"Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 123 бұйрығына өзгеріс енгізу

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 22 маусымда № 15247 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 152 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 28.04.2018 № 152 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

      1. "Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9996 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес келесі редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтар басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
К. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      _______________ А. Мырзахметов

      2017 жылғы 19 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _______________ Н. Айдапкелов

      2017 жылғы 18 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 18 сәуірдегі
№ 140 бұйрығына қосымша
  Жер қойнауына зиянды
заттарды, радиоактивті
қалдықтарды көмудің және
сарқынды суларды ағызудың
мемлекеттік кадастрын жүргізу
қағидаларына қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Көмудің мемлекеттік кадастрында көмілген заттардың және ағызылған сулардың
сандық және сапалық көрсеткіштері, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық,
арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары
көрсетілген үлгісі мен түрін сипаттайтын
МӘЛІМЕТТЕР

      "___"____________20___ жылғы есептік кезең

      Нысандар индексі: КЗАС

      Ақпарат жинау кезеңділігі: жыл сайын.

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар шеңбері: Қазақстан Республикасының аумағында жер

      қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму және сарқынды суларды ағызу

      объектілері бар табиғат пайдаланушылар

      Нысан қайда ұсынылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган.

      Нысанды ұсыну мерзімі: Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көметін және

      жер қойнауына сарқынды суларды ағызуды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар есепті

      жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанының ішінде жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша

      уәкілетті органға екі данада мәліметтерді табыс етеді.

      №____________ дана

      №_________________

      Есепке алу объектісі

      ________________________________________________________________________________

      Жасаған ________________________________________________________________________

      аты-жөні, лауазымы қолы күні

      Тексерген _______________________________________________________________________

      аты-жөні, лауазымы қолы күні

      Бекіткен________________________________________________________________________

      аты-жөні, лауазымы      қолы күні

      Табиғат пайдаланушының БСН/ЖСН ________________________________________________

      Табиғат пайдаланушының атауы ____________________________________________________

      1. Объектінің жалпы сипаттамасы (Қазақстан Республикасы

      Экологиялық кодексінің 157-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы)

      1. Есепке алу объектісінің схемалық картасы, масштабы

      2. Географиялық координаттары

      3. Объектінің әкімшілік орналасуы

Облыс

Аудан

Қала, кент

Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес аумақ коды (аумақтық бөлімше мамандары толтырады)

1

2

3

4

      4. Объектіні пайдаланудың жалпы мәліметтері

Орналасқан жері (объектінің мекенжайы)

Түзілу шарттары

Пайдалану кезеңі, жыл

Күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар

басталуы

соңы

жылына

ағымдағы кезеңде

1

2

3

4

5

6

      5. Объект параметрлері

Ұзындығы, км

Ені, км

Тереңдігі, км

Ауданы, км2

Алдағы жылдағы көмудің жылдық көлемі, мың т

Ағымдағы жылғы 01.01 жағдайы бойынша мөлшері, мың т

Көлемі, мың м3

Массасы мың т

1

2

3

4

5

6

7

      6. Жер қойнауы мен қоршаған орта мониторингі туралы мәліметтер:

      сынамаларды іріктеуді орналастыру схемасы;

      мониторинг нәтижелері

Жерасты сулары

Топырақ

Атмосфералық ауа

Өсімдік және жануарлар дүниесі

Радиациялық фон

Басқа түрлері

1

2

3

4

5

6

      мониторинг параметрлері

Қадағаланатын параметрлер тізбесі

Өлшеу жиілігі

Жүргізу әдістері

1

2

3

      2. Объектінің физикалық сипаттамасы (Қазақстан Республикасы

      Экологиялық кодексінің 157-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы)

      7. Орналастырудың техникалық шарттары

Оқшаулану сипаттамасы

Қабатты коллектордың тиімді қуаты

Кеуектілік коэффициенті

Төсеніштік және бөгесіндік су қысымы ның сипаттамасы

Жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығы

Сарқынды суларды сақтау мерзімі

1

2

3

4

5

6

      8. Негіздеменің сипаттамасы

Жыныстар түрі

Параметрлері


Негіздің ені, км

Төбесі бойынша ені, км

Физикалық-механикалық қасиеттері

1

2

3

4

      3. Зиянды заттардың, радиоактивті қалдықтардың және сарқынды

      сулардың сипаттамасы (Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің

      157-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы)

      9. Объектінің түзілу сипаттамасы

Өнім атауы

Технологиялық циклі

1

2

      10. Объекттің физикалық-механикалық қасиеттері

Химиялық құрамы (толық)

Уытты компоненттері

Ерігіштігі

Сақтау кезінде басқа заттармен сыйысымдылығы

Өрт шығу-жарылыс қауіптілігі

1

2

3

4

5

      11. Радиоактивті объектінің сипаттамасы

Радиоактивті заттың түрі

Жылдық эквивалентті мөлшері

Бөлшектер ағысының тығыздығы

Агрегаттық жай-күйі

Бк радионуклидтерінің салыстырмалы белсенділігі

ауада

суда

топырақта

1

2

3

4

5

6

7

      12. Тасымалдау жүйесінің сипаттамасы.

  Көмудің мемлекеттік
кадастрында көмілген заттардың
және ағызылған сулардың
сандық және сапалық
көрсеткіштері, көму мен
ағызудың тау-кен-техникалық,
арнаулы инженерлік-
геологиялық, гидрогеологиялық
және экологиялық жағдайлары
көрсетілген үлгісі мен түрін
сипаттайтын мәліметтерге
қосымша

"Көмудің мемлекеттік кадастрында көмілген заттардың және ағызылған сулардың
сандық және сапалық көрсеткіштері, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық,
арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары
көрсетілген үлгісі мен түрін сипаттайтын мәліметтер" нысанын толтыру бойынша
түсініктеме

1. Жалпы бөлім

      1) Көмудің мемлекеттік кадастрында көмілген заттардың және ағызылған сулардың сандық және сапалық көрсеткіштері, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары көрсетілген үлгісі мен түрін сипаттайтын мәліметтердің нысаны "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2) Көмудің мемлекеттік кадастрында көмілген заттардың және ағызылған сулардың сандық және сапалық көрсеткіштері, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары көрсетілген үлгісі мен түрін сипаттайтын мәліметтер есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанының ішінде жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша уәкілетті органға екі данада тапсырылады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      Нысанның жоғарғы жағында дана нөмірі, бұдан кейін нысанның есебі көрсетіледі.

      Табиғат пайдаланушымен берілетін ақпараттың дұрыстығы мен толықтығы үшін берілген мәліметтерді растау қарастырылған: құрастырушы мен тексерушінің аты, жөні, тегі, лауазымы, сонымен қатар, қолы мен күні көрсетіледі.

      Бұдан әрі табиғатпайдаланушының атауы және БСН/ЖСН көрсетіледі.

      "Объектінің жалпы сипаттамасы" бөлімінде:

      1-ші тармақта есепке алу объектісінің схемалық картасы, масштабы көрсетіледі.

      2-ші тармақта географиялық координаттары көрсетіледі.

      3-ші тармақтың кестесінде объектінің әкімшілік орналасуы көрсетіледі:

      1-ші бағанда облыс көрсетіледі;

      2-ші бағанда аудан көрсетіледі;

      3-ші бағанда қала, кент көрсетіледі;

      4-ші бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес аумақ коды көрсетіледі (аумақтық бөлімше мамандары толтырады).

      4-ші тармақтың кестесінде объектіні пайдаланудың жалпы мәліметтері көрсетіледі:

      1-ші бағанда орналасқан жері көрсетіледі;

      2-ші бағанда түзілу шарттары көрсетіледі;

      3-ші бағанда пайдалану кезеңінің басталу жылы көрсетіледі;

      4-ші бағанда пайдалану кезеңінің соңғы жылы көрсетіледі;

      5-ші бағанда жылына күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар көрсетіледі;

      6-шы бағанда ағымдағы кезеңде күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар көрсетіледі.

      5-ші тармақтың кестесінде объект параметрлері көрсетіледі:

      1-ші бағанда ұзындығы километрмен көрсетіледі;

      2-ші бағанда ені километрмен көрсетіледі;

      3-ші бағанда тереңдігі көрсетіледі;

      4-ші бағанда ауданы шаршы километрмен көрсетіледі;

      5-ші бағанда алдағы жылдағы көмудің жылдық көлемі көрсетіледі;

      6-шы бағанда ағымдағы жылғы бірінші қаңтарға дейінгі жағдай бойынша көлемі көрсетіледі;

      7-ші бағанда ағымдағы жылғы бірінші қаңтарға дейінгі жағдай бойынша мөлшері массасымен.

      6-шы тармақта жер қойнауы мен қоршаған орта мониторингі туралы мәліметтер көрсетіледі:

      Бұдан кейін сынамаларды іріктеуді орналастыру схемасы;

      мониторинг нәтижелері көрсетіледі;

      1-ші бағанда жерасты суларының, 2-ші бағанда топырақтың, 3-ші бағанда атмосфералық ауаның, 4-ші бағанда радиациялық фонның, 5-ші бағанда өсімдік және жануарлар дүниесінің, 6-шы бағанда басқа түрлерінің мониторинг нәтижелері көрсетіледі.

      6-шы тармақтың кестесінде мониторинг параметрлері көрсетіледі:

      1-ші бағанда қадағаланатын параметрлер тізбесі көрсетіледі;

      2-ші бағанда өлшеу жиілігі көрсетіледі;

      3-ші бағанда жүргізу әдістері көрсетіледі;

      "Объектінің физикалық сипаттамасы" бөлімінде:

      7-ші тармақтың кестесінде орналастырудың техникалық шарттары көрсетіледі:

      1-ші бағанда оқшаулану сипаттамасы көрсетіледі;

      2-ші бағанда қабатты коллектордың тиімді қуаты көрсетіледі;

      3-ші бағанда кеуектілік коэффициенті көрсетіледі;

      4-ші бағанда су сипаттамасы көрсетіледі;

      5-ші бағанда жерасты сулардың табиғи ағысының жылдамдығы көрсетіледі;

      6-шы бағанда сарқындыны сақтау мерзімі көрсетіледі.

      8-ші тармақтың кестесінде негіздеменің сипаттамасы көрсетіледі:

      1-ші бағанда жыныстар түрі көрсетіледі;

      2-ші бағанда негіздің ені көрсетіледі;

      3-ші бағанда төбесі бойынша ені көрсетіледі;

      4-ші бағанда физикалық-механикалық қасиеттері көрсетіледі;

      "Зиянды заттардың, радиоактивті қалдықтардың және сарқынды сулардың сипаттамасы" бөлімде:

      9-шы тармақтың кестесінде объектінің түзілу сипаттамасы көрсетіледі:

      1-ші бағанда өнім атауы көрсетіледі;

      2-ші бағанда технологиялық циклі көрсетіледі;

      10-шы тармақтың кестесінде объектінің физикалық-механикалық қасиеттері көрсетіледі:

      1-ші бағанда химиялық құрамы (толық) көрсетіледі;

      2-ші бағанда уытты компоненттері көрсетіледі;

      3-ші бағанда ерігіштігі көрсетіледі;

      4-ші бағанда сақтау кезінде басқа заттармен сыйысымдылығы көрсетіледі;

      5-ші бағанда өрт шығу-жарылыс қауіптілігі көрсетіледі;

      11-ші тармақтың кестесінде радиоактивті объектінің сипаттамасы көрсетіледі:

      1-ші бағанда Радиоактивті заттың түрі көрсетіледі;

      2-ші бағанда Жылдық эквивалентті мөлшері көрсетіледі;

      3-ші бағанда Бөлшектер ағысының тығыздығы көрсетіледі;

      4-ші бағанда Агрегаттық жай-күйі көрсетіледі;

      5-ші бағанда ауадағы Бк радионуклидтерінің салыстырмалы белсенділігі көрсетіледі;

      6-ші бағанда судағы Бк радионуклидтерінің салыстырмалы белсенділігі көрсетіледі;

      7-ші бағанда топырақтағы Бк радионуклидтерінің салыстырмалы белсенділігі көрсетіледі;

      12-ші тармақта тасымалдау жүйесінің сипаттамасы көрсетіледі.