"Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прок

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қазанда № 15889 болып тіркелді

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9614 тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы";

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары бекітілсін.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін аттесттау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің осы қағидалары мен шарттары Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлерін (бұдан әрі – аттестатталатын адамдар) аттесттауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізудің тәртібі мен шарттарын (бұдан әрі – тестілеу) айқындайды.";

      3-5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аттестатталатын адамдарды тестілеу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (бұдан әрі – Бас прокуратура) Бас прокуратураның тестілеу залында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлерін тестілеу жүйесі" ақпараттық жүйесінде "Он-лайн" режимінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

      Тестілеу процесі Прокуратура органдарының біртұтас көлік ортасының қорғалатын арналары бойынша аудио – бейне хаттамамен бейнеконференцбайланысын пайдалану арқылы жүргізіледі.

      4. Компьютерлік тестілеудің әділдігі тестілеудің қорытындыларын автоматтандырылған санау шарттарының, уақытының және мазмұнының стандартты болуымен қамтамасыз етіледі.

      5. Прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының кадр қызметтері (бұдан әрі – кадр қызметтері):

      1) міндетті түрде тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірін, туылған кезін, білімін, мамандығын, аттестаттау кезіндегі қызметін, сыныптық шенін (әскери атағын) көрсете отырып, тестілеуге жататын аттестатталушы қызметкерлердің тізімін әзірлейді. Жеке мәліметтер Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады (құжат тілінде);

      2) аттестатталушы қызметкерлерді тестілеуді өткізудің орны, мерзімі және уақыты туралы хабардар етеді;

      3) аттестатталушы қызметкердің тестілеуге уақтылы келуін және жалпы жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және жүйелік әкімшілеуді жөнге келтіру және орнату аясында арнайы білімі бар техникалық маманның болуын қамтамасыз етеді.

      Кадр қызметтері "Он-лайн" режимінде тестілеуге жататын аттестатталатын қызметкерлердің адамдардың тізбесін тестілеуге дейін кемінде 10 жұмыс күні бұрын Бас прокуратураның кадр қызметіне тапсырады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Тестілеуді өткізу";

      7-тармақ алынып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Аттестатталушы қызметкерлерде жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары болуы шарт. Өздерінде Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары жоқ аттестатталушы қызметкерлер тестілеуге жіберілмейді.";

      16-18-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тесттер, осы Қағидаларға қоса берілген қосымшаға (бұдан әрі - Мамандандыру) сәйкес, № 4 блокты қоспағанда, прокурорлық қадағалаудың бағыттары бойынша, ұйымдық-кадрлық және талдау қызметі бойынша прокурорлық қадағалаудың мамандануына сәйкес әр блокқа міндетті 40 сұрақ және арнайы 60 сұрақты енгізе отырып, 7 блок бойынша орналастырылады.

      17. Мамандандыру № 1-3 блоктарының тестілеу сұрақтары бойынша келесі қызметкерлер Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеуден өтеді:

      Бас прокуратураның басқарма/бөлім прокурорлары, аға прокурорлары;

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) басқармаларының/бөлімдерінің прокурорлары, аға прокурорлары, инспекторлары;

      облыстық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың басқарма/бөлім прокурорлары, аға прокурорлары;

      аудан және оларға теңестірілген прокуратуралардың бөлім бастықтары;

      аудандардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың прокурорлары, аға прокурорлары;

      құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына жеткен, сондай-ақ оған келесі үш жылда жететін (құқық қорғау қызметіндегі өтілі 20 жылдан және одан асқан адамдарды қоспағанда) аттестатталуға жататын қызметкерлер;

      прокуратура органдарындағы (құқық қорғау органдарында немесе мемлекеттік қызметтегі) қызмет өтілі 1 жылдан аспайтын аттестатталушы қызметкерлер.

      Бұл ретте, бұл қызметкерлер өз қалаулары бойынша тестілеуден өту үшін үш блоктың (№ 1 блок, № 2 блок, № 3 блок) біреуін таңдайды.";

      18. Мамандандыру № 5 блоктың тестілеу сұрақтары бойынша мыналар Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеуден өтуге жатады:

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕАК) басқармаларының/бөлімдерінің прокурорлары, аға прокурорлары;

      ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының басқарма/бөлім прокурорлары, аға прокурорлары;

      ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының және ҚСжАЕЖК-нің құқық қорғау қызметін оған жеткен, сондай-ақ соңғы үш жылда қызмет өткерудің шекті жасына жететін (құқық қорғау қызметіндегі өтілі 20 жылдан және одан асқан қызметкерлерді қоспағанда) аттестатталушы қызметкерлері;

      ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының және ҚСжАЕЖК-нің прокуратура органдарындағы (құқық қорғау органдарындағы немесе мемлекеттік қызметтегі) қызмет өтілі аспайтын 1 жылдан аттестатталушы қызметкерлері.";

      19-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мамандандыру № 6 блоктың тестілеу сұрақтары бойынша мыналар Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеуден өтуге жатады:"

      19-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-1. Мамандандыру № 7 блоктың тестілеу сұрақтары бойынша мыналар Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеуден өтуге жатады:";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мамандандыру № 4 блоктың тестілеу сұрақтары бойынша мыналар Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеуден өтуге жатады:

