Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 129 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 сәуірде № 10798 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 152 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 28.04.2018 № 152 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесіне, сонымен бірге мерзімді баспа басылымдарына жолдануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың

      интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 18 наурыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрі

      ____________ А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы 5 наурыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму

      министрінің м.а.

      ________________ Ж. Қасымбек

      2015 жылғы 3 наурыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ________________ Н. Әбіқаев

      2015 жылғы 11 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 129 бұйрығымен
бекітілген

Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және Каспий мен Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігінде теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Теңіздегі ғылыми зерттеулер жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың теңізге әсерін және олардың қоршаған ортаға салдары мен биологиялық әртүрлілігін зерттеу мақсатында жүргізіледі.

      3. Теңіздегі ғылыми зерттеулер қазақстандық, сондай-ақ шетелдік жеке және заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдармен жүзеге асырылуы мүмкін.

      4. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі теңіздегі ғылыми зерттеулер саласындағы құзыретті орган (бұдан әрі - құзыретті орган) болып табылады.

      5. Теңізде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мынадай теңіздегі ғылыми зерттеулер жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) экологиялық зерттеулер (мұнайдың төгілуін зерттеу, қоршаған ортаны ластаушылармен күрес жөніндегі әдістер мен технологияларды әзірлеуге байланысты зерттеулер, авариялық жағдайларды зерттеу және басқалар);

      2) сулы ортаның және мұзды жағдайдың гидродинамикасын зерттеу;

      3) Каспий теңізі деңгейінің тербелістерін және оның теңіздегі мұнай-газ кәсіпшілігі гидротехникалық құрылыстарына және жағадағы мұнай-газ инфрақұрылымына тигізетін әсерін зерттеу және болжамдау;

      4) ғылыми-зерттеу мақсатында мұнай операциялары мен бұрғылауды жүргізудің су асты әдістерін әзірлеуге бағытталған зерттеулер;

      5) теңіз аясында түрлі құрылыс материалдарының жай-күйін зерттеуге бағытталған зерттеулер;

      6) су асты кәбілдері мен құбырларын төсеу жобасын (жобаларын) әзірлеудің ғылыми қамтамасыз етілуіне бағытталған зерттеулер;

      7) Каспий теңізінің қазақстандық секторында жасанды аралдар, құрылыстар мен қондырғылар жасау жобасын (жобаларды) әзірлеудің ғылыми қамтамасыз етілуіне бағытталған зерттеулер;

      8) гидрографикалық, геофизикалық, гидробиологиялық, ихтиологиялық және геотехникалық зерттеулер;

      9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға байланысты өзге де ғылыми зерттеулер.

2. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібі

      6. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүдделі тұлғалар жұмыстарды жүргізудің басталуы жөнінде құзыретті органға мыналарды:

      1) теңізде ғылыми зерттеулер жүргізудің сипаты мен мақсаты туралы ақпаратты;

      2) теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу жоспарланатын ауданның географиялық координаттарын, көрсетілген аудандарға баратын және кері қайтатын маршруттарды;

      3) зерттеу жүргізетін кемелердің алғашқы келетін және түпкілікті кететін болжамды күндері, қатыстырылатын кемелер мен жүзіп жүретін құралдардың түрлері, ғылыми жабдықтарды орналастыру және шығару мерзімдерін қамтитын хабарлама жібереді.

      7. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізуге мынадай жағдайларда рұқсат берілмейді:

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірсе немесе төндіруі мүмкін болса;

      2) қоршаған теңіз аясын қорғау, табиғи ресурстарды сақтау, сондай-ақ теңіздердің су ресурстарын кешенді пайдалану талаптарымен үйлеспейтін болса;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған жабдықты, қондырғыларды немесе іс-қимылдарды қамтитын болса;

      4) Қазақстан Республикасының теңіз акваториясының қазақстандық бөлігінде өзінің егеменді және айрықша құқықтарын жүзеге асыруда жүргізетін қызметіне кедергі келтіретін болса;

      5) жасанды аралдарды, қондырғыларды және құрылыстарды салуды, қолдануды немесе пайдалануды қамтитын болса.

      8. Хабарламаны алғаннан кейін құзыретті орган бес жұмыс күні ішінде оны жер қойнауын зерттеу және пайдалану, мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға жібереді.

      9. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу нәтижелері туралы есеп өтініш берушімен құзыретті органға жіберіледі, ол оны бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану, ғылым, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға жолдайды.