"Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Со

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының м.а. 2017 жылғы 15 мамырдағы № 6001-17-7-6/185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 маусымда № 15195 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережесінің 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12457 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларында:

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген тұлғалардың өтінішхаты бойынша сот осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша арыздың негізінде сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін ұсынады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сот қызметкері аудио-, бейнежазбасының көшірмесін жазудан бұрын материалдық (электрондық) жеткізгішті форматтайды";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакциядағы қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық әділет орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде баспа және электронды түрде жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының орынбасары Қ.О. Елібаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының жанындағы Соттардың
қызметін қамтамасыз ету департаменті
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының аппаратының) басшысының м.а.
Қ.Елібаев

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз
ету департаменті (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының)
басшысының м.а.
2017 жылғы 15 мамырдағы
№ 6001-17-7-6/185 бұйырығына
қосымша
Сот отырысының барысын
түсіріп алуды қамтамасыз ететін
аудио-, бейнежазба құралдарын
техникалық қолдану, аудио-,
бейнежазбаны сақтау және жою,
аудио-, бейнежазбаға қол
жеткізу қағидаларына
қосымша
  нысан
  Судья_______________________
(Т.А.Ж. (болған жағдайда)
соттың атауы)
____________________________
____________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ж.
(болған жағдайда)
____________________________
(тұратың мекен-жайы, телефон нөмірі)

Сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін беру туралы арызы

      Маған ____________________________________________________________________

      іс/материал бойынша 20___ж. "___" __________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (материалдық (электрондық) жеткізгіште/ақпараттық сервис арқылы (астын сызыңыз).

      сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін беруіңізді сұраймын.

      Мыналарды:

      1) ұсынылатын сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін іске қатысатын басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, тек өз құқықтарын қорғау үшін ғана қолдануға;

      2) ұсынылатын сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернет желісінде таратпауға;

      3) ұсынылатын сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенемін.

      20____ ж. "____" ________________________________ _______________.

      Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғаны, сонымен қатар, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін заңда белгіленген әкімшілік (ӘҚБтК-тің 79-бабы) және қылмыстық (ҚР ҚК-тің 147-бабы) жауаптылық туралы ескертілдім.

      Материалдық (электрондық) жеткізгіш қандай да бір жазбаларсыз қоса берілді.

      Қоса берілген материалдық (электрондық) жеткізгіштің форматталатыны және ондағы бар ақпараттың жойылатыны туралы хабардармын және онымен келісемін.

      __________ ___________

       (күні) (қолы)