"Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына өзгеріс енгі

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 қаңтарда № 37819 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      56-1 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-1. Осы Қағидалардың 51 тармағының екінші бөлігінің және 54 тармағының талаптары:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына жүктерді тасымалдауды отандық рұқсаттардың түпнұсқасын немесе алдыңғы тасымалдаушының отандық рұқсатының көшірмесін бере отырып, үзбелі бөліктің түпнұсқасын ұсынған кезде қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) тартқышты ауыстыру (қайта тіркеу) арқылы бірнеше тасымалдаушы дәйекті түрде орындаған жағдайда;

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына жүктерді тасымалдауды отандық рұқсаттардың түпнұсқасын немесе алдыңғы тасымалдаушының отандық рұқсатының көшірмесін бере отырып, үзбелі бөліктің түпнұсқасын ұсынған кезде қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) тартқышты ауыстыру (қайта тіркеу) арқылы бірнеше тасымалдаушы дәйекті түрде, бірақ Еуразиялық экономикалық одақ аумағының шегінен тыс қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) тартқышты ауыстыру (қайта тіркеу) арқылы жүзеге асырған жағдайда қолданылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және Қағидалардың 56-1-тармағы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі