"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Е. Тургумбаев |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 536 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламалары (бұдан әрі – Бағдарламалар) "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 2) – 11) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қолданылады.
2. Бағдарламалар қарудың иелері мен пайдаланушыларының, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алуға үміткер адамдардың азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын, қаруды қауіпсіз ұстау және қаруды қауіпсіз ұстау дағдыларын игеруді зерделуге, сондай-ақ азаматтарды қаруды қолдану мәдениетін танысуға бағытталған.
3. Бағдарламалар бойынша оқу сағатының ұзақтығы: теориялық сабақтар (дәрістер, семинарлар, топтық сабақтар) – 45 минут, практикалық сабақтар өткізу кезінде қорытындылауға, құжаттамаларды ресімдеуге жұмсалатын уақытты қосқанда – 45 минут.
Әрбір пәнді зерделеуге бөлінетін сағаттардың жалпы саны, сондай-ақ сынақ қабылдауға шығарылатын тақырыптар қысқартылмайды.
4. Бағдарламаларды тыңдаған адамдар құқықтық және атыс даярлығын білуге сынақтар тапсырады.
Сынақты өткізу үшін басшының бұйрығымен Орталықтың нұсқаушылар қатарынан: құрамында төраға және екі мүше бар емтихан қабылдау комиссиясы тағайындалады, сондай-ақ комиссия құрамына аумақтық полиция органдарының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын бақылау бөліністерінің өкілі кіреді.
Сынақтарды қабылдауға жұмсалған уақыт бағдарламалардың жалпы оқыту уақытына кіреді.
Сынақтың практикалық бөлігі осы бағдарламалармен бекітілген жаттығуларды орындауды қамтиды.
"Атыс даярлығы" бойынша практикалық сабақтар аумақтық полиция органдарының бөліністері атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стендтерін ашуға берілген рұқсаты бар үй-жайларда ғана өткізіледі.
Сынақтың практикалық бөлігін орындауға сынақтың теориялық бөлігі бойынша сынақ тапсырмаған тыңдаушылар жіберілмейді.
5. Сынақты табысты тапсырған адамдарға осы Бағдарламаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне даярлау (қайта даярлау) бағдарламалардан өткені туралы анықтама" беріледі, ол комиссия төрағасының және аумақтық полиция органының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлінісі өкілінің қолтаңбасымен, сондай-ақ Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын арнайы даярлау және қайта даярлау орталықтарының, сондай-ақ жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 10095 болып тіркелген) спорттың атыс түрлері бойынша (оқ ату, стендтік, практикалық), аккредиттелген Республикалық федерация құрамындағы спорттық ұйымдарының (бұдан әрі – Орталықтың) және сәйкесінше полиция органының "Лицензиялық-рұқсат беру жүйесі" деген бедері бар мөрімен куәландырылады.
Сынақты тапсыра алмаған адамдардан қайта сынақ қабылдау бастапқы сынақ тапсырғаннан кейін күнтізбелік 7 күннен ерте емес жүзеге асырылады.
2-тарау. Азаматтық атыс қару иелері мен пайдаланушыларды даярлау және қайта даярлау бағдарламасы
р/с № | Тақырыбы | Дәріс, сағат | Практика, сағат | Барлық сағат |
1. | Ойық қарудың тактикалық-техникалық сипаттамалары* | 1 | 1 | 2 |
2. | Тегіс ұңғылы қарудың тактикалық-техникалық сипаттамалары* | 1 | 1 | 2 |
3. | Баллистика* | 2 | 2 | |
4. | Атыс қаруын сақтау, алып жүру, тасымалдау тәртібі | 1 | 1 | 2 |
5. | Қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік | 1 | 1 | |
6. | Атыс қаруын қолдану қағидалары мен тәртібі* | 1 | 1 | |
7. | Қажетті қорғаныс, аса қажеттілік немесе қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде атыс қаруын қолдану негіздері* | 2 | 2 | |
8. | Атыс қаруынан жараланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету | 1 | 1 | |
9. | "Атыс даярлығы" бойынша практикалық сабақ (атыс)* | 1 | 1 | |
10. | Сынақтар қабылдау | Уақыт бағдарламаның жалпы оқыту уақытына кіреді | ||
Барлығы | 10 | 4 | 14 |
Ескертпе: *- азаматтық қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатының жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты рұқсатты ресімдейтін қару иелері үшін оқыту бағдарламасына 1, 2, 3, 6, 7, 9-тармақтар кірмейді.
3-тарау. Өзін-өзі қорғау (газды, электрлі) қаруының иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы
р/с № | Тақырыбы | Дәріс, сағат | Практика, сағат | Барлық сағат |
1. | Қаруды қолдану қағидалары мен тәртібі* | 1 | 1 | 2 |
2. | Қажетті қорғаныс, аса қажеттілік немесе қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде атыс қаруын қолдану негіздері* | 1 | 1 | |
3. | Адамға қарудың тигізетін әсері | 1 | 1 | |
4. | Қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау тәртібі | 1 | 1 | |
5. | Қарудың тактикалық-техникалық сипаттамалары* | 1 | 1 | 2 |
6. | Алғашқы медициналық көмек көрсету | 1 | 1 | |
7. | Қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік | 1 | 1 | |
8. | "Атыс даярлығы" бойынша практикалық сабақ (атыс)* | 1 | 1 | |
9. | Сынақтар қабылдау | Уақыт бағдарламаның жалпы оқыту уақытына кіреді | ||
Барлығы | 7 | 3 | 10 |
Ескертпе:*- өзін-өзі қорғау қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсатының жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты рұқсатты ресімдейтін қару иелері үшін оқыту бағдарламасына 1, 2, 5, 8-тармақтар кірмейді.
4-тарау. Лақтырылатын қару (садақ және арбалет) иелері мен пайдаланушыларды даярлау және қайта даярлау бағдарламасы
р/с № | Тақырыбы | Дәріс, сағат | Практика, сағат | Барлық сағат |
1. | Лақтырылатын қарудың тактикалық-техникалық сипаттамалары* | 1 | 1 | 2 |
2. | Баллистика * | 2 | 2 | |
3. | Лақтырылатын қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау тәртібі, оны пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік қағидалары | 1 | 1 | 2 |
4. | Қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік | 1 | 1 | |
5. | Жараланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету | 1 | 1 | |
6. | Сынақтар қабылдау | Уақыт бағдарламаның жалпы оқыту уақытына кіреді | ||
Барлығы | 6 | 2 | 8 |
Ескертпе:*- лақтырылатын қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатының жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты рұқсатты ресімдейтін қару иелері үшін оқыту бағдарламасына 1, 2-тармақтар кірмейді.
5-тарау. Қызметтік қару иелері мен пайдаланушыларын даярлау бағдарламасы
р/с № | Тақырыбы | Дәріс, сағат | Практика, сағат | Барлық сағат |
1. | Ату негіздері. Баллистика. | 2 | 2 | |
2. | Қарудың және арнайы құралдардың құқықтық негіздері және қолдану тәртібі | 4 | 4 | |
3. | Ойық, тегіс ұңғылы, газды, травматикалық және электрлі қарудың мақсаты, жауынгерлік сипаттамасы, құрылысы | 2 | 2 | |
4. | Атыс қаруының (ойық, тегіс ұңғылы және газды) материалдық бөлігі | 1 | 1 | 2 |
5. | Атыс жүргізу кезінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидалары | 1 | 1 | 2 |
6. | Қарудан ату тәсілдері мен қағидалары | 1 | 1 | 2 |
7. | Ойық, тегіс ұңғылы, газды және травматикалық қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары | 1 | 1 | 2 |
8. | Тапаншадан, револьверден, карабиннен, винтовкадан, қарудан және ЭТҚ-дан ату үшін жаттығуларды орындау тәртібі | 1 | 1 | 2 |
9. | Атыстан жараланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету | 1 | 1 | 2 |
10. | "Атыс даярлығы" бойынша практикалық сабақ (атыс). | 1 | 1 | |
11. | Сынықтар қабылдау. | Уақыт бағдарламаның жалпы оқыту уақытына кіреді | ||
Барлығы | 14 | 7 | 21 |
Ескертпе: - "Атыс даярлығы" бойынша практикалық сабақтар аумақтық полиция органдарының бөліністері атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стендтерін ашуға берілген рұқсаты бар үй-жайларда ғана өткізіледі.
Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларына қосымша |
Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушылардың азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне даярлау бағдарламалардан өткені туралы № _______ анықтама
Азамат (ша)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_________________________________________________________ тұратын
(мекенжайы)
20__жылғы "___" ______ бастап 20__жылғы "___" ______ аралығында Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын зерделеу бойынша даярлық (қайта даярлау) курсынан өтті
____________________________________________________________________
(керегінің астын сызу)
1. Құқықтық даярлық ____________;
(нәтижесі)
2. Атыс даярлығы:
2.1. өзін-өзі қорғаудың азаматтық қаруы ___________;
(нәтижесі)
2.2. аңшылық азаматтық қару:
2.2.1 ойық ұңғылы ___________;
нәтижесі)
2.2.2 тегіс ұңғылы ___________;
(нәтижесі)
3. Қызметтік қару: ___________;
(нәтижесі)
20___ жылғы "__" _______
Аумақтық полиция органдарының азаматтық
және қызметтік қару айналымын бақылау
бөліністерінің өкілі __________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
МО
Орталық басшысы:
______________ _________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
МО