Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 қарашада № 17699 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 28 қарашадағы № 91 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 28.11.2022 № 91 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бұрын емес қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2021 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бақылау субъектілерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бақылау субъектілерінің бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағы;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бақылау субъектілерінің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13742 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 49 бұйрығына
1-қосымша

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес тексерулер мен бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында әзірленді.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету кезінде құқық бұзушылықтар жасаудың себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2021 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тәуекел - бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      2) тәуекелдерді бағалау жүйесі - бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;

      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген бақылау субъектісіне тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бір бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      5) бақылау субъектілері - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды, лицензиялауды немесе өзге де рұқсат құжаттарын беруді, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері (бар болса), сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері (бар болса), заңды тұлғалар, оның ішінде олардың филиалдары мен өкілдіктері;

      6) өрескел бұзушылықтар - жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген тексерулер мен профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың ең көп санына, бiрiншi және екiншi санаттағы рұқсаттарды беруден бас тартудың ең көп санына байланысты, сондай-ақ мемлекеттік қолдау алу үшін мақұлданған өтініштердің санына арақатынаста мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартудың ең көп санына байланысты талаптарды бұзушылықтар;

      7) елеулі бұзушылықтар - жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырмайтын және өрескел және болмашы бұзушылықтарға жатпайтын талаптарды бұзушылықтар;

      8) болмашы бұзушылықтар - жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырмайтын және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін елеулі қолайсыз салдардың туындауын болдырмайтын талаптарды бұзушылықтар;

      9) тексеру парағы - бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін айқындау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу ықтималдығына байланысты жүзеге асырылады.

      4. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізу кезінде бақылау субъектілері екі тәуекел дәрежесі (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) бойынша бөлінеді.

      5. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу объективті және субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу тәсілдері

      6. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылаудың ерекшелігі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес пайыздық арақатынаста өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілері саны өсімінің ең аз көрсеткіші бар екі өңірде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) бақылау субъектілерін іріктеу жүргізіледі.

      Бұл ретте соңғы үш жылда бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылған өңірлердегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) бақылау субъектілері іріктеуге жатпайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Объективті өлшемшарттар бойынша іріктелген өңірлерде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада):

      1) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге, сондай-ақ өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған Кодекстің 138, 139-баптарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды;

      2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді;

      3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын барлық бақылау субъектілері тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2021 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Объективті өлшемшарттар бойынша Заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын іріктелген өңірлердегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) бақылау субъектілері тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатпайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тәуекел айқындалғаннан кейін бақылау субъектілері екі тәуекел дәрежесі (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) бойынша бөлінеді.

      Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне қатысты субъективті өлшемшарттар қолданылады.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      11. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      12. Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне қатысты шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      13. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

      2) сұрау салу бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері;

      3) алдыңғы тексерулер және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері пайдаланылады, бұл ретте бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі тексеру парақтарында көрсетілген талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді.

      14. Субъективті өлшемшарттар бойынша іріктелген өңірлерде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) талдаудың алдындағы жартыжылдықта мыналардың:

      1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында жүргізілген тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың;

      2) бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруден бас тартулардың;

      3) мемлекеттік қолдау алуға мақұлданған өтініштердің санына арақатынаста мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулардың ең көп саны болған бақылау субъектілері тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      16. Талданатын кезеңде бақылау субъектілерін іріктеу кезінде бұрын есепке алынған және алдыңғы талданатын кезеңде пайдаланылған бақылау және қадағалау салалары, бірінші және екінші санаттағы рұқсаттар ескерілмейді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi не заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерi болған жағдайда, тәуекел дәрежесін бағалау жүйесiнiң субъективтi өлшемшарттары бойынша іс-шаралар аумақтық бөлiмшелерге, әрбір бақылау субъектісінің заңды тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерiне қатысты қолданылады.

      18. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бұзушылықтар үш дәрежеге бөлінеді: өрескел, елеулі және болмашы. Өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтардың тізбесі Өлшемшарттарға қосымшада көрсетілген.

      19. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы негізге алына отырып, Өлшемшарттардың 24-тармағына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі:

      1) 61-ден бастап 100-ді қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілген кезде - жоғары тәуекел дәрежесіне;

      2) 0-ден бастап 60-ты қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмеген кезде - жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесіне жатады.

      20. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына ең көбі бір реттен аспайды.

      21. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын, бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      22. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең үлкен көрсеткіштері бар бақылау субъектілерінің басымдықтары ескеріле отырып жасалады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      23. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізілгеннен кейін бақылау субъектілері екі тәуекел дәрежесі (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) бойынша бөлінеді.

      Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 деген көрсеткіші беріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұндағы:

      SРз - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұндағы:

      SРн - болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 - болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны; 

      SР2 - анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұндағы:

      SР - тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн - болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

4-тарау. Тексерулер мен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу және нәтижелерін ресімдеу тәртібі

      24. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау субъектілерінің:

      1) Кодекстің 138, 139-баптарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      2) Заңға сәйкес бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру;

      3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы саласындағы тексеру парақтарының талаптары тексеруге жатады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Тексеру парақтары бақылау субъектілерінің біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес талаптарды қамтиды.

