"Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 850 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 желтоқсанда № 12341 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 938 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 25.12.2018 № 938 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаменті:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Заң" Деректер базасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 4 қараша



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 19 қазандағы
№ 850 бұйрығымен
бекітілген

"Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы іске асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;

      құжаттардың топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсаттар) беру және ұзарту не болмаса осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі – демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұмаға дейін (сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiн түскi асқа үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн, сенбі күні - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін).

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі – демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiн түскi асқа үзiлiспен сағат 9-00-ден 17-30-ға дейiн, сенбі күні - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынатын қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы сауалнама-өтініш;

      2) жеке кіріс салығы бойынша бастапқы төлемді төлегені туралы түбіртек – түпнұсқасы және көшірмесі;

      3) жеке басты куәландыратын құжат – түпнұқасы және анықтамалық деректері бар беттердің және Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар беттің көшірмесі;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген нысан бойынша көші-қон карточкасы;

      5) дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы анықтама – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұпнұсқасы.

      Рұқсатты ұзарту үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон полициясы бөлімшесіне мынадай құжаттарды:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;

      2) еңбекші көшіп келушіге бұрын берілген рұқсатты – түпнұсқасын және көшірмесін;

      3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көшіп келуші арасында жасалған еңбек шартын;

      4) еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағынан шығу үшін қажетті қаражатты көрсете отырып, төлем жасау қабілеттілігін растайтын құжатты – түпнұсқасын және көшірмесін;

      5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес нысан бойынша медициналық анықтаманы;

      6) медициналық сақтандыруды – түпнұсқасын және көшірмесін жеке ұсынады.

      10. Мыналар:

      1) еңбекші көшіп келушіде еңбек шартында көзделген, таңдалған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін сырқатының болуы;

      2) еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрліктің атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электрондық түрде Министрлік басшысының блогына не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегiн, атын, әкесiнiң атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмiрi мен күнiн көрсетедi. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тiркеледi. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi, сондай-ақ берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны және шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Мемлекеттiк көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет берушіге өтініш білдірген кезде оларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктері:

      1) физикалық мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, ғимараттарға кіреберістер пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар;

      2) денсаулық жағдайы бойынша көрсетілетін қызметті берушіге жеке келуіне мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жеріне шыға отырып жүзеге асырады.

      14. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.kz интернет-ресурсында "Iшкi iстер органдарының қызметi туралы" бөлiмде орналастырылады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан ену режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен барысы туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

  "Еңбекші көшіп келушіге
рұқсаттар беру және"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

№ ____________________
ЕҢБЕКШІ КӨШІП КЕЛУШІГЕ РҰҚСАТ

      Тегі ________________________________________________________________

      Аты _________________________________________________________________

      Әкесінің аты ________________________________________________________

      Паспорт № ___________________________________________________________

      Азаматтығы __________________________________________________________

      20__ жылғы "___" _______ бастап 20__ жылғы "___" ________ аралығында

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА ҮЙ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІ РЕТІНДЕ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ.

      Көші-қон полициясының жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә., лауазымы ________________________________ қолы

      Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі

      20___ жылғы "____" ____________ дейін ұзартылды.

      Көші-қон полициясының жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә., лауазымы ________________________________ қолы

      Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі

      20___ жылғы "____" ____________ дейін ұзартылды.

      Көші-қон полициясының жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә., лауазымы ________________________________ қолы

      Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі

      20___ жылғы "____" ____________ дейін ұзартылды.

      Көші-қон полициясының жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә., лауазымы ________________________________ қолы

РҰҚСАТ ҰЛТТЫҚ ПАСПОРТТЫ, КӨШІ-ҚОН КАРТОЧКАСЫН ЖӘНЕ ЕҢБЕК ШАРТЫН
КӨРСЕТКЕН КЕЗДЕ ЖАРАМДЫ

      Көші-қон полициясының жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә., лауазымы ________________________________ қолы

      Рұқсаттың көлемі 176х125 мм.

  "Еңбекші көшіп келушіге
рұқсаттар беру және"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      ________________________ ІІД КҚПБ (б) бастығына

Азамат (азаматтығы) ____________________________

Тегі ___________________________________________

Аты ____________________________________________

Бар болса әкесінің аты _________________________

Туған күні _____________________________________

Туған жері _____________________________________

Ұлттық паспорттың сериясы мен № ________________

_________________

Фото


Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы
сауалнама-өтініш

      Сізден жұмыс беруші – жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй

      жұмыскерлері ретінде жұмыстар атқару (қызметтер көрсету) үшін еңбекші

      көшіп келушіге 1, 2, 3 айға (керек емесінің астын сызыңыз) рұқсат

      беруіңізді/ұзартуыңызды (керек емесінің астын сызыңыз) сұраймын.

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      1. Тұрақты тұратын жерім ______________________________________

      (азаматтығы, тұрақты тұратын жерінің толық мекенжайы, ел,

      облыс, қала, аудан, кент, көше, үйдің нөмірі, телефон, оның ішінде

      ұялы телефон нөмірі көрсетіледі.

      2. Отбасы құрамы ______________________________________________

      (отбасы жағдайы, анықтамалық деректері, жұбайының деректері

      (тегі, аты, және бар болса, әкесінің аты, туған жылы), балаларының

      саны, үй телефоны көрсетіледі.

      3. Шет елдегі ықтимал байланыстары ____________________________

      (күтпеген мән-жайлар туындаған кезде байланысты ықтимал анықтау

      үшін жақын туыстары, олардың байланыстары көрсетіледі).

      4. Қазақстан Республикасындағы туыстары немесе таныстары

      (туыстық дәрежесі, толық мекенжайы, байланыс телефоны, оның ішінде

      ұялы телефоны көрсетіледі.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы (қала,

      аудан, көше, үй, пәтер, телефон, оның ішінде ұялы телефон).

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының көші-қон және салық заңнамасын

      бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Т.А.Ә. қолы

  "Еңбекші көшіп келушіге
рұқсаттар беру және"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

Дактилоскопиядан өткені және суретке түскені туралы
АНЫҚТАМА

      _____________________________________________________ берілді.

      (Т.А.Ә., туған күні)

      Азаматтығы ________________________________ Жынысы __________________

      Тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ішкі істер органының атауы __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Дактилоскопияны өткізген ____________________________________________

      (қызметкердің лауазымы, атағы, Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________________________

      __________________________

      (дактилоскопиялау күні) (қолы)