Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 мамырда № 13742 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 49 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.10.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 29 қарашадағы Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тексерілетін субъектілердің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтау саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес тексерілетін субъектілердің лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы саласындағы тексеру парағы;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес тексерілетін субъектілердің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы саласындағы тексеру парағы.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялануға оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларының орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 797 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 12748 болып тіркелген, 2016 жылы 21 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика

министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитетінің төрағасы

      _____________________ С. Айтпаева

      2016 жылғы "____"___________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 191 бұйрығына
1-қосымша

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) ішінара тексерулер жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелеріне жатқызу және тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін 2015 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодекcіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Критерийлер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мәселесі бойынша ішінара тексерулерді жүзеге асыру бөлігінде Кодекстің 140-бабының 3-тармағында көрсетілген бақылау және қадағалау салаларына, прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметіне, ұлттық қауiпсiздiк, қорғаныс және Қарулы Күштер органдарына қолданылмайды.

      3. Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) болмашы бұзушылықтар – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында ведомстволық есептіліктің жиынтық деректерінің ай сайынғы жарияланымдарының, Кодекске сәйкес реттеуші мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекіткен және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қатысты актілердің болмауына байланысты, жеке кәсіпкерлік саласында тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексерулердің, бару арқылы жүргізілетін бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шаралары санының ведомстволық есебінің тұрақты және үзіліссіз негізде, рұқсат беру органдарының рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізбеуіне және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 48-бабының ережелерін сақтай отырып, қайта ресімделген лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды электрондық нысанда ресімдеуді жүзеге асырмауына байланысты, алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жүргізілген тексерулер, рұқсаттар және хабарламалар беруден, мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулар санының 10% қоса алғанға дейін ұлғаюымен байланысты бұзушылықтар;

      2) елеулі бұзушылықтар – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырмайтын бөлікте жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, рұқсаттар және хабарламалар беру не беруден бас тарту мерзімін сақтамаудың, заңсыз тексерудің, шағымның бір фактісінің болуына байланысты, алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жүргізілген тексерулер, рұқсаттар және хабарламалар беруден, мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулар санының 20% қоса алғанға дейін ұлғаюымен байланысты бұзушылықтар;

      3) өрескел бұзушылықтар – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын бөлікте жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, тексерілетін субъектілердің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтау талаптарына, рұқсаттар және хабарламалар беру не беруден бас тарту мерзімін сақтамаудың, заңсыз тексерулердің, шағымдардың екі және одан да көп фактілерінің болуына байланысты, алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жүргізілген тексерулер, рұқсаттар және хабарламалар беруден, мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулар санының 20 %-дан аса ұлғаюына байланысты бұзушылықтар;

      4) тексерілетін субъектілер – жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды, лицензиялауды немесе басқа рұқсат құжаттарын беруді, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-қимылдарды жүзеге асыруға хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері (болған жағдайда) және жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.

      4. Ішінара тексеру жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілердің:

      1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      2) лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-қимылдарды жүзеге асыруға хабарлама қабылдау;

      3) мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтау мәселелері бойынша жүзеге асырылады.

      5. Ішінара тексеру жүргізудің жиілігі субъективті критерийлер бойынша алынатын ақпаратқа жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және тексерілетін бір субъектіге қатысты жылына бір реттен көп болмайды.

      6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері ішінара тексерулер үшін субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады.

      7. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері не заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың жоғары ықтималдығы бар аумақтық бөлімшелерді, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін айқындау мақсатында тәуекел дәрежесін бағалау жүйесінің іс-шаралары әрбір тексерілетін субъектінің аумақтық бөлімшелеріне, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты қолданылады.

      8. Субъективті критерийлерді айқындау мынадай:

      1) ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      9. Ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын тексерілетін субъектілерді анықтау үшін қажет.

      10. Алынған ақпараттарды талдау және бағалау жартыжылдықта бір рет жүзеге асырылады. Талданатын кезең соңғы жартыжылдық болып табылады.

      11. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:

      1) тексерілетін субъектілер ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деректері;

      2) бұрынғы тексерулер нәтижелері; бұл ретте, бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;

      3) шағымдардың болуы және саны;

      4) уәкілетті органдар мен ұйымдар сұраныс бойынша ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері пайдаланылады.

      12. Қолда бар ақпарат көздері негізінде субъективті критерийлер өрескел, елеулі және болмашы деген үш тәуекел дәрежесіне бөлінеді.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтар тізбесі осы Критерийлерге қосымшада көрсетілген.

      13. Тексерілетін субъектіні тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

Рз = (

Р2 х 100/

Р1) х 0,7

      мұндағы:

Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

Р1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде

      0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

Рн = (

Р2 х 100/

Р1) х 0,3

      мұндағы:

Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

Р1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (

Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:

Р =

Рз +

Рн

      мұндағы:

Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      14. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші – 60-тан 100-ге дейін болса және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілетін болса – жоғары тәуекел дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болса және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейтін болса – жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел дәрежесіне жатады.

      15. Іріктеп тексерулердің тізімдері:

      1) субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші ең жоғары тексерілетін субъектілердің басымдығы;

      2) мемлекеттік органның тексерулерді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларына түсетін жүктемелері ескеріле отырып жасалады.

      16. Ішінара тексерулер талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітетін ішінара тексеру тізімдерінің негізінде жүргізіледі. Іріктеп тексерулер тізімдері тиісті есепті кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі бойынша уәкілетті органға жіберіледі.

  Жеке кәсіпкерлік субъектілерін
қорғау мен қолдау саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне
қосымша

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы
субъективті критерийлер

т/т

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1

2

3

1. Тексерілетін субъектілер ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деректері

1

Екі және одан да көп рұқсаттар және хабарламалар беру не беруден бас тарту мерзімдерін сақтамау фактілері

Өрескел

2

Рұқсаттар және хабарламалар беру не беруден бас тарту мерзімдерін сақтамау фактісінің болуы

Елеулі

3

Тексерулер тағайындау туралы актіні тіркеусіз жүргізілген екі және одан да көп заңсыз тексерулердің болуы

Өрескел

4

Тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз жүргізілген бір заңсыз тексеру фактісінің болуы

Елеулі

5

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жүргізілген тексерулер санының 20%-дан аса ұлғаюы

Өрескел

6

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жүргізілген тексерулер санының 20% қоса алғанға дейін ұлғаюы

Елеулі

7

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жүргізілген тексерулер санының 10% қоса алғанға дейін ұлғаюы

Болмашы

8

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда рұқсат беруден бас тартулар санының 20%-дан аса ұлғаюы

Өрескел

9

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда рұқсат беруден бас тартулар санының 20% қоса алғанға дейін ұлғаюы

Елеулі

10

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда рұқсат беруден бас тартулар санының 10% қоса алғанға дейін ұлғаюы

Болмашы

2. Шағымдардың болуы және саны

11

Екі және одан көп шағымның болуы

Өрескел

12

Бір шағымның болуы

Елеулі

3. Уәкілетті органдар мен ұйымдар сұраныс бойынша ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

13

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулар санының 20 %-дан аса ұлғаюы

Өрескел

14

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулар санының 20% қоса алғанға дейін ұлғаюы

Елеулі

15

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулар санының 10% қоса алғанға дейін ұлғаюы

Болмашы

4. Бұрынғы тексерулер нәтижелері (бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді)

Тексерілетін субъектілердің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы саласындағы критерийлер

16

Реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінің болуы

Болмашы

17

Ішінара тексеру жүргізуге арналған бақылау және қадағалау органының жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелеріне, өзге де ақпаратқа талдау жүргізуі

Елеулі

18

Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеуші мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып бекіткен және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған, ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қатысты актілердің болуы

Болмашы

19

Жеке кәсіпкерлік саласында тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексерулердің, бару арқылы жүргізілетін бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шаралары санының ведомстволық есебінің тұрақты және үзіліссіз негізде жүргізілуі

Болмашы

20

Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректерінің орталық және жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында ай сайын жариялануы

Болмашы

21

Реттеуші мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған, жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының болуы

Елеулі

22

Нақты жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруді реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес бекіткен жартыжылдық кесте негізінде жүргізу және алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескеріп жүргізу

Өрескел

23

Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделмеген негіздемелер бойынша нақты жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізу

Өрескел

24

Бұзушылықтар жасалған сәтте олардың жолын кесу қажет болған жағдайда, тікелей жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілетін жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруді, ішінара және жоспардан тыс тексеруді ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектісінің жұмыс уақытында жүргізу

Елеулі

25

Мына:

1) жарылғыш заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;

2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;

3) атом энергиясына, радиоактивті заттарға;

4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылау мен қадағалауды қоспағанда, шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара тексерулер жүргізбеу

Елеулі

26

Анонимді өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізбеу

Елеулі

27

Нақты емес жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған және жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу

Елеулі

28

Тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімдерінің сақталуы

Өрескел

29

Тексеруді оны тағайындау туралы актісіз, оның ішінде онда Кодекстің 145-бабының 2-тармағында көзделген ақпаратты көрсете отырып жүргізу

Елеулі

30

Қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексерулерді, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулердi қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы актіні тексерулер басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда, оны жеке кәсіпкерлік субъектісі орналасқан жер бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсыну, оның ішінде электронды форматта ұсыну арқылы тіркеуді жүзеге асыру

Елеулі

31

Тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, осы тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру, ішінара тексеру жүргізудің басталатыны туралы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша түрде хабарлауды жүзеге асыру

Өрескел

32

Кодекстің 144-бабының 3-тармағының 2)7)9)10) тармақшаларында6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізудің нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемiнде бiр тәулiк бұрын жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша түрде хабарлауды жүзеге асыру

Өрескел

33

Жеке кәсіпкерлік субъектісі тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірген жағдайда тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органы лауазымды адамы және жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті тұлғасы қол қойған хаттаманы жасау

Елеулі

34

Жеке кәсіпкерлік субъектісін және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органды тексеру жүргізуші лауазымды адамдардың құрамын ауыстырған жағдайда тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін ауыстыру себебі көрсетілген хабарламаның болуы

Елеулі

35

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді, сондай-ақ салалық ерекшеліктері ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:

1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер – он бес жұмыс күніне дейін болатын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

2) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласындағы тексерулер – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

3) техникалық жағынан күрделілігі ескеріле отырып, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласындағы тексерулер:

техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің 4 сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің 8 сағатына дейін ұзартылатын мерзімдер белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, микрокәсіпкерлік субъектілеріне бес жұмыс күні ішінде, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз жұмыс күні ішінде тексерулер жүргізу

Өрескел

36

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайда, сондай-ақ тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органы басшысының (не оның орнындағы адамның) тексеру мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартуды жүзеге асыруы

Өрескел

37

Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып және тексеру тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күнін және ұзартудың себебін көрсете отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу

Елеулі

38

Тексеру жүргізуді жүргізілетін тексеру шеңберінде шет мемлекеттерден айтарлықтай маңызы бар мәліметтер және құжаттар алу, отыз жұмыс күнінен асатын мерзімде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайларда, оларды алғанға не орындағанға дейін тоқтата тұруды жүзеге асыру

Елеулі

39

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеруді тоқтата тұрғанға не қайта бастағанға дейін бір күн бұрын жеке кәсіпкерлік субъектісін тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету

Өрескел

40

Тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау кезінде тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығару

Өрескел

41

Тексеруі тоқтатылған және Кодекстің 148-бабында белгіленген мерзімдерде қайта басталмаған жеке кәсіпкерлік субъектісін қайта тексеруге жол бермеу

Өрескел

42

Өнімнің үлгілерін іріктеу актісімен расталған өнімдердің үлгілерін іріктеуді бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының жеке кәсіпкерлік субъектісі басшысының немесе өкілінің және жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті адамының қатысуымен жүргізу

Өрескел

43

Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінде Кодекстің 150-бабында көзделген ақпаратты көрсету

Елеулі

44

Тексеру жүргізу кезінде Кодекстің 151-бабында көзделген шектеулерді сақтау

Өрескел

45

Тексерудің нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы актіні Кодекстің 152-бабының 1-тармағында көзделген ақпаратты көрсетіп жасау

Елеулі

46

Тексеру нысанасына жатпайтын талаптарды қою және өтініш жасамау

Өрескел

47

Тексерілетін субъектінің өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындамау

Өрескел

48

Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау жүргізу кезiнде Кодекстің 154-бабының 3-тармағында көзделген мiндеттерді сақтауы

Елеулі

Тексерілетін субъектілердің лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы саласындағы критерийлер

49

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінен "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңында (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) көзделмеген рұқсаттардың немесе хабарламалардың болуын талап етпеуі

Елеулі

50

Тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тікелей көзделмеген құжаттарды беруді талап етпеуі

Елеулі

51

Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар берудің және хабарламалар жіберудің шарттары туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" веб-порталында және тексерілетін субъектінің интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру

Елеулі

52

Тексерілетін субъектілердің Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 

21-бабының 2-тармағында көрсетілген міндеттерді сақтауы

Елеулі

53

Рұқсаттың Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана шектеледі

Елеулі

54

Рұқсаттарды беру біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына жауап беретін барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және жағдайларда жүзеге асырылады

Елеулі

55

Тексерілетін субъектінің лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асыруы

Өрескел

56

Лицензиялау және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде өтініш берушінің құжаттарын қараудан бас тартуды Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдерде ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда ғана жүзеге асыру

Өрескел

57

Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде рұқсат беру органының өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардан келісімдер (ілеспе рұқсаттарды) алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларыда немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген жағдайларда ғана жүзеге асырылады

Өрескел

58

Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген жағдайларда өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарды) алу үшін, егер екінші санаттағы рұқсаттар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше мерзім көзделмесе, рұқсат беру органының өтініш берушінің рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің алдағы қызметті жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жіберу

Өрескел

59

Тексерілетін субъектінің рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беру мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге оны беруді жүзеге асыруы

Өрескел

60

Жеке немесе заңды тұлғаның не шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметті жүзеге асыру орны бойынша берілетін "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиарлар болып табылған жағдайларда, оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді тіркеу орны бойынша жүзеге асыруы

Елеулі

61

Өтініш берушілерден лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабының 3-тармағында көзделмеген өзге құжаттарды ұсынуды талап етпеу

Елеулі

62

Егер лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабы 3-тармағының 2) - 5) тармақшаларында көзделген құжаттар туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, оларды өтініш берушіден ұсынуды талап етпеу

Елеулі

63

Лицензиясы бар қызмет түрi немесе іс-қимылдар (операция) шеңберiнде жарамды лицензияға қосымша беру кезінде өтініш берушілерден Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабы 6-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоспағанда, өзге құжаттарды талап етпеу

Елеулі

64

Егер рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға 1-қосымшада өзгеше көзделмеген болса, лицензияны беруді оның қолданылу мерзімін шектеусіз жүзеге асыру

Елеулі

65

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден дәлелді бас тартуды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей берілетін атом энергиясын пайдалану, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, он бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруді жүзеге асыру

Өрескел

66

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алымды алмау

Елеулі

67

Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 44-бабында көзделген жағдайларда лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде лицензиялық алым алмау

Елеулі

68

Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 32-бабының 1-тармағында көзделмеген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуды жүзеге асыру

Өрескел

69

Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуды жүзеге асыру

Елеулі

70

Лицензияны және (немесе) қосымшаны қайта ресімдеу кезінде Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабы 3-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоспағанда, өтініш берушіден өзге құжаттарды ұсынуды талап етпеу

Елеулі

71

Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиардың өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырмауы

Елеулі

72

Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабының 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден құжаттарды беруші Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабының 3-тармағында және  6-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген жағдайда, сондай-ақ өтініш беруші біліктілік талаптарына сай болмаған жағдайда, егер осындай тексерудің қажеттігі заңдарда көзделсе, бас тартуды жүзеге асыру

Өрескел

73

Қайта ресімделген лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 48-бабының ережелерін сақтай отырып, электрондық нысанда ресімдеуді жүзеге асыру

Болмашы

74

Лицензиардың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабында өзгеше мерзім белгіленбесе, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асыруы

Өрескел

75

Өтініш берушінің таңдауы бойынша лицензияланатын қызметтің бір түріне (кіші түріне) лицензиялары бар бірнеше заңды тұлға-лицензиаттардың бірігуі нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға тек бір ғана лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді жүзеге асыру

