Жер салығының мөлшерлемелері туралы
Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 383 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 сәуірде № 5430 болып тіркелді
Қолданыстағы1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
3. "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 қарашадағы кезектен тыс ХLVІ сессиясының № 343 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 5259 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 желтоқсанда "Тіршілік тынысы" газетінің № 98 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.