      26. "Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша іріктелген өңірлерде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері санының ең аз өсу себептерін, оның ішінде:

      1) кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын шамадан тыс талаптарды;

      2) жүйелі сипаттағы бұзушылық фактілерін;

      3) кәсіпкерлік қызметті реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі қарама-қайшылықтар мен коллизияларды;

      4) кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайсыз жағдайларды, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруды анықтау тұрғысынан кешенді талдау жүргізіледі.

      Жоғарыда көрсетілген талдау ескеріле отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде, сондай-ақ кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігін қамтамасыз ету үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету кезінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленеді.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жеке кәсіпкерлік субъектілерін
қолдау мен қорғау саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы субъективті өлшемшарттар

      Ескерту. Өлшемшарттары жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2021 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/н

Өлшемшарттар

Бұзушылықтар дәрежесі

1

2

3

1. Бақылау және қадағалау субъектілері ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің деректері

1

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың ең көп саны

Өрескел

2

Бiрiншi және екiншi санаттағы рұқсаттарды беруден бас тартудың ең көп саны

Өрескел

2. Уәкілетті органдар мен ұйымдар сұрату бойынша ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

1

Мемлекеттік қолдау алу үшін мақұлданған өтініштердің санына арақатынаста мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартудың ең көп саны

Өрескел

3. Алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

Бақылау субъектілерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы бойынша өлшемшарттар

1

Реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының болуы

Болмашы

2

Бақылау және қадағалау органының жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке, жоспардан тыс тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелеріне, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу үшін өзге де ақпаратқа талдау жүргізуі

Елеулі

3

Реттеуші мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекіткен және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілердің болуы

Болмашы

4

Реттеуші мемлекеттік органның және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының болуы

Елеулі

5

Реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық кесте мен жартыжылдық тізім негізінде нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты ерекше тәртіп бойынша тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу

Өрескел

6

Мынадай негіздемелер бойынша нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізу:
1) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынымдардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
2) субъект анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп бермеген және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайларда тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынымдардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
3) бұзушылықтарды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;
6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;
7) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ бұзушылықтарды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;
8) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты алу мақсатында бақылау және қадағалау субъектiсі азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
9) бақылау және қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіндігі туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру;
10) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
11) адамның өміріне, денсаулығына және өмір сүру ортасына қауіп туғызатын, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда, өнімді іріктеудің және оның санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелері

Өрескел

7

Бұзушылықтар тікелей жасалған сәтте олардың жолын кесу қажет болған жағдайда жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілетін жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды және жоспардан тыс тексеруді ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектісінің жұмыс уақытында жүргізу

Елеулі

8

Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізбеу

Елеулі

9

Анонимді өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізбеу

Елеулі

10

Нақты бір жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған, жоспардан тыс тексеру тағайындауға негiз бола алмайтын фактiлер мен мән-жайлар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу

Елеулі

11

Салық төлеушінің (салық агентінің)өзінің өтініші бойынша, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсетілген қосылған құн салығынан асып кету сомаларын қайтару туралы талап бойынша, салық төлеушінің қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау жөніндегі салықтық өтініші бойынша, салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, бұрын тексерілген кезең үшін жоспардан тыс тексерулер жүргізу

Елеулі

12

Тексеру, профилактикалық бақылау және қадағалау тағайындау туралы актілер негізінде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу

Өрескел

13

Тексеруді тағайындау туралы актіде мынадай ақпаратты көрсету:
1) актiнiң нөмiрi және күнi;
2) мемлекеттiк органның атауы;
3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттi адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеру жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлiметтер;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзiне қатысты тексеруді жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жерi, сәйкестендiру нөмiрi, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесi.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актiде оның атауы және тұрған жерi көрсетiледi;
6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;
7) тексеру жүргiзу мерзiмi;
8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерілуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;
9) тексерiлетiн кезең;
10) бақылау және қадағалау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
11) актiге қол қоюға уәкiлеттi адамның қолы және мемлекеттiк органның мөрi;
12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіде мынадай ақпаратты көрсету: 1) актінің нөмірі және күні;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесі.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкілдігін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жағдайында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіде оның атауы және тұрған жері көрсетіледі;
6) тағайындалған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың нысанасы;
7) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу мерзімі;
8) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде тексеру парақтарының талаптары;
9) бақылау және қадағалау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
10) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мемлекеттік органның мөрі;
11) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолы

Елеулі

14

Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеуді жүзеге асыру

Өрескел

15

Тексеруді бастау күні мен тексеру жүргізу нысанын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру жүргізуді бастау туралы бақылау және қадағалау субъектісіне(объектісіне) жазбаша түрде хабарлау

Өрескел

16

Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың нысанын көрсете отырып, жоспардан тыс тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жоспардан тыс тексерумен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуді бастау туралы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) хабарлау

Өрескел

17

Бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді не бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірген жағдайда тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) уәкілетті адамы қол қойған хаттаманы жасау

Елеулі

18

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) және құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға тексерумен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізетін лауазымды адамдардың құрамын ауыстырған жағдайда тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін ауыстыру себебі көрсетілген хабарламаның болуы

Елеулі

19

Алдағы жұмыстар көлемін, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді ескере отырып, мыналар үшін:
1) микрокәсіпкерлік субъектілеріне – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
2) шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын бақылау және қадағалау субъектілеріне:
жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде – он жұмыс күнінен аспайтын және он жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде – он бес жұмыс күнінен аспайтын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
3) ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
4) құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техникалық күрделілігін ескере отырып:
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің төрт сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің сегіз сағатына дейін ұзартылатын мерзімде тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу

Өрескел

20

Бақылау және қадағалау органы басшысының (не оның міндетін атқаратын адамның) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды: 1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу;
2) өзіне қатысты тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізіліп жатқан тұлғаның тұратын жерін анықтау;
3) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда бір рет қана ұзартуды жүзеге асыруы

Өрескел

21

Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау мерзімдері ұзартылған жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып және тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күнін және ұзартудың себебін көрсете отырып, тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу

Елеулі

22

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс ету 

Өрескел

23

Өнімнің үлгілерін іріктеу актісімен расталған өнімдердің үлгілерін іріктеуді бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының тексерiлетiн субъекті басшысының немесе өкiлiнiң және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамының қатысуымен жүргізуі

Өрескел

24

Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінде жасалу орнын және күнiн, өнiм үлгiлерiн iрiктеуді жүзеге асыруда негізге алынатын бақылау және қадағалау органы басшысы шешiмiнiң нөмiрiн және күнiн, өнiм үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың лауазымын, тегiн, атын және әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), өнiм үлгiлерiн iрiктеу жүргiзiлетiн тексерiлетiн субъектiнiң атауын және тұрған жерiн, тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамының лауазымын және тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), өндiрушiнi, өндiрілген күнiн, партияның сериясын (нөмiрiн), үлгiлердiң жалпы құнын көрсете отырып, iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiнiң тiзбесiн және санын, буып-түю түрiн және мөрдiң (пломбаның) нөмiрiн көрсету

Елеулі

25

Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде:
1) осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнiм үлгiлерiн, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп қарау сынамаларына зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу жүргiзу үшiн көрсетiлген үлгiлердi, сынамаларды белгiленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгiлердi, сынамаларды iрiктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу әдiстерiнде, техникалық регламенттерде немесе олар күшiне енетiн күнге дейiн қолданыста болатын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу қағидаларында және әдiстерiнде белгiленген нормалардан асатын мөлшерде iрiктеп алу туралы хаттамаларды ресiмдеместен, оларды iрiктеп алуға;
4) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізудің белгiленген мерзiмдерiн асыруға;
6) бiр кезең iшiнде сол бiр мәселе бойынша өзінің жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган өзіне қатысты бұрын тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізген тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргiзуге;
7) мемлекеттiк бақылау мақсатында бақылау және қадағалау субъектiлерінiң (объектілерінің) есебiнен шығынды сипаттағы iс-шараларды өткізуге шектеулерді сақтау

Өрескел

26

Тексеру нәтижелерi туралы актiні мынадай ақпаратты көрсете отырып жасау:
1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) негiзге алынып тексеру жүргiзiлген тексерудi тағайындау туралы актінің жасалған күнi мен нөмiрi;
4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) бақылау және қадағалау субъектiсінiң (объектісінің) атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы;
6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;
7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;
8) тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;
9) бақылау және қадағалау субъектiсі (объектісі) өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамдардың актiмен танысу немесе танысудан бас тарту, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы мәлiметтері;
10) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолдары

Елеулі

27

Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы мынадай ақпаратты көрсетіп жасау:
1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауын;
3) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың жүргізілген күні, орны және кезеңі;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесін міндетті түрде көрсете отырып, тексеру парағының тармақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша ықтимал іс-қимылдарға ұсынымдар мен нұсқаулар;
8) бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы мәліметтер;
9) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы

Елеулі

28

Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нысанына жатпайтын талаптарды қою және өтініш жасау

Өрескел

29

Мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындауы

Өрескел

30

Тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезеңділігін сақтау

Өрескел

31

Бақылау және қадағалау субъектісіне жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні, жүргізілген тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы олар аяқталған күні, бірақ тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актілерде көрсетілген тексеру аяқталатын мерзімнен кешіктірмей беру

Өрескел

32

Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау;
2) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізу;
3) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезеңінде бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жұмысының белгіленген режиміне кедергі келтірмеу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша берiлген өкiлеттiктердi уақтылы және толық көлемде орындау;
5) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектісінің қатысуына кедергі келтірмеу, тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірме беру;
6) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде олардың нысанасына қатысты қажетті ақпаратты бақылау және қадағалау субъектісіне беру;
7) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету міндеттерін сақтауы

Елеулі

33

Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде тоқтата тұру көзделген жағдайларда шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтата тұру

Өрескел

Бақылау субъектілерінің бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы бойынша өлшемшарттар

1

Жеке және заңды тұлғалардан "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделмеген рұқсаттардың немесе хабарламалардың болуын талап етпеу

Елеулі

2

Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсаттың иесі болып табылатын жеке және заңды тұлғаның рұқсат беру органына ерікті түрде жүгінуі бойынша тоқтатыла тұрған рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданылуын қайта бастау туралы үш жұмыс күні ішінде шешім қабылдау

Елеулі

3

Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар берудің және хабарламалар жіберудің шарттары туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" веб-порталында жәнебақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру

Елеулі

4

Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) мынадай міндеттерді сақтауы:
1) Заңға сәйкес лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдар рұқсаттар алған кезде олар үшін қажетті жағдайлар жасау;
3) лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері, бұл үшін талап етілетін құжаттар тізбесі және осындай құжаттарды алу және ресімдеу тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсыну;
4) мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты ұсыну;
5) өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдау;
6) рұқсаттар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін және толығып отыруын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;
7) рұқсаттар беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің жазбаша келісімін, оның ішінде электрондық құжат нысанында алу;
8) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға қатысты лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты беру

Елеулі

5

Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) рұқсаттардың қолданылу мерзімі бойынша талаптарды сақтауы

Елеулі

6

Рұқсаттар беруді біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін барлық адамдар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асыру

Елеулі

7

Лицензиялау және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде өтініш берушінің құжаттарын қараудан бас тартуды ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда ғана екі жұмыс күні ішінде жүзеге асыру

Өрескел

8

Құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген, өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда және егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиат заңды тұлғаларды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде бас тартуды жүзеге асыру

Өрескел

9

Рұқсат беру органының өтініш берушінің рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алуға құжаттарын тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің алдағы қызметін жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға келісімдерді алу үшін сұрату жібере отырып, өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарын) алуы

Өрескел

10

Рұқсат беру органының рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беру мерзімін өткізіп алған жағдайда мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге оны беруді жүзеге асыруы

Өрескел

11

Жеке немесе заңды тұлғаның не шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметті жүзеге асыру орны бойынша берілетін "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді тіркеу орны бойынша жүзеге асыру

Елеулі

12

Өтініш берушілерден мынадай құжаттарды:
1) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оған патрондардың айналымына байланысты қызметті, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті, күзет қызметін жүзеге асыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін – жарғының көшiрмесiн (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесін);
2) заңды тұлға үшiн – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
3) жеке тұлға үшiн – егер мынадай құжаттар туралы ақпаратты лицензиар тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ала алатын болса, жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн ұсынуды талап етпеу

Елеулі

13

Қолданылу мерзімі бар лицензияны оның қолданылу мерзімін шектемей беруді жүзеге асыру

Елеулі

14

Тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей берілетін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді не оларды беруден уәжді бас тартуды он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асыру

Өрескел

15

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде, сондай-ақ берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер анықталған жағдайда лицензиялық алым алмау

Елеулі

16

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуды:
1) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асыру

Өрескел

17

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны:
1) лицензиат жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) лицензиат жеке кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекен жайы өзгерген;
3) лицензиат заңды тұлға Заңға сәйкес айқындалған тәртіпке сай қайта ұйымдастырылған;
4) лицензиат заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген;
5) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған;
6) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекен жайы өзгерген;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімдеуді жүзеге асыру

Елеулі

18

Лицензияны және (немесе) қосымшаны қайта ресімдеу кезінде өтініш берушіден мыналарды:
1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекiтетін нысан бойынша өтiнiштi;
2) лицензияларды қайта ресімдеу жағдайлары үшін – "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, өзге де құжаттардың ұсынылуын талап етпеу

Елеулі

19

Лицензиат заңды тұлғаның бөліну және бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырылуы кезіндегі қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиардың өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырмауы

Елеулі

20

Өтініш беруші мынадай құжаттарды:
1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекiтетін өтiнiштi;

3) алынатын ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген жағдайларда, сондай-ақ өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартуды жүзеге асыру

Өрескел

21

Лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды электрондық нысанда ресімдеуді мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асыру:
1) өтініш беруші рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және рұқсат беруші органның мөрімен және рұқсат беруші орган басшысының қолымен расталады.
2) рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны электрондық нысанда беру мүмкін болмаған жағдайда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз жеткізгіште беріледі

Болмашы

22

Заңды тұлғаны бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензиардың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны құжаттар берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта ресімдеуді жүзеге асыруы

Өрескел

23

Өтініш берушінің таңдауы бойынша лицензияланатын сол бір қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиясы, бір ғана лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы бар бірнеше лицензиат заңды тұлғаның бірігуі нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қайта ресімдеуді жүзеге асыру

Елеулі

24

Егер қосылатын заңды тұлғада және қосылатын заңды тұлғаны өзіне қосып алған заңды тұлғада лицензияланатын сол бір қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялар болса, қосылатын заңды тұлғаның лицензиясын заңды тұлғаны қосып алған заңды тұлғаға қайта ресімдеуді жүргізбеу

Елеулі

25

Рұқсат беру органының лицензиат заңды тұлғаны бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бастамашылық жасалған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден мынадай негіздер бойынша:
1) құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
3) егер бұрын лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиат заңды тұлғалардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болғандар қатарынан басқа заңды тұлғаға қайта ресімделген жағдайда бас тартуды жүзеге асыруы

Елеулі

26

Құжаттармен бірге өтініш берілген не көрсетілген мерзімдерде уәжді бас тарту берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта ресімделетін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет саласындағы, экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты мен экспорты саласындағы, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, лицензиарлардың бөлініп шығу немесе бөлу нысанында лицензиат заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімделген лицензияны (немесе) лицензияға қосымшаны беруді он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асыруы

Өрескел

27

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын мынадай:
1) берілген мерзімі өткен;
2) жүзеге асырылуы үшін берілген әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалған;
3) лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырған (кері қайтарған);
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, заңды тұлға таратылған;
5) лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде лицензиарға өтініш жасаған;
6) Заңға1-қосымшадан лицензия немесе жекелеген қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі немесе әрекет (операция) алып тасталған;
7) лицензиат лицензиялануға жататын тұлғалар қатарынан алыптасталған жағдайларда тоқтатуды жүзеге асыру

Елеулі

28

Рұқсат беру органдарының ойын бизнесі, сәулет, қала құрылысы мен құрылыс және атом энергиясын пайдалану салаларында жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттарын сақтауы

Елеулі

29

Рұқсат беру органдарының экспорт және импорт саласындағы лицензиялау туралы жалпы ережелерді сақтауы

Елеулі

30

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсаттардың берілу мерзімдерін сақтауы

Өрескел

31

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсатты беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге екінші санаттағы рұқсатты беруден уәжді бас тартуды жүзеге асыруы

Өрескел

32

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын тиісті өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышында "телнұсқа" деген жазумен және олардың алғаш берілген күні мен қайта ресімделген күнін көрсете отырып беруді жүзеге асыруы

Елеулі

33

Рұқсат беру органының өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қажетті өзгерістер енгізуді және тиісті түзетулері бар рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беруді жүзеге асыруы (берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер анықталған жағдайда)

Елеулі

34

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруды тиісті түрде жүзеге асыруы

Елеулі

35

Өтініш беруші бұзушылықтарды жою туралы өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде рұқсат беру органының бұзушылықтарды жоюды тексеруді жүзеге асыруы

Елеулі

36

Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда рұқсат беру органының тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (кері қайтарып алу) рәсіміне бастамашылық жасауы

Елеулі

37

Рұқсат беру органының рұқсаттан айыруды (кері қайтарып алуды) тиісінше жүзеге асыруы

Елеулі

38

Қызметті жүзеге асыруды хабарлау тәртібінде өтініш берушілерден мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан алуға болатын құжаттар мен өзге де ақпаратты талап етпеу

Елеулі

39

Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелерді өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруі

Өрескел

40

Автоматтандыруға жатпайтын рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру органдарының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қағаз нысанда рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырумен бір мезгілде жүзеге асырылған рұқсат беру рәсімдері туралы ақпаратты енгізуі

Елеулі

41

Жеке немесе заңды тұлғаның қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда рұқсат беру органдарының тиісті мәліметтерді міндетті түрде енгізе отырып, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізуі

Елеулі

42

Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) өтініш берушінің өтініші бойынша, жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы сот шешімі бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып тастауды жүзеге асыруы

Елеулі

Бақылау субъектілерінің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы бойынша өлшемшарттар

1

Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін уақтылы қарау

Өрескел

2

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды уақтылы және тиісінше жүзеге асыру

Өрескел

3

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын беру не беруден бас тарту туралы уақтылы және негізді шешім қабылдау

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 49 бұйрығына
2-қосымша

Бақылау субъектілерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. Тексеру парағы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2021 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелеріне (бар болса)

      қатысты____________________________________________________________

      (бақылау және қадағалау субъектілерінің біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: _____________________________

      Тексеруді/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалауды тағайындау туралы

      акт________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы:____________ ________________________

      Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      Нөмірі:___________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы: ________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының болуы

2

Бақылау және қадағалау органының жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке, жоспардан тыс тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелеріне, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу үшін өзге де ақпаратқа талдау жүргізуі

3

Реттеуші мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекіткен және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілердің болуы

4

Реттеуші мемлекеттік органның және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының болуы

5

Реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық кесте мен жартыжылдық тізім негізінде нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты ерекше тәртіп бойынша тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу

6

Мынадай негіздемелер бойынша нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізу:
1) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынымдардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
2) субъект анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп бермеген және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайларда тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынымдардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
3) бұзушылықтарды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;
6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;
7) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ бұзушылықтарды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;
8) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты алу мақсатында бақылау және қадағалау субъектiсі азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
9) бақылау және қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіндігі туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру;
10) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
11) адамның өміріне, денсаулығына және өмір сүру ортасына қауіп туғызатын, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда, өнімді іріктеудің және оның санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелері

7

Бұзушылықтар тікелей жасалған сәтте олардың жолын кесу қажет болған жағдайда жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілетін жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды және жоспардан тыс тексеруді ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектісінің жұмыс уақытында жүргізу

8

Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізбеу

9

Анонимді өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізбеу

10

Нақты бір жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған, жоспардан тыс тексеру тағайындауға негiз бола алмайтын фактiлер мен мән-жайлар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу

11

Салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсетілген қосылған құн салығынан асып кету сомаларын қайтару туралы талап бойынша, салық төлеушінің қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау жөніндегі салықтық өтініші бойынша, салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, бұрын тексерілген кезең үшін жоспардан тыс тексерулер жүргізу

12

Тексеру, профилактикалық бақылау және қадағалау тағайындау туралы актілер негізінде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу

13

Тексеруді тағайындау туралы актіде мынадай ақпаратты көрсету:
1) актiнiң нөмiрi және күнi;
2) мемлекеттiк органның атауы;
3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттi адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеру жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлiметтер;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзiне қатысты тексеруді жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жерi, сәйкестендiру нөмiрi, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесi.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актiде оның атауы және тұрған жерi көрсетiледi;
6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;
7) тексеру жүргiзу мерзiмi;
8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерілуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;
9) тексерiлетiн кезең;
10) бақылау және қадағалау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
11) актiге қол қоюға уәкiлеттi адамның қолы және мемлекеттiк органның мөрi;
12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіде мынадай ақпаратты көрсету:
1) актінің нөмірі және күні;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесі.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкілдігін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жағдайында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіде оның атауы және тұрған жері көрсетіледі;
6) тағайындалған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың нысанасы;
7) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу мерзімі;
8) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде тексеру парақтарының талаптары;
9) бақылау және қадағалау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
10) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мемлекеттік органның мөрі;
11) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолы

14

Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеуді жүзеге асыру

15

Тексеруді бастау күні мен тексеру жүргізу нысанын көрсете отырып,тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру жүргізуді бастау туралы бақылау және қадағалау субъектісіне(объектісіне) жазбаша түрде хабарлау

16

Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың нысанын көрсете отырып, жоспардан тыс тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жоспардан тыс тексерумен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуді бастау туралы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) хабарлау

17

Бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді не бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірген жағдайда тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) уәкілетті адамы қол қойған хаттаманы жасау

18

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) және құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға тексерумен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізетін лауазымды адамдардың құрамын ауыстырған жағдайда тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін ауыстыру себебі көрсетілген хабарламаның болуы

19

Алдағы жұмыстар көлемін, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді ескере отырып, мыналар үшін:
1) микрокәсіпкерлік субъектілеріне – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
2) шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын бақылау және қадағалау субъектілеріне:
жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде – он жұмыс күнінен аспайтын және он жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде – он бес жұмыс күнінен аспайтын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
3) ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
4) құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техникалық күрделілігін ескере отырып:
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің төрт сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің сегіз сағатына дейін ұзартылатын мерзімде тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу

20

Бақылау және қадағалау органы басшысының (не оның міндетін атқаратын адамның) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу;
2) өзіне қатысты тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізіліп жатқан тұлғаның тұратын жерін анықтау;
3) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда бір рет қана ұзартуды жүзеге асыруы

21

Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау мерзімдері ұзартылған жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып және тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күнін және ұзартудың себебін көрсете отырып, тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу

22

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс ету

23

Өнімнің үлгілерін іріктеу актісімен расталған өнімдердің үлгілерін іріктеуді бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының тексерiлетiн субъекті басшысының немесе өкiлiнiң және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамының қатысуымен жүргізуі

24

Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінде жасалу орнын және күнiн, өнiм үлгiлерiн iрiктеуді жүзеге асыруда негізге алынатын бақылау және қадағалау органы басшысы шешiмiнiң нөмiрiн және күнiн, өнiм үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың лауазымын, тегiн, атын және әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), өнiм үлгiлерiн iрiктеу жүргiзiлетiн тексерiлетiн субъектiнiң атауын және тұрған жерiн, тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамының лауазымын және тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), өндiрушiнi, өндiрілген күнiн, партияның сериясын (нөмiрiн), үлгiлердiң жалпы құнын көрсете отырып, iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiнiң тiзбесiн және санын, буып-түю түрiн және мөрдiң (пломбаның) нөмiрiн көрсету

25

Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде:
1) осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнiм үлгiлерiн, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп қарау сынамаларына зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу жүргiзу үшiн көрсетiлген үлгiлердi, сынамаларды белгiленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгiлердi, сынамаларды iрiктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу әдiстерiнде, техникалық регламенттерде немесе олар күшiне енетiн күнге дейiн қолданыста болатын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу қағидаларында және әдiстерiнде белгiленген нормалардан асатын мөлшерде iрiктеп алу туралы хаттамаларды ресiмдеместен, оларды iрiктеп алуға;
4) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізудің белгiленген мерзiмдерiн асыруға;
6) бiр кезең iшiнде сол бiр мәселе бойынша өзінің жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган өзіне қатысты бұрын тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізген тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргiзуге;
7) мемлекеттiк бақылау мақсатында бақылау және қадағалау субъектiлерінiң (объектілерінің) есебiнен шығынды сипаттағы iс-шараларды өткізуге шектеулерді сақтау

26

Тексеру нәтижелерi туралы актiні мынадай ақпаратты көрсете отырып жасау:
1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) негiзге алынып тексеру жүргiзiлген тексерудi тағайындау туралы актінің жасалған күнi мен нөмiрi;
4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) бақылау және қадағалау субъектiсінiң (объектісінің) атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы;
6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;
7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;
8) тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;
9) бақылау және қадағалау субъектiсі (объектісі) өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамдардың актiмен танысу немесе танысудан бас тарту, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы мәлiметтері;
10) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолдары

27

Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы мынадай ақпаратты көрсетіп жасау:
1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауын;
3) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың жүргізілген күні, орны және кезеңі;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесін міндетті түрде көрсете отырып, тексеру парағының тармақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша ықтимал іс-қимылдарға ұсынымдар мен нұсқаулар;
8) бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы мәліметтер;
9) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы

28

Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нысанына жатпайтын талаптарды қою және өтініш жасау

29

Мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындауы

30

Тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезеңділігін сақтау

31

Бақылау және қадағалау субъектісіне жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні, жүргізілген тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы олар аяқталған күні, бірақ тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актілерде көрсетілген тексеру аяқталатын мерзімнен кешіктірмей беру

32

Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау;
2) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізу;
3) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезеңінде бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жұмысының белгіленген режиміне кедергі келтірмеу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша берiлген өкiлеттiктердi уақтылы және толық көлемде орындау;
5) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектісінің қатысуына кедергі келтірмеу, тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірме беру;
6) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде олардың нысанасына қатысты қажетті ақпаратты бақылау және қадағалау субъектісіне беру;
7) тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету міндеттерін сақтауы

33

Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде тоқтата тұру көзделген жағдайларда шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтата тұру

      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 49 бұйрығына
3-қосымша

Бақылау субъектілерінің бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. Тексеру парағы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2021 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелеріне (бар болса) қатысты

      _____________________________________________________________________________

      (бақылау және қадағалау субъектілерінің біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: ____________________________

      Тексеруді/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылау және қадағалауды тағайындау туралы акт ____________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы:______________ __________________________

      Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі:_______________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы: _________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Жеке және заңды тұлғалардан "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделмеген рұқсаттардың немесе хабарламалардың болуын талап етпеу

2

Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсаттың иесі болып табылатын жеке және заңды тұлғаның рұқсат беру органына ерікті түрде жүгінуі бойынша тоқтатыла тұрған рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданылуын қайта бастау туралы үш жұмыс күні ішінде шешім қабылдау

3

Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар берудің және хабарламалар жіберудің шарттары туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" веб-порталында және бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру

4

Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) мынадай міндеттерді сақтауы:
1) Заңға сәйкес лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдар рұқсаттар алған кезде олар үшін қажетті жағдайлар жасау;
3) лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері, бұл үшін талап етілетін құжаттар тізбесі және осындай құжаттарды алу және ресімдеу тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсыну;
4) мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты ұсыну;
5) өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдау;
6) рұқсаттар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін және толығып отыруын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;
7) рұқсаттар беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің жазбаша келісімін, оның ішінде электрондық құжат нысанында алу;
8) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға қатысты лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты беру

5

Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) рұқсаттардың қолданылу мерзімі бойынша талаптарды сақтауы

6

Рұқсаттар беруді біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін барлық адамдар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асыру

7

Лицензиялау және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде өтініш берушінің құжаттарын қараудан бас тартуды ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда ғана екі жұмыс күні ішінде жүзеге асыру

8

Құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген, өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда және егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиат заңды тұлғаларды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде бас тартуды жүзеге асыру

9

Рұқсат беру органының өтініш берушінің рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алуға құжаттарын тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің алдағы қызметін жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға келісімдерді алу үшін сұрату жібере отырып, өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарын) алуы

10

Рұқсат беру органының рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беру мерзімін өткізіп алған жағдайда мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге оны беруді жүзеге асыруы

11

Жеке немесе заңды тұлғаның не шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметті жүзеге асыру орны бойынша берілетін "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді тіркеу орны бойынша жүзеге асыру

12

Өтініш берушілерден мынадай құжаттарды:
1) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оған патрондардың айналымына байланысты қызметті, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті, күзет қызметін жүзеге асыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін – жарғының көшiрмесiн (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесін);
2) заңды тұлға үшiн – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
3) жеке тұлға үшiн – егер мынадай құжаттар туралы ақпаратты лицензиар тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ала алатын болса, жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн ұсынуды талап етпеу

13

Қолданылу мерзімі бар лицензияны оның қолданылу мерзімін шектемей беруді жүзеге асыру

14

Тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей берілетін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді не оларды беруден уәжді бас тартуды он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асыру

15

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде, сондай-ақ берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер анықталған жағдайда лицензиялық алым алмау

16

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуды:
1) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асыру

17

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны:
1) лицензиат жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) лицензиат жеке кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекен жайы өзгерген;
3) лицензиат заңды тұлға Заңға сәйкес айқындалған тәртіпке сай қайта ұйымдастырылған;
4) лицензиат заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген;
5) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған;
6) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекен жайы өзгерген;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімдеуді жүзеге асыру

18

Лицензияны және (немесе) қосымшаны қайта ресімдеу кезінде өтініш берушіден мыналарды:
1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекiтетін нысан бойынша өтiнiштi;
2) лицензияларды қайта ресімдеу жағдайлары үшін – "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, өзге де құжаттардың ұсынылуын талап етпеу

19

Лицензиат заңды тұлғаның бөліну және бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырылуы кезіндегі қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиардың өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырмауы

20

Өтініш беруші мынадай құжаттарды:
1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекiтетін өтiнiштi;
2) лицензияларды қайта ресімдеу жағдайлары үшін – "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) алынатын ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген жағдайларда, сондай-ақ өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартуды жүзеге асыру

21

Лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды электрондық нысанда ресімдеуді мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асыру:
1) өтініш беруші рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және рұқсат беруші органның мөрімен және рұқсат беруші орган басшысының қолымен расталады.
2) рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны электрондық нысанда беру мүмкін болмаған жағдайда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз жеткізгіште беріледі

22

Заңды тұлғаны бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензиардың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны құжаттар берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта ресімдеуді жүзеге асыруы

23

Өтініш берушінің таңдауы бойынша лицензияланатын сол бір қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиясы, бір ғана лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы бар бірнеше лицензиат заңды тұлғаның бірігуі нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қайта ресімдеуді жүзеге асыру

24

Егер қосылатын заңды тұлғада және қосылатын заңды тұлғаны өзіне қосып алған заңды тұлғада лицензияланатын сол бір қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялар болса, қосылатын заңды тұлғаның лицензиясын заңды тұлғаны қосып алған заңды тұлғаға қайта ресімдеуді жүргізбеу

25

Рұқсат беру органының лицензиат заңды тұлғаны бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бастамашылық жасалған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден мынадай негіздер бойынша:
1) құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
3) егер бұрын лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиат заңды тұлғалардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болғандар қатарынан басқа заңды тұлғаға қайта ресімделген жағдайда бас тартуды жүзеге асыруы

26

Құжаттармен бірге өтініш берілген не көрсетілген мерзімдерде уәжді бас тарту берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта ресімделетін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет саласындағы, экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты мен экспорты саласындағы, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, лицензиарлардың бөлініп шығу немесе бөлу нысанында лицензиат заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімделген лицензияны (немесе) лицензияға қосымшаны беруді он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асыруы

27

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын мынадай:
1) берілген мерзімі өткен;
2) жүзеге асырылуы үшін берілген әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалған;
3) лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырған (кері қайтарған);
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, заңды тұлға таратылған;
5) лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде лицензиарға өтініш жасаған;
6) Заңға1-қосымшадан лицензия немесе жекелеген қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі немесе әрекет (операция) алып тасталған;
7) лицензиат лицензиялануға жататын тұлғалар қатарынан алыптасталған жағдайларда тоқтатуды жүзеге асыру

28

Рұқсат беру органдарының ойын бизнесі, сәулет, қала құрылысы мен құрылыс және атом энергиясын пайдалану салаларында жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттарын сақтауы

29

Рұқсат беру органдарының экспорт және импорт саласындағы лицензиялау туралы жалпы ережелерді сақтауы

30

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсаттардың берілу мерзімдерін сақтауы

31

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсатты беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге екінші санаттағы рұқсатты беруден уәжді бас тартуды жүзеге асыруы

32

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын тиісті өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышында "телнұсқа" деген жазумен және олардың алғаш берілген күні мен қайта ресімделген күнін көрсете отырып беруді жүзеге асыруы

33

Рұқсат беру органының өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қажетті өзгерістер енгізуді және тиісті түзетулері бар рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беруді жүзеге асыруы (берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер анықталған жағдайда)

34

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруды тиісті түрде жүзеге асыруы

35

Өтініш беруші бұзушылықтарды жою туралы өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде рұқсат беру органының бұзушылықтарды жоюды тексеруді жүзеге асыруы

36

Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда рұқсат беру органының тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (кері қайтарып алу) рәсіміне бастамашылық жасауы

37

Рұқсат беру органының рұқсаттан айыруды (кері қайтарып алуды) тиісінше жүзеге асыруы

38

Қызметті жүзеге асыруды хабарлау тәртібінде өтініш берушілерден мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан алуға болатын құжаттар мен өзге де ақпаратты талап етпеу

39

Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелерді өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруі

40

Автоматтандыруға жатпайтын рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру органдарының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қағаз нысанда рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырумен бір мезгілде жүзеге асырылған рұқсат беру рәсімдері туралы ақпаратты енгізуі

41

Жеке немесе заңды тұлғаның қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда рұқсат беру органдарының тиісті мәліметтерді міндетті түрде енгізе отырып, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізуі

42

Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) өтініш берушінің өтініші бойынша, жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы сот шешімі бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып тастауды жүзеге асыруы

      Лауазымды адам (адамдар) _______________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 49 бұйрығына
4-қосымша

Бақылау субъектілерінің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. Тексеру парағы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелеріне (бар болса), заңды тұлғалар,

      оның ішінде олардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты

      ________________________________________________________________________________

      (бақылау және қадағалаусубъектілерінің біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: __________________________________________

      Тексеруді/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылау және қадағалауды тағайындау туралы

      акт_____________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы:__________ _____________________________________________

      Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      Нөмірі:_________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы:____________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін уақтылы қарау

2

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды уақтылы және тиісінше жүзеге асыру

3

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын беру не беруден бас тарту туралы уақтылы және негізді шешім қабылдау

      Лауазымды адам (адамдар) ________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің

      басшысы ________________________________________________________________________