"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министр

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 8 маусымдағы № 470 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 маусымда № 32753 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13133 болып тіркелген):

      Азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери, арнаулы оқу орындарының педагогтері, ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу қағидаларында:

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ережелеріне сәйкес шешімге шағымданады.".

      2. Кадр саясаты департаменті (О.Ж. Жолдасов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментінің бастығына (О.Ж. Жолдасов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
М. Кожаев