Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 253 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 ақпанда № 10237 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 126 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мына:
      1) Петропавл қаласының № 20 қазақ орта мектебіне көрнекі мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтың;
      2) Петропавл қаласының қалалық классикалық гимназиясына белгілі жазушы, драматург Сафуан Шәймерденовтің есімдері берілсін.
      2. Есіл ауданы Николаевка ауылындағы Николаевка орта мектебі «1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақ КСР оқу ісінің үздігі Асқар Игібаев атындағы орта мектеп деп қайта аталсын.
      3. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов