Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 220 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 қазанда № 14295 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 220 қаулысымен
бекітілген

Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімінде (бұдан әрі – тізілім) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілер туралы мәліметтер қамтылған.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) тізілімді көрсетілетін төлем қызметтері нарығын бақылау мақсатында жүргізеді.

      3. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген ұғымдар пайдаланылады. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерді айқындаудың өлшемшарттары мен тәсілдері Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 11-бабында айқындалады.

2-тарау. Тізілімді жүргізу

      4. Тізілімді Ұлттық Банк қазақ және орыс тілдерінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште және электрондық түрде жүргізеді және Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      5. Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге:

      1) көрсетілетін төлем қызметтері нарығына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша дербес түрде;

      2) көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініші (бұдан әрі – жазбаша өтініш) негізінде жатқызады.

      6. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызу үшін көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің Ұлттық Банкке жазбаша өтініш беруіне рұқсат етіледі.

      Жазбаша өтінішке көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін растайтын, көрсетілетін төлем қызметтерін беруші соңғы он екі айда жүзеге асырған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының көлемі туралы мәліметтер қоса беріледі.

      7. Ұлттық Банк жазбаша өтінішті қарайды және ол Ұлттық Банкке түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде ол бойынша шешім қабылдайды.

      8. Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызу туралы шешімді ол Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде қабылдайды.

      9. Ұлттық Банк жазбаша өтінішті қарау қорытындысы бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде Ұлттық Банк шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге себептерін көрсете отырып хабарлайды.

      10. Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні тізілімге енгізеді;

      2) көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге тізілімге енгізілгені туралы жазбаша нысанда хабарлайды;

      3) осы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      11. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушісі көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілеріне Ұлттық Банк тізілімге көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші туралы деректерді енгізілген күннен бастап жатқызылады.

      12. Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні тізілімінен:

      1) заңды тұлға көрсетілетін төлем қызметтерін беруші қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілген кезде;

      2) дара кәсіпкер көрсетілетін төлем қызметтерін беруші мемлекеттік кірістер органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде;

      3) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету жөніндегі қызметін тоқтатқан кезде;

      4) көрсетілетін төлем қызметтері нарығына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмеуі анықталған кезде шығарады.

      13. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету жөніндегі қызметін тоқтатуы туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке жазбаша еркін нысанда хабарлама жібереді.

      14. Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қағидалардың 12-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша тізілімнен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге тізілімнен шығару себептерін көрсете отырып жазбаша нысанда хабарлайды.

  Көрсетілетін төлем қызметтерін
маңызды берушілердің тізілімін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімі

Р/с №

Күні

Заңды тұлғаның атауы, дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)

Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушінің заңды және нақты мекенжайы, факсы, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы (болған кезде), бірінші басшысының деректері (заңды тұлғалар үшін)

Көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызу негіздемесі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7











































  Көрсетілетін төлем қызметтерін
маңызды берушілердің тізілімін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің жазбаша өтініші

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ______________________________________________________________

      (заңды тұлғалар үшін - көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің атауы, бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі, дара кәсіпкерлер үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізіліміне енгізуді сұрайды.

      1. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің орналасқан жері:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (индексі, қаласы (облысы), ауданы, көшесі, үйдің (офистің) нөмірі)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (телефоны, факсы, электрондық поштасының мекенжайы,

      интернет-ресурсы (бар болса)

      2. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (құжаттың атауы, берілген нөмірі және күні, кім берген)

      3. Көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесі:

      ("Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін төлем қызметтері көрсетіледі):

      1) _____________________________________________________________;

      2) _____________________________________________________________.

      4. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің бірінші басшысы (дара кәсіпкер) туралы

      мәліметтер: _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Туған күні _______________________________________________________________

      Азаматтығы _______________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (құжат, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берген)

      Тұрғылықты жері

      ______________________________________________________________

      (индексі, қаласы (облысы), ауданы, көшесі, үйдің (офистің) нөмірі)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (телефоны, факсы, электрондық поштасының мекенжайы (бар болса)

      5. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізіліміне енгізу қажеттілігінің негіздемесі

      _______________________________________________________________ 

      Қоса берілген мәліметтердің тексерілгенін, дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпарат жүйелерінде қамтылған мәліметтері пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің

      бірінші басшысы не дара кәсіпкер немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

      _______________________________________ __________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            қолы