Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 қыркүйекте № 21297 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) "Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 573 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11951 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 25 қыркүйекте жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 99 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17934 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі