қаражаттың артық жұмсалуын көрсету үшін қосымша жол көзделген.

      "Негізгі борыш қалдығы (теңгемен, шарт валютасымен)" көрсеткіші бойынша теріс мән көрсетуге рұқсат етілмейді.

      Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      11. 2.7, 2.8-жолдар қарыз бойынша есептелген сыйақының өтелмеген, мерзімі өткен қалдықтарының сомаларын, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша есептелген сыйақының есептен шығарылған не кешірілген қалдықтарының сомаларын және сомалар есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған.

      Есептелген сыйақы қалдығы бойынша теріс мән көрсетуге рұқсат етілмейді.

      Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      12. 2.9, 2.10-жолдар есепті күнгі жағдай бойынша шартты міндеттеме сомасын және сомалар есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған.

      Екі шотта қалдық болған жағдайда, екінші қалдық шотының тиісті нөмірімен қосымша жолдарда көрсетіледі.

      Шартты міндеттеме қалдығы бойынша теріс мән көрсетуге рұқсат етілмейді.

      Көрсеткіштер барлық шартты міндеттемелер үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      13. 2.11-жол өтелмеген қалдық сомасын, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) есептен шығарылған не кешірілген қалдықтарының сомаларын көрсетуге арналған.

      "Есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) қалдығы" көрсеткіші бойынша теріс мән көрсетуге рұқсат етілмейді.

      Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      14. 2.12, 2.13, 2.14, 2.15-жолдар оң (теріс) түзету, есепті күнгі жағдай бойынша қарыз (шартты міндеттеме) бойынша дисконт (сыйлықақы) сомаларын және сомалар есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған.

      Екі әр түрлі шот нөмірлерінде бір қарыз (шартты міндеттеме) бойынша дисконт (сыйлықақы) сомалары болған жағдайда, екінші қалдық шотының тиісті нөмірімен қосымша жолдарда көрсетіледі.

      15. 2.16-жолда негізгі борыш және сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек шотына шығару күндері "Мерзімі өткен берешек шотына шығару күні: негізгі қарыз бойынша" және "Мерзімі өткен берешек шотына шығару күні: сыйақы бойынша" жолақтарында бөлек көрсетіледі.

      Мерзімі өткен берешек шотына шығару күні ретінде шартта белгіленген негізгі қарыз және (немесе) сыйақы бойынша кезекті өтелмеген төлемді өтеу мерзімі бұзылған күн көрсетіледі.

      Негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек қалдығы болмаған жағдайда, негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек шотына шығару күні көрсетілмейді.

      Көрсеткіш есепті күнге негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен берешектің қалдығы бар барлық қарыздар үшін толтыру міндетті болып табылады.

      16. 2.17-жолда негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша есепті кезең ішінде жүргізілген мерзімі өткен берешекті толығымен не ішінара өтеу күні көрсетіледі.

      17. 2.19, 2.20-жолдар есепті күнгі жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған құнсыздану (шартты міндеттеме) белгілері анықталған жеке деп жіктелген қарыз бойынша резервтер (провизиялар) сомасын және сома ескерілетін шот нөмірін, сондай-ақ уәкілетті органның талаптары бойынша резервтер (провизиялар) сомасын көрсетуге арналған.

      Кредит карталары бойынша кредит картасы лимитінің игерілген және игерілмеген бөліктері бойынша резервтер (провизиялар) сомаларын көрсету үшін жеке жолдар көзделген.

      Көрсеткіштер резервтер (провизиялар) жеке негізде қалыптастырылатын барлық қарыздар (шартты міндеттемелер) үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      18. 2.22-жол халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес есептелген болашақ ақша ағынының дисконтталған құнын көрсетуге арналған.

      Көрсеткіш құнсыздану белгілері анықталған жеке деп жіктелген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      19. 2.23-жол жүргізілген күнін көрсете отырып, 2019 жылғы 1 шілдеден кейін қайта құрылымдау жүргізілген қарыздарды сәйкестендіруге арналған.

      Қайта құрылымдау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысымен (бұдан әрі - № 269 қаулы) бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес анықталады.

      Егер қарыз жаңа қарыз шартын жасау жолымен қайта құрылымдалған болса, қайта құрылымдау туралы мәліметтерді жаңа шартта көрсету қажет.

      Егер есепті кезеңде қайта құрылымдау жүргізілген болса, онда 2.23.1-жолда "1" мәні көрсетіледі, олай болмаған жағдайда "0" көрсетіледі не көрсеткіш берілмейді.

      Көрсеткіш 2019 жылғы 1 шілдеден кейін қайта құрылымдау жүргізілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      20. 2.24-жол № 269 қаулыда анықталған құнсыздану белгілері бар қарыздарды сәйкестендіруге арналған.

      Егер есепті кезеңде құнсыздану белгілері болса, онда 2.24-жолда "1" мәні көрсетіледі, олай болмаған жағдайда "0" көрсетіледі не көрсеткіш берілмейді.

      Көрсеткіш 2019 жылғы 1 шілдеден кейін бағалау жүргізілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      21. 3-жол біртекті активтердің және құнсыздану белгілері жоқ жеке активтердің портфельдері туралы, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша дисконт (сыйлықақы), портфельдік негізде қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомалары және сомалар ескерілетін шоттар нөмірлері туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

      Портфель кредитордың есеп саясатына және өзге де ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.

      Кредитор белгілі бір портфельге кіретін әрбір қарыз (шартты міндеттеме) шартын анықтамалықтағы тиісті портфельге байланыстырады.

      Портфельдер анықтамалығын кредиторлар жүргізеді, анықтамалықтағы тиісті ақпаратты кредиторлар қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.

      Анықтамалыққа енгізілген әрбір мән бойынша тарихы сақталады.

      Дисконт (сыйлықақы), халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша резервтердің (провизиялардың) нақты қалыптастырылған сомасы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есептеледі.

      Дисконт (сыйлықақы), халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша портфельдік негізде қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомасы сомалар ескерілетін шот нөмірімен бірге көрсетіледі.

      22. 4-жол қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы мәліметтер ескерілген күнді көрсетуге арналған.