Көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 223 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 қазанда № 14293 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, сәйкес көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын мына көрсеткіштер бекітілсін:

      1) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының резиденттері операторлары болып табылатын жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде осы төлем жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы жүзеге асыруды қамтамасыз еткен кезде;

      2) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және "Қазпочта" акционерлік қоғамы шығарған төлем карточкаларының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде төлем карточкаларын шығару бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде жыл бойы төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының (операцияларының) жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде жыл бойы төлем карточкаларын пайдалана отырып операцияларды өңдеу бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз еткен кезде;

      3) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші электрондық ақша эмитенттері жүзеге асыратын осы операциялардың жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде электрондық ақшаны шығару, өтеу бойынша және электрондық ақшаны пайдалана отырып жыл бойы жасалған операциялардың жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы электрондық ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырылған операцияларды өңдеу бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз еткен кезде;

      4) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші төлем карточкаларын пайдаланбай электрондық терминалдар және қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы жүзеге асырылған төлемдердің жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы төлем карточкаларын пайдаланбай электрондық терминалдар және қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы төлемдерді жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз еткен кезде;

      5) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші ақша аударымдары жүйелері арқылы төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде ақша аударымдары жүйесі арқылы ақша аудару бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз еткен кезде;

      6) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы, Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуді аталған корреспонденттік шоттар арқылы жасалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы қамтамасыз еткен кезде.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ. О. Пірматовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев