Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 248 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 257 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 31 мамырда № 226-227 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакциясы:
"11) негізгі борышы уақтылы өтелмеген және сыйақы төленбеген жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және оның мөлшері. Жеке тұлғаға қарыз беру кезінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) шекті мөлшері, сондай-ақ Банктер туралы заңда көзделген есептеу тәртібі көрсетіледі;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Шартпен бірге тараптардың қолдары қойылған қарызды өтеу кестесі беріледі, онда:
шарттың нөмірі мен жасалған күні;
қарыз сомасы мен валютасы;
өтеу күндері және негізгі борышты, сыйақыны өтеу сомасы және олардың жиынтық мәні көрсетілген кезекті төлемдердің мөлшерлері;
келесі өтеу күніндегі негізгі борыштың қалдықтары;
төленуі тиіс негізгі борыш пен сыйақының жалпы жиынтық сомасы және олардың жиынтық мәні;
қарызды өтеу кестесі жасалған күн көрсетіледі.
Сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі шарт бойынша қарызды өтеу кестесі оның берілу күніне жасалады және одан кейін кезекті төлемдердің мөлшерлері түзетіледі және шартта белгіленген тәртіпте қарыз алушыға (тең қарыз алушыға) жіберіледі.
Қарыздың кезекті бөлігін беру қарыз алушының өтініші және қарызды өтеудің қол қойылған кестесі негізінде жүзеге асырылатын кредиттік желі ұсынылған кезде, қарызды өтеу кестесінде осы қаулының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мәліметтер болады.
Егер қарыз алушы (тең қарыз алушы) жеке тұлға болып табылса, қарызды беру күніне жасалған қарызды өтеу кестесінде сондай-ақ қарыз алушының (тең қарыз алушының) таңдаған әдісі туралы белгісі бар банк ұсынған өтеу әдістерінің тізбесі болады.
Қарызды өтеу кестесінен басқа қарыз алушы – жеке тұлғаның арасында жасалатын шартқа осы қаулының қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған қол қойылған және банктің мөрімен басылған жадынама қоса беріледі.
Қарыз алушының ақша міндеттемесін сомасын өзгертуіне әкеп соғатын қарыз шартын және (немесе) оларды төлеу мерзімін өзгерткен кезде банк қарызды өтеу кестесі және жаңа талаптар ескере отырып банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы – жеке тұлға үшін жадынама жасалады және беріледі.
8-тармақтың және осы тармақтың талаптары бір айдан аспайтын мерзімге қарыз беру туралы шартқа, кредиттік желі аясында төлем карточкасы бойынша берілген шартқа, овердрафт кредитіне, сондай-ақ оның аясында қарыз алу үшін қарыз беру туралы шарт (шарттар) жасасу қажет болатын кредиттік желіні ашу туралы келісімге қолданылмайды.";
10-тармақтың бесінші бөлігі алып тасталсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда қосымшамен толықтырылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Қ. Келімбетов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 145 қаулысына қосымша | |
"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" | |
2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына қосымша" | |
Нысан |
Банктік қарыз шарты бойынша
қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынама1
_________ (күні, айы, жылы) жағдай бойынша № ___________ ____________(күні, айы, жылы)
1 | Қарыздың жалпы сомасы және қарыз валютасы | |
2 | Қарыз мерзімі | |
3 | Төлемдердің саны | |
4 | Сыйақы мөлшерлемесінің түрі (белгіленген немесе құбылмалы), жылдық пайызбен сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері | |
5 | Дәйекті, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері | |
6 | Өтеуге қатысты жалпы сома | |
7 | Жиынтықты сыйақы сома (осы жадынаманың 6 және 1- тармақтарында көрсетілген сомалардың айырмасы ретінде есептеледі) | |
8 | Негізгі борышты уақтылы өтемегені және сыйақыны төлемегені үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) мөлшері | |
9 | Сақтандыру шарттарын ұзарту мерзімі | |
10 | Банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұл, өсімпұлдың өзге де түрлері (оның ішінде қарызды мақсатқа сай байдаланбау, сақтандыру шарттарын өз уақытында ресімдемеу және тағы басқа) | а)__________________________ (айыппұл, өсімпұл атауы олардың мөлшері) б)__________________________ (айыппұл, өсімпұл атауы олардың мөлшері) в)__________________________ (айыппұл, өсімпұл атауы олардың мөлшері) |
11 | Банк өкілінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты, қолы, Банктің мөрі | |
12 | Банктік қарыз шартының талаптарымен __________ (күні, айы, жылы) № ___________қарыз алушы танысты | |
13 | Тегі, аты бар болса – әкесінің аты, қарыз алушының қолы | |
14 | Күні |
_________________________________
1Осы Жадынаманың және банктік қарыз шартының арасындағы айырмашылықтар немесе қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда № _____ ____________ (күні, айы, жылы) шарт мәтініне басымдылық беріледі.