"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналасты

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 сәуірде № 38370 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қаржыландыруға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру бағдарламаларына, түріне, мәртебесіне және Заңның 5-3-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес жүргізілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралау нәтижелеріне байланысты сараланған білім беру гранты түрінде орналастырылады.

      Жоғары білімі бар кадрларды (бакалавриат) және магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ-да ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижелері бойынша білім беру гранттары түрінде орналастырылады.

      Философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды/индустрия докторларын даярлауға, оның ішінде өңірлік ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйымдар, мемлекеттік органдар үшін нысаналы даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ-да конкурстық негізде орналастырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар цифрлық жүйеде толтырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ЖЖОКБҰ басшысы ЭЦҚ-ға қол қояды.

      Бұл ретте ЖЖОКБҰ ұсынған мәліметтер "Жоғары білімнің бірыңғай платформасы" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖББП) деректерінің сәйкестігі тұрғысынан салыстырылады.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (ғылыми-педагогикалық/бейіндік магистратура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған, оның ішінде жекелеген ЖЖОКБҰ үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ тізбесін қалыптастыру кезінде Комиссия:

      1) Заңның 5-3-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес жүргізілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралау нәтижелерін;

      2) ЖЖОКБҰ-ның оқу-зертханалық үй-жайларының жобалық қуатын (сыйымдылығын) ескере отырып, ЖЖОКБҰ-ға сандық сұрау салуын;

      3) кадрларға өңірлік және (немесе) салалық қажеттілікті ескереді.

      20. Философия докторы PhD/бейіні бойынша доктор/индустрия докторы, оның ішінде нысаналы орындар жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ тізбесін қалыптастыру кезінде Комиссия:

      1) Заңның 5-3-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес жүргізілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралау нәтижелерін;

      2) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінің деректерін пайдалана отырып, тиісті білім беру бағдарламалары тобы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін 4 (төрт) жыл ішінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алған докторантура түлектерінің үлесін ескереді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Комиссия бағалауды ескере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ тізбелерін қалыптастыру туралы, оның ішінде:

      1) жоғары білімі бар кадрларды даярлау, оның ішінде жекелеген ЖЖОКБҰ, өңірлер үшін гранттар санын, ішінара төленетін ЖЖОКБҰ-дағы гранттар санын көрсете отырып, Заңның 5-3-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес жүргізілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралау нәтижелерін ескере отырып сараланған түрде даярлау;

      2) ғылыми-педагогикалық магистратурада/бейіндік, оның ішінде жекелеген ЖЖОКБҰ үшін гранттар санын көрсете отырып кадрлар даярлау;

      3) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша, оның ішінде философия докторларын (PhD)/ бейіні бойынша докторларды/ индустрия докторларын нысаналы даярлау үшін орындар көлемін көрсете отырып, докторантурада кадрлар даярлау;

      4) ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды оқыту;

      5) Заңның 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған топ-250 халықаралық академиялық рейтингтеріне (QS, ARWU, THE) және/немесе ЭЫДҰ және/немесе БРИКС елдерінің топ-100 ұлттық рейтингтеріне кіретін Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының және (немесе) олардың филиалдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша шешім қабылдайды.

      Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша Министр немесе оның міндетін атқарушы тұлға қызметтердің әлеуетті жеткізушілері болып табылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ тізбесін бекітеді. ЖЖОКБҰ-ның бекітілген тізбесі операторға беріледі.";

      көрсетілген қағидаларға қосымшада:

      "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) конкурсқа қатысуға өтінімі" бөлімінің реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15

"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 428 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларымен қарастырылған талаптарға сәйкес студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының (бұдан әрі – ПОҚ) контингенті туралы өзекті деректер базасымен ЖЖОКБҰ-лардың цифрлық жүйесінің болуы және нақты деректердің ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінің деректерімен сәйкестігінің қажеттілігі

бар/жоқ

  ";

      "Ақпараттық карталар бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізімі (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ)" бөлімінің реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 428 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларымен қарастырылған талаптарға сәйкес студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының (бұдан әрі – ПОҚ) контингенті туралы өзекті деректер базасымен ЖЖОКБҰ-лардың цифрлық жүйесінің болуы және нақты деректердің ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінің деректерімен сәйкестігінің қажеттілігі

бар/жоқ

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, сондай-ақ, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы және отызыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек