Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 17934 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 19 наурыздағы № 91-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3530 болып тіркелген, № 19 "Ресми газетте" 2005 жылғы 7 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-1) және 5-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету қағидалары "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгертіліп, нәтижесінде табиғи монополия субъектісі шығындарының құны ұлғайған немесе барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін төмендеткен жағдайда барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру тәртібін белгілейді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету тәртібі";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көтерілетін немесе төмендетілетін тарифінің (бағасының, алым ставкасының) немесе оның шекті деңгейінің мөлшері қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін қажетті шығындар құнынан төмен болмауға тиіс және табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігін ескеруге тиіс:

      1) барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін көтеру Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда жүзеге асырылады;

      2) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін төмендету мынадай жағдайларда:

      көрсетіліп отырған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері ұлғайған;

      субъектiнiң нақты шығындары қысқарған;

      табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субъектілер жүзеге асыратын қызметтердiң өзге де түрлерінен едәуір табыстар алған;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.

      Инвестициялық бағдарламаның есебінен тарифтік сметаның щығынды бөлігі азайған жағдайда, табиғи монополия субъектісі тарифтің немесе оның шекті деңгейін төмендеткеннен кейін инвестициялық бағдарламаны түзете алады.

      4. Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету:

      1) инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаны орындамауға;

      2) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасын төмендетуге, сондай-ақ санын шектеуге;

      3) тұтынушылардың құқықтарына нұқсан келтіруге негіз болмайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Субъект ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеруді енгізгенге дейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей немесе төмендетуді енгізгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін көтеру немесе төмендету туралы қабылданған шешімді уәкiлеттi органға жолдайды.

      Бұл ретте, Субъект ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін көтеру туралы шешіммен бірге уәкiлеттi органға ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін көтеру мүмкiндiгiн растайтын есептемелер мен негiздейтiн құжаттарды, ал тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін төмендету кезінде Субъект ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін төмендету есептемесін жолдайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Субъект тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру не төмендету туралы ақпаратты қолданысқа енгізілгенге дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірмей тұтынушылардың назарына жеткізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі