Көші-қон карточкасын беру қағидаларын бекіту және "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республи

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 133 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 190 қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына тастаудың мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 237-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4885 тіркелген, 2007 жылы 14 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 141 (1170) жарияланған, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 ж., маусым-тамыз) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                             В. Школьник