"Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешiмiне өзгерiстер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 16 қазандағы № 420/58-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 20 қарашада № 968 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешімімен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 64 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8408 тіркелген, 2013 жылы 24 тамызда № 197 (28136) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы                                        А. Рау