Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы бойынша талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 253 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 ақпанда № 12996 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 318 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 14-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы бойынша талаптар бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6100 тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 168 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9796 тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 12-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 253 қаулысымен бекітілген

Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы
бойынша талаптар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы бойынша талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы бойынша талаптарды белгілейді.

      2. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің осы Талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді және орталық депозитарийдің органдарына, бөлімшелеріне және қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару саласында жүктелген міндеттерді орындауы үшін жағдай жасайды.

      3. Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе - орталық депозитарийдің директорлар кеңесіне, атқарушы органына және қызметкерлеріне өз міндеттерін орындау кезінде, сондай-ақ тіркеушілерге, эмитенттерге, орталық депозитарийдің депоненттеріне және олардың клиенттеріне қызметінің барысында қажетті қаржылық және операциялық ақпаратты генерациялау, сақтау, есепке алу, уақтылы ұсыну және ашу қамтамасыз етілетін орталық депозитарийдің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуі;

      2) баға тәуекелі - қаржы нарықтарындағы орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын, қаржы құралдарының құны өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

      3) бедел тәуекелі - жағымсыз қоғамдық пікір немесе орталық депозитарийге деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      4) бэк-тестинг - орталық депозитарий бойынша тарихи деректерді пайдалану арқылы және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;

      5) валюталық тәуекел - орталық депозитарий қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі валюталар бойынша позицияларды құнының мәнінде асыра бағалаудан туындайды;

      6) клирингтік операциялар - есептерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ өзара есеп айырысуды жүргізу мен клирингке қатысушылардың таза позицияларын анықтау бойынша операциялар;

      7) коммуникациялық жүйе - орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелері арасында тіркеушінің, эмитенттердің, депоненттердің және орталық депозитарийдің, сондай-ақ орталық депозитарийдің өзге жүйелерінің ақпарат беру процестерін басқаруға арналған орталық депозитарийдің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуі;

      8) корпоративтік басқару - акционерлердің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, басқарма арасындағы өзара қарым-қатынастар кешенін білдіретін, орталық депозитарийдің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге орталық депозитарийдің қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасау мүмкіндігін беретін орталық депозитарийді стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;

      9) кредиттік тәуекел - своптар, опциондар, форвардтар және кредиттік тәуекелге ұшыраған өзге қаржы құралдары бойынша әріптестің міндеттемелерін орындамауына байланысты және осы бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары есеп айырысуды реттеу кезеңінде туындайтын шығындар тәуекелі кіретін, бағалы қағазды шығару талаптарымен белгіленген мерзімде бағалы қағаздың ұстаушысына тиесілі негізгі борыш пен сыйақыны эмитенттің төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      10) құқықтық тәуекел - орталық депозитарийдің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы, оның ішінде орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеуі, орталық депозитарийдің қызмет практикасының оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі, ал Қазақстан Республикасының резиденттері еместеріне қатысты - басқа мемлекеттердің заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан шығыстар (шығындау) туындау тәуекелі;

      11) меншікті активтерді инвестициялау саясаты - инвестициялау объектілерінің тізбесін, орталық депозитарийдің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;

      12) операциялық тәуекел - орталық депозитарий қызметінің сипаты мен ауқымдарына және (немесе) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына, операцияларды және басқа мәмілелерді жүргізудің ішкі тәртіптеріне және рәсімдеріне сәйкес келмеуі, оларды орталық депозитарий қызметкерлерінің және (немесе) өзге тұлғалардың бұзуы (алдын ала ойластырылмаған немесе қасақана іс-әрекеттердің немесе іс-әрекетсіздіктің салдары), орталық депозитарийдің ақпараттың, коммуникациялық және басқа жүйелерімен және (немесе) олардың бас тартуларымен (қызмет істеудің бұзуларымен) қолданылатын функционалдық мүмкіндіктерінің сай келмеуі (жетіспеуі), сондай-ақ сыртқы оқиғалардың ықпалы нәтижесіндегі шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      13) өтімділікті жоғалту тәуекелі - орталық депозитарийдің өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтімділігін жоғалту тәуекелі олардың төмен шығындарымен және қолайлы бағалар бойынша тез сатылу мүмкіндігімен анықталады;

      14) "stop-loss" лимиттері - меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;

      15) стресс-тестинг - орталық депозитарийдің қаржылық жай-күніне орталық депозитарийдің қызметіне әсер етуі мүмкін болатын ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың нақты әсер етуін өлшеу әдістері;

      16) стресстік жағдайлар - орталық депозитарий жүйесінің жұмысындағы шамадан артық жұмыс істеу, іркілістер, қателердің және (немесе) өзге ақаулардың пайда болуынан күтпеген жағдайлар;

      17) "take-profit" лимиттері - меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің шекті рұқсат етілген деңгейі бойынша лимиттерді белгілеу саясаты;

      18) тәуекелдерді басқару жүйесі - мынадай терт негізгі элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі қамтылатын процесс;

      19) уәкілетті орган - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      20) ішкі аудит қызметі - орталық депозитарийдің Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған бөлімшесі;

      21) ішкі бақылау жүйесі - орталық депозитарийдің рентабельдіктің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруын және Қазақстан Республикасының заңнамасын, орталық депозитарийдің ережелер жинағын, орталық депозитарийдің саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, шығындар тәуекелін немесе орталық депозитарийдің бедел тәуекелін төмендетуге ықпал ететін қаржылық және басқару есептілігінің сенімді жүйесін қолдауды қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару жүйесінің бөлігі;

      22) ішкі құжаттар - орталық депозитарий, оның органдары, бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін құжаттар.

      4. Орталық депозитарий жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау жөнінде есеп береді, онда мыналар:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесін;

      2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуін (сәйкес келмеуін) дербес бағалауды;

      3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда, түзету қажет етілетін кемшіліктерді, оларды жою жөніндегі іс-шараларды, жауапты тұлғаларды және іс-шараларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетіле отырып, кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қамтылады.

      5. Баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, орталық депозитарий қаржы құралдарына инвестициялаған активтер бойынша валюталық тәуекел жөніндегі стресс-тестинг Талаптарға 2-қосымшаның 1, 2 және 3 нысандарына сәйкес тоқсанына кемінде бір рет есептеледі.

      6. Талаптарға 2-қосымшаның 1, 2 және 3 нысандарына сәйкес ресімделген баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, орталық депозитарийдің қаржы құралдарына инвестициялаған активтер бойынша валюталық тәуекел жөніндегі стресс-тестингті есепті орталық депозитарий тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға береді.

      7. Қаржылық құралдар бойынша есептеулерді жүргізу, қаржылық құралдарды есепке алу және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі мәліметтерді көрсету бөлігіндегі операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг желілік қосылуды, операциялық жүйені, деректер базасын, жүйелерге авторландыру (қолжетімділік) деңгейін, пайдаланушылар санын, ақпарат ағыны мен көлемдерін, негізгі және (немесе) қосымша серверге (критикалық жүктеме деңгейін көрсетіп) түсетін жүктемені қоса алғанда орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін, жеке шоттардың бірыңғай жүйесі мен орталық депозитарийдің өзге ақпараттың және коммуникациялық жүйелерін стресстік жағдайларды іріктеуге, біріктіруге және моделдеуге және осы жүйелер элементтерінің жұмыс істеу параметрлерін тестілеу арқылы тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі.

      8. Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша операциялық тәуекел бойынша стресс-тестингті орталық депозитарий уәкілетті органға есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

2. Тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы бойынша негізгі
талаптар

      9. Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы орталық депозитарий қызметінің корпоративтік басқару жөніндегі талаптарға сәйкес келуін, лицензияланатын қызмет түрлері аясында операцияларды жүзеге асыру тәжірибесінің, активтер мен міндеттемелерді басқару тәжірибесі, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі, бірыңғай жеке шот жүйесі мен орталық депозитарийдің басқа да ақпараттық және коммуникациялық жүйелерінің болуын көздейді.

      10. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтиды:

      1) қаржылық құралдармен және ақшамен есеп айырысу процесін жүргізу мен басқару;

      2) орталық депозитарийдің тіркеушілері, эмитенттері, депоненттері ұсынатын ақпаратты жинау, енгізу, сақтау және тарату;

      3) басқа номиналды ұстаушылар үшін номиналды ұстауды жүзеге асыру процесі қызметінің үзіліссіздігін, кідіріссіздігін, эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алуды, қаржы құралдарын есептеулерді, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдері жүйелеріндегі мәліметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне, жеке шоттардың бірыңғай жүйесіне және өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелер мен технологияларға тұрақты мониторинг жүргізу;

      4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін, жеке шоттардың бірыңғай жүйесін және өзге ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда орталық депозитарийдің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуінің аудиті;

      5) орталық депозитарийді есепке алу жүйесінің, жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің және өзге ақпараттық, коммуникациялық жүйелердің жұмыс істеуі, басқа номиналды ұстаушылар үшін номиналды ұстауды жүзеге асыру процесі, эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алу, қаржы құралдарындағы есептеулер, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі мәліметтерді көрсету, орталық депозитарийде жасалатын жекелеген операцияларды автоматтандыру, сондай-ақ ақпаратты жинау, енгізу, есепке алу, сақтау және орталық депозитарий қызметінің өзге бағыттары бөлігіндегі орталық депозитарийдің қызметін одан әрі қарай дамытуға және жетілдіруге бағытталған жобаларды әзірлеу және іске асыру;

      6) орталық депозитарийдің меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялау;

      7) орталық депозитарийді басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымын құру және жетілдіру;

      8) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеу және бекіту;

      9) орталық депозитарийдің мүдделі органдарына шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты беру және орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелері арасында ақпарат алмасу;

      10) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы, Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамасында және тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі саясатта белгіленген талаптардың сақталу мониторинг!;

      11) тіркеушілермен, депоненттермен және олардың клиенттерімен жұмысты ұйымдастыру тәртібін анықтау, оның ішінде дауларды қарау және шешу бойынша рәсімдерді анықтау.

      11. Тәуекелдерді басқару жүйесі мынадай ішкі құжаттардың бар болуын көздейді, бірақ онымен шектелмейді:

      1) тәуекелдерді басқару жөніндегі орталық депозитарийдің саясаты;

      2) орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау тәртібі;

      3) ішкі бақылау мен ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері;

      4) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-әрекетке бағытталған рәсімдерді;

      5) орталық депозитарийде орын алған және әлеуетті мүдде қақтығысын басқару рәсімі;

      6) орталық депозитарийдің қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының инсайдерлік ақпаратты қолдануының алдын алуға бағытталған рәсімдер;

      7) қаржылық құралдар және (немесе) ақшадағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асыру тәртібі;

      8) орталық депозитарийдің ақпараттық саясаты;

      9) қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық;

      10) ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;

      11) Клиенттердің және тіркеушінің бұйрықтарының уақтылы орындалмауының және (немесе) орындалмауының, сондай-ақ орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне және бірыңғай жеке шоттар жүйесіне қате деректердің енгізілуінің алдын алуына бағытталған рәсімдері;

      12) орталық депозитарийдің депозитарийлік және банктік қызметінің операциялық процестерін қолданыстағы бақылаудың тиімділігін оңтайландыру бойынша рәсімдер.

      12. Тәуекелдерді басқару жөніндегі орталық депозитарий саясаты мыналарды айқындайды:

      1) тәуекелдерді басқару жөніндегі орталық депозитарийдің директорлар кеңесінің, басқармасының, жауапты бөлімшесінің және басқа бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару саласындағы өкілеттілігі мен функционалдық міндеттемелерді, сондай-ақ осы органдар мен бөлімшелер арасында ақпаратпен алмасу тәртібін;

      2) орталық депозитарийдің қызметіне және оның есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін анықтау тәртібі қоса алғанда, тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау бойынша рәсімдерді, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәнін анықтау бойынша рәсімдерді;

      3) орталық депозитарий қызметінің және оның есепке алу жүйесінің, жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің қызмет ету процесінде туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды;

      4) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдердің тиімділігі мониторингінің, орталық депозитарийдің тәуекелдер көрсеткіштерінің мәні мен тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды бағалаудың бірдейлігінің тетігін;

      5) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерге және осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген шаралар сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын іс-шаралар тиімділігі мониторингінің тетігін;

      6) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдердің мониторингі, бағалау және бақылау бойынша рәсімдерді, оның ішінде:

      орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі орталық депозитарийдің тәуекелдерді сәйкестендіру бойынша басқа бөлімшелерімен бірігіп қабылдайтын іс-шаралар;

      тәуекелдер туындауының жиілігін бағалауды, осы тәуекелдер әкелген ықпалды бұдан кейін бөлуді және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәнін белгілеуді қоса алғанда, орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалау;

      тәуекелдер көрсеткіштерінің мәні мен тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәнінің өзгеру мониторингі қоса алынған, орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі жүргізетін тәуекелдердің, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәні мен тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәні сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді барынша төмендету мақсатында қолданылатын іс-шаралардың мониторингі;

      зиян әкеп соғуға және (немесе) орталық депозитарийдің бедел және құқықтық тәуекеліне әсер етуге қабілетті кез келген маңызды жағдайлар жөнінде директорлар кеңесіне орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесінің жедел есептілік беру тетігі.

      13. Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялаудың тәртібі меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін, меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру процесінде қолданылатын құжаттардың типтік нысандарын белгілейді және мыналар бойынша рәсімдерді сипаттауды қамтиды:

      1) орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу;

      2) орталық депозитарийдің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін мыналарды көздейтін ұсынымдар дайындау:

      ұсынымдар беруге уәкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесін;

      инвестициялық портфельдің жай-күйін талдауды жүзеге асыру тәртібін;

      инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдары айналымының және кірістілігінің болуын, шарттарын талдауды жүзеге асыру тәртібін;

      инвестициялау жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдауды жүзеге асыру тәртібін;

      ұсынымдарды беруге елеулі факторларды талдауды жүзеге асыру тәртібін;

      3) орталық депозитарийдің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасына, отырыстар нәтижелерін өткізу мен рәсімдеудің кезеңділігіне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;

      4) инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау процесінде орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелерінің өзара іс-әрекеттері;

      5) меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау және делдалмен (брокермен) өзара іс-әрекет жасау жөніндегі процестердің сипаттамасы бар олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, оның көмегімен мәміле жасау (осындай бар болса), мәмілелер жасауды бақылау, активтердің құрамына және қозғалысына салыстырып тексеруді жүзеге асыру, жасалған мәмілелердің ішкі есебін және құжат айналымын жүргізу, сондай-ақ меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі болжанады;

      6) орталық депозитарий басқармасының уәкілетті органның алдында меншікті активтер есебінен жасалған қаржы құралдарымен операциялар бойынша қызметтің нәтижесі туралы есептілікті дайындауы.

      14. Меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуды қамтамасыз ету мақсатында, орталық депозитарий мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлейді:

      1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;

      2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;

      3) қаржы құралдарының түрлері бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттері;

      4) меншікті активтер есебінен жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;

      5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсетумен меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;

      6) меншікті активтерді инвестициялауға байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат.

      15. Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау саясатын және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітеді.

      16. Ішкі бақылауды және ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері:

      1) ішкі аудит қызметінің құрамын, оның функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін;

      2) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;

      3) ішкі аудит пен ішкі бақылаудың мәнін және объектісін;

      4) ішкі аудит қызметіне тексерулер жүргізу ауқымын және жиілігін;

      5) ішкі аудитті жүргізу кезінде міндетті түрде пайдаланылатын бағалау жүйесін;

      6) ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;

      7) ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері туралы есептерді орталық депозитарийдің директорлар кеңесіне ұсыну мерзімдері мен нысанын анықтайды.

      17. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдерге мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңға (бұдан әрі - Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) сәйкес клиенттерді сәйкестендіру және олардың операцияларының мониторингін жүргізу;

      2) Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы, оның ішінде күмәнді операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру.

