"Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 наурызда № 14885 болып тіркелді.

      "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10404 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларында:

      тақырыбы және барлық мәтін бойынша "мен прекурсорларды", "мен прекурсорлар", "мен прекурсор", "мен прекурсорлармен" деген сөздер тиісінше "мен олардың прекурсорларының", "мен олардың прекурсорлары" "мен олардың прекурсоры"; "мен олардың прекурсорларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Денсаулық сақтау ұйымдарында амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде құрамында есірткіні құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды тағайындау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 943 бұйрығымен бекітілген Есірткі құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10293 болып тіркелген) денсаулық сақтау ұйымының есірткі құралдарымен және (немесе), психотроптық заттар мен прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсаты бар дәрігер жүзеге асырады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тізімнің II, ІІІ, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды тағайындау бір реттік дозасы, қабылдау (енгізу) тәсілі мен жиілігі, емдеу курсының ұзақтығы, сондай-ақ дәрілік заттарды тағайындаудың негіздемесі көрсетілген оның нысандары "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) науқастың медициналық құжаттарында белгіленеді.";

      12-тармақ алынып тасталсын;

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Науқастарға Тізімнің II, ІІІ, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдар, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарға рецептілер тиісті медициналық көрсетілімдер болған жағдайда пациенттің жағдайын стандартты бағалау негізінде денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер немесе дербес қабылдау жүргізетін дәрігерлер жазып береді және қолымен, жеке мөрмен (бар болған жағдайда) денсаулық сақтау ұйымының мөртабанымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Арнайы рецептілік бланкілердегі рецептілер дәрігердің өз қолымен жазылады, денсаулық сақтау ұйымының мөртабанымен, мөрімен (бар болған жағдайда), дәрігердің жеке мөрімен (бар болған жағдайда), дәрігердің қолымен куәландырылады. Рецептіде учаскенің нөмірі, медициналық құжаттаманың нөмірі, рецептіні жазып берген дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ науқастың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), жасы мен тұрғылықты мекенжайы көрсетіледі.

      Арнайы рецептілік бланкілердің түбіртектері рецептпен бірдей толтырылады және денсаулық сақтау ұйымдарында олардың сақталуына жауапты тұлғада сақталады.".

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде Тізімнің II, ІІІ, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды алуға рецептілерді жазып беру кезінде рецептілік бланкіге қосымша тегін босатуға рецепті жазып беріледі. Жазып берілген рецептілер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес дәрілік заттарды тегін алуға жазып берілген рецептілерді тіркеу журналында тіркеледі.";

      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес бір рецептіде құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды жазып беру және босатудың рұқсат етілген шекті нормаларынан (бұдан әрі - Нормалар) аспайтын мөлшерде бір рецептуралық бланкіде Тізімнің II, III, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының бір атауы жазылады.

      28. Инкурабельді онкологиялық (гематологиялық) науқастарды емдеу үшін Тізімнің II, III, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттардың бір рецептіде жазылып берілетін мөлшері 2 есеге ұлғаяды. Дәрілік заттың мөлшері жазумен жазылады және леп белгісі қойылады.

      Медициналық көрсетілімдер бойынша инкурабельді науқасқа арналған дәрілік зат терапияның 10-15 күнтізбелік күніне қажетті мөлшерде, аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде тұратын инкурабельді науқасқа арналған дәрілік зат терапияның 25-30 күнтізбелік күніне қажетті мөлшерде бірнеше рецептілерде, бірақ осы Қағидаларға 8-қосымшада көзделген рұқсат етілген Нормадан аспайтын мөлшерде жазып беріледі.

      Көзге арналған дәрілік нысандарда созылмалы науқастарға бір рецептіде жазып берілген этилморфин гидрохлоридінің мөлшерін босату нормасынан бес есеге дейін ұлғайтуға рұқсат етіледі.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Дәріхана ұйымдарынан Тізімнің II, ІІІ, IV кестeлеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттар:

      1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес есірткі құралдары, психотроптық заттарға және олардың прекурсорларына қойылатын талаптар бойынша денсаулық сақтау жүйесінде есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары айналымы саласында жұмыс істеу құқығына лицензиясы бар заңды тұлғаларға;

      2) өлшеп-оралған 3,0 және 5,0 граммда калий перманганатын қоспағанда, дәрігердің рецептісі бойынша халыққа беріледі.

      Елді мекенде есірткі құралдарның, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар дәріхана пункттері болмаған жағдайда, қамтамасыз ету есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының айналымымен байланысты қызметке лицензиясы бар медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Денсаулық сақтау ұйымы дәріхана ұйымына Тізімнің II кестесіндегі дәрілік заттарға рецепт жазып беретін дәрігерлердің тізімін денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысының қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған олардың қолдары мен жеке мөрлерінің (бар болған жағдайда) үлгілерін ұсынады.

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Денсаулық сақтау ұйымдарына Тізімнің II, ІІІ, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды беру алынатын заттардың атауы, дозалары, концентрациясы, дәрілік нысаны мен саны (жазбаша) көрсетілген сенімхат бойынша жүргізіледі.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Дәріханалардың ассистенттік бөлмесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының бөлімшелерінде (кабинеттерінде) Тізімнің II кестесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттардың қоры қажеттіліктің күнтізбелік бес күнінен дәріханалардың сақтау үй-жайларында - қажеттіліктің күнтізбелік отыз күнінен аспайды.";

      61-тармақ алынып тасталсын;

      66 және 67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Денсаулық сақтау ұйымдарындағы арнайы рецептілік бланкілердің қоры жартыжылдық қажеттіліктен аспайды. Қажеттілікті бекітілген халықты ескере отырып, денсаулық сақтау ұйымы айқындайды.

      67. Емдеуші дәрігерге арнайы рецептілік бланкілер осы Қағидалардың 64-тармағында көрсетілген жауапты адаммен нақты бір науқас үшін беріледі.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Қайтыс болған науқастардың туыстары тапсырған Тізімнің II кестесіндегі құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар дәрілік заттарды жою фактісі осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жою актілерімен ресімделеді.";

      мынадай мазмұндағы 84-1-тармақпен толықтырылсын:

      "84-1. Тізімнің II, ІІІ, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар жарамдылық мерзімі өткен, сондай-ақ сынған және ақауы бар дәрілік заттарды жою фактісі денсаулық сақтау ұйымдарында осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жою актілерімен ресімделеді, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерде Тізімнің II, III, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды жою фактісі осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерде жою актілерімен ресімделеді.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      25-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      26-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      27-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бір данада оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялау үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _____________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 3 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 7 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасында
бақылау жасауға жататын
есірткіні құралдар,
психотроптық заттар мен
олардың прекурсорларының
медициналық мақсатта
пайдалану қағидаларына
2-қосымша

Құрамында есірткі заттары бар дәрілік заттардың бір төсекке шаққандағы бір жылға арналған қажеттілігін есептеу нормативтері

Денсаулық сақтау ұйымының және бөлімшесінің атауы

Есірткі дәрілік затының атауы <**>

Морфин гидрохлориді 1% (амп)

Омнопон 1%-1,0 (амп)

Омнопон-2%-1,0 (амп)

Промедол 1%-1,0 (амп)

Промедол 2%-1,0 (амп)

Морфин тәрізділер жиынтығы (амп)

Фентанил 0,005% <*> амп)

Фентанил (ТТС-пластырь) 12.5мкг/ч

Фентанил (ТТС-пластырь) 25мкг/ч

Фентанил (ТТС-пластырь) 50мкг/ч

Фентанил (ТТС-пластырь) 75мкг/ч

Фентанил (ТТС-пластырь) 100мкг/ч

Промедол (гр)

Бупренорфин (амп)

Бупренорфин (таб)

Промедол табл. (қаптама)

Эстоцин табл. 0,015
(қаптама)

Этилморфин гидрохлориді (гр)

Кодеин және оның тұздары (гр)

Жөтелге қарсы құрамында Кодеин бар таблеткалар (қаптама)

Кокаин гидрохлор (гр)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

1

Терапия

3,0

0,5

2,0

0,5

5,0

11,0

0,4






0,25



1,5

0,6

0,5

0,2

5,0

-

2

Гастроэнтерология

3,0

-

0,5

0,5

5,51

9,5

1,0






-



0,5

-

-

-

2

-

3

Кардиология

1,0

0,5

1,5

0,5

5,5

9,0

1,5






-



1,0

-

2,0

-

1,0

-

4

Интервенциялық кардиология

1,0

0,5

1,5

0,5

5,5

9,0

1,5















5

Кардиохирургия

660,0


88,5


558,0


2200,0















6

Пульмонология

1,0

1,0

2,0

1,0

6,0

11,0

0,5






-



-

-

0,06

0,2

4,0

-

7

Аллергология

-

-


-

1,0

1,0

-

-





-



-

-

-

-

1,0

-

8

Эндокринология

-

-

0,6

-

1,0

1,6

3,0






-



-

-

0,01

-

0,1

-

9

Нефрология

3,0

-

0,5

0,5

5,5

9,5

1,0






-



0,5

-

-

-

1,5

-

10

Гематология

2,5

2,0

12,0

4,0

36,0

56,5

5,0






-



0,5.


0,3

-

1,5

-

11

Кәсіби патология

1,0

1,0

2,0

0,5

6,0

10,0

-

-





-



-

-

0,06

0,2

3,0

-

12

Хирургия

6,0

1,5

8,5

7,0

58,0

81,0

6,0






0,4



1,0

0,2

0,4

0,3

6,00

0,04

13

Ангиохирургия

6,0

1,5

8,5

7,0

58,0

81,0

6,0















14

Іріңді хирургия

6,0

1,5

8,5

7,0

58,0

81,0

6,0















15

Травматология

3,0

1,0

5,0

3,0

21,0

33,0

2,0






-



0,5

-

0,5

-

3,0

0,03

16

Ортопедия

-


0,2

1,0

4,0

5,2

-

-





-



-

-

-

-

-

-

17

Урология

5,0

0,5

5,0

4,0

31,0

45,0

7,0






0,3



-

-

0,07

0,2

3,0

-

18

Торакалды хирургия

2,0

-

5,0

20,0

150,5

177,0

5,0






-



-

0,2

-

-

5,0

-

19

Күйік

9,5

3,0

13,0

15,0

115,0

155,5

11,0






0,6



4,0

0,2

0,3

0,5

5,0

0,5

20

Реанимация

9,0

1,0

10,0

20,0

145,0

185,0

100,0






-



-


-

-

-

-

21

Инфекциялық аурулар

2,0

3,0

2,0

31,0

5,0

43,0

0,2






-



1,0

-

0,3

-

7,5

-

22

Жүкті және босанатын әйелдерге арналған

4,0

0,5

1,0

6,0

4,0

15,5

1,0






-



1,0,

-

0,25

-

1,0

-

23

Жүкті әйелдер патологиясы

-

-

-

-

0,5

0,5

-






-



-

-

-

-

0,1

-

24

Гинекология

3,0

2,5

9,0

2,5

14,0

31,0

4,0






-



7,0

0,9

0,05

-

1,5

-

25

Неврология

0,5

-

0,5

2,0

1,0

4,0

0,6






0,3



-

-

0,45

0,6

1,5

0,03

26

Психиатрия

0,2

-

-

-

0,2

0,4

-






-



-

-

0,15

0,4

0,1

-

27

Офтальмология

0,3

0,5

0,5

0,5

4,0

5,8

1,0






0,3



-

0,2

0,7

-

1,5

0,2

28

Отоларингология

2,0

-

6,0

0,5

3,5

12,0

0,6






0,3









29

Дерматовенерология

-

-

-

-

0,1

0,1

-






-









30

Туберкулез

2,0

-

1,5

1,0

2,0

6,5

-






0,1









31

Наркология

-

-

-

-

-

-

<*>






-









32

Педиатрия

0,2

0,1

-

0,3

-

0,3

-






-









33

Онкология

2,5

-

15,5

2,0

60,0

80,0

10,0

0,165

0,33

0.66

0,99

1,32

-









34

Радиорентгенология

0,5

2,5

12,0

3,0

7,0

26,0

1,0






-









35

Қабылдау бөлмесі

-

-

0,1

-

0,25

0,38

-






-









36

Амбулаториялық қабылдауды қосқанда, ауылдық учаскелік аурухана

10,0

1,0

6,0

2,0

7,0

26,0

20,0






0,2









37

Емхана және амбулатория

2,0

0,7

0,3

1,0

2,0

6,0

-






-









38

Стоматологиялық емхана

-

0,2

0,3

0,3/ 0,3

-/ 0,5

0,35/ 0,85

-/ 1,0















39

Онкологиялық диспансер

140

-

-

55,0

80,0

275,0

-

0,165

0,33

0.66

0,99

1,32

-









40

Туберкулез диспансері

-

-

1,0

0,5

1,0

3,0

-






-









41

1000 жағдайға шаққандағы жедел мед.көмек көрсету

14,0

-

7,0

-

39,0

60,0

2,5






-









      Ескертпе:<**> - Хирургиялық, травматологиялық, онкологиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, емдеу-профилактикалық мекемелерінде медициналық практика үшін просидол нормативтері промедолға арналған есеп нормативтерінің аналогиясы бойынша бекітілген.

       <*> - Жалпы ауырсынуды басу арқылы операция жасалатын бір науқас үшін 0,005% фентанил шығысының нормасы - шамамен 18 ампула, ал наркологиялық бөлімше үшін бір науқас үшін 0,005% фентанил шығысының нормасы – 20 ампула.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 7 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасында
бақылау жасауға жататын
есірткі құралдар, психотроптық
заттар мен олардың
прекурсорларының
медициналық мақсатта
пайдалану қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      А6 форматы

Арнайы рецептілік бланктің нысаны

№ _____ РЕЦЕПТ

№ _____ РЕЦЕПТ

Код ___________

Код ___________

Денсаулық сақтау ұйымының мөртабаны (денсаулық сақтау ұйымның атауы көрсетілген)

Денсаулық сақтау ұйымының мөртабаны (денсаулық сақтау ұйымның атауы көрсетілген)

Рецепті жазып берілген күн
20 __ ж. "____" _______________________
Науқастың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _____________________________________
ТБН _________________________________
Жасы ________________________________
Мекенжайы ___________________________
Учаскенің № __________________________
Науқастың медициналық құжаттамасының
№ ___________________________________
Дәрігердің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _____________________________________
Rp:

Рецепті жазып берілген күн
20 __ ж. "____" ________________________
Науқастың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ______________________________________
ТБН __________________________
Жасы _________________________________
Мекенжайы ___________________________
Учаскенің № __________________________
Науқастың медициналық құжаттамасының
№ ___________________________________
Дәрігердің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _____________________________________
Rp:

Дәрігердің қолы және жеке мөрі (бар болған жағдайда) ______________________

М

Дәрігердің қолы және жеке мөрі (бар болған жағдайда)_____________________________
О

Түзетулерге жол берілмейді
Түбіртек денсаулық сақтау ұйымында қалады
Бланк нөмірі

Түзетулерге жол берілмейді
 
Бланк нөмірі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 7 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасында
бақылау жасалуға жататын
есірткі құралдар, психотроптық
заттар мен олардың
прекурсорларының
медициналық мақсаттарда
пайдалану қағидаларына
25-қосымша
  Нысан

Қайтыс болған науқастардың туыстары тапсырған Тізімнің II кестесіндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды жою актісі

      _____________________ қ.                               _______________________

      Комиссия мынадай құрамда (3 адамнан кем емес)

      1) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің лауазымы;

      2) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ішкі істер органдары өкілінің лауазымы;

      3) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

      саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің өкілінің

      лауазымы

      20__ж. "____" _________ ден 20__ж. "____" _________ дейінгі кезеңге Тізімнің

      ІІ кестесіндегі құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарының, сондай-ақ

      Тізімнің ІІ кестесіндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттары бар дәрілік

      заттарының пайдаланылған ампулаларын үйде қайтыс болған науқастардың туыстары

      тапсырған атаулары бойынша: ____________ампулаларда, ұнтақтарда, таблеткаларда (атауын,

      мөлшерін, саның, кімнен алынғанын Т.А.Ә., науқастың сырқатнамасының № көрсету керек)

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________ жоюды жүргізді.

      Дәрілік заттар жойылды: ампулалар - жаншу арқылы; ұнтақтар,

      таблеткалар мен трансдермальді пластырлар - өртеу арқылы

                               (керектісін сызу).

      Төраға                  __________________________ (қолы)

      Комиссия мүшелері __________________________ (қолдары)

                        __________________________ (қолдары)

                        __________________________ (қолдары)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 7 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасында
бақылау жасалуға жататын
есірткі құралдар, психотроптық
заттар мен олардың
прекурсорларының
медициналық мақсаттарда
пайдалану қағидаларына
26-қосымша
  Нысан

Денсаулық сақтау ұйымдарында Тізімнің II, III, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды жою актісі

      ____________________ қ.                               ___________________________

      Комиссия мынадай құрамда (кемінде 3 адамнан кем емес)

      1) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің лауазымы;

      2) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ішкі істер органдары өкілінің лауазымы;

      3) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

      саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің өкілінің

      лауазымы

      20__ж. "____" _________ ден 20__ж. "____" _________ дейінгі кезеңге Тізімнің

      II, III, IV кестелеріндегі құрамында құралдары, психотроптық заттар мен олардың

      прекурсорлары бар қолдану мерзімі өткен, сынған және ақауы бар дәрілік заттарды,

      сондай-ақ Тізімнің ІІ кестесінің құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттары бар

      дәрілік заттарының пайдаланылған және (немесе) ішінара пайдаланылған ампулаларын мына

      атаудағы:

      ________ ампулаларда, ұнтақтарда, таблеткаларда (атауын, мөлшері, санын көрсету)

      ________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________ жоюды жүргізді.

      Дәрілік заттар жойылды: ампулалар - жаншу арқылы; ұнтақтар, таблеткалар мен

      трансдермальді пластырлар - өртеу арқылы (керектісін сызу).

      Төраға                  __________________________ (қолы)

      Комиссия мүшелері __________________________ (қолы)

                        __________________________ (қолы)

                        __________________________ (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 7 бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасында
бақылау жасалуға жататын
есірткі құралдар, психотроптық
заттар мен олардың
прекурсорларының
медициналық мақсаттарда
пайдалану қағидаларына
27-қосымша
  Нысан

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерде Тізімнің II, III, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды жою актісі

      _____________________ қ.                               ______________________

      Комиссия мынадай құрамда:

      1) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы объектінің басшысы;

      2) Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық

      техниканың айналысы саласындағы жауапты адамның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда);

      3) Ішкі істер органдары өкілінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) лауазымы;

      4) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

      мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің өкілінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      лауазымы

      20__ж. "____" _________ ден 20__ж. "____" _________ дейінгі кезеңге Тізімнің

      II, III, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың

      прекурсорлары бар қолдану мерзімі өткен, жалған, сондай-ақ сынған және ақауы бар мына

      атаудағы дәрілік заттарды:

      ___________________ ампулаларда, ұнтақтарда, таблеткаларда (атауы, мөлшері)

      ________________________________________________________________________________

      ______________________________________________________ жоюды жүргізді.

      Дәрілік заттар жойылды: ампулалар - жаншу арқылы; ұнтақтар, таблеткалар мен

      трансдермальді пластырлар - өртеу арқылы (керектісін сызу).

      Төраға                  __________________________ (қолы)

      Комиссия мүшелері __________________________ (қолы)

                        __________________________ (қолы)

                        __________________________ (қолы)

                        __________________________ (қолы)