      Бас Прокурордың Аппаратының басшысы;

      Бас прокуратура Департаменттерінің бастықтары, олардың орынбасарлары;

      Бас Прокурордың аса маңызды тапсырмалар бойынша аға көмекшілері;

      облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары;

      ҚСжАЕАЖК төрағасы, оның орынбасарлары;

      Бас прокуратураның дербес басқармаларының бастықтары, олардың орынбасарлары;

      Бас прокуратураның басқармаларының бастықтары, олардың орынбасарлары, Бас Прокурордың аға көмекшілері;

      Бас прокуратураның бөлім бастықтары, Бас Прокурордың көмекшілері;

      ҚСжАЕЖК-нің облыстық органдарының бастықтары, олардың орынбасарлары;

      ҚСжАЕЖК-тің басқарма/бөлім бастықтары, олардың орынбасарлары;

      ҚСжАЕЖК-тің облыстық органдарының бөлім бастықтары;

      Академияның басқармаларының/бөлімдерінің бастықтары, кезекшілік бөлімінің бастығы, ректордың көмекшісі;

      облыстық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың басқарма/бөлім бастықтары, олардың орынбасарлары;

      облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың көмекшілері, аға көмекшілері;

      аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар;

      аудан прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары;

      басқа аттестатталушы тұлғалар (өз қалауы бойынша).";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Тестілеу нәтижелерін санауды жүйе автоматты түрде жүргізеді".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Аппараты:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 110 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
прокуратура органдары,
ведомстволары мен
мекемелерінің қызметкерлерін
Қазақстан Республикасының
заңнамасын білуге және
логикалық ойлау қабілетіне
компьютерлік тестілеуден
өткізу Қағидаларына
қосымша

Прокурорлық қадағалаудың бағыттары, ұйымдастыру-кадр және талдау қызметі бойынша мамандандыру

      1. № 1 БЛОК (азаматтық-құқықтық)

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ),

      "Прокуратура туралы" (12 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы" (5 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасы Заңдарын,

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттің қызметшілерінің этикалық кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі) (бұдан әрі - Әдеп кодексі) (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (10 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (10 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексін (10 сұрақ),

      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін (5 сұрақ), "Атқарушылық өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" (4 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (4 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын,

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген бекітілген Заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Үйлестіру Кеңесі туралы Ережесін (2 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      2. № 2 БЛОК (қылмыстық-құқықтық)

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ),

      "Прокуратура туралы" (12 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы" (5 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасы Заңдарын,

      Әдеп кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнайы бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (15 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (10 сұрақ),

      "Жедел іздестіру қызметі туралы" (10 сұрақ), "Терроризмге қарсы күрес туралы" (6 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын,

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген бекітілген Заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Үйлестіру Кеңесі туралы Ережесін (2 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      3. № 3 БЛОК (ұйымдастырушылық-кадрлық)

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ),

      "Прокуратура туралы" (12 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы" (5 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасы Заңдарын,

      Әдеп кодексін (4 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (4 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ),

      "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік қызмет туралы" (10 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (10 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын,

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген бекітілген Заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Үйлестіру Кеңесі туралы Ережесін (5 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      4. № 4 БЛОК (арнайы)

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ),

      "Прокуратура туралы" (12 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы" (5 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасы Заңдарын,

      Әдеп кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексін (5 сұрақ),

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінен (2 сұрақ),

      "Құқықтық актілер туралы" (3 сұрақ), "Жедел іздестіру қызметі туралы" (3 сұрақ), (3 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (5 сұрақ), "Мемлекеттік қызмет туралы" (4 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (3 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (2 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын,

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген бекітілген Заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Үйлестіру Кеңесі туралы Ережесін (3 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      5. № 5 БЛОК (ҚСжАЕАЖК)

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ),

      "Прокуратура туралы" (12 сұрақ), (5 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын,

      Әдеп кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (10 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексін (10 сұрақ),

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексін (10 сұрақ),

      "Құқық қорғау қызметі туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" (5 сұрақ), "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын,

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (5 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      6. № 6 БЛОК (әскери прокуратура)

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ),

      "Прокуратура туралы" (12 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы" (5 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын,

      Әдеп кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексін (6 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (2 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексін (2 сұрақ),

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексін (3 сұрақ),

      "Жедел іздестіру қызметі туралы" (2 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (2 сұрақ), "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" (4 сұрақ), "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" (7 сұрақ), "Ұлттық қауіпсіздік туралы" (4 сұрақ), "Төтенше жағдайлар туралы" (4 сұрақ), "Әскери жағдай туралы" (4 сұрақ), "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы" (7 сұрақ), "Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын,

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының Тәртіптік жарғысын (3 сұрақ),

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің Жарғысын (3 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      7. № 7 БЛОК (Академия)

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ),

      "Прокуратура туралы" (12 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы" (5 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасы Заңдарын,

      Әдеп кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексін (5 сұрақ),

      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ),

      "Білім туралы" (5 сұрақ), "Ғылым туралы" (5 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (3 сұрақ), "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" (2 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (4 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" (3 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (2 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (2 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын,

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (2 сұрақ), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру қағидаларын (2 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.