Елеулі

76

Егер қосылатын заңды тұлғада және қосылатын заңды тұлғаны өзіне қосып алған заңды тұлғада лицензияланатын бір қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялар болса, қосылатын заңды тұлғаның лицензиясын заңды тұлғаны қосып алған заңды тұлғаға қайта ресімдеуді жүргізбеу

Елеулі

77

Рұқсат беру органының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және  5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеуден бас тартуды Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде және 5-тармағының 5-бөлігінде көзделген жағдайларда ғана жүзеге асыруы

Елеулі

78

Рұқсат беру органдарының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабы 6-тармағының ережелерін сақтауы

Елеулі

79

Лицензиардың Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге берілген құжаттарын тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген болса, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарын) алу үшін өтініш берушінің өз қызметін жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жіберуі

Өрескел

80

Лицензиарлардың Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабында белгіленген мерзімдер ішінде қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды беруді жүзеге асыруы

Өрескел

81

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 35-бабының 1-тармағында көзделмеген жағдайларда тоқтатуды жүзеге асырмау

Елеулі

82

Рұқсат беру органдарының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 36-бабында көзделген жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттарын сақтауы

Елеулі

83

Рұқсат беру органдарының экспорт және импорт саласындағы лицензиялау туралы жалпы ережелерді сақтауы

Елеулі

84

Рұқсат беру органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған рұқсат беру талаптарын ұсынуды және екінші санаттағы рұқсаттарды беру үшін қажетті құжаттардың тізбесін ұсынуды талап етуді жүзеге асыруы

Елеулі

85

Рұқсат беру органдарының екінші санаттағы рұқсаттардың Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімдерде берілуін сақтауы

Өрескел

86

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тартуды Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асыруы

Өрескел

87

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсатты беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге екінші санаттағы рұқсатты беруден дәлелді бас тартуды жүзеге асыруы

Өрескел

88

Екінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған жағдайларда және тәртіппен ғана тоқтатуды жүзеге асыру

Елеулі

89

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышында "Телнұсқа" деген жазумен және олардың алғаш берілген күні мен қайта ресімделген күнін көрсете отырып, беруді жүзеге асыруы

Елеулі

90

Рұқсат беру органының өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қажетті өзгерістерді енгізуді және тиісті түзетулері бар рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беруді жүзеге асыруы (берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер анықталған жағдайда)

Елеулі

91

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұруды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асыруы

Елеулі

92

Рұқсат беру органының өтініш берушінің бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруы

Елеулі

93

Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда, рұқсат беру органдарының тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) рәсіміне бастамашылық жасауды жүзеге асыруы

Елеулі

94

Айыру (кері қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру органының рұқсаттан айыруды (кері қайтарып алуды) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асыруы

Елеулі

95

Тексерілетін субъектінің Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 46-бабының 5-тармағын сақтауы

Елеулі

96

Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелерді өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруі

Өрескел

97

Автоматтандыруға жатпайтын рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру органдарының қағаз нысанында жүзеге асырылған рұқсат беру рәсімдері туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне рұқсат беру рәсімін жүзеге асырумен бір мезгілде енгізуі

Елеулі

98

Рұқсат беру органдарының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізуі

Болмашы

99

Тексерілетін субъектілердің жеке немесе заңды тұлғаның қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне тиісті мәліметтерді енгізуі

Елеулі

100

Тексерілетін субъектінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып тастауды өтініш берушінің өтініші, соттың жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы шешімі бойынша жүзеге асыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асыруы

Елеулі

Тексерілетін субъектілердің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы саласындағы критерийлер

101

Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне:

1) Қазақстан Республикасының заңдары;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері;

6) жергілікті өкілді органдардың шешімдері деңгейінде белгіленген талаптарды ұсыну

Өрескел

102

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен немесе заңды күші Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы деңгейінен төмен емес өзге нормативтік құқықтық актімен белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібінің (қағидаларының, шарттарының), оның ішінде:

жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау бағдарламасының шарттарына, критерийлеріне сәйкестігінің;

жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау мерзімдерінің;

мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру мерзімдерінің;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартудың жүзеге асырылуының;

мемлекеттік қолдаудың заңды түрде жүзеге асырылуының сақталуы

Өрескел

103

Тәртібі мен нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен немесе заңды күші Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы деңгейінен жоғары өзге нормативтік құқықтық актімен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асыру