      18. Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру барысында оның органдарымен және (немесе) бөлімшелері арасында туындайтын орталық депозитарийде орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсіміне мыналар кіреді:

      1) мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған орталық депозитарий органдарының шешімдерді қабылдау рәсімдері:

      орталық депозитарий органдарының мүшелері қабылдайтын шешімдердің тәуелсіздігін;

      орталық депозитарий органдары мүшелерінің қабылдайтын шешімдерге мүдделі болмауын;

      орталық депозитарийдің органдары мүшелерінің және қызметкерлерінің орталық депозитарийдің органдарының отырыстарын жүргізу барысында алынған ақпаратты тұлғалардың көпшілік тобының арасында осы ақпаратты ресми жария еткенге дейін оны өзінің жеке мақсатында не үшінші тұлғалардың мүддесіне қолдануларын шектеу;

      2) орталық депозитарий органдарының отырыстарын жүргізу қорытындысы бойынша хаттамаларды міндетті жасау мен сақтау бойынша талаптар;

      3) орталық депозитарийдің бөлімшелері арасында, орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелері арасында, орталық депозитарийдің органдары арасында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын сипаттау;

      4) орын алған мүдделер қақтығысын реттеу мақсатында орталық депозитарий жүргізетін іс-шаралар, сондай-ақ әлеуетті мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған алдын алу шаралары.

      19. Инсайдерлік ақпаратты қолдануды болдырмауға бағытталған рәсімдер мыналарға бағытталған шараларды қамтиды:

      1) инсайдерлермен, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларының өз мүдделерінде немесе үшінші тұлғалар мүдделеріндегі инсайдерлік ақпаратты пайдалану арқылы бағалы қағаздармен мәмілелерді жасаудың алдын алуға;

      2) инсайдерлермен, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларымен инсайдерлік немесе оларға негізделген ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етудің алдын алуға;

      3) инсайдерлермен, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларымен инсайдерлік ақпаратты немесе оларға негізделген ақпаратты бағалы қағаздармен мәмілелерді жасау бойынша ұсынымдарда пайдаланудың алдын алу бойынша шаралар;

      20. Қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі клирингті қаржы құралдарында және (немесе) ақшада жүзеге асыру тәртібі, оның ішінде мыналар бар:

      1) есеп айырысуларды жинау, салыстыру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есептеуді жүргізу бөлігіндегі қателердің туындауының алдын алуға бағытталған рәсімдер;

      2) егер орталық депозитарийде клирингтік операцияларды автоматты жүзеге асыру көзделмеген жағдайда, клирингтік операцияларды жүзеге асыруға тікелей жауап беретін қызметкерлердің біліктілігін тұрақты арттыруға және клирингтік операцияларды жүзеге асыру дұрыстығына басқарма тарапынан бақылауды қамтамасыз еткен немесе клирингтік операцияларды автоматты жүзеге асырған жағдайда - өзара есеп айырысуларды жүргізу жүйесіндегі қателердің және техникалық іркілістердің болуына орталық депозитарийді бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге мониторинг және тест жүргізу;

      3) клирингтік операцияларды жүзеге асыру процесінде қателер туындаған кезде депоненттер мен орталық депозитарий арасындағы мәселелерді шешу тәртібі.

      21. Орталық депозитарийдің ақпараттық саясатына оның ішінде мыналар кіреді, бірақ онымен шектелмейді:

      1) орталық депозитарийдің қор биржасымен, эмитенттермен, депоненттермен, депоненттердің клиенттерімен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен ақпараттық өзара қарым-қатынас жасау тәртібі;

      2) орталық депозитарийдің беделіне әсер етуге қабілетті ақпараттың тұрақты мониторингі бойынша талаптар;

      3) орталық депозитарийдің беделіне зиян әкелетін ақпарат пайда болған және таратылған жағдайда қажетті іс-шараларды уақтылы қабылдау бойынша талаптар.

      22. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық мыналарды қамтиды:

      1) өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар;

      2) форс-мажорлық және (немесе) күтпеген жағдайлар басталған жағдайда орталық депозитарий қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің сипаты бар, форс-мажорлық және (немесе) күтпеген жағдайлар туындау жағдайындағы іс-әрекеттер жоспары;

      3) орталық депозитарий қызметкерлерінің бағдарламалық-техникалық кешендерін және өзге жабдықты пайдалану тәртібі;

      4) орталық депозитарийдің үй-жайлары жабылу алдында қараудың жүйелілігі.

      23. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа мыналар енгізіледі:

      1) ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі талаптар;

      2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұйымдастыру шаралары;

      3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағдарламалық-техникалық шаралары;

      4) ақпарат жинақтауға бөлінген ресурстарға (дискі кеңістігі, директория, желілік ресурстар, деректер базасы және басқалары) рұқсат алу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен және жеке шоттардың бірыңғай жүйесінен ақпаратты алу тәртібі және көлемі, ақпаратты сақтау, мұрағаттау не басқаша өңдеу;

      5) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін және жеке шоттардың бірыңғай жүйесін, оның ішінде резервтік техникалық орталықтағы жүйесін құрайтын электрондық деректердің сақталуына бағытталған шаралар;

      6) жазбаны оқитын құрылғыларға және компакт дискілерге құрылғыны ажырату немесе алып қою арқылы қол жеткізуге тыйым салу;

      7) орталық депозитарийдің ақпараттық жүйелеріне қызметкерлердің рұқсат алу деңгейлерін анықтау тәртібі;

      8) серверлік бөлмелерге осы бөлмелерге рұқсаты бар түрлі қызметкерлердегі екі кілтті пайдалану арқылы рұқсат алу тәртібі.

      24. Клиенттердің және тіркеушінің бұйрықтарының уақтылы орындалмауының және (немесе) орындалмауының, сондай-ақ орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне және бірыңғай жеке шоттар жүйесіне қате деректердің енгізілуінің алдын алуына бағытталған рәсімдерде сондай-ақ мыналар қамтылады:

      1) орталық депозитарий депоненттері бұйрықтарының және тіркеушінің өкімдерін уақтылы орындамауды және (немесе) орындамауды болдырмауға бағытталған шаралар;

      2) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне және жеке шоттардың бірыңғай жүйесіне деректерді, оның ішінде түрлі қызметкерлердің бір бұйрықтың деректерін екі рет енгізу арқылы қате енгізудің алдын алу жөніндегі шаралар;

      3) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде мәліметтердің өзгеруі бойынша өкілеттіктерге ие пайдаланушылар үшін орталық депозитарийдің ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларға құқықтар беру, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне және жеке шоттардың бірыңғай жүйесіне қолжетімділік парольдерін белгілеу тәртібі;

      4) бұйрықтарды және оларды орындауды, сондай-ақ клиенттердің шағымдарын және оларды қанағаттандыру бойынша шараларды есепке алу электрондық журналының нысаны;

      5) бастапқы құжаттармен өңделген бұйрықтарды салыстырып тексеруді жүзеге асыру тәртібі;

      6) операцияларды жасауға берілген бұйрықтың мәртебесі туралы клиенттерді хабардар ету тәртібі.

      25. Орталық депозитарийдің депозитарлық және банктік қызметінің операциялық процестерін қолданыстағы бақылаудың тиімділігін оңтайландыру бойынша рәсімдер мынадай тәуекелдерді қамтиды:

      1) бастапқы құжаттар негізінде іс-әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер:

      уәкілетті емес тұлғаның бастапқы құжаттарды ұсынуы;

      бастапқы құжаттардың ұрлануы, айырбасталуы немесе жоғалуы;

      қолданыста жоқ бұйрықты ақпараттық жүйеге енгізу;

      бір бұйрықтың деректерін түрлі қызметкерлердің ақпараттық жүйеге екі рет енгізуі;

      бұйрық деректерінің ақпараттық жүйеге дұрыс енгізілмеуі;

      бұйрықты ақпараттық жүйеге енгізуді орындамау;

      бұйрықты ақпараттық жүйеге уақтылы енгізбеу;

      бұйрықтың ақпараттық жүйедегі дұрыс емес мәртебесін таңдау;

      бұйрықтың ақпараттық жүйедегі мәртебесіне өзгеріс енгізбеу;

      бұйрықтың ақпараттық жүйеде өзгертуге жатпайтын мәртебесін өзгерту;

      өзгертуге жатпайтын ақпараттық жүйедегі анықтамалықтар деректерін өзгерту;

      ақпараттық жүйеде анықтамалықтар деректерінің дұрыс өзгертілмеуі;

      ақпараттық жүйедегі анықтамалықтар деректеріне өзгерістер енгізбеу;

      тиісті құжатсыз ақпараттық жүйеде анықтамалықтар деректерін өзгерту;

      ақпараттық жүйеде анықтамалықтар деректерін уақтылы өзгертпеу;

      2) бастапқы құжаттар негізінде есептік және өзге құжаттарды беруге байланысты тәуекелдер:

      есептік құжатты қалыптастыруды орындамау;

      есептік құжатты уақтылы қалыптастырмау;

      есептік құжаттағы дұрыс емес деректер;

      бұйрықтың қате мәртебесін көрсете отырып орындау туралы есепті қалыптастыру;

      есептік құжатты уәкілетті емес тұлғаға беру;

      есептік құжаттарды ұрлау, айырбастау және жоғалту;

      3) ақпараттық жүйелерді пайдалануға байланысты тәуекелдер;

      операциялық күнді ашу (жабу) рәсімдерін орындамау;

      қор биржасының терминалын қосуды орындамау;

      кіріс файлының дұрыс емес форматы;

      кіріс файлының дұрыс емес мазмұны;

      түрлі қызметкерлердің дерекқорда жазбаны қалыптастыру үшін деректерді екі рет енгізуі;

      дерекқорда жазбаны қалыптастыруды орындамау;

      дерекқорда жазбаны дұрыс емес қалыптастыру;

      ақпараттық жүйеде жөнелтушіден келген құжаттардың қайталануы (операциялық күн ішінде);

      есептеулерді кейінге қалдыру күнімен бұйрықты кезекке қою;

      ақпараттық жүйеде транзакцияларды жүргізу кезіндегі қателер;

      бұйрықты қарсы бұйрықсыз орындау (екі қарсы бұйрықтар негізінде тіркелетін мәмілелер бойынша);

      айналыста болмаған бағалы қағаздар бойынша бұйрықты орындау;

      регламентке кірмейтін уақытта бұйрықты орындау;

      регламентке кірмейтін уақытта бұйрықты қабылдау;

      ашылмаған операциялық күн кезінде бұйрықты орындау;

      бағалы қағаздармен операцияларды тоқтата тұру кезінде бұйрықты орындау;

      рұқсат етілмеген операциялар бойынша бұйрықты орындау;

      4) ақпараттық жүйелерді пайдалануға байланысты тәуекелдер:

      компьютерлік вирустардың енуі;

      лицензиялық емес бағдарламаларды пайдалану;

      ақпараттық жүйелерге авторизацияланбаған рұқсат;

      серверлік жабдыққа техникалық қызмет көрсету кезіндегі қателер;

      электрлік қоректендіру жүйесіндегі іркілістер;

      серверлерді кондиционирлеу жүйелерінің іркілістері;

      серверлік жабдықтың техникалық іркілісі;

      желілік жабдықтың техникалық іркілісі;

      деректерді тасымалдағыштарды (қатты дискілерді және өзге тасымалдаушыларды) ұрлау, әдейі бүлдіру;

      деректерді тасымалдағыштарға (қатты дискілердегі және өзге тасымалдаушылар) авторизацияланбаған рұқсат;

      табиғи сипаттағы төтенше жағдай;

      серверлік бөлмедегі өрт;

      серверлік бөлмені судың басып қалуы;

      ақпараттық жүйедегі бағдарламалық іркіліс;

      бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге тапсырыс берушінің талаптары қалыптастырылмаған;

      бағдарламалық қамтамасыз етудің кодын белгілеушілер үшін техникалық тапсырманы дұрыс жасамау;

      бағдарламалық қамтамасыз ету кодын жасау кезіндегі қателер;

      әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу кезіндегі қателер.

      26. Орталық депозитарийдің резервтік техникалық орталығы бар және жедел іске қосу үшін оның тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді.

      Резервтік техникалық орталық мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін және жеке шоттардың бірыңғай жүйесін құрайтын орталық депозитарийдің негізгі есепке алу жүйелеріне және жеке шоттардың бірыңғай жүйесіне ұқсас электрондық деректердің көшірмесі бар;

      2) орталық депозитарийдің негізгі жүйелерінің орналасқан орны бойынша тұрған резервтік жүйелерге ұқсас резервтік жүйелердің көшірмесі бар;

      3) орталық депозитарийдің негізгі есепке алу жүйесінің және жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің орналасқан орнынан кем дегенде 25 (жиырма бес) километр жерде орналасқан;

      4) орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру үшін қажетті барлық коммуникациялармен қамтамасыз етіледі;

      5) орталық депозитарийдің негізгі есепке алу жүйесінің және жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің орналасқан орны бойынша штаттан тыс жағдай туындаған кезде келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қызметті жүзеге асыру мүмкіндігін береді.

3. Орталық депозитарийдің жекелеген бөлімшелер қызметкерлеріне
қойылатын талаптар

      27. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру барысында оның органдары және (немесе) бөлімшелерінің арасында туындайтын, орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару мақсатында орталық депозитарий мынадай шараларды қолданады:

      1) мүдделер қақтығысы орын алуы немесе туындауы ықтимал бөлімшелердің орталық депозитарийдің түрлі басшы қызметкерлеріне есеп беруін қамтамасыз етеді;

      2) орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын ескеріп, орталық депозитарийдің бөлімшелері мен органдары арасында ақпаратпен алмасу тәртібі әзірленеді және енгізіледі;

      3) ішкі аудит қызметі орталық депозитарийдің бөлімшелері мен қызметкерлерінің қызметін орталық депозитарий қабылдаған орталық депозитарийде орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсімдеріне сәйкестігіне тексеруді тұрақты жүзеге асырады.

      28. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі басшысының және қызметкерлерінің жоғары білімі, кәсіби құзыреттілігі және тәуекелдерді басқару саласында 3 (үш) жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнама бойынша білімі бар.

      29. Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы мен қызметкерлеріне қойылатын қосымша талаптарды орталық депозитарий белгілейді.

      30. Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлері бірмезгілде орталық депозитарийдің басқа бөлімшелерін басқара (жетекші бола) алмайды, сондай-ақ орталық депозитарий органдарының мүшелері бола алмайды.

      31. Ішкі аудит қызметі басшысының және қызметкерлерінің жоғары білімі бар, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын біледі, кәсіби құзыреттілігі және қаржылық қызметті ұсыну мен реттеу саласында 1 (бір) жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ.

      32. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін тағайындайды.

4. Орталық депозитарийде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау
және мониторингі

      33. Орталық депозитарий өзінің қызметінде тәуекелдердің мына түрлерін:

      1) операциялық тәуекелдерді;

      2) құқықтық тәуекелдерді;

      3) бедел тәуекелдерін;

      4) бағалық, валюталық және пайыздық тәуекелдерді;

      5) өтімділікті жоғалту тәуекелдерін саралайды және сәйкестендіреді.

      34. Операциялық тәуекелдерге:

      1) жауапкершілікті бөлуді, есеп беру мен басқарудың құрылымын қоса алғанда, орталық депозитарийдің айқындалмаған және тиімсіз ұйымдық құрылымына;

      2) ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларға, саясатқа және (немесе) стандарттарға, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктерге;

      3) орталық депозитарий қызметкерлерін тиімсіз басқаруға және (немесе) оның білікті емес штатына;

      4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін және орталық депозитарийдің жеке шоттарының бірыңғай жүйесін рұқсатсыз пайдалануға;

      5) орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру процестерін тиімді құру жеткіліксіздігіне не ішкі ережелерді сақтауға нашар бақылау жасауға байланысты тәуекелдерді;

      6) орталық депозитарийдің қызметіне күтілмеген немесе бақыланбаған сыртқы ықпал ету факторларының әсеріне;

      7) орталық депозитарийдің қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарда (ережелерде) кемшіліктер мен қателердің болуына;

      8) эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алу процесін, қаржы құралдарындағы есеп айрысуларды, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйелеріндегі мәліметтердің көрсетілуін, орталық депозитарийде жасалатын жекелеген операцияларды автоматтандыруды және орталық депозитарийдегі есепке алу жүйесінде, жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде операцияларды жасауды бұзуға;

      9) орталық депозитарий депоненттері және олардың клиенттері, тіркеуші, эмитенттер және қор биржасы ұсынатын конфиденциалды ақпаратты заңсыз пайдалануға;

      10) орталық депозитарий органдары және олардың бөлімшелері арасында мүдделер қақтығысының туындауына;

      11) ақпаратты жинауға, енгізуге, сақтауға және таратуға байланысты қателердің болуына;

      12) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін, жеке шоттардың бірыңғай жүйесін және өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелер мен технологияны қоса алғанда, орталық депозитарийдің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету жұмысындағы қателер мен іркілістердің туындау ықтималдылығына;

      13) орталық депозитарий қызметі процесінде, оның ішінде эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алу процесін ұйымдастыруды, қаржы құралдарындағы есеп айырысуларды, бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесіндегі мәліметтердің көрсетілуін қоса алғанда, жетілдірілмеген технологияларды пайдалану, жүйелік басқару функцияларын орындау салдарынан зиянның туындау ықтималдығына;

      14) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде деректерді енгізу мен өзгерту кезінде қателердің туындауына;

      15) орталық депозитарий әлеуетті тәуекелдер ретінде сәйкестендіретін өзге жағдайларға байланысты тәуекелдер кіреді.

      35. Орталық депозитарийдің құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесі (заң бөлімшесі) орталық депозитарийдің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы, оның ішінде орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі салдарынан, орталық депозитарий қызметінің практикасы оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеуінен туындайтын құқықтық тәуекелдерді реттеуді мыналар арқылы қамтамасыз етеді:

      1) орталық депозитарий қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына, орталық депозитарийдің ішкі қағидалары мен рәсімдеріне және шарттық қатынастар талаптарына сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асыру;

      2) орталық депозитарийдің қызметкерлерін тұрақты негізде орталық депозитарий қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру;

      3) орталық депозитарий қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгеруіне байланысты орталық депозитарийдің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы тәуекелдерінің туындау мүмкіндігін бағалау.

      36. Жұртшылықпен қатынастар бойынша орталық депозитарийдің бөлімшесі мыналар:

      1) бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, нарық талдаушыларының орталық депозитарийдің қызметіне және (немесе) оның ағымдағы жағдайына қатысты қарама-қайшы және (немесе) теріс мәлімдемелері;

      2) ресми емес дереккөздерден алынған ақпараттың рөлін күшейту, орталық депозитарий қызметкерлерінің, сол сияқты үшінші тұлғалардың келеңсіз сыбысты таратуы;

      3) орталық депозитарий туралы келеңсіз ақпаратқа бұқаралық ақпарат құралдары мүддесінің өсуі;

      4) орталық депозитарийдің беделіне келеңсіз ықпал етуге қабілетті өзге факторлар салдарынан туындайтын беделдік тәуекелдерді басқаруды және барынша азайтуды қамтамасыз етеді.

      37. Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және бақылау процестерінің мақсаты мыналар:

      1) сәйкес келтірілмеген тәуекелдер мен қауіпті уақтылы анықтау;

      2) тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндерін бағалау сапасын арттыру;

      3) тәуекелдерді бақылаудың баламалы тетіктерін дамыту;

      4) тәуекелдерді барынша төмендету мен басқару бойынша уақтылы іс-шараларды қабылдауды қамтамасыз ету;

      5) тәуекелдерді басқару бөлімшесін қоса алғанда, орталық депозитарийдің жекелеген бөлімшелерін тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау процесіне тарту болып табылады.

      38. Тәуекелдерді сәйкестендіру рәсімі орталық депозитарийдің әр бөлімшесі тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірлесіп бөлімше қызметінің түріне қатысты жүзеге асыратын шолу мен мониторингке негізделеді.

      39. Сәйкестендіру тәуекелдері мына сипаттар бойынша талданады:

      1) тәуекелдердің басталу жиілігі;

      2) тәуекелдердің әсер ету ауқымы.

      40. Талдаудың нәтижелері негізінде тәуекелдер жол берілетін тәуекелдер ретінде айқындалған тәуекелдер көрсеткішінің мәніне қатысты қабылданатын және қабылданбайтын тәуекелдер ретінде реттеледі.

      41. Тәуекелдерді бағалау мен бақылау нәтижелері орталық депозитарийдің жалпы (интегралды мәні), сол сияқты әрбір жеке қызмет түріне де тәуекел көрсеткішінің сандық мәнін айқындау үшін қолданылады.

      42. Тәуекелдердің сандық мәні тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғарғы рұқсат етілген мәнін, белгіленген шекті көрсеткіштеріне тәуекелдердің сәйкестігін, сондай-ақ белгіленген шекті көрсеткіштерге сәйкес келмейтін тәуекелдерді барынша төмендету және басқару үшін тиісті шешімдерді қабылдау қажеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.

      43. Орталық депозитарий қызметінің әрбір жекелеген қызметіне тән тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін қызметтің осы түрін жүзеге асыратын орталық депозитарий бөлімшесі тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірге есептейді.

      44. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі директорлар кеңесі мен басқармаға басқа номиналды ұстаушылар үшін номиналды ұстау процестерінің, қаржы құралдарындағы есептеулердің бұзылуына және техникалық іркілістер мен өзге жағдайлар туындаған күні бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесіндегі мәліметтердің көрсетілуіне әкеп соққан техникалық іркілістер мен өзге жағдайлар туралы хабарлайды.

      45. Орталық депозитарийдің басқармасы басқа номиналды ұстаушылар үшін номиналды ұстау процестерінің, қаржы құралдарындағы есептеулердің бұзылуына және бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесіндегі мәліметтердің көрсетілуіне әкелген техникалық іркілістер мен өзге жағдайлар туралы ақпаратты ол жағдай басталған күннен кейінгі күн ішінде уәкілетті органға беруді қамтамасыз етеді.

      46. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі тоқсан сайын директорлар кеңесі мен басқармаға тәуекелдердің басталу жағдайларының саны және тәуекелдердің басталу нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшері туралы есепті жасайды, сондай-ақ тәуекелдерді тәуекелдердің өзін және сол сияқты олардың басталуынан болған салдарды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын береді.

      47. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару бөлімшесі тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін бағалау бойынша әзірлеген қорытындысының негізінде орталық депозитарийдің басқармасы директорлар кеңесі бекітетін тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғарғы рұқсат етілген мәндерін айқындайды.

      48. Жаңа тәуекелдер туындаған жағдайда және (немесе) тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғарғы рұқсат етілген мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда, тәуекелді сәйкестендірген және (немесе) осы сәйкессіздікті анықтаған орталық депозитарий бөлімшесі директорлар кеңесіне және басқармаға хабарлайды.

      49. Тәуекелдерді бағалау нәтижелерінің негізінде оларды барынша төмендетуге бағытталған ықтимал іс-шаралар анықталады.

      50. Тәуекелдерді барынша төмендету тәуекелдердің мәні тәуекелдер көрсеткіштерінің шекті мәндерінен асып түскен жағдайларда қажет болып табылады. Тәуекелдерді барынша төмендету мына іс-шаралармен шектелмей жүзеге асырылады:

      1) ішкі бақылау жүйесін енгізу, тәуекелдерге мұқият мониторинг жүргізуді және қадағалауды жүзеге асыру, тәуекелдерді басқару саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

      2) орталық депозитарийдің қызметі процесінде орталық депозитарийдің органдары қабылдайтын осы немесе өзге шешімдерге тән тәуекелдер туындаған жағдайда, зиянды сәйкестендіру мен барынша төмендету мүмкіндігі бойынша рәсімдерді жетілдіру;

      3) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінің, жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің және орталық депозитарийдің өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелерінің аудитін 2 (екі) жылда кемінде 1 (бір) рет жүргізу.

      51. Директорлар кеңесі тәуекелдер басталуының болып өткен жағдайлары бойынша есептілікті беру тәртібін бекітеді, оның міндеті мыналар болып табылады:

      1) тәуекелдер басталған жағдайлар салдарының шығындары туралы ақпараттық базаны құру;

      2) тәуекелдердің басталуы нәтижесінде келтірілген нақты зиян туралы ақпаратты талдау арқылы операциялық тәуекелдерді басқару және барынша азайту процестерін жетілдіру;

      3) тәуекелдердің басталуы нәтижесінде туындаған зиянның құнын кезеңді бағалауды жүргізу;

      4) тәуекелдер басталған елеулі жағдайларда уақтылы және тиісінше ден қоюды қамтамасыз ету;

      5) деректерді жинау және енгізу, сондай-ақ ақпаратты қайталау және (немесе) жіберіп алу бойынша қателерді болдырмау жөніндегі рәсімдерді толық үйлестіруді қамтамасыз ету.

5. Орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен қаржы
құралдармен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша қызметті
ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      52. Орталық депозитарийдің меншікті активтерін тиімді инвестициялауды қамтамасыз ету мақсатында тоқсанына кемінде 1 (бір) рет мыналар жүргізіледі:

      1) эмитенттің қаржылық ахуалын талдауды қоса алғанда, эмитенттерді және олар шығарған (берген) қаржы құралдарына, оның активтері құнының одан әрі өсу әлеуетіне, қабылданған міндеттемелер бойынша жауап беру қабілетіне, осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялауға және осы тәуекелдердің орталық депозитарийдің қаржылық жағдайына әсер етуіне байланысты тәуекелдерге талдау;

      2) инвестициялау жүргізу болжанған қаржы құралдары айналымының және кірістілігінің талаптарын талдау;

      3) портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру серпіні туралы мәліметтер, портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі шығынды позициялар мен ұсынымдарды талдау қамтылатын, меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар портфеліне талдау.

      53. Талаптардың 52-тармағында көрсетілген талдамалық зерттеулер негізінде аталған ұсынымдарды беруге негіздеме болған факторлардың толық тізбесі қамтылған ұсынымдар әзірленеді.

      54. Ұсынымдар:

      1) меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу, сондай-ақ көрсетілген құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында;

      2) инвестициялау лимиттерін анықтау мен қайта қарау барысында;

      3) орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен мәмілелерді жасау туралы инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде беріледі.

      55. Ұсынымда мынадай мәліметтер:

      1) ұсынымның берілген күні және нөмірі;

      2) орталық депозитарийдің ұсынымды дайындаған жауапты бөлімшесі немесе қызметкері туралы мәліметтер;

      3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаттамасы);

      4) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері, мына ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей:

      жасалатын мәміленің меншікті активтер бойынша кірістердің болжанатын өзгерісіне әсері туралы;

      осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер туралы;

      5) инвестициялық шешімнің ұсынылатын нұсқалары;

      6) қаржы құралының түрін, көлемін, бағалар диапазонын, осы құралдың кірістілік деңгейін және басқа сипаттамаларын (талаптарын) көрсететін сипаттамасы;

      7) орталық депозитарийдің инвестициялау саясатына сәйкес мәміле жасауға ұсынылатын қорытындының мақсаты;

      8) ұсыным берген тұлғалардың атқаратын лауазымдарын көрсете отырып, олардың қойған қолдары;

      9) орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында белгіленген өзге де ақпарат қамтылады.

      56. Ұсынымдар оларды дайындауға негіздеме болған барлық құжаттармен бірге сақталады.

      57. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару бөлімшесі:

      1) қаржы құралдарымен операциялар бойынша, оның ішінде қаржы құралдары нарығында ("stop-loss" лимиттері) бағалардың күрт ауытқуымен байланысты шамадан тыс шығыстарды болдырмау жөніндегі шұғыл рәсімдерді, сондай-ақ қаржы құралдары бойынша тиісті кірістілік бағаларының шекті деңгейлерін белгілейді, ол деңгейлерге жеткеннен кейін қаржы құралының нарықтық құнының ("take-profit" лимиттері) төмендеу ықтималдығы артады. Белсенді нарық орын алған қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тізбесін инвестициялық комитет анықтайтын өзге де қаржы құралдары үшін "stop-loss" және "take-profit" лимиттері белгіленеді;

      2) қаржы құралдары нарығының ауқымы мен серпініне және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттерді қайта қарауға бастамашы болады;

      3) меншікті активтер бойынша өтімділікті жоғалту тәуекелдеріне ұшырайтындығы жөнінде қорытынды дайындайды және осы қорытындыны директорлар кеңесіне береді;

      4) меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру процесінде алынатын ақпарат негізінде инвестициялық портфельдің кредиттік, пайыздық, валюталық және баға тәуекелдеріне ұшырағыштығы туралы қорытынды дайындайды және осы қорытындыны инвестициялық комитетке ұсынады;

      5) тәуекелді бағалау моделі және ағымдағы бағаларды нарықтық бағаға келтіру негізінде қаржы құралдарының құнын бағалайды, оның ішінде Талаптардың 2-қосымшасының 1-нысанына сәйкес баға тәуекелі бойынша стресс-тестинг жүзеге асырады;

      6) бэк-тестинг жүргізеді, атап айтқанда орталық депозитарий жөніндегі тарихи деректерді қолданып және стресс-тестинг жүргізу нәтижесінде есептелген нәтижелерді қаржы құралдарымен операцияларды жасасудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстырып, тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеруді жүзеге асырады;

      7) стресс-тестингтің және бэк-тестингтің нәтижелерін директорлар кеңесіне және тәуекелдерді бағалау мен жүйелі түрдегі стресс-тестингтердің нәтижелерін қаржы құралдарымен мәмілелерді жасасуға қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауда қолданатын инвестициялық комитетке береді.

      58. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару бөлімшесінің Талаптардың 57-тармағының 4) тармақшасына сәйкес дайындаған қорытындысында мыналармен шектелмей, төмендегі:

      1) инвестициялық комитет белгілеген лимиттердің сақталуына жасалатын мәміленің әсері туралы;

      2) осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер туралы мәліметтер қамтылады.

      59. Ұсынымдар мен қорытындылар негізінде директорлар кеңесі инвестициялаудың басым бағыттарын айқындайды, ал инвестициялық комитет инвестициялық шешімдерді қабылдайды, кемінде бір жылда 1 (бір) рет мынадай инвестициялау лимиттерін:

      1) қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялау лимиттерін;

      2) негізгі қызмет түрі экономиканың белгілі бір секторымен байланысты эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттерін;

      3) қаржы құралдары үшін "stop-loss" лимиттерін;

      4) қаржы құралдары үшін "take-profit" лимиттерін белгілейді және қайта қарайды.

      60. Инвестициялық комитет отырысының өткізілу қорытындылары бойынша міндетті түрде мыналарды:

      1) отырыста қаралатын мәселелер тізбесін;

      2) инвестициялық шешімді қабылдау үшін инвестициялық комитетке ұсынылған құжаттар тізбесін;

      3) қаржы құралдарының атауын, сондай-ақ олармен мәмілелер жасау талаптарын көрсете отырып, осы отырыста қабылданған инвестициялық шешімдердің параметрлерін;

      4) отырыста қаралатын әрбір мәселе бойынша дауыс беру қорытындыларын;

      5) инвестициялық комитет мүшелерінің негіздемелері мен күтілетін тиімділігі бар пікірлерін, оның ішінде олардың қабылданған шешіммен келіспеушілігі және ерекше пікір болған жағдайда, көрсете отырып хаттама жасалады.

      61. Хаттамаға инвестициялық комитеттің отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды және ол инвестициялық комитет қабылданған инвестициялық шешімдермен бірге сақталады.

      62. Инвестициялық шешім қаржы құралдарымен жасалатын бір және бірнеше мәмілелерге қатысты қабылдануы мүмкін.

      63. Инвестициялық комитет отырысының қорытындысы бойынша қабылданған қаржы құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешімде:

      1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;

      2) инвестициялық шешім қабылдауға негіздеме болған ұсынымның берілген күні және нөмірі;

      3) жасалуы тиіс мәміленің түрі;

      4) мәміле жасалатын қаржы құралын сәйкестендіргіш;

      5) жасалуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің, бағасының және сомасының ауқымы);

      6) мәміле жасау мерзімдері;

      7) мәміле жасау болжанып отырған нарықтың түріне сілтеме (алғашқы немесе қайталама, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған, халықаралық нарықтар);

      8) көмегі арқылы мәміле жасау болжанатын делдалдың (брокердің) (мұндай бар болса) атауы;

      9) инвестициялық комитет мүшелерінің біреуінде инвестициялық шешімнің қабылдануына (қабылданбауына) қатысты ерекше пікірінің болуына сілтеме;

      10) инвестициялық шешімді қабылдаған адамдардың атқаратын лауазымдарын көрсете отырып қойған қолдары болады.

      64. Хеджирлеу құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешім Талаптардың 63-тармағының 1), 2), 3), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтермен басқа мыналардан тұрады:

      1) хеджирлеу құралын оның түрін, жасалу мерзімін, көлемін, құнын (сыйлықақысын) көрсете отырып, хеджирлеу операциясының жасалуы жоспарланатын нарықты және осы құралдың басқа да сипаттамаларын (талаптарын) жан-жақты сипатталуынан;

      2) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтілетін нәтижелерден;

      3) хеджирлеу объектісі (базистік актив) тәуекелінің түрін (пайыздық, баға, валюталық және басқа да), сондай-ақ оның бағалау әдісін көрсете отырып бағалаудан;

      4) қажетті деректемелері (ұлттық сәйкестендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы) көрсетілген хеджирлеу объектісінен;

      5) осы операцияны жасау хеджирлеу объектісі бойынша ықтимал шығындардың (алынбаған кіріс) мөлшерін төмендетуге әкеп соғатынын растайтын есеп айырысудан тұрады.

      65. Инвестициялық комитет отырысының қорытындысы бойынша қабылданған инвестициялық шешім қаржы құралдарымен мәмілені жасасу үшін орындалуға беріледі.

6. Орталық депозитарийдің ішкі бақылау жүйесінің бар болуына
қойылатын талаптар

      66. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі ішкі бақылаудың бірдей жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және орталық депозитарий қызметкерлерінің ішкі бақылау саласында өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.

      67. Орталық депозитарийдегі ішкі бақылау жүйесі мынадай мақсаттарды:

      1) орталық депозитарийдің активтерін басқарудың, есепке алу рәсімдерінің және бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растаудың, қаржы құралдарындағы есептеудің және бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесіндегі мәліметтердің көрсетілуін және шығындар болуын айқындаудың тиімділігін тексеруді көздейтін орталық депозитарийдің қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігін;

      2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігін, толықтығы мен уақтылығын. Осы мақсат шынайы және сапалы қаржылық есептіліктің жасалуын және шешімдер қабылдаған кезде орталық депозитарий пайдаланған басқа қаржы құжаттарын тексеруді болжайды;

      3) орталық депозитарий Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ орталық депозитарийдің ішкі саясаты мен рәсімдерін айқындайтын құжаттардың талаптарын сақтауын тексеруді болжайтын Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауды жүзеге асыру үшін жасалады.

      68. Ішкі бақылау жүйесі мынадай үш кезеңнің:

      1) орталық депозитарийдің ішкі регламенттеріне рәсімдерді енгізу жолымен ішкі бақылау жүйесін (тиімділікті бақылау нәтижелерін есепке ала отырып) қалыптастырудың;

      2) жұмыста орталық депозитарийдің ішкі регламенттерін орындаудың;

      3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауды жүргізудің үздіксіз кезекті түрде жүру принципі бойынша қызмет етеді.

      69. Ішкі бақылау жүйесі мынадай:

      1) қызметтің жоспарлы көрсеткіштерін қоса бере отырып, орталық депозитарий қызметінің ағымдағы нәтижелері туралы есептерді директорлар кеңесіне беру арқылы орталық депозитарийдің алға қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу процесін тоқсан сайын тексеру;

      2) бөлімше қызметінің нәтижелері туралы стандартты нақты есептерді бөлімше басшыларының ай сайынғы негізде тексеруі;

      3) материалдық маңызды ақпаратқа және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге қол жетімділікті шектеуге бақылау жүргізу мақсатымен тексеру;

      4) тәуекелдің белгіленген лимиттерінің сақталуын тексеру мен анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

      5) орталық депозитарийдің директорлар кеңесінің міндетті авторландыруды талап ететін операциялардың тізбесіне қойылатын талаптарды белгілеуі;

      6) операциялардың шарттары мен орталық депозитарийдің қызметіне байланысты тәуекелдерді басқару үлгілерін қолданудың нәтижелерін тексеру;

      7) жүргізілген операцияларды орталық депозитарийдің есебінде және есептілігінде көрсетудің уақтылығын, дұрыстығын, толықтығы мен дәлдігін тексеру;

      8) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін, жеке шоттардың бірыңғай жүйесін және өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйені қоса алғанда, орталық депозитарийдің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуінің сенімді қызмет істеуін тексеру;

      9) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;

      10) орталық депозитарийдегі мүдделердің бар болған және потенциалды қақтығысын басқаруға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;

      11) қаржы құралдарының құнын бағалау және кірістілігі бөлігінде әдістемені қоса алғанда, орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржы құралдарының құнын бағалаудың дұрыстығын және шынайлығын тоқсан сайын тексеру рәсімдерін жүргізуден тұрады.

      70. Ішкі аудиттің мақсаты болып ішкі бақылау жүйелерінің бара-бар болуын және тиімділігін бағалау, орталық депозитарий бөлімшелерінің жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жағдайы туралы уақтылы және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысты жақсарту жөніндегі ұтымды және тиімді ұсынымдарды беру табылады.

      71. Директорлар кеңесі ішкі бақылау жүйесінің жағдайын объективті бағалауды және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды беру жолымен тиісті ішкі бақылау жүйесінің бар болуын және қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырғанда туындайтын міндеттерді шешу мақсатымен ішкі аудит қызметі құрылады.

      72. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі және орталық депозитарийдің ішкі аудит қызметі туралы ережені, сондай-ақ орталық депозитарийдің қызметін реттейтін басқа ішкі құжаттарды және Талаптарды басшылыққа алады.

      73. Ішкі аудит қызметі орталық депозитарийдің кез келген бөлімшесінің қызметін немесе лауазымды тұлғасының қызметін тексеруді тағайындайды. Ішкі аудит қызметі орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде директорлар кеңесінің алдында есеп береді.

      74. Ішкі аудит қызметі ішкі орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітетін ішкі аудит жоспары мен ішкі аудит бағдарламасын жасайды.

      75. Ішкі аудит қызметінің міндетіне мынадай мәселелерді:

      1) ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуін;

      2) директорлар кеңесіне ішкі аудит қызметі туралы есептілікті дайындау;

      3) директорлар кеңесіне, басқармаға және сыртқы пайдаланушыларға берілетін бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен, ережелер жиынтығымен және лицензияланатын қызмет түрімен көзделген орталық депозитарийдің қызметінің аясындағы кез келген мәліметтер мен ақпараттың шынайлығы мен дәл болуын;

      4) ішкі немесе сыртқы аудиторлар анықтаған бухгалтерлік есептегі немесе ішкі аудиттегі кез келген елеулі кемшіліктерді қарау мен талқылау кіреді.

      76. Мыналар:

      1) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тексеру мен бағалау;

      2) тәуекелдерді бағалау әдістемесінің және тәуекелдерді басқару рәсімдерінің (әдістемелерінің, бағдарламаларының, ережелерінің, тәртіптерінің және операцияларды мен мәмілелерді жасау рәсімдерінің) қолдану толықтығын және тиімділігін тексеру;

      3) деректер базасының тұтастығын және оларды санкция берілмеген рұқсаттан қорғауды бақылау, күтпеген жағдайларда іс-қимыл жоспарының болуын қоса отырып, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінің, жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің және өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің жұмыс істеу тиімділігін тексеру;

      4) бухгалтерлік есеп пен есеп берудің анықтығын, толықтығын, объективтілігі мен уақтылығын, сондай-ақ ақпарат пен есептілікті жинау мен ұсынудың сенімділігін әрі уақтылығын тексеру;

      5) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес өзге мәліметтердің дәйектілігін, толықтығын, объектілігін, объективтілігін және уақтылы берілуін тексеру;

      6) орталық депозитарий мүлігінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылып жүрген тәсілдерін (әдістерін) тексеру;

      7) орталық депозитарий жасайтын операцияларының экономикалық мақсатқа лайықтылығын және тиімділігін бағалау;

      8) ішкі бақылаудың процестері мен рәсімдерін тексеру;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында құрылған жүйелерді тексеру;

      10) орталық депозитарийдің қызметкерлерін басқару қызметінің жұмысын бағалау;

      11) анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді немесе орталық депозитарийдің бөлімше басшылығының және (немесе) органдарының орталық депозитарий үшін анықталған тәуекелдердің жарамдылығы туралы қабылдаған шешімін құжаттандыруды қамтамасыз ететін орталық депозитарий бөлімшелерін тексеру нәтижелері бойынша орталық депозитарийдің бөлімшелері мен органдарының қабылдаған шараларының тиімділігіне бақылау жасау;

      12) орталық депозитарийдің ішкі құжаттарымен көзделген басқа мәселелер Ішкі аудит қызметінің негізгі функциялары болып табылады.

      77. Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру орталық депозитарий Талаптардың осы тарауында көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етіледі.

  Орталық депозитарийде тәуекелдерді
басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптарға
1-қосымша

      нысан

Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесіне
қойылатын талаптардың орындалуын бағалау бойынша есеп

      "_________________________________________"

      (орталық депозитарийдің атауы)

      "______" жыл үшін

Нұсқаулықтың тиісті абзацын, бөлігін, тармақшасын, тармағын көрсету

Тәуекелдерді бағалау жүйесінің талаптарына сәйкестігін бағалау

Тәуекелдерді бағалау жүйесінде анықталған кемшіліктер

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша қажетті іс-шаралар, жауапты адамдар мен іс-шараларды орындаудың мерзімдері

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6


      Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау:

      _____________________________________________________________________

      Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      Тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалауды мынадай критерийлердің үш балдық жүйесі бойынша жүзеге асыру қажет: сәйкес, ішінара сәйкес, сәйкес емес:

      1) "сәйкес" ретінде бағалау орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың критерийлерін қандай да бір маңызды кемшіліктерсіз орындауы кезінде шығарылады;

      2) "ішінара сәйкес" ретінде бағалау орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың нақты критерийін сақтаудағы мүмкіндігіне қатысты маңызды күмәндер пайда болуына жеткілікті болып есептелмейтін кемшіліктер анықталғанда шығарылады;

      3) "сәйкес емес" ретінде бағалау орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың критерийін орындамаған кезде шығарылады.

      Егер тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын жекелеген талаптар орталық депозитарийге қатысты қолданылмайтын жағдайда, талаптың осы критерийіне сәйкестігін бағалау жүзеге асырылмайды және тиісті "қолданылмайды" деген жазбамен белгіленеді.

      Орталық депозитарийдің бірінші басшысы (ол болмаған кезде - оның орнындағы адам)

      _________________________________________ ______________ ____________

      тегі, аты, жөні (ол бар болса) қолы күні

      Тәуекелдері басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің басшысы

      _________________________________________ ______________ ____________

      тегі, аты, жөні (ол бар болса) қолы күні

      Ішкі аудит қызметінің басшысы ___________________________ _____ _____

      тегі, аты, жөні (ол бар болса) қолы күні

  Орталық депозитарийде тәуекелдерді
басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптарға
2-қосымша

      1-нысан

Баға тәуекелі бойынша стресс-тестинг

Қаржы құралдарының санаты

Қаржы құралының ағымдағы құны (теңгемен)

Қаржы құралының ағымдағы құнының төмендеу сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0% - 5 %

5% - 10%

10% - 20%

20% - 30 %

30% астам

1

2

3

4

5

6

7

8

























































Шығынның жиынтығы


1-нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-бағанда нарықтық бағасы бар қаржы құралдары көрсетіледі. Бұл ретте қаржы құралдары қаржы құралдарының түрлері және экономиканың секторы бойынша топтастырылды.

      2. 2-бағанда қаржы құралының ағымдағы құны (теңгедегі) көрсетіледі.

      3. 3, 4, 5, 6 және 7-бағандарда қаржы құралдарының әрбір санаты бойынша қаржы құралының ағымдағы құнының болжанған бір сценарий ғана таңдалады.

      4. 8-бағанда таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгедегі) көрсетіледі.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      _____________________________________________________________________

      Орталық депозитарийдің бірінші басшысы (ол болмаған кезде - оның орнындағы адам)

      _________________________________________ ______________ ____________

      тегі, аты, жөні (ол бар болса) қолы күні

      2-нысан

Пайыздық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Борыштық бағалы қағазды өтеуге дейінгі мерзім

Қаржы құралының ағымдағы құны

Купондық сыйақының пайыздық мөлшерлемесін төмендету сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0 % - 2 %

2 %- 4 %

4% - 6 %

6 % астам


1

2

3

4

5

6

7

6 айдан кем







6-12 ай







12-18 ай







18-24 ай







24 айдан астам







Борыштық бағалы қағазды өтеуге дейінгі мерзім


      2-нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 2-бағанда қаржы құралының ағымдағы құны көрсетіледі.

      2. 3, 4, 5 және 6-бағандарда купондық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің төмендеу сценарийі көрсетіледі. Осы бағандарда бір санаттағы қаржы құралдары купондық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің төмендеуінің бірнеше сценарийіне ұшыруы мүмкін.

      3. 7-бағанда таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен) көрсетіледі.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:_____________________

      Орталық депозитарийдің бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      _________________________________________ ______________ ____________

      тегі, аты, жөні (ол бар болса) қолы күні

      3-нысан

Валюталық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Шетел валютасы

Осы шетел валютасына номинирленген қаржы құралдарының ағымдағы құны (теңгемен)

Теңгені шетел валютасына қатысты нығайту сценарийі (пайызбен)

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

1%- 3 %

3% - 5 %

5 %- 7 %

1 %- 13 %

13% - 20 %

20 % астам

1

2

3

4

5

6

1

8

9




























Шығынның жиынтығы


      3-нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-бағанда қаржы құралының шетел валютасы көрсетіледі.

      2. 2-бағанда қаржы құралының осы шетел валютасымен (теңгемен) номинеирленген ағымдағы құны көрсетіледі.

      3. 3, 4, 5, 6, 7 және 8-бағандарда теңгенің шетел валютасына қатысы бойынша нығаю сценарийі көрсетіледі.

      4. 9-бағанда таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгедегі) көсретіледі.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      _____________________________________________________________________

      Орталық депозитарийдің бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      _________________________________________ ______________ ____________

      тегі, аты, жөні (ол бар болса) қолы күні

  Орталық депозитарийде тәуекелдерді
басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптарға
3-қосымша

      нысан

Операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін, жеке шоттардың бірыңғай жүйесін және өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді тестілеу кезіндегі стресстік жағдай

Жүйелер элементтерінің жұмыс істеуіне қойылатын параметрлер

Тестілеу нәтижелері (оқиғалар мен салдар басталған жағдайда олардың басталу ықтималдылығын бағалау)

параметр

параметр

параметр

1

2

3

4

5












      Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-бағанда орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін, дербес шоттардың бірыңғай жүйесін және өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді тестілеу кезіндегі стрестік жағдай көрсетіледі.

      2. 2, 3, және 4-бағандарда элементтер жүйелерінің жұмысына қойылатын параметрлер көрсетіледі.

      3. 5-бағанда тестілеу нәтижелері (оқиғалар мен салдарлар басталған кезде олардың басталу ықтималдылығын бағалау) көрсетіледі.

      Стресстік жағдайдың және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесі элементтерінің жұмыс істеуіне қойылатын параметрлердің, жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің және өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің оларды стресстік жағдайға тестілеу кезіндегі қысқаша сипаттамасы. Тестілеу әрбір жүйе бойынша жүзеге асырылады.

      Орталық депозитарийдің бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      _________________________________________ ______________ ____________

      тегі, аты, жөні (ол бар болса) қолы күні