БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 9984 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мекемелерге қабылдау тәртiбi";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-ақ Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жету үшін ақысыз жол жүрумен, тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысы) сәйкес сотталғандар киім-кешек мүлкімен, кереуетпен және төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.
Жатын үй-жайында көзге көрінетін жерде сотталғандардың жатын орындарының орналасу схемасы орнатылады.
Өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын және арнаулы жүрiп-тұру құралдарынсыз (кресло-арбалар) жүріп-тұра алмайтын І және ІІ топ мүгедектері мүмкіндік болған жағдайда жатақхана ғимараттарының бірінші қабаттарында тұрады.
Жатын орындары ауыстырылмайды және перделенбейді.
Кереуетті жинау үлгісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген.
Түнгі ауысымдағы жұмыстан кейін демалып жатқандар мен төсек тартып жатқан ауруы бойынша босатылғандардан басқа сотталғандарға күн тәртіптемесімен ұйықтауға бөлінбеген уақытта жатын орындарын пайдалануға жол берілмейді.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Сотталғандар мен мекемелер персоналының өзара қарым-қатынасы";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Мекемелердегі күн тәртібі";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Күн тәртiбi көзге түсетiн жерге (плацқа, камераларда, жасақ, карантин бөлімшесінің үй-жайларына) iлiнедi, персоналға және сотталғандардың назарына жеткiзiледi. Күн тәртібі үлгiсі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген.
Жаппай іс-шараларды өткізу орны мен тәртібі (тексеру, дене шынықтыру, жұмысқа тарату, спорттық іс-шаралар) мекеме бастығының бұйрығымен бекітіледі.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Тамақ қоректік сипаттары мен құндылығы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекітілген Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкес дайындалады және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, берiледi.";
34-36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Мекемеде сотталғандардың бар-жоғын тексеру күн сайын таңертең және кешке күн тәртiбiнде белгiленген сағатта жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайларда сотталғандарға қосымша тексеріс жүргізіледі. Біруақытта сотталғандардың сыртқы түрі және киімнің белгіленген нысанға сәйкестігі тексеріледі.
Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатындарды қоспағанда, сотталғандар омырауға және қолға тағатын айырым белгілері бар киімдер киеді. Сотталғандарға арналған омырауға және қолға тағатын айыру белгілерінің үлгілері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген.
Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде сотталғандар қатаң стильдегі азаматтық киім киеді.
35. Тексеру плацта жасақтар бойынша сапқа тұрғызу арқылы жүргізіледі. Сотталғандарды карточкалары бойынша салыстырып тексеру, содан кейін сотталғандардың жалпы санын есептеу жүргізіледі.
Сотталғанның тегі оқылған кезде, ол "Мен" немесе "Я" деген сөздермен дыбыс береді, екі метрден аспайтын қашықтықта қызметкердің алдына келіп, жеке басын карточкадағы фотосуретпен салыстыру үшін бас киімін шешеді, (қысқы кезеңнен басқа) және атын және әкесінің атын (болған кезде) анық және түсінікті түрде атайды. Содан кейін саптың қарама-қарсы жағындағы өз орнына өтеді.
Сапқа тұрғызудан түнгі ауысымдағы жұмыстан кейін демалып жатқандар, төсек тартып жатқан ауруы бойынша босатылған сотталғандар, сондай-ақ тастап кетуі мүмкін емес жұмыстардағы сотталғандар босатылады. Мұндай адамдардың бар-жоғын тексеру олар орналасқан орындарда жүргiзiледі.
Өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын және арнаулы жүрiп-тұру құралдарынсыз (кресло-арбалар) жүріп-тұра алмайтын І және ІІ топ мүгедектердің бар-жоғын тексеру, медициналық қорытынды болу кезде оқшауланған учаскеде жүзеге асырылады.
Емдеу-профилактикалық мекемелерінде сотталғандарды тексеру оқшауланған учаскелер не палаталар бойынша жүргізіледі.
36. Қолайсыз ауа-райы (жауын-шашын, қар, боран, бұршақ), сондай-ақ ауа температурасы - 25 градус және одан төмен болған кезде сотталғандарды тексеру және дене шынықтырулары күн тәртібіне сәйкес тұрғын үй-жайларда жасақ бойынша өткiзiледi.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуы, сотталғандардың сауқат, сәлемдеме, бандерольдер алуы, қосымша қызметтер көрсету, мекемелерде пайдалануға тыйым салынған заттар мен құжаттарды алу тәртібі";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Сотталғандардың өз қаражатынан төленетiн қосымша қызметтер олардың мекеме бастығының атына берген жазбаша өтініші бойынша және мекеме аумағында көрсетiледi.
Қосымша қызмет көрсету үшін мекеме әкімшілігі тиісті маманды (жұмыскер) шақыртады.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Сотталғандардың мекенжайына келіп түскен сауқат, сәлемдеме және бандерольдер олардың ішіндегілерінің тiзбесi мен салмағы сәлемдемелер мен бандерольдерді беруді есепке алу журналына тіркеледі, оның нысаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 36 қбпү бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14922 болып тіркелген) (бұдан әрі - ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидалары) көрсетілген.
Бiр сауқаттың немесе бандерольдің ең жоғары салмағы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығымен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) (бұдан әрі - Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары) сәйкес айқындалады.
Бiр сәлемдеменiң салмағы бiр сауқатқа белгiленген салмақтан аспауы тиiс.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Тәртiптiк изоляторларда ұсталған сотталғандарға сауқат және бандерольдер жазалау шарасын өтегеннен кейін тапсырылады, ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға мекеме әкiмшiлiгi камерада тапсырады. Мекеме әкiмшiлiгi сауқат және бандерольдердің ішіндегілердің сақталуын қамтамасыз етедi, алайда ішіндегі заттардың ұзақ уақыт сақтау салдарынан табиғи бұзылуына жауапты болмайды.";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың хат жазысуы, ақшалай аударымдарды жiберуі және алуы, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кездесулері, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың телефон арқылы сөйлесуі";
64, 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Сотталғандардың өз қаражаты есебiнен хаттарды, олардың санын шектеусiз алуы және жiберуi тек мекеме әкiмшiлiгi арқылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 86 қбпү бұйрығымен бекітілген Сотталғандар жіберетін және алатын хат-хабарға бақылау жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9754 болып тіркелген) (бұдан әрі - Сотталғандар жіберетін және алатын хат-хабарға бақылау жүргізу қағидалары) сәйкес жүргiзiледi. Мекеменің әрбiр оқшауланған учаскесiнде, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекеме әкiмшiлiгi белгiлеген орында пошта жәшiктерi iлiнедi, олардан демалыс және мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын соған уәкiлеттi лауазымды тұлғалар хаттарды жiберу үшiн алып отырады. Толық қауіпсіз мекемелерде, жалғыз адамдық камераларда және мекемелердің қауiпсiз орындарында сотталғандар хаттарын жiберу үшiн мекеме әкiмшiлiгiне бередi.
Мекемелерде лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне сотталғандардың шағымдар беруіне арналған арнайы пошта жәшіктерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Аптасына бір рет жиілігімен прокурор мекеме әкімшілігі өкілінің қатысуымен жүгінулерді алады, ол туралы тиісті акті толтырады. Арнайы пошта жәшіктері мекеме аумағында және үй-жайларда сотталғандарға қолжетімді жерде орнатылады.
65. Мекемеден кетiп қалған сотталғандардың атына келген хаттар 3 тәулiктен кешiктiрiлмей оның жаңа тұрғылықты жеріне жолданады.
Сотталғандардың басқа мекемелерде ұсталатын адамдарға жолданған хаттары, сондай-ақ басқа мекемелерден келіп түскен хаттар осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сотталғандардың хаттарын тіркеу журналына тіркеледі.";
66-тармақ алып тасталсын;
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Сотталғандарға келiп түскен ақшалай аударымдар мекеменің ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына аударылады. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында көзделген сотталғандардың атына жіберуге тыйым салынған заттар мен заттектерді хат-хабарлардан мекеме қызметкерлері коммиссиялық түрде тиісті акті (еркін нысанда) толтыру арқылы алады, оның бір данасы жіберушінің атына жолданады.
Табылған ақша, бағалы заттар, сондай-ақ Тізбеде көзделмеген басқа да заттар, бұйымдар және заттектер алып қойылады, олар бойынша Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес шешім қабылданады.
Жақын туыстарына және өзге де адамдарға аударым жiберу үшiн сотталған мекемедегі ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы өзiнiң ақшасының нақты сомасын аудару туралы өтiнiштi толтырады. Өтiнiштердi қабылдауды мекеме әкімшілігінің уәкiлеттi лауазымды адамдары жүзеге асырады. Ақша аударымының жөнелтiлгенi туралы түбiртекке сотталғанның қолы қойылып хабарланады, ол оның жеке iсiне тiгiледi.";
6-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. Сотталғандардың өтiнiштерiн қабылдау, есепке алу және қарастыру";
70-72-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Сотталғандар тек өз атынан ғана өтiнiш береді.
71. Сотталғандардың өтiнiштері адресатқа мекеме әкiмшiлiгi арқылы жөнелтiледi.
Лауазымды адам сотталғаннан өтінішті алғаннан кейін оны жасақ бастығына береді.
Жасақ бастығы сотталғанға өтініштерді қабылдау, есепке алу және адресатқа жөнелту тәртібін түсіндіріп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығымен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген) 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Сотталғандарды жеке мәселелерi бойынша қабылдау журналына тиісті жазба жасайды және өтінішті мекеменің кеңсесіне (хатшылығы) мақсаты бойынша жолдау үшін береді.
Өтініштер адресатқа келiп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жiберiледi, бұл туралы сотталған қол қою арқылы хабарланады.
Басқа мекемеге ауыстыру, кешiрiм жасау, жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстырутуралы, сондай-ақ үкімді орындауға байланысты басқа да өтініштер (өтінішхаттар) ҚАК-тің 162-бабына сәйкес материалдарды өтінішке қосу және келіп түскен күннен он күн ішінде мақсаты бойынша одан әрі жөнелту үшін мекеменің арнайы есеп қызметтеріне беріледі.
Жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жолдаған өтініштер (шағымдар) бақылауға жатпайды және бiр тәулiктен кешiктiрiлмей (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) адресатқа жiберiледi.
72. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдауды және тіркеуді Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) сәйкес мекеменің кезекші қызметі жүзеге асырады.";
75-тармақ алып тасталсын;
76, 77-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Сотталғандарға: сәлемдеме алу құқығымен ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді, ұзақтығы 2 тәулік ұзақ мерзімді мекеме аумағында кездесулер беріледі. Кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде сотталғандарға бұдан басқа ұзақтығы 5 тәулікке дейін мекеме аумағынан тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімді кездесу беріледі. Сотталғанның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініші бойынша кездесу бір тәулікке немесе кездесу ұзақтығы қысқаруы мүмкін. Бұл ретте, кездесу толықтай пайдаланылған болып саналады.
Сотталғанның асырап алған және кәмелетке толмаған балаларына онымен кездесу олардың заңды өкiлдерiнiң еріп жүруiмен берiледi.
77. Ұзақ мерзімді кездесулер, бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын сотталғандардан басқа, әйелімен (күйеуімен), жақын туысқандарымен, сотталғанмен некеде тұрмайтын, олардың ортақ кәмелетке толмаған балаларымен келген адамдарға беріледі.";
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"89. Кездесуге келген адам сотталғанға мекемеде осы Қағидаларда көзделмеген заттар, бұйымдар және заттектерді беруге ниетi бар деп санауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, мекеме қызметкері мұндай адамға өзiне тиесiлi заттар мен киiмдердi тексеруге келiскен жағдайда ғана кездесу берiлетiнiн хабарлайды. Тексеру кезінде сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеменің дүкендерінен алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiнде жасырынған заттар мен құндылықтар табылған жағдайда немесе тексеруден бас тартқан кезде ол адам кездесуге жiберiлмейдi.
Тексеру тәртібі ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидаларымен регламенттеледі.";
100-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
101, 102-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"101. Телефон арқылы сөйлесулер, оның ішінде техникалық мүмкіндіктер болған кезде бейнебайланыс жүйесін пайдаланумен, сотталғанның жазбаша өтiнiшi бойынша берiледi, онда абоненттiң мекенжайы, телефон нөмiрi және 15 минут сөйлесу ұзақтығы көрсетiледi. Телефон арқылы сөйлесулер сотталғандардың немесе олардың жұбайы (зайыбы), жақын туыстарының жеке қаражаттары есебінен төленеді. Телефон арқылы сөйлесулер алдында мекеме қызметкері сотталғанды сөйлесу бақыланатыны туралы ескертеді және жеке өзі өтініште көрсетілген телефонның нөмірін тереді.
102. Телефон арқылы сөйлесулер, оның ішінде техникалық мүмкіндіктер болған кезде бейнебайланыс жүйесін пайдаланумен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін мекеме бастығы не оны алмастыратын адамның атына сотталғанның жазбаша өтiнiшi негiзiнде, кезектілігі және кестеге сәйкес ұсынылады.
Тәуліктің кешкі уақытында жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған; оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған жағдайларда телефон арқылы сөйлесулерді кезекші мекеме басшылығынан жауапты адамның келісімі бойынша ұсынады.
Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша ерекше мән-жайлардың бары қайтыс болу туралы куәлікпен, денсаулық сақтау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың анықтамаларымен расталады.
Телефон арқылы сөйлесу жүргiзiлгеннен кейiн мекеменің сөйлесулерді жүргiзуге жауапты қызметкерi өтiнiшке болған не қандай да бiр себеппен болмай қалған телефон арқылы сөйлесу туралы тиiстi белгi қояды. Осыдан кейін өтініш тіркеледі және тиісті номенклатуралық іске енгізіледі.";
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"104. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларында ұсталатын сотталғандарға, сондай-ақ тәртiптiк изоляторға, жалғыз адамдық камераға және уақытша оқшаулау үй-жайларында қамалған сотталғандарға жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған айрықша жағдайларда телефон арқылы сөйлесуге рұқсат беріледі.
Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша ерекше мән-жайлардың бары қайтыс болу туралы куәлікпен, денсаулық сақтау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың анықтамаларымен расталады.
Осы телефон арқылы сөйлесулерді ұсынған кезде мекеме әкімшілігі сотталғанның қауіпсіздігін және оқшаулануын қамтамасыз етеді.";
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Сотталғандарға мекеменің шегiнен тыс жерге шығулар беру тәртiбi";
107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"107. Мекеменің шегінен тыс жерге қысқа мерзімге шығулар жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзалаға байланысты, бару-қайту жолына қажет (бес тәулiктен аспайтын) уақытты есептемегенде, жеті тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі.
Қысқа мерзiмді шығуға рұқсат беру туралы өтiнiшке айрықша жеке мән-жайлардың барын растайтын құжаттар ҚАК-нің 113-бабында көрсетілген: денсаулық сақтау органдарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының анықтамалары және берiлген жерi бойынша iшкi iстер органдары куәландырған басқа да ресми құжаттар, сотталғанның босатылғаннан кейін еңбекке және тұрмыстық орналасу мәселелерiн алдынала шешу үшiн берген өтiнiшi және еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi аға инспектордың дәлелдi ұсынымхаты қоса берiледi.";
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"114. Сотталған белгiленген жерге келгеннен соң бiр тәулiк iшiнде iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмiне, ал ауылдық жерлерде учаскелік полиция инспекторына келеді, куәлiгiне келгенi туралы белгi жасатады, келу мақсатын, болатын жерi мен мерзiмiн, кететiн күнін хабарлайды. Шығу уақыты аяқталғаннан кейін сотталған сол iшкi iстер органында куәлiгiне мекемеге кеткенi туралы белгi қойдырып алады. Мекемеге түнгi уақытта немесе таңертең ерте кететін кезде белгi кететін күннiң алдындағы күнi қойылады. Келген және кеткен күні туралы белгiлер iшкi iстер органының мөрiмен куәландырылады.";
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау.Сотталғандардың қатаң жағдайларда жазасын өтеу тәртібі, сотталғандарды тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда және уақытша оқшаулау үй-жайларында, қауіпсіз орында, мекемелердегі камераларда ұстау шарттары";
121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"121. Қатаң жағдайда жазасын өтейтіндер тұратын үй-жайларды санитарлық тазартуды онда ұсталатын сотталғандар жасақ бастығы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.";
мынадай редакциядағы 123-1-тармақпен толықтырылсын:
"123-1. Қатаң жағдайда жазасын өтейтін сотталғандар тек сейілдеу кезiнде ғана темекi тартады. Сотталғандарға тиесiлi темекi бұйымдары, оттықтар мен сiрiңкелер осы үй-жайдағы сақтау камерасында арнайы жабдықталған шкафта (жәшiкте) сақталады.";
124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"124. Тәртіптік изоляторда, жалғыз адамдық камерада және уақытша оқшаулау үй-жайларында ұстау мерзімі аталған үй-жайға қамау күнінен бастап есептеледі.
Жазалау тәртібінде жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған немесе тәртiптiк изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайларына жабылған сотталғандарға шай, сүлгi, сабын, тiс тазалайтын ұнтақ, паста, тiс щеткасы, мерзімдік басылым баспалары мен кітаптардан басқа, өздерiнде бар тамақ өнімдерін, жеке заттарын өздерiмен бiрге алуға жол берілмейді.
Кәмелетке толмағандарды қоспағанда, сотталғандарға өздерімен бірге темекі бұйымдарын және сіріңкелер алуға рұқсат етіледі.
Жалғыз адамдық камераларда, тәртіптік изоляторда ұсталатын сотталғандар тек сейілдеу кезiнде темекi тартады. Сотталғандарға тиесiлi шай, темекi бұйымдарын мен сiрiңке тәртіптік изолятор мен жалғыз адамдық камералардың үй-жайлардағы сақтау камерасында арнайы жабдықталған шкафта (жәшiкте) сақталады. Шай ас таратылатын уақытта ыстық сумен бiрге берiледi. Ыдыс тамақтанудан кейін камерадан алынады. Темекi бұйымдарын және сiрiңке күн тәртiбiне сәйкес сотталғандарды сейілге шығару кезінде берiледi.";
126-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"133.Тәртiптiк изоляторлардың және уақытша оқшаулау үй-жайларының камераларында кезекшiлiк және тазалау жұмыстары кезек бойынша әрбiр сотталғанға, ал жалғыз адамдық камераларда онда ұсталатын адамдарға жүктеледi. Сотталғандардың кезекшiлігі осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәртіпте қамтамасыз етіледі.";
134-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
153-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"153. Сотталғандарды дәрiгердiң қабылдауына (медициналық тексеруге) алдын ала жазу бақылау қызметі кезекшiлiгінің ауысымы және сотталғандарды салыстырып тексеру кезiнде сотталғандардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Ауруханаға жатқызылған жағдайда сотталған мекеменің медициналық санитарлық бөлiмiнің стационарына ауыстырылады.";
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-тарау. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына, сондай-ақ қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатын сотталғандардың жазаны өтеу ерекшеліктері";
158-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) жұмыс уақытында мекеме әкімшілігіне хабарламай жұмыс объектісін тастап кетуге жол берілмейді. Сотталғандар еңбек келісімшартарында көрсетілген объектілерде жұмысқа ораналастырылады және жұмысын атқарады.";
160-162-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"160. Жеңілдетілген жағдайларда қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға жеке басын зерделегеннен кейін, жеңілдетілген жағдайға ауыстыру сәтінен бастап кемінде 3 ай өткеннен кейін мекеме орналасқан елдi мекеннiң шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өзінің жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен бірге тұруға рұқсат берiледі. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер аумағынан тыс жерде тұруға рұқсат берумекеме комиссиясы шешімінің негізінде осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекеме аумағында немесе одан тыс жерде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен тұруға арналған қаулысымен ресімделеді. Сотталғандар режимдi бұзған жағдайда, осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекемеден тыс жерде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен тұру құқығынан айыру туралы қаулы шығарылады.
161. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеп жатқан сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Оларға ҚАК-тың 143-бабы төртінші бөлігінде санамаланғаннан басқа:
1) апта сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесуге;
2) мекеме орналасқан елдi мекеннiң шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өзінің жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен бірге тұруға жол беріледі. Бұл ретте, олар айына төрт рет мекемеге тіркеу үшін келіп тұрады, оның жиілігі мекеме бастығы бекіткен кестемен белгіленеді және сағат 21-00-ден 07-00 дейін тұрғылықты жерінде болады. Мекемелер әкімшілігінің өкілі сотталғандар тұрып жатқан тұрғын үй-жайларға тәуліктің кез келген уақытта келеді.
162. Отбасы бар сотталғандарға мекеме орналасқан елдi мекеннiң шегiнде тұруға мынадай жағдайларда:
1) Сотталғанмен бiрге тұратын барлық кәмелетке толған отбасы мүшелерi қол қойған сотталғанның өтініші, онда олардың ҚАК-тың 143-бабы талаптарымен танысқаны көрсетіледі;
2) арызданушының және отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы) және тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың немесе тұрғын алаңды, тұрғын үй-жайды жалға алу келісімшартының, неке, туу туралы куәліктердің көшірмелері. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды салыстыру үшін өтінішті беру кезінде олардың түпнұсқалары ұсынылады;
3) сотталғанның тұрғын алаңда тұру мүмкіндігіне, алаңы тұрғын үй заңнамасында отбасының әрбір мүшесіне белгіленген нормативтерін сақтауына, сондай-ақ бiр бөлмеге әр жынысты адамдарды (ерлi-зайыптылардан басқа) тұрғызуға жол бермеуіне мекеме қызметкерлерінің комиссиялық тексеру актісі;
4) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерден тыс аумақта отбасымен тұруға қаулы шыққаннан кейiн учаскелiк полиция инспекторының оның учаскесінде қадағалаудағы адамның тұратынынан хабардар екендігі туралы анықтамасы;
5) сотталғанның қауіпсіздігі барынша төмен мекеме аумағынан тыс тұратын кезеңдегі мінез-құлық қағидаларымен және шектеулермен танысқаны туралы қолхаты;
6) жұмыс орнынан берілген мінездеме;
7) еңбек келісімшарты болған жағдайда жол беріледі.
Сотталған және оның туыстары ұсынған құжаттарды қабылдауды мекеменің жауапты қызметкері жүзеге асырады, ол оны мекеме комиссиясының кезекті отырысына ұсынады.
Жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында отбасымен бірге тұру құқығын ұзарту не бас тарту мәселесін мекеме комиссиясы тоқсан сайын, режимді бұзған жағдайда дереу қарастырады.";
10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-тарау.Мекемелердің шегінен тыс жерде тұру құқығы берілген жеңілдікті жағдайларда жазаны өтейтін сотталғандардың мінез-құлық тәртібі";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
10-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 694 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртіптеме қағидаларына 1-қосымша нысан |
Жеке істе құжаттардың барын тексеруге арналған салыстыру АКТІСІ
20__жылғы "__"_______ ____________
Бойынша ҚАЖД __ мекемесі
Бiз төменде қол қойғандар _________________________________________________________
(лауазымы, атағы, аты-жөнi көрсетiлсін)
_________ бойынша ҚАЖД __________ мекемесінен,
_________ бойынша ҚАЖД __________ мекемесіне келген
________________________________________________________________________________
(жеке iсiнде кемшiлiктер, аурулары, киiмiнiң маусымға сәйкестігі көрсетiледi)
________________________________________________________________________________
сотталған _______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы, бабы, мерзiмi)
қабылдау кезінде осы актiнi жасадық.
_____________________________ ___
(лауазымы, атағы, аты-жөнi)
Ескертпе: актi 3 данада жасалады, бiрiншi данасы ҚАЖД-ға, екiншi данасы сотталған
келген мекемеге және үшiншiсi сотталғанның жеке iсiне тiгiледi.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 694 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртіптеме қағидаларына 3-қосымша нысан |
Сотталғандардың күн тәртібі үлгiсі
Ұйқыдан тұру - таңғы сағат 6-да.(жексенбі және мереке күндері ұйқыдан тұру бір сағатқа
кеш жүзеге асырылады)
Дене шынықтыру - 15 минутқа дейiн.
Дәретхана, төсек жинау - 10 минутқа дейiн.
Таңертеңгi және кешкi тексеру 40 минутқа дейiн.
Таңғы ас - 30 минутқа дейiн.Жұмысқа тарату - 30 минутқа дейiн.
Жұмыс уақыты - еңбек заңнамасына сәйкес.
Түскi үзiлiс - 1 сағатқа дейiн.
Жұмыстан қайту, кешкi туалет - 30 минутқа дейiн.
Кешкi ас - 30 минутқа дейiн.
Жеке уақыты – күн тәртібінде белгіленбеген іс-шаралардан бос уақыт.
Тәрбие іс-шаралары - 1 сағатқа дейiн.
Мәдени-бұқаралық жұмыс, мектептегi, КТУ-дағы оқу - жеке кесте бойынша.
Ұйқыға дайындалу - 15 минутқа дейiн.
Ұйқы (үзiлiссiз) - 8 сағат.
Ескертпе:
1. Күн тәртiбi әр мекемеде жергiлiктi жағдайларға, күннiң ұзақтығына, жыл маусымына қарай жасалады.
2. Егер сотталғандар өндiрiсте бiрнеше ауысыммен жұмыс iстеген жағдайда, күн тәртiбi әр ауысым үшiн жасалады.
3. Емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, карантин бөлiмшесiнде, жазаны өтеудiң қатаң жағдайында, жалғыз адамдық камераларда, тәртiптiк изоляторларда, уақытша оқшаулау үй-жайларында, сондай-ақ камералық ұстау жағдайларында ұсталатын сотталғандардың күн тәртiбi жеке белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 694 бұйрығына 3-қосымша |
|
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртіптеме қағидаларына 5-қосымша нысан |
Сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау журналы ______________________________________________________________________________ (қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды адамның лауазымы, атағы және тегi)
___________________ басталды | |
___________________ аяқталды |
№ | Қабылдау күні | Қабылдауға келген адамның тегі, аты-жөні | Қойылған сұрақтардың мазмұны | Қабылданған шешімдер | Орындалуы туралы белгі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескертпе: Журнал екi бөлiмнен тұрады, нөмірленген, бау өткiзiлген, мөрленген және мекеменің кеңсе жұмыскерiнiң қолымен расталған болады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 694 бұйрығына 4-қосымша |
|
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртіптеме қағидаларына 8-қосымша нысан |
Сотталғандардардың өздерiнде болуға, сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекемелердің дүкендерiнен сатып алуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тізбесі
1) темекi бұйымдары, сіріңке, қолшамы және өзге де бейімделген құралдары жоқ оттықтар (кәмелетке толмаған сотталғандардан басқа);
2) белгiленген үлгiдегi киiм, бас киiм, шарф, аяқ киiм және төсек-орын жабдықтары, қолғап немесе биялай, бөлмеде киетін аяқ киім (бір дана) және, іш киiм (жылы және қарапайым), тұтастай қара, қою көк немесе қою қоңыр түсті футболка, свитер, спорт костюмі, спорт аяқ киімі бір жиынтықтан, (спорт костюмдері мен аяқ киім спорттық іс-шараларда қолданылады);
3) бет орамал, белдiк, шұлық-ұйық бұйымдары, колготка, жiп, сүлгi;
4) жуыну жабдықтары (иiс, шаруашылық сабындары, кір жуатын ұнтақ, дәретхана қағазы, тiс щеткасы, тiс ұнтағы, тiс пастасы, су сабын, шомылуға арналған гель, крем, қырынуға арналған көбік, металдан басқа тарақ, жөке немесе ысқыш, шарикті, гельді дезодорант);
5) үш бұрышты орамал, рейтуз, белдiк, бюстгальтерлер, дәке, гигиеналық пакеттер, резеңкеден жасалған шаш қыстырғыш, мақта, спирттік негізде емес косметикалық қажеттіліктер, пластмассалық бигудилар (әйел үшін);
6) жасақ бастықтарының есебінде сақталатын электр немесе механикалық ұстара, қауiпсiз ұстара (бiр рет қолданылатын), тырнақ алатын құрал;
7) етiк щеткасы және киiм щеткасы, аяқ киiм кремi;
8) көзілдірік, сабын және тiс щеткасының қаптары;
9) алюминий немесе тамақ өнімдеріне арналған пластикалық негіздегі ыдыс (кружка, қасық, тәрелке), электр шәйнегі, зауытта жасалған электр су қайнатқыштар, олар жасақтың тамақтану бөлмелерінде сақталады;
10) үстел ойындары (шашка, шахмат, домино, нард, тоғыз құмалақ);
11) оқулықтар, оқушы дәптерi, пошта конверті, ашық хаттар, маркалар, қарындаш, автоқаламсап, сия және стерженьдер;
12) кітапхананың оқу залында пайдалануға болатын көркем және өзге де әдебиеттер;
13) соттың үкімдері мен ұйғарымдарының көшірмелері, ақша мен бағалы заттарды сақтауға берілген түбіртектер, фотокарточкалар, фотоальбомдар;
14) бағалы емес металдардан жасалған денеге тағатын кресттер және табынатын заттар;
15) балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер, мүгедектерге арналған арбалар, оправасы бағалы емес металдардан жасалған көзілдіріктер, контактiлiк линзалар және оларды күтiп-баптау құралдары (дәрiгердiң рұқсаты бойынша);
16) телефонның Smаrt-карталары, банктік төлемкарталары;
17) жеке заттарды сақтайтын бөлмелерде сақталатын киім-кешек қабы немесе сөмке;
18) мекеменің медициналық бөлімінде сақталатын дәрігерлерінің тағайындауы бойынша дәрілік препараттар;
19) бала күтіміне арналған заттар (өздерімен бірге 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге дәрігердің рұқсатымен);
20) жылытуды қажет етпейтін тамақ өнімдері (қайнатуды немесе пісіруді қажет етпейтін тез дайындалатын азықтық концентраттар), шай, ерігіш кофе, құрғақ және қоюлатылған сүт, табиғи шырын, балшырын, қантсыз және спиртсіз негіздегі шәрбат, металл немесе шыны ыдыстағы емес алкогольсіз ішімдіктер;
21) бір адамға 0,5 литр есебінен өсімдік май және кемінде 0,75 килограмм есебінен аспайтын тоң май;
22) бір адамға кемінде 1 килограмм есебінен жемістер мен көкөністер;
23) бір адамға кемінде 1 килограмм есебінен шұжық бұйымдары (ысталған және жартылай ысталған), шошқа майы, ірімшік;
24) бір адамға кемінде 2 банка есебінен консервіленген ботқа, ет және өсімдік (көкөніс, жеміс) консервілері;
25) нан өнімдері, кондитерлік өнімдер, кремделген кондитерлік өнімдерді қоспағанда;
26) тұздықтар, майонез, бал.
Ескертпе:
1. Көрсетiлген тiзбе мекемелердің дүкендерiнде қамтамасыз етiледi. Сотталғандар көрсетілген азық-түліктердің сақталу тәртібін бұзған, сондай-ақ бүлінген жағдайда бұзылған азық-түліктер тәркіленеді және жойылады;
2. Басқа мекемеге ауыстыру кезiнде сотталғандар өзiмен бiрге тек жеке заттарын, тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажетті заттарын алады.
3. Сотталғанға тиесілі тамақ өнiмдерiнiң, бiрiншi кезекте қажетті заттардың, аяқ киiмнiң, киiмдердiң және басқа да өндiрiстiк тауарлардың жалпы салмағы қоймадағыны қоса есептегенде 35 килограмнан, сонымен қатар кофе мен шай 2 килограмнан, сигарет пен папирос кемінде 20 қорап, темекі (табак) 2 килограмнан аспауы тиіс.
4. Сотталғандардың осы тiзбеде көрсетiлмеген тамақ өнімдерін, бiрiншi кезекте қажеттi заттарды, өндiрiстiк тауарларды және өзге де заттар мен бұйымдарды сақтауларына жол берiлмейдi, тамақ өнімдерінің, заттар мен нәрселердің осы тізбесі түбегейлі болып табылады.
5. Жұмысқа орналасқан сотталғандарға мекеме бастығының рұқсатымен өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс орнында міндетті түрде мүлік тізбесіне енгізілетін өзге де заттарды, құралдар мен материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі.
6. Сотталғандардың меншігіндегі музыкалық аспаптар сақтау үшін қоймаға тапсырылады немесе клубтарға сақтауға беріледі. Оларды арнайы бөлінген үй-жайларда күн тәртібінде белгіленген уақытта пайдалануға рұқсат етіледі.
7. Жалпы пайдаланудағы айналар монша үй-жайында және жасақтар мен камералардың жуынатын бөлмелерінде орнатылады (ТИ мен ЖАК-ден басқа).
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 694 бұйрығына 5-қосымша |
|
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртіптеме қағидаларына 10-қосымша нысан |
Сотталғандардың хаттарын тiркеу журналы
№ | Жолданған/ келіп түскен күні | Сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Адресаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Мекенжай | Ескертпе |
Ескертпе: Журнал екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде сотталғандар жолдаған хаттар, екінші бөлімде сотталғандардың атына келіп түскен хаттар тіркеледі.