"Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешiмiне өзгерiс енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 385/54-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 29 шілдеде № 931 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы маслихатының 09.11.2016 № 69/11-VI (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірде № 671 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірдегі «Астана ақшамы» газетінің 45-нөмірінде және «Вечерняя Астана» газетінің 47-нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидасында:
      42-тармақтағы «64-бабында» деген сан мен сөз «9-1-тарау» деген сандармен және сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       А. Ким

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Астана қаласы Сәулет және
      қала құрылысы басқармасы»
      (СҚҚБ) ММ басшысы                          В. Силецкий

      «Астана қаласының Құрылыс
      басқармасы» (ҚБ) ММ
      басшысының м.а.                            Е. Айтуғанов