Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 маусымда № 17070 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
__________________ Ө. Шөкеев
2018 жылғы 1 маусым


"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________________Б. Сұлтанов
2018 жылғы 28 мамыр

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
__________________ Е. Сағадиев
2018 жылғы 22 мамыр


"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің
төрағасы
__________________ К. Мәсімов
2018 жылғы 30 мамыр

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестиция және даму министрі
_______________ Ж. Қасымбек
2018 жылғы 18 мамыр


"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Т. Сүлейменов
2018 жылғы 25 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 28 сәуірдегі
№ 152 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жағалау жиегiнiң нақты орналасқан жерiн айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 85 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10077 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 23 сәуірде жарияланған);

      2. "Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 123 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9996 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған);

      3. "Мұнай өндірудің және айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10456 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған);

      4. "Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 129 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10798 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 мамырда жарияланған);

      5. "Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 130 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 мамырда жарияланған);

      6. "Көмірсутек шикізатын өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық балансын, оның ішінде ұлттық отын-энергетикалық балансты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10581 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 сәуірде жарияланған);

      7. "Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 187 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10710 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 сәуірде жарияланған);

      8. "Көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 243 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10904 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған);

      9. "Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге арналған келісімшартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 254 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10902 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған);

      10. "Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға қатысты мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 258 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10770 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 сәуірде жарияланған);

      11. "Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 277 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11213 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған);

      12. "Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 277 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 526 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14712 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 1 ақпанда жарияланған);

      13. "Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 123 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 140 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15247 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 4 шілдеде жарияланған);

      14. "Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 258 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15666 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған);