Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 шілдеде № 13979 болып тіркелді.

      Ескерту. Бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.05.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.01.2023 № 4 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 13.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы археологиялық жұмыстар бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына, тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері және (немесе) пайдаланушыларына, жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты тексеру парағы;

      5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына, жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты тексеру парағы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 26.08.2026 № 412-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 27.08.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. "Тексерілетін субъектілердің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 225 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 503 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 11851 болып тiркелген, 2015 жылғы 26 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
____________ А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________ Қ. Бишімбаев

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      ______________ С. Айтпаева

      2016 жылғы 24 маусым

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 бірлескен бұйрыққа
1-қосымша

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.01.2023 № 4 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 13.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес, сонымен қатар "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген), "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) бақылау субъектілерін (объектілерді) іріктеу үшін және оларды бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдер дәрежесіне жатқызуға арналған.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты олардың қызметіне бақылау жүргізілетін жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен;

      1-1) бақылау объектілері – бақылау субъектісінде меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі, бақылауға жататын мүлік;

      2) болмашы бұзушылықтар – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режиміне қатысты талаптарды бұзу;

      2-1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      3) елеулі бұзушылықтар – монументтік өнер құрылыстарын орнату, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін, қорғау міндеттемелерінде жазылған тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын сақтауға қатысты, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына зиянды әсер ететін шараларға жол беруге қатысты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      4) өрескел бұзушылықтар – тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттары мен осы қызметті лицензиялауды, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңды орнын ауыстыру және оны өзгерту, сондай-ақ олардың жай-күйінің толық жойылуға дейін нашарлауына соқтыратын шараларға жол беруге қатысты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      4-1) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шкалаларда өлшенген мәндерді шартты жалпы шкалаға келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      5) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      6) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) біліктілік талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;

      10) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

      11) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      3. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына ең көбі бір рет айқындалады.

      Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ ең көбі екі жылда бір рет айқындалады.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ ең көбі үш жылда бір рет айқындалады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау үшін негіз болып табылады.

      5. Бақылау субъектісіне (объектінің) бару арқылы профилактикалық бақылау субъектілерінің тізімі субъективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекелдік дәрежесі бар бақылау субъектісінің басымдықтарын ескере отырып жасалады.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.

      Бірінші кезеңде бақылау субъектілер (объектілер) объективті өлшемшарттар бойынша мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Екінші кезеңде субъективті критерийлер бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      8. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      9. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.

      Бұл ретте өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтарды айқындау тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласының ерекшелігін ескере отырып, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.

      Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру кезінде бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.

      10. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

      Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

      11. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.\

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 26.08.2026 № 412-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 27.08.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      12. Уәкілетті органмен жүзеге асырылатын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы бақылау үшін тәуекелдің жоғары дәрежесіне:

      1) жергілікті атқарушы органдар;

      2) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке, археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар лицензиаттар

      3) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар жатады.

      Жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылатын бақылау үшін тәуекелдің жоғары дәрежесіне:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері;

      2) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар жатады.

      Тәуекелдің орта және төмен дәрежесіне тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар жатады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 26.08.2026 № 412-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 27.08.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      13. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы туралы деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      14. Бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау қажет.

      Бақылау субъектілерінің субъективті критерийлерінің тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барумен алдыңғы жоспардан тыс тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері.

      Біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу кезінде кәсіпкерлік субъектілеріді іріктеу үшін ақпарат көздері мыналар болып табылады:

      1) алдыңғы тексерулердің нәтижелері;

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      15. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды тәуекел дәрежесінің болмашы, елеулі немесе өрескел тобына жатқызу осы Өлшемшарттардың 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      17. Осы Өлшемшарттардың 8-тармағына сәйкес бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Мемлекеттік орган осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және деректер базасын қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Өлшемшарттардың (SC) 8-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC, мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы Өлшемшарттардың 8- тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылау әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекет бақылауының бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      18. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттардың 14-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда:

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда:

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн, мұнда:

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      Ескерту. 3-тарау 18-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      19. Осы Өлшемшарттардың 8-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi – субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы Өлшемшарттардың 8-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      Ескерту. 3-тарау 19-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      20. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – осы Өлшемшарттардың 16-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

      Ескерту. 3-тарау 20-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      21. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеруден босату мақсатында реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар жеңілдететін индикаторларды ескереді.

      Ескерту. 3-тарау 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Уәкілетті орган үшін "бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 26.08.2026 № 412-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 27.08.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

№

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияның болмауы

өрескел

2

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту фактілерінің болуы

өрескел

3

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу фактілерінің болуы

елеулі

4

Монументті өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бұзу фактілерінің болуы

елеулі

5

Қорғау міндеттемелерінде жазылған халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзу фактілерінің болуы

елеулі

6

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бұзу фактілерінің болуы

өрескел

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Жергілікті атқарушы орган үшін "бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

№

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту фактілерінің болуы

өрескел

2

Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізу фактілерінің болмауы

елеулі

3

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу фактілерінің болуы

болмашы

4

Қорғау міндеттемелерінде жазылған жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзу фактілерінің болуы

елеулі

5

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың жүргізілу фактілерінің болуы

өрескел

6

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бұзу фактілерінің болуы

өрескел

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау
және пайдалану
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша

"Біліктілік талаптарына сәйкестіктің алдыңғы тексерулер нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 26.08.2026 № 412-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 27.08.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

№

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызмет

1

Құрамында орта техникалық және кәсіптік білімі (реставрация), кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір реставратор маман немесе кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада магистр ғылыми дәрежесі бар немесе бейіні бойынша доктор немесе философия докторы (PhD) дәрежелері бар, тиісті мамандық (архитектура) бойынша ғылыми қызметкер болуы.

өрескел

2

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді немесе реставратор маманды басқа ұйым мәлімдей алмайды

өрескел

3

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияның болуы

өрескел

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызмет

1

Құрамында тиісті мамандық (археология және этнология, тарих) бойынша жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор немесе философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкер болуы.

өрескел

2

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді маманды басқа ұйым мәлімдей алмайды

өрескел

3

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияның болуы

өрескел

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
4-қосымша

"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу туралы расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
5-қосымша

"Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар)" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
6-қосымша

"Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

      Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
7-қосымша

"Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

      Ескерту. 7-қосымша алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 31.05.2023 № 132 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша

Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты Тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 26.08.2026 № 412-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 27.08.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
___________________________________________________________________
Бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
___________________________________________________________________
Бақылауды тағайындау туралы акт _____________________________________
___________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ______________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________
___________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _______________________________________
___________________________________________________________________

№

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Құрамында орта техникалық және кәсіптік білімі (реставрация), кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір реставратор маман немесе кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі магистр немесе бейіні бойынша доктор немесе философия докторы (PhD) дәрежелері бар, тиісті мамандық (архитектура) бойынша ғылыми қызметкер болуы.



2

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді немесе реставратор маманды басқа ұйым мәлімдей алмайды



3

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияның болуы



      Лауазымды адам (-дар) _____________________________ ____________
лауазымы қолы

      ______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ________________________ __________
лауазымы қолы
_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 Бірлескен бұйрыққа
3-қосымша

Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы археологиялық жұмыстар бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты Тексеру парағы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 26.08.2026 № 412-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 27.08.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
___________________________________________________________________
Бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Бақылауды тағайындау туралы акт _____________________________________
___________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________
___________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _______________________________________
___________________________________________________________________

№

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Құрамында тиісті мамандық (археология және этнология, тарих) бойынша жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор немесе философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкер болуы



2

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді басқа ұйым мәлімдей алмайды



3

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияның болуы



      Лауазымды адам (-дар) _____________________________ ____________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ________________________ __________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 Бірлескен бұйрыққа
4-қосымша

Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына, тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері және (немесе) пайдаланушыларына, жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты Тексеру парағы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 26.08.2026 № 412-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 27.08.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
___________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ______________________________
___________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ______________________________________
___________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________
__________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________
___________________________________________________________________

№

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4


Қорғау міндеттемелерінде жазылған тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын сақтау:
1) тарих және мәдениет ескерткішінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
2) ғылыми, білім беру, туристік, ақпараттық және тәрбиелік мақсаттарда қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы оларды сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
3) тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарының жобаларын келіседі;
4) тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру мен өзгертуді келіседі;
5) тарих және мәдениет ескерткішін өз бетінше жоюға тыйым салынады.



2

Тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға және оны өзгертуге тыйым салынады.



3

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.



4

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін сақтау:
1) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағы үшін оның сақталуы мен тарихи тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында тарих және мәдениет ескерткішін сақтауға бағытталған арнайы шараларды қолдануды қоспағанда, шаруашылық қызметті шектейтін және құрылысқа тыйым салатын жерді пайдаланудың ерекше режимі белгіленеді. Қорғау аймағында жаңа құрылыс жұмыстары жүргізілмейді.
Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағы қорғау белгілерімен немесе жыртылған жолақпен немесе қоршаулармен немесе олардың шекараларының сызығы бойынша бұта екпелерімен белгіленеді;
2) тарих және мәдениет ескерткішінің құрылысын реттеу аймағында құрылысты немесе шаруашылық қызметті шектейтін режим белгіленеді.
Тарих және мәдениет ескерткішінің құрылысын реттеу аймағында жол-көлік құрылысы шектеледі, өнеркәсіптік және қойма кәсіпорындарын орналастыруға тыйым салынады;
3) тарих және мәдениет ескерткішінің табиғи ландшафты қорғау аумағында ландшафт сипатының, сумен жабдықтау жүйесінің, өсімдіктердің өзгеруін тудырмайтын қызметке жол беріледі;
4) тарих және мәдениет аумақтарындағы шаруашылық және өзге де қызметтің және оларды қорғау аймақтарының жобаларын келіседі.



5

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын сақтау:
1) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді;
2) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жобаларын келіседі;
3) негізделген тарихи деректер болған жағдайда тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи қалыптасқан бейнесін қамтамасыз ету, тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, сәулеттік-көркемдік бейнесін сақтау және ашу, тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи элементтерін қалпына келтіру;
4) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі сыртқы ғылыми-реставрациялық жұмыстар Цельсий бойынша + 5 градустан төмен температурада жүргізілмейді;
5) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жабық үй-жайларда қысқы уақытта Цельсий бойынша + 5 градустан жоғары температуралық режимді қамтамасыз ету үшін жылыту құралын орната отырып, жүргізіледі;
6) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жүргізілетін, бұл жөнінде уәкілетті органға хабар берілетін жұмыстарды қоспағанда, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарына археологиялық жұмыстардың басталатыны туралы оларды бастағанға дейін он жұмыс күннен кешіктірмей хабар береді;
7) археологиялық жұмыстар жылдың далалық жұмыстар үшін қолайлы кезеңінде жүргізіледі.
Археологиялық жұмыстар қысқы мерзімде жүргізілген кезде, археологиялық ескерткіш немесе тарихи-мәдени мұра объектісінде оңтайлы температуралық режимді (Цельсий бойынша +10 градустан төмен емес) қамтамасыз ету үшін шатырлық жабдық, сонымен қатар жарық орнатылады;
8) археология ескерткішінде немесе тарихи-мәдени мұра объектісінде салынатын қазба 2х2 шаршы метрден кем емес көлемге ие болуы тиіс;
9) археологиялық жұмыстар қолмен жасау тәсілімен жүргізіледі және транспорттық техника қолдану қарастырылмайды;
10) металл детекторын пайдалануға археологиялық жұмыстарды жүргізу кезінде зерттелген аумақтарда жол беріледі;
11) сәулеттік-құрылыстық тарихи элементтерімен объектілер табылған жағдайда олардың сақталуы қамтамасыз етіледі;
12) археологиялық жұмыстар аяқталған соң археология ескерткішінің немесе тарихи-мәдени мұра объектісінің аумағынан үйінділер шығарылады, олардың жер қабатын қалпына келтіру, консервациялық жұмыстар қамтамасыз етіледі және осы процесстер суретке түсіріледі. Суреттер ғылыми есепке қоса беріледі.



      Лауазымды адам (-дар) _____________________________ ____________
лауазымы қолы
______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ________________________ __________
лауазымы қолы
_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277
Бірлескен бұйрыққа
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына, жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты Тексеру парағы

      Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 26.08.2026 № 412-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 27.08.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
___________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________
___________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ______________________________________
___________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________
___________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _______________________________________
___________________________________________________________________

№

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Монументтік өнер құрылыстарын орнату кезінде талаптарды сақтау:
1) көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне, маңызды тарихи оқиғаларға орайластыру;
2) аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) маңызды тарихи оқиғалар орын алған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң орнату;
3) мемлекеттік меншіктегі жалпы ортақ пайдаланылатын орындарда орнату;
4) уәкілетті орган қалыптастыратын жоспарда көзделуі;
5) республикалық шығармашылық конкурс өткізу;
6) Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияның оң шешімі.



2

Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізу талабын сақтау



      Лауазымды адам (-дар) _____________________________ ____________
лауазымы қолы
_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ________________________ __________
лауазымы қолы
_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)