"Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу т

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 753 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 қаңтарда № 31607 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-19) тармақшасына және "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) теңіз жағалауындағы суда, ішкі су жолдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа су қоймаларында пайдалану тәртібін айқындайды және жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ дара кәсіпкерлерге қолданылады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      18-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      21-тармақ алып тасталсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Өртке қарсы құралдар жарамды жай-күйде және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарында көзделген көлемде ұсталады.";

      24-тармақ алып тасталсын;

      26-тармақ алып тасталсын;

      29, 30 және 31-тармақтар алып тасталсын;

      33-тармақ алып тасталсын;

      36 және 37-тармақтар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі