БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 13979 болып тiркелген, 2016 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәденимұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кәсіпкерлік кодексі) 141-бабының 3-тармағына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парақтарының нысанына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) бақылау субъектілерін (объектілерді) іріктеу үшін және оларды бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдер дәрежесіне жатқызуға арналған.";
2-тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшылары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бақылау субъектілері (объектілері) - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты олардың қызметіне бақылау жүргізілетін жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен;
2) болмашы бұзушылықтар - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режиміне қатысты талаптарды бұзу;
3) маңызды бұзушылықтар - монументтік өнер құрылыстарын орнату, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін, қорғау міндеттемелерінде жазылған тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын сақтауға қатысты, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына зиянды әсер ететін шараларға қатысты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;
4) өрескел бұзушылықтар - тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттары мен осы қызметті лицензиялауды, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңды орнын ауыстыру және оны өзгерту, сондай-ақ олардың жай-күйінің толық жойылуға дейін нашарлауына соқтыратын шараларға қатысты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бақылау субъектілері (объектілері) объективті тәуекел өлшемдері негізінде екі дәрежелі тәуекелге бөлінеді - жоғары және жоғары дәрежеде жатқызылмаған.
Уәкілетті органмен жүзеге асырылатын бақылау үшін тәуекелдің жоғары дәрежесіне:
1) жергілікті атқарушы органдар;
2) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар лицензиаттар жатады.
Жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылатын бақылау үшін тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері жатады.
Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар жатады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды тәуекел дәрежесінің болмашы, маңызды немесе өрескел тобына жатқызу тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарына сәйкес осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.";
қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
№ | Өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежесі |
Бұрынғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері (бұзушылықтың ауырлық деңгейі төмендегі талаптардың орындалмауы жағдайында қолданылады) | ||
Уәкілетті орган үшін: | ||
1 | Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға лицензияның болуы | өрескел |
2 | Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту фактілерінің болмауы | өрескел |
3 | Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу фактілерінің болмауы | маңызды |
4 | Монументті өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бұзу фактілерінің болмауы | маңызды |
5 | Қорғау міндеттемелерінде жазылған халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзу фактілерінің болмауы | маңызды |
6 | Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын бұзу фактілерінің болмауы | өрескел |
Жергілікті атқарушы орган үшін: | ||
1 | Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту фактілерінің болмауы | өрескел |
2 | Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізу фактілерінің болуы | маңызды |
3 | Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу фактілерінің болмауы | болмашы |
4 | Қорғау міндеттемелерінде жазылған жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзу фактілерінің болмауы | маңызды |
5 | Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың жүргізілу фактілерінің болмауы | өрескел |
6 | Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын бұзу фактілерінің болмауы | өрескел |
Жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы | ||
1 | Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты бір расталған шағымның немесе өтініштің болуы | маңызды |
2 | Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы | өрескел |
Уәкілетті органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
саласында/аясында 138-бабына сәйкес
________________________________________________________________________ қатысты
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды
тағайындау туралы акт ____________________________________________________________
________________________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________________________
________________________________________________________________________________
Бақылау және (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Орналасқан жерінің мекенжайы_____________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
р/с | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға лицензияның болуы | ||||
2 | Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту фактілерінің болмауы | ||||
3 | Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу фактілерінің болмауы | ||||
4 | Монументті өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бұзу фактілерінің болмауы | ||||
5 | Қорғау міндеттемелерінде жазылған халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзу фактілерінің болмауы | ||||
6 | Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын бұзу фактілерінің болмауы |
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________
лауазымы қолы
_____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы ____________________________
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________________________ ________________
лауазымы қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 37 мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 6 мамырдағы № 113 бірлескен бұйрығына 3-қосымша |
Жергілікті атқарушы органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
саласында/аясында 138-бабына сәйкес
________________________________________________________________________ қатысты
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды
тағайындау туралы акт ____________________________________________________________
________________________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________________________
________________________________________________________________________________
Бақылау және (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
р/с | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту фактілерінің болмауы | ||||
2 | Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізу фактілерінің болуы | ||||
3 | Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу фактілерінің болмауы | ||||
4 | Қорғау міндеттемелерінде жазылған жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзу фактілерінің болмауы | ||||
5 | Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың жүргізілу фактілерінің болмауы | ||||
6 | Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын бұзу фактілерінің болмауы |