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 191 бұйрығына
2-қосымша

      Тексерілетін субъектілердің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі

      салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру

      тәртібін сақтауы саласындағы тексеру парағы

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 138 және

      139-баптарынасәйкес)

      __________________________________________________ қатысты

      (тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

      Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) ЖСН, (БСН) ____________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Сақталады

Сақталмайды

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінің болуы

2

Ішінара тексеру жүргізуге арналған бақылау және қадағалау органының жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелеріне, өзге де ақпаратқа талдау жүргізуі

3

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінде (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеуші мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып бекіткен және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған, ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қатысты актілердің болуы

4

Жеке кәсіпкерлік саласында тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексерулердің, бару арқылы жүргізілетін бақылау және қадағалаудың өзге де нысандарының, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шаралары санының ведомстволық есебінің тұрақты және үзіліссіз негізде жүргізілуі

5

Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректерінің орталық және жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында ай сайын жариялануы

6

Реттеуші мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының болуы

7

Нақты жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруді реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес бекіткен жартыжылдық кесте негізінде жүргізу және алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескеріп жүргізу

8

Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздемелер бойынша нақты жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізу

9

Бұзушылықтар жасалған сәтте олардың жолын кесу қажет болған жағдайда, тікелей жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілетін жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруді, ішінара және жоспардан тыс тексеруді ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектісінің жұмыс уақытында жүргізілуі

10

Мына:

1) жарылғыш заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;

2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;

3) атом энергиясына, радиоактивті заттарға;

4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылауды және қадағалауды қоспағанда, шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара тексерулер жүргізбеу

11

Анонимді өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізбеу

12

Нақты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған және жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу

13

Тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімдерінің сақталуы

14

Тексеруді оны тағайындау туралы актісіз, оның ішінде онда Кодекстің 145-бабының 2-тармағында көзделген ақпаратты көрсете отырып жүргізу

15

Қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексерулерді, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулердi қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы актіні тексерулер басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда, оны жеке кәсіпкерлік субъектісі орналасқан жер бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсыну, оның ішінде электронды форматта ұсыну арқылы тіркеуді жүзеге асыру

16

Тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, осы тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру, ішінара тексеру жүргізудің басталатыны туралы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша түрде хабарлауды жүзеге асыру

17

Кодекстің 144-бабының 3-тармағының 2)7),  9)және 10) тармақшаларында,  6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізудің нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемiнде бiр тәулiк бұрын жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша түрде хабарлауды жүзеге асыру

18

Жеке кәсіпкерлік субъектісі тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды тұлғасының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірген жағдайда тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды тұлғасы және жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті тұлғасы қол қойған хаттаманы жасау

19

Жеке кәсіпкерлік субъектісін және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органды тексеру жүргізуші лауазымды тұлғалардың құрамын ауыстырған жағдайда тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін ауыстыру себебі көрсетілген хабарламаның болуы

20

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді, сондай-ақ салалық ерекшеліктері ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:

1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер – он бес жұмыс күніне дейін болатын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

2) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласындағы тексерулер – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

3) техникалық жағынан күрделілігі ескеріле отырып, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласындағы тексерулер:

техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің 4 сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің 8 сағатына дейін ұзартылатын мерзімдер белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, микрокәсіпкерлік субъектілеріне бес жұмыс күні ішінде, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз жұмыс күні ішінде тексерулер жүргізу

21

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайда, сондай-ақ тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органы басшысының (не оның орнындағы адамның) тексеру мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартуды жүзеге асыруы

22

Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып және тексеру тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күнін және ұзартудың себебін көрсете отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу

23

Тексеру жүргізуді жүргізілетін тексеру шеңберінде шет мемлекеттерден айтарлықтай маңызы бар мәліметтер және құжаттар алу, отыз жұмыс күнінен асатын мерзімде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайларда, оларды алғанға не орындағанға дейін тоқтата тұруды жүзеге асыру

24

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеруді тоқтата тұрғанға не қайта бастағанға дейін бір күн бұрын жеке кәсіпкерлік субъектісін тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету

25

Тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау кезінде тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығару

26

Тексеруі тоқтатылған және Кодекстің 148-бабында белгіленген мерзімдерде қайта басталмаған жеке кәсіпкерлік субъектісін қайта тексеруге жол бермеу

27

Өнімнің үлгілерін іріктеу актісімен расталған өнімдердің үлгілерін іріктеуді бақылау және қадағалау органының лауазымды тұлғасы жеке кәсіпкерлік субъектісі басшысының немесе өкілінің және жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен жүргізу

28

Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінде Кодекстің 150-бабында көзделген ақпаратты көрсету

29

Тексерулер жүргізу кезінде Кодекстің 151-бабында көзделген шектеулерді сақтау

30

Тексерудің нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы актіні Кодекстің 152-бабының 1-тармағында көзделген ақпаратты көрсетіп жасау

31

Тексеру нысанасына жатпайтын талаптарды қоймау және өтініш жасамау

32

Тексерілетін субъектінің өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындамауы

33

Бақылау және қадағалау органының лауазымды тұлғаларының бақылау және қадағалау жүргізу кезiнде Кодекстің 154-бабының 3-тармағында көзделген мiндеттерді сақтауы

      Лауазымды тұлға (-лар) ______________ _________ _____________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің

      аты (болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) лауазымы (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 191 бұйрығына
3-қосымша

      Тексерілетін субъектілердің лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын

      беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыруға

      хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы саласындағы тексеру парағы

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 138 және

      139-баптарынасәйкес)

      __________________________________________________ қатысты

      (тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

      Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) ЖСН, (БСН)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Сақталады

Сақталмайды

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінен "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында(бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) көзделмеген рұқсаттардың немесе хабарламалардың болуын талап етпеуі

2

Тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тікелей көзделмеген құжаттарды беруді талап етпеуі

3

Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар берудің және хабарламалар жіберудің шарттары туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" веб-порталында және тексерілетін субъектінің интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру

4

Тексерілетін субъектілердің Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 21-бабының 2-тармағында көрсетілген міндеттерді сақтауы

5

Рұқсаттың Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана шектеледі

6

Рұқсаттарды беру біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына жауап беретін барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және жағдайларда жүзеге асырылады

7

Тексерілетін субъектінің лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзезе асыруы

8

Лицензиялау және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде өтініш берушінің құжаттарын қараудан бас тартуды Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдерде ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда ғана жүзеге асыру

9

Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде рұқсат беру органының өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардан келісімдер (ілеспе рұқсаттарды) алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларыда немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген жағдайларда ғана жүзеге асырылады

10

Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген жағдайларда өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарды) алу үшін, егер екінші санаттағы рұқсаттар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше мерзім көзделмесе, рұқсат беру органының өтініш берушінің рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің алдағы қызметті жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жіберу

11

Тексерілетін субъектінің рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беру мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге оны беруді жүзеге асыруы

12

Жеке немесе заңды тұлға не шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметті жүзеге асыру орны бойынша берілетін "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиарлар болып табылған жағдайларда, оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді тіркеу орны бойынша жүзеге асыруы

13

Өтініш берушілерден лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабының

3-тармағында көзделмеген өзге құжаттарды ұсынуды талап етпеу

14

Егер лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабы 3-тармағының 2) - 5) тармақшаларында көзделген құжаттар туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, оларды өтініш берушіден ұсынуды талап етпеу

15

Лицензиясы бар қызмет түрi немесе іс-қимылдар (операция) шеңберiнде жарамды лицензияға қосымша беру кезінде өтініш берушілерден Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабы 6-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоспағанда, өзге құжаттарды талап етпеу

16

Егер Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға  1-қосымшада өзгеше көзделмеген болса, лицензияны беруді оның қолданылу мерзімін шектеусіз жүзеге асыру

17

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден дәлелді бас тартуды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей берілетін атом энергиясын пайдалану, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, он бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруді жүзеге асыру

18

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алымды алмау

19

Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 44-бабында көзделген жағдайларда лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде лицензиялық алымды алмау

20

Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 32-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуды жүзеге асыру

