"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 259 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 19839 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 174 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6460 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468 (26311) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Еңбек

      және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Мәдениет

      және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі Статистика
комитеті төрағасының
2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 17 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
статистика агенттігі
төрағасының
2010 жылғы 9 шілдедегі
№ 174 бұйрығымен
бекітілген

Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Статистика туралы Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және алғашқы статистикалық деректерді алу немесе тіркеу үшін арналған жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік статистика органдарына таратылады.

      3. Осы Қағидаларда Статистика туралы Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтама пайдаланылады:

      мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын және оған жүктелген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту тәртібі

      4. Мемлекеттік статистика органдарының жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын әзірлеуі (қайта қарауға) немесе бекітуі үшін:

      1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары;

      2) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы өзгерту;

      3) статистикалық әдіснаманы әзірлеуге (қайта қарауға) негіздеме болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгерту негіздеме болып табылады.

      5. Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды (бұдан әрі – ведомстволық нысан) мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – МО және ҰБ) әзірлейді.

      6. МО және ҰБ әзірлеген ведомстволық нысан жобаларын алдын-ала келісу және әрі қарай бекіту үшін жаңа ведомстволық нысанды әзірлеу, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қолданыстағы ведомстволық нысанға өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды енгізу үшін негіздемені қоса ведомствоға жоспарланатын жылдың алдындағы жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде жолдайды.

      7. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды ведомство әзірлейді және бекітеді.

      8. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қолданыстағы статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды (бұдан әрі – жалпымемлекеттік нысан) жаңадан әзірлеу немесе қайта қарау кезінде ведомство мүдделі мемлекеттік органдардың және "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің, сондай-ақ өз еркімен қатысуға ұсыныс білдірген респонденттердің қатысуымен жоспарланатын жылдың алдындағы жылғы 5 мамырға дейінгі мерзімде жұмыс отырысын (бұдан әрі – жұмыс отырысы) өткізеді.

      Ведомство аумақтық органдарының және жұмыс тобы отырысының ұсыныстарын ескере отырып жаңа немесе қайта қаралған жалпымемлекеттік нысандарды жоспарланатын жылдың алдындағы жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде келіседі және бекітеді.

      9. МО және ҰБ әзірлеген (қайта қараған) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды ведомство "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде бекітеді.

3-тарау. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды ресімдеу

      10. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар (бұдан әрі – статистикалық нысан) келесі құрылымды қамтиды:

      1) титулдық бет;

      2) негізгі бөлігі;

      3) қосымша (қажет болған жағдайда).

      4) толтыру жөніндегі нұсқаулық

      11. Статистикалық нысандарының титулдық беті мынадай деректемелерді ескере отырып, осы Қағидаларға 2 және 4-қосымшаларға сәйкес ресімделеді:

      1) статистикалық нысанды бекітетін бұйрықтың күні және нөміріне арналған орын;

      2) статистикалық байқаудың түрі;

      3) статистикалық нысан ұсынылатын мемлекеттік статистика органының атауы;

      4) статистикалық нысанның индексі;

      5) статистикалық нысанның атауы және оның есепті кезеңі;

      6) статистикалық байқауды өткізу кезеңділігі (біржолғы, күн сайынғы, апта сайынғы, онкүндік, айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық, жылына бір рет, екі жылда бір рет, үш жылда бір рет, бес жылда бір рет, жылына екі рет, жылына үш рет, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық органының сұратуы бойынша);

      7) есеп беретін респонденттер тобы;

      8) статистикалық нысан бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімі;

      9) есепке алу бірлігінің сәйкестендіру коды:

      заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге арналған бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      жеке тұлғаларға, соның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге арналған жеке сәйкестендіру нөмірі.

      Титулдық бетте көрсетілген статистикалық нысанның деректемелерін мемлекеттік статистика органдары қолданады және ведомство дербес және (немесе) статистикалық нысандарды қайта қарау жолымен МО және ҰБ ұсынысы бойынша өзгертеді.

      12. Статистикалық нысанның негізгі бөлігі осы Қағидаларға 3 және 5-қосымшаларға сәйкес әзірленеді, алғашқы статистикалық деректерді жинауға арналған көрсеткіштер және (немесе) сұрақтар тізбесін, статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт (жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша – міндетті, ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша – МО және ҰБ қарауына) және типтік мекенжай бөлігін қамтиды.

      13. Статистикалық нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулық осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес әзірленеді.

  Жалпымемлекеттік және
ведомстволық статистикалық
байқауларды жүргізу үшін
статистикалық нысандарды,
оларды толтыру жөніндегі
нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына
1-қосымша

Жаңа ведомстволық статистикалық нысанын әзірлеуге, қолданыстағы ведомстволық статистикалық нысанға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіздеме

р/с №

"Ведомстволық статистикалық нысанның атауы" (индексі, ведомстволық статистикалық нысанның кезеңділігі)

1

Негіздеме


2

Байқаудың мақсаты


3

Респонденттердің саны


4

Ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мерзімі


5

Ведомстволық статистикалық нысанды ұсыну түрі


6

Жарияланымдар (анықтамалық, бюллетень, кесте, есеп және тағы басқа)


  Жалпымемлекеттік және
ведомстволық статистикалық
байқауларды жүргізу үшін
статистикалық нысандарды,
оларды толтыру жөніндегі
нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына
2-қосымша



 

Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді
Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики
Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны
Статистическая форма общегосударственного статистического наблюдения

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
20__ жылғы "__" __________
№ ___ бұйрығына
__-қосымша

Приложение __ к приказу Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от "__" ________ 20__ года № __

 
Статистикалық нысанның атауы Наименование статистической формы

Статистикалық нысанның индексі
Индекс статистической формы

Кезеңділік
Периодичность

Есепті кезең
Отчетный период



жыл
год

 
Респонденттер тобы
Круг респондентов


 
Ұсыну мерзімі
Срок представления

 
БСН коды


код БИН













ЖСН коды


код ИИН













  Жалпымемлекеттік және
ведомстволық статистикалық
байқауларды жүргізу үшін
статистикалық нысандарды,
оларды толтыру жөніндегі
нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына
3-қосымша

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар үшін негізгі бөлігі

      Кестенің атауы

Жолдар коды (шифры)


Бағандар атауы


А

1

2

3

4

5

6


Жолдардың атауы















Сандық, әріптік және графикалық деректер















      Ескертпе:

      Кестенің атауында кестенің негізгі мазмұны қысқаша және нақты көрсетіледі. Бағандардың атауында – кезең, классификация, жолдардың атауында – зерделенетін объектілер, жекелеген бірліктер, оң жақ бөлігінде зерделенетін объектілерді сипаттайтын көрсеткіштер көрсетіледі.

      Өлшем бірліктері егер зерделенетін объектілер кестесінің барлық көрсеткіштеріне қатысты болса, кестенің атауында, басқа жағдайларда бағандардың немесе жолдардың атауларында көрсетіледі.

      Кестенің жолдары кодтармен немесе шифрлармен белгіленеді. Кестенің деректерге арналған оң бөлігінің бағандары, реттік нөмірлермен нөмірленеді. Зерделенетін объектілер жолдардың коды немесе шифры орналасатын кестенің сол бөлігінің бағандары "А", "Б" әріптерімен және тағы сол сияқты белгіленеді.

      Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақытты көрсетіңіз, сағатпен (қажеттісін қоршаңыз)

      Укажите время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)

1 сағатқа дейін 1-2 2-4 4-8 8-40 40 сағаттан артық

до 1 часа

более 40 часов

Типтік мекенжай бөлігі Типовая адресная часть

      Атауы                                           Мекенжайы(респонденттің)

      Наименование _______________________ Адрес (респондента) ___________________

      Телефоны (респонденттің)

      Телефон (респондента) ______________________ _______________________________

                                    стационарлық                   ұялы

                                    стационарный                   мобильный

      Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)

      Адрес электронной почты (респондента) _______________________________________

      Орындаушы

      Исполнитель ___________________________________ ___________________________

                        тегі, аты және әкесінің аты                   қолы,

                        телефоны (бар болған жағдайда)             (орындаушының)

                        фамилия, имя и отчество             подпись, телефон (исполнителя)

                        (при его наличии)

      Бас бухгалтер немесе

      оның міндетін атқарушы

      Главный бухгалтер или лицо,

      исполняющее его обязанности ________________________________ _______________

                                    тегі, аты және әкесінің аты                   қолы

                                    (бар болған жағдайда)                   подпись

                                    фамилия, имя и отчество

                                    (при его наличии)

      Басшы немесе оның

      міндетін атқарушы

      Руководитель или лицо,

      исполняющее его обязанности ________________________________ _______________

                                    тегі, аты және әкесінің аты             қолы

                                    (бар болған жағдайда)             подпись

                                    фамилия, имя и отчество

                                    (при его наличии)

      Ескертпе:

      Примечание:

      Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.

      Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".

  Жалпымемлекеттік және
ведомстволық статистикалық
байқауларды жүргізу үшін
статистикалық нысандарды,
оларды толтыру жөніндегі
нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына
4-қосымша



 

Ақпаратты алушы органдар құпиялылығына кепілдік береді
Конфиденциальность гарантируется органами получателями информации
Ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны
Статистическая форма ведомственного статистического наблюдения
Мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне ұсынылады
Представляется государственным органам и Национальному Банку Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
20__ жылғы "__" __________
№ ___ бұйрығына _
_-қосымша


Приложение __ к приказу Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от "__" ________ 20__ года № __


 
Статистикалық нысанның атауы Наименование статистической формы

Статистикалық нысанның индексі
Индекс статистической формы

Кезеңділік
Периодичность

Есепті кезең
Отчетный период



жыл
год

 
Респонденттер тобы
Круг респондентов

Ұсыну мерзімі
Срок представления

 
БСН коды


код БИН













ЖСН коды


код ИИН













  Жалпымемлекеттік және
ведомстволық статистикалық
байқауларды жүргізу үшін
статистикалық нысандарды,
оларды толтыру жөніндегі
нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына
5-қосымша

Ведомстволық статистикалық байқаулар үшін негізгі бөлігі

      Кестенің атауы

Жолдар коды (шифры)


Бағандар атауы


А

1

2

3

4

5

6


Жолдардың атауы















Сандық, әріптік және графикалық деректер















      Ескертпе:

      Кестенің атауында кестенің негізгі мазмұны қысқаша және нақты көрсетіледі. Бағандардың атауында – кезең, классификация, жолдардың атауында – зерделенетін объектілер, жекелеген бірліктер, оң жақ бөлігінде зерделенетін объектілерді сипаттайтын көрсеткіштер көрсетіледі.

      Өлшем бірліктері егер зерделенетін объектілер кестесінің барлық көрсеткіштеріне қатысты болса, кестенің атауында, басқа жағдайларда бағандардың немесе жолдардың атауларында көрсетіледі.

      Кестенің жолдары кодтармен немесе шифрлармен белгіленеді. Кестенің деректерге арналған оң бөлігінің бағандары, реттік нөмірлермен нөмірленеді. Зерделенетін объектілер жолдардың коды немесе шифры орналасатын кестенің сол бөлігінің бағандары "А", "Б" әріптерімен және тағы сол сияқты белгіленеді.

      Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақытты көрсетіңіз, сағатпен (қажеттісін қоршаңыз)

      Укажите время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)

1 сағатқа дейін

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық

до 1 часа

более 40 часов

Типтік мекенжай бөлігі Типовая адресная часть

      Атауы                               Мекенжайы (респонденттің)

      Наименование ______________________ Адрес (респондента) __________________

      Телефоны (респонденттің)__________________________ ________________________

      Телефон (респондента)            стационарлық             ұялы

                                          стационарный             мобильный

Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келісеміз


Согласны на распространение первичных статистических данных

Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келіспейміз


Не согласны на распространение первичных статистических данных

      Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)

      Адрес электронной почты (респондента) __________________________________

      Орындаушы

      Исполнитель _________________________________ ____________________________

                        тегі, аты және әкесінің аты             қолы, телефоны

                        (бар болған жағдайда)             (орындаушының)

                        фамилия, имя и отчество             подпись, телефон

                        (при его наличии)                   (исполнителя)

      Бас бухгалтер немесе

      оның міндетін атқарушы тұлға

      Главный бухгалтер или лицо,

      исполняющее его обязанности ________________________________ ______________

                                    тегі, аты және әкесінің аты                   қолы

                                    (бар болған жағдайда)                   подпись

                                    фамилия, имя и отчество

                                    (при его наличии)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      Руководитель или лицо,

      исполняющее его обязанности ________________________________ _____________

                              тегі, аты және әкесінің аты                   қолы

                              (бар болған жағдайда)                   подпись

                              фамилия, имя и отчество

                              (при его наличии)

      Ескертпе:

      Примечание:

      Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.

      Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".

  Жалпымемлекеттік және
ведомстволық статистикалық
байқауларды жүргізу үшін
статистикалық нысандарды,
оларды толтыру жөніндегі
нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
20__ жылғы "__" __________
№ ___ бұйрығына
__-қосымша

"Статистикалық нысанның атауы" (статистикалық нысанның индексі, статистикалық байқауды өткізу кезеңділігі) жалпымемлекеттік немесе ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

      Статистикалық нысанда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар

      Әдіснамалық түсіндірмелер

      Арифметикалық-логикалық бақылау