Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 29 шілдедегі № 573 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 тамызда № 11951 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 65 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.09.2020 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіп кәсіпорындарының және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес магистральдық теміржол желісі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға көрсететін қызметтерінің стандарты;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кәбілдік кәрiздерді мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;

      8) алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес теңіз порты саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;

      10) алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдауды қоспағанда мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
Қ. Өскенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрі

      _____________ В. Школьник

      2015 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 573 бұйрығына
1-қосымша

Электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушы субъектіге еркін үлгіде жазбаша өтініш (өтінім, арыз) жолдайды.

      3. Субъекті тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алуға арналған жазбаша өтінішін (өтінімін, арызын) мәлімделген көлемге не көрсетілетін қызметтерді тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең жағдайлармен қабылдайды.

      4. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъекті тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны және оларға қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынады.

      5. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) 1998 жылғы 9 шілдедегі "Табиғи монополиялар туралы" (бұдан әрі – Заң) және 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес Субъектімен шарт жасаған барлық тұтынушыларға көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізіп ұсыну шеңберінде объектілерді электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беру кезінде қызметті көрсететін субъекті:

      1) қосымша талаптар қою мүмкіндігін болдырмай техникалық шарттардың толық тізбесін белгілейді;

      2) электрмен жабдықтау желілеріне қосуға жазбаша өтінішті (өтінімді, арызды) қарау кезінде тұтынушыдан қосымша материалдар мен ақпаратты сұратпайды.

      7. Өтінімнің қабылданғанын растау Субъектінің кеңсесінде өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсетіп тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      8. Субъекті көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуге және тігілуге тиіс. Көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналында өтінім түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі белгіленеді.

      9. Қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және оның нәтижесін беру Субъектінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      10. Қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      11. Қызметтерді көрсетуге тұтынушылардың өтінімін қабылдау және олардың нәтижесін беру кестесі Субъектінің басшысы не құрылтайшысы бекіткен Субъекті жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардың ақы төлеуі Заңның 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Объектілерді электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу жөніндегі қызметтер үшін төлемақы алынбайды.

      14. Алынған қызмет үшін есеп айырысу тұтынушыларға шарт талаптарына сәйкес коммерциялық есептеу аспаптарының нақты көрсеткіштерінің және тұтынудың өзге де есеп айырысуының негізінде, бірақ есеп айырысудың аванстық әдістерін қоспайтын Субъекті берген төлем құжаты бойынша жүргізіледі.

      15. Субъекті тұтынушылардан реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын сатып алуға және орнатуға уәкілетті органның ведомствосымен келісілген төлемақыны өндіріп алуға құқылы.

      16. Субъекті тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алады және орнатады.

      17. Есептеу аспабы істен шыққан жағдайда, Субъект уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) төлемақы алынады.

      18. Егер қызмет көрсету мерзімі бұзылған және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайда, тұтынушы уәкілетті органның ведомствосының www.kremzk.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша уәкілетті органның ведомствосына шағыммен жүгіне алады.

      Шағым қабылдауды растау уәкілетті органның ведомствосының кеңсесінде шағымды қабылдаушының тегі және аты-жөні (бар болған жағдайда), берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаға – оның тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      заңды тұлғаға – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні, өтінімге қызметті тұтынушының қолы қойылады.

      Уәкілетті органның ведомствосының мекенжайына түскен тұтынушының шағымы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қарауға жатады.

      Егер уәкілетті орган ведомствосының дәлелді жауабымен келіспеген жағдайда тұтынушы оны сотқа шағымдануға құқылы.

      19. Қызметтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 573 бұйрығына
2-қосымша

Топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын
өнеркәсіп кәсіпорындарының және электр станцияларының,
кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана
отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын
өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы
табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер
көрсету стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіп кәсіпорындарының және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.

2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушы субъектіге еркін үлгіде жазбаша өтініш (өтінім, арыз) жолдайды.

      3. Субъекті тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алуға арналған жазбаша өтінішін (өтінімін, арызын) мәлімделген көлемге не көрсетілетін қызметтерді тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең жағдайлармен қабылдайды.

      4. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъекті тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны және оларға қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынады.

      5. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) 1998 жылғы 9 шілдедегі "Табиғи монополиялар туралы" (бұдан әрі – Заң) және 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес Субъектімен шарт жасаған барлық тұтынушыларға көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізіп ұсыну шеңберінде объектілерді жылумен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беру кезінде қызметті көрсететін субъекті:

      1) қосымша талаптар қою мүмкіндігін болдырмай техникалық шарттардың толық тізбесін белгілейді;

      2) жылумен жабдықтау желілеріне қосуға жазбаша өтінішті (өтінімді, арызды) қарау кезінде тұтынушыдан қосымша материалдар мен ақпаратты сұратпайды.

      7. Өтінімнің қабылданғанын растау Субъектінің кеңсесінде өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсетіп тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      8. Субъекті көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуге және тігілуге тиіс. Көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналында өтінім түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі белгіленеді.

      9. Қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және оның нәтижесін беру Субъектінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      10. Қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      11. Қызметтерді көрсетуге тұтынушылардың өтінімін қабылдау және олардың нәтижесін беру кестесі Субъектінің басшысы не құрылтайшысы бекіткен Субъекті жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардың ақы төлеуі Заңның 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Объектілерді жылумен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу жөніндегі қызметтер үшін төлемақы алынбайды.

      14. Алынған қызмет үшін есеп айырысу тұтынушыларға шарт талаптарына сәйкес коммерциялық есептеу аспаптарының нақты көрсеткіштерінің және тұтынудың өзге де есеп айырысуының негізінде, бірақ есеп айырысудың аванстық әдістерін қоспайтын Субъекті берген төлем құжаты бойынша жүргізіледі.

      15. Субъекті тұтынушылардан реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын сатып алуға және орнатуға уәкілетті органның ведомствосымен келісілген төлемақыны өндіріп алуға құқылы.

      16. Субъекті тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алады және орнатады.

      17. Есептеу аспабы істен шыққан жағдайда, Субъект уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) төлемақы алынады.

      18. Егер қызмет көрсету мерзімі бұзылған және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайда, тұтынушы уәкілетті органның ведомствосының www.kremzk.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша уәкілетті органның ведомствосына шағыммен жүгіне алады.

      Шағым қабылдауды растау уәкілетті органның ведомствосының кеңсесінде шағымды қабылдаушының тегі және аты-жөні (бар болған жағдайда), берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаға – оның тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      заңды тұлғаға – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні, өтінімге қызметті тұтынушының қолы қойылады.

      Уәкілетті органның ведомствосының мекенжайына түскен тұтынушының шағымы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қарауға жатады.

      Егер уәкілетті орган ведомствосының дәлелді жауабымен келіспеген жағдайда тұтынушы оны сотқа шағымдануға құқылы.

      19. Қызметтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 573 бұйрығына
3-қосымша

Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - қызмет) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.

2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушы субъектіге еркін үлгіде жазбаша өтініш (өтінім, арыз) жолдайды.

      3. Субъекті тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алуға арналған жазбаша өтінішін (өтінімін, арызын) мәлімделген көлемге не көрсетілетін қызметтерді тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең жағдайлармен қабылдайды.

      4. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъекті тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны және оларға қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынады.

      5. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) 1998 жылғы 9 шілдедегі "Табиғи монополиялар туралы" (бұдан әрі – Заң) және 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес Субъектімен шарт жасаған барлық тұтынушыларға көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін ұсынуға техникалық шарттар беру кезінде сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізіп ұсыну шеңберінде:

      1) қосымша талаптар қою мүмкіндігін болдырмай техникалық шарттардың толық тізбесін белгілейді;

      2) сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру желілеріне қосуға жазбаша өтінішті (өтінімді, арызды) қарау кезінде тұтынушыдан қосымша материалдар мен ақпаратты сұратпайды.

      7. Өтінімнің қабылданғанын растау Субъектінің кеңсесінде өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсетіп тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      8. Субъекті көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуге және тігілуге тиіс. Көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналында өтінім түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі белгіленеді.

      9. Қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және оның нәтижесін беру Субъектінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      10. Қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      11. Қызметтерді көрсетуге тұтынушылардың өтінімін қабылдау және олардың нәтижесін беру кестесі Субъектінің басшысы не құрылтайшысы бекіткен Субъекті жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардың ақы төлеуі Заңның 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Объектілерді сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу жөніндегі қызметтер үшін төлемақы алынбайды.

      14. Алынған қызмет үшін есеп айырысу тұтынушыларға шарт талаптарына сәйкес коммерциялық есептеу аспаптарының нақты көрсеткіштерінің және тұтынудың өзге де есеп айырысуының негізінде, бірақ есеп айырысудың аванстық әдістерін қоспайтын Субъекті берген төлем құжаты бойынша жүргізіледі.

      15. Субъекті тұтынушылардан реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын сатып алуға және орнатуға уәкілетті органның ведомствосымен келісілген төлемақыны өндіріп алуға құқылы.

      16. Субъекті тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алады және орнатады.

      17. Есептеу аспабы істен шыққан жағдайда, Субъект уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) төлемақы алынады.

      18. Егер қызмет көрсету мерзімі бұзылған және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайда, тұтынушы уәкілетті органның ведомствосының www.kremzk.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша уәкілетті органның ведомствосына шағыммен жүгіне алады.

      Шағым қабылдауды растау уәкілетті органның ведомствосының кеңсесінде шағымды қабылдаушының тегі және аты-жөні (бар болған жағдайда), берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаға – оның тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      заңды тұлғаға – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні, өтінімге қызметті тұтынушының қолы қойылады.

      Уәкілетті органның ведомствосының мекенжайына түскен тұтынушының шағымы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қарауға жатады.

      Егер уәкілетті орган ведомствосының дәлелді жауабымен келіспеген жағдайда тұтынушы оны сотқа шағымдануға құқылы.

      19. Қызметтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 573 бұйрығына
4-қосымша

Магистральдық теміржол желісі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Магистральдық теміржол желісі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - қызметтер) Табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.

2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушылар Субъектіге белгіленген нысан бойынша және мерзімде өтінімді, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11257 тіркелген, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығымен бекітілген Магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларына сәйкес құжаттарды жолдайды.

      3. Магистральдық теміржол желiсiн тұтынушылардың өтініштерін Субъекті өтініш түскен күні мен уақытын, сондай-ақ берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, сол күні өтініштерді тіркеу тізіліміне тіркейді. Өтінішті қарау мерзімі мен тәртібі Магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Өтініштерді тіркеуден бас тартуға, сондай-ақ олардың тіркеу нөмірлерін бұрмалауға жол берілмейді.

      5. Магистральдық желідегі орталық басқару және тасымалдау процесін ұйымдастыруды оператор жолаушылар және жүк поездары қозғалысы кестесінің негізінде жүзеге асырады. Поездар қозғалысы кестесін әзірлеу кезінде магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес кезек сақталады.

      6. Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардың ақы төлеуі 1998 жылғы 9 шілдедегі "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Алынған қызмет үшін есеп айырысу тұтынушыларға шарт талаптарына сәйкес тұтыну есебі бойынша жүргізіледі.

      8. Егер қызмет көрсету мерзімі бұзылған және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайда, тұтынушы уәкілетті органның ведомствосының www.kremzk.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша уәкілетті органның ведомствосына шағыммен жүгіне алады.

      Шағым қабылдауды растау уәкілетті органның ведомствосының кеңсесінде шағымды қабылдаушының тегі және аты-жөні (бар болған жағдайда), берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаға – оның тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      заңды тұлғаға – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні, өтінімге қызметті тұтынушының қолы қойылады.

      Уәкілетті органның ведомствосының мекенжайына түскен тұтынушының шағымы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қарауға жатады.

      Егер уәкілетті орган ведомствосының дәлелді жауабымен келіспеген жағдайда тұтынушы оны сотқа шағымдануға құқылы.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 573 бұйрығына
5-қосымша

Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы
табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер
көрсету стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - қызметтер) Табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.

2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Тұтынушылар кірме жолдарды қозғалыс қауіпсіздігін, техникалық құралдарды және жылжымалы құрамды қамтамасыз ету жағдайы кезінде 1998 жылғы 9 шілдедегі "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) үлгі шарттардың негізінде пайдаланады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кірме жолдар қызметтерін пайдалану құқығын алу үшін тұтынушылар Субъектіге екі данада жазбаша өтінім жолдайды. Өтінімді Субъект өтінім түскен күні мен уақытын көрсете отырып, тіркейді, бұл ретте тіркелген өтінімнің мөртабан қойылған бір данасы тұтынушыға беріледі.

      4. Субъекті кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуге және тігілуге тиіс. кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналында өтінім түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі белгіленеді.

      5. Өтініштерді тіркеуден бас тартуға, түсу күні мен уақытын, сондай-ақ олардың тіркеу нөмірлерін бұрмалауға жол берілмейді.

      6. Субъект өтінімдерді олардың түсуінің бірізділігіне, тиісті кезектілігіне қарай 5 сағат ішінде қарайды.

      7. Бір мезгілде қанағаттандыру кірме жолдың өткізу қабілетімен шектелген бірнеше өтінім бір күнде келіп түскен кезде реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тұтынушының жазбаша хабарламасымен өтінім түскен сәттен бастап 7 сағат ішінде кірме жолдың техникалық және технологиялық мүмкіндігіне қарай пропорционалды мәлімделген көлемдердің орташа есептелген принциппен жүзеге асырылады.

      8. Тұтынушы қызметтен бас тартқан жағдайда Субъект өтінім берген тұтынушыға кезектілігі бойынша қызмет көрсетеді.

      9. Егер қызмет көрсету мерзімі бұзылған және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайда, тұтынушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) www.kremzk.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша шағыммен жүгінеді.

      Шағым қабылдауды растау уәкілетті органның ведомствосының кеңсесінде шағымды қабылдаушының тегі және аты-жөні (бар болған жағдайда), берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаға – оның тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      заңды тұлғаға – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні, өтінімге қызметті тұтынушының қолы қойылады.

      Уәкілетті органның ведомствосының мекенжайына түскен тұтынушының шағымы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қарауға жатады.

      Егер уәкілетті орган ведомствосының дәлелді жауабымен келіспеген жағдайда тұтынушы оны сотқа шағымдануға құқылы.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қызметтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 573 бұйрығына
6-қосымша

Кәбілдік кәрiздерді мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы
табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Кәбілдік кәрiздерді мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін тәртіпті және жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.

2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушы Субъектіге еркін үлгіде өтініш (бұдан әрі - өтініш) жолдайды.

      3. Тұтынушылардың өтініштері мәлімделген көлемге немесе осы саладағы көрсетілетін қызметтерді тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең жағдайлармен қабылданады.

      4. Өтініш жазбаша түрде екі данада ресімделеді, тіркеу нөмірі, күні, өтініштің келіп түсу уақыты бар олардың бірі тұтынушыда қалады.

      5. Субъекті өтініштерді тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуге және тігілуге тиіс. Өтініштерді тіркеу журналында өтініш түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі белгіленеді.

      6. Келіп түскен өтініштерді қабылдаудан бас тартуға, күні мен уақытын, сондай-ақ оның тіркеу нөмірін бұрмалауға жол берілмейді.

      7. Субъекті өтініштерді қарауды келіп түсудің тиісті кезеңділігіне сәйкес бірізділікпен күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      8. Тұтынушы реттеліп көрсетілетін қызметтен бас тартқан жағдайда, Субъекті кезегі бойынша өтініш берген байланыс операторына тиісті қызметтерді көрсетеді.

      9. Егер қызмет көрсету мерзімі бұзылған және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайда, тұтынушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) www.kremzk.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша шағыммен жүгінеді.

      Шағым қабылдауды растау уәкілетті органның ведомствосының кеңсесінде шағымды қабылдаушының тегі және аты-жөні (бар болған жағдайда), берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаға – оның тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      заңды тұлғаға – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні, өтінімге қызметті тұтынушының қолы қойылады.

      Уәкілетті органның ведомствасының мекенжайына түскен тұтынушының шағымы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мерзімге қарауға жатады.

      Егер уәкілетті орган ведомствосының дәлелді жауабымен келіспеген жағдайда тұтынушы оны сотқа шағымдануға құқылы.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 573 бұйрығына
7-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау
мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық
газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және
(немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық
резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды
жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи
монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету
стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуінің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.

2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушы Субъектіге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларының (бұдан әрі - Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары) 71-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды қоса бере отырып, еркін үлгіде жазбаша өтініш (өтінім, арыз) жолдайды.

      3. Субъекті тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алуға арналған жазбаша өтінішін (өтінімін, арызын) мәлімделген көлемге немесе осы саладағы көрсетілетін қызметтерді тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең жағдайлармен қабылдайды.

      4. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъекті тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны және оларға қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынады.

      5. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) 1998 жылғы 9 шілдедегі "Табиғи монополиялар туралы" (бұдан әрі – Заң) және 2012 жылғы 9 қаңтардағы "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес Субъектімен шарт жасаған барлық тұтынушыларға көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тең қол жеткізуді ұсыну шеңберінде объектілерді электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беру кезінде қызметтерді көрсететін субъекті:

      1) қосымша талаптар қою мүмкіндігін болдырмай техникалық шарттардың толық тізбесін белгілейді;

      2) объектілерді электрмен жабдықтау желілеріне қосуға жазбаша өтінішті (өтінімді, арызды) қарау кезінде тұтынушыдан қосымша материалдар мен ақпаратты сұратпайды.

      7. Өтінімнің қабылданғанын растау Субъектінің кеңсесінде өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсетіп тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      8. Субъекті көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуге және тігілуге тиіс. Көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналында өтінім түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі белгіленеді.

      9. Қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және оның нәтижесін беру Субъектінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      10. Қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      11. Қызметтерді көрсетуге тұтынушылардың өтінімін қабылдау және олардың нәтижесін беру кестесі Субъектінің басшысы немесе құрылтайшысы бекіткен Субъекті жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардың ақы төлеуі Заңының 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Объектілерді газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу жөніндегі қызметтер үшін төлемақы алынбайды.

      14. Егер қызмет көрсету мерзімі бұзылған және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайда, тұтынушы уәкілетті органның ведомствосының www.kremzk.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша уәкілетті органның ведомствосына шағыммен жүгіне алады.

      Шағым қабылдауды растау уәкілетті орган ведомствосының кеңсесінде шағымды қабылдаушының тегі және аты-жөні (бар болған жағдайда), берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаға – оның тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      заңды тұлғаға – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні, өтінімге қызметті тұтынушының қолы қойылады.

      Уәкілетті органның ведомствосының мекенжайына түскен тұтынушының шағымы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қарауға жатады.

      Егер уәкілетті органның ведомствосының дәлелді жауабымен келіспеген жағдайда тұтынушы оны сотқа шағымдануға құқылы.

      15. Қызметтер Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 573 бұйрығына
8-қосымша

Әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің
тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 573 бұйрығына
9-қосымша

Теңіз порты саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің
тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Теңіз порты саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуінің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.

2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушы Субъектіге еркін үлгіде жазбаша өтініш (өтінім, арыз) жолдайды.

      3. Субъекті тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алуға арналған жазбаша өтінішін (өтінімін, арызын) мәлімделген көлемге немесе осы саладағы көрсетілетін қызметтерді тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең жағдайлармен қабылдайды.

      4. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъекті тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны және оларға қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынады.

      5. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) 1998 жылғы 9 шілдедегі "Табиғи монополиялар туралы" (бұдан әрі – Заң) және 2002 жылғы 17 қаңтардағы "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес Субъектімен шарт жасаған барлық тұтынушыларға көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Өтінімнің қабылданғанын растау Субъектінің кеңсесінде өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсетіп тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      7. Субъекті көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуге және тігілуге тиіс. Көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналында өтінім түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі белгіленеді.

      8. Қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және оның нәтижесін беру Субъектінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      9. Қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      10. Қызметтерді көрсетуге тұтынушылардың өтінімін қабылдау және олардың нәтижесін беру кестесі Субъектінің басшысы немесе құрылтайшысы бекіткен Субъекті жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардың ақы төлеуі Заңның 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Алынған қызмет үшін есеп айырысуды тұтынушы шарт талаптарына сәйкес тұтыну есебі бойынша жүргізіледі.

      13. Егер қызмет көрсету мерзімі бұзылған және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайда, тұтынушы уәкілетті органның ведомствосының www.kremzk.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша уәкілетті органның ведомствосына шағыммен жүгіне алады.

      Шағым қабылдауды растау уәкілетті орган ведомствосының кеңсесінде шағымды қабылдаушының тегі және аты-жөні (бар болған жағдайда), берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаға – оның тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      заңды тұлғаға – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні, өтінімге қызметті тұтынушының қолы қойылады.

      Уәкілетті орган ведомствосының мекенжайына түскен тұтынушының шағымы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қарауға жатады.

      Егер уәкілетті орган ведомствосының дәлелді жауабымен келіспеген жағдайда тұтынушы оны сотқа шағымдануға құқылы.

      14. Көрсетілетін қызметтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 573 бұйрығына
10-қосымша

Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 573 бұйрығына
11-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау
мақсатында мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық
құбыржолдары арқылы тасымалдауды қоспағанда, мұнай және
(немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы
тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің
тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдауды қоспағанда, мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуінің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.

2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушы Субъектіге еркін үлгіде жазбаша өтініш (өтінім, арыз) жолдайды.

      3. Субъекті тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алуға арналған жазбаша өтінішін (өтінімін, арызын) мәлімделген көлемге немесе осы саладағы көрсетілетін қызметтерді тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең жағдайлармен қабылдайды.

      4. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъекті тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны және оларға қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынады.

      5. Өтінімнің қабылданғанын растау Субъектінің кеңсесінде өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсетіп тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      6. Субъекті көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуге және тігілуге тиіс. Көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналында өтінім түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі белгіленеді.

      7. Қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және оның нәтижесін беру Субъектінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      9. Қызметтерді көрсетуге тұтынушылардың өтінімін қабылдау және олардың нәтижесін беру кестесі Субъектінің басшысы немесе құрылтайшысы бекіткен Субъекті жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Тұтынушылардың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 болып тіркелген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларында айқындалған талаптарды сақтауы 1998 жылғы 9 шілдедегі "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес үлгі шарттар негізінде әзірленген субъектілер мен тұтынушылар арасындағы қызметтер көрсетуге арналған шарттарды жасасу үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.