21

Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартуды жүзеге асыру

22

Лицензияны және (немесе) қосымшаны қайта ресімдеу кезінде Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабы 3-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоспағанда, өтініш берушіден өзге құжаттарды ұсынуды талап етпеу

23

Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және  5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиардың өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырмауы

24

Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабының 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден құжаттарды беруші Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабының 3-тармағында және 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген жағдайда, сондай-ақ өтініш беруші біліктілік талаптарына сай болмаған жағдайда, егер осындай тексерудің қажеттігі заңдарда көзделсе, бас тартуды жүзеге асыру

25

Қайта ресімделген лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 48-бабының ережелерін сақтай отырып, электрондық нысанда ресімдеуді жүзеге асыру

26

Лицензиардың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның  34-бабында өзгеше мерзім белгіленбесе, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асыруы

27

Өтініш берушінің таңдауы бойынша лицензияланатын қызметтің бір түріне (кіші түріне) лицензиялары бар бірнеше заңды тұлға-лицензиаттардың бірігуі нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға тек бір ғана лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді жүзеге асыру

28

Егер қосылатын заңды тұлғада және қосылатын заңды тұлғаны өзіне қосып алған заңды тұлғада лицензияланатын бір қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялар болса, қосылатын заңды тұлғаның лицензиясын заңды тұлғаны қосып алған заңды тұлғаға қайта ресімдеуді жүргізбеу

29

Рұқсат беру органының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және  5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеуден бас тартуды Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде және 5-тармағының 5-бөлігінде көзделген жағдайларда ғана жүзеге асыруы

30

Рұқсат беру органдарының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және  5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабы 6-тармағының ережелерін сақтауы

31

Лицензиардың Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және  5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге берілген құжаттарын тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген болса, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарын) алу үшін өтініш берушінің өз қызметін жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жіберуі

32

Лицензиялардың Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабында белгіленген мерзімдер ішінде қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды жүзеге асыруы

33

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 35-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатуды жүзеге асыруы

34

Рұқсат беру органдарының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның  36-бабында көзделген жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттарын сақтауы

35

Рұқсат беру органдарының экспорт және импорт саласындағы лицензиялау туралы жалпы ережелерді сақтауы

36

Рұқсат беру органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған рұқсат беру талаптарын ұсынуды және екінші санаттағы рұқсаттарды беру үшін қажетті құжаттардың тізбесін ұсынуды талап етуді жүзеге асыруы

37

Рұқсат беру органдарының екінші санаттағы рұқсаттардың Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімдерде берілуін сақтауы

38

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тартуды Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асыруы

39

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсатты беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге екінші санаттағы рұқсатты беруден дәлелді бас тартуды жүзеге асыруы

40

Екінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған жағдайларда және тәртіппен ғана тоқтатуды жүзеге асыру

41

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышында "Телнұсқа" деген жазумен және олардың алғаш берілген күні мен қайта ресімделген күнін көрсете отырып, беруді жүзеге асыруы

42

Рұқсат беру органының өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қажетті өзгерістерді енгізуді және тиісті түзетулері бар рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беруді жүзеге асыруы (берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер анықталған жағдайда)

43

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұруды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асыруы

44

Рұқсат беру органының өтініш берушінің бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруы

45

Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда, рұқсат беру органдарының тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) рәсіміне бастамашылық жасауды жүзеге асыруы

46

Айыру (кері қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру органының рұқсаттан айыруды (кері қайтарып алуды) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асыруы

47

Тексерілетін субъектінің Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 46-бабының 5-тармағын сақтауы

48

Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелерді өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруі

49

Автоматтандыруға жатпайтын рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру органдарының қағаз нысанында жүзеге асырылған рұқсат беру рәсімдері туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне рұқсат беру рәсімін жүзеге асырумен бір мезгілде енгізуі

50

Рұқсат беру органдарының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізуі

51

Тексерілетін субъектілердің жеке немесе заңды тұлғаның қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне тиісті мәліметтерді енгізуі

52

Тексерілетін субъектінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып тастауды өтініш берушінің өтініші, соттың жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы шешімі бойынша жүзеге асыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асыруы

      Лауазымды тұлға (-лар) ______________ _________ _____________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің

      аты (болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) лауазымы (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 191 бұйрығына
4-қосымша

      Тексерілетін субъектілердің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру