Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағын бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 28 қарашадағы № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қарашада № 30773 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 16-тармағының 2) тармақшасына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
Т. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а.
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 91 бұйрығына
1-қосымша

Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағы

      кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсететін ұйымдарға қатысты

      ____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт ___________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін уақтылы қарау



2.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабы 2-тармағының 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда тыңдау өткізу



3.

Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын беру не беруден бас тарту туралы уақтылы және негізді шешім қабылдау



      Лауазымды адам (-дар) ____________________________________________

      лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы _____________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а.
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 91 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 49 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17699 болып тіркелген).

      2. "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 49 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 41 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20753 болып тіркелген).

      3. "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 49 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 67 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23366 болып тіркелген).