"Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 207-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 228-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5957 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығымен

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 8 мамырдағы N 64-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:
       реттік нөмірі 1-жолдың 5-бағанындағы "2009 жылғы мамыр" деген сөздер "2010 жылғы шілде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Премьер-Министр                                 К. Мәсімов