Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2018 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2017 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 319-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2017 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыз № 206 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктері
Ескерту. Ерекшеліктердің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2017 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарларды кедендік транзитінің ерекшеліктері (бұдан әрі – Кедендік транзиттің ерекшеліктері) 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 319-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Кодекстің 319-бабының 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктерін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2017 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Кедендік транзиттің ерекшеліктерінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жөнелтуші кеден органы – тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органы және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өзге кеден органы;
2) межелі кеден органы – қызмет өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтайтын мемлекеттік кірістер органы және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өзге де кеден органы;
3) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік төлемдер мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды, Қазақстан Республикасының заңдарымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;
4) тасымалдаушы – тауарларды және (немесе) жолаушыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға;
5) тауар партиясы - бір немесе бірнеше көліктік (тасымалдау) құжаттары бойынша бір жөнелтушіден бір алушының мекенжайына тасымалданатын тауарлар;
6) уәкілетті экономикалық оператор (бұдан әрі - УЭО) – Кодекстің 65-бабымен қарастырылған арнайы оңайлатуларды пайдаланатын Кодекстің 62-бабында көрсетілген жағдайларға жауап беретін заңды тұлға.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2017 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. УЭО-нің орналасқан жеріне көлік құралы кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін келгеннен кейін, УЭО үш сағаттан кешіктірмей, ал егер тауарлар межелі кеден органының белгіленген жұмыс уақытынан тыс келген жағдайда – осы органының жұмысы басталғаннан кейін үш сағаттан кешіктірмей кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару үшін қажетті Кодекстің 298-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардың не тауарларға арналған декларацияның немесе Кодекстің 291-бабына сәйкес тауарлардың алдын ала кедендік декларациялауын қолдану кезінде тауарларға арнаған декларацияны түзетудің электрондық нысанын табыс етеді.
Межелі кеден органына электрондық құжаттарды ұсыну декларациялау, бақылау мен кедендік декларацияны есепке алу, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесетін бағдарламалық өнімді міндетті түрде қолданумен автоматтандырылған жүйелер арқылы жүзеге асырылады.
Кірістердің межелі кеден органының техникалық себептеріне байланысты электрондық құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, құжаттардың қағаз даналарын ұсыну жолымен хабардар етіледі.
4. Егер осы Кедендік транзит ерекшелігінің 3-тармағына сәйкес УЭО құжаттар мен мәліметтер алынған сәттен бастап бес сағаттан аспайтын мерзімде, межелі кеден органы кедендік тексеріп қарауды жүргізу ниетіне байланысты сәйкестендіру құралдарының алуына тыйым, сондай-ақ салынған сәйкестендіру құралдарының бар болуы және тұтастығы туралы хабарламаған жағдайда, онда сәйкестендіру құралдарын алып тастауға межелі кеден органының рұқсаты алынған болып саналады. Одан кейін УЭО сәйкестендіру құралдарын алады және тауарларды түсіреді.
УЭО-ның тасымалдаушыдан тауарларды қабылдау фактісі көліктік және (немесе) тауарға ілеспе құжаттарда тауарларды қабылдау күні мен уақыты туралы тиісті белгілерді қою жолымен расталады.
Белгілер қойылғаннан кейін УЭО электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған тасымадаушыдан тауарларды қабылдаудың күні мен уақыты туралы хабарламаға мемлекеттік кірістер органына жолдайды.
Осы тармақпен белгіленген тәртіпте УЭО кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдаушыға беруді межелі кеден органының рұқсатын алмай-ақ жүзеге асырады.
5. Межелі кеден органына жолданған хабарламада көрсетілген тасымалдаушыдан тауарларды қабылдап алған сәттен бастап, олар межелі кеден органы шығарған тауарлар болып саналады.
Тауарларды шығару күнінен бастап УЭО-да Кодекстің 298-бабының 2-тармағымен көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме туындайды.
6. Егер УЭО-ның орналасқан жеріне көлік құралы келген сәтіне алдын ала кедендік декларациялауды қолдану кезінде кедендік декларацияға жетпей тұрған мәліметтер енгізілмеген және (немесе) тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленбеген не мемлекеттік кірістер органы Кедендік транзит ерекшеліктерінің 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде УЭО Кодекстің 298-бабының 1-тармағына сәйкес берілген құжаттарда тауарларды шығару үшін қажетті мәліметтердің болмауы туралы электрондық хабарлама жолдаған жағдайда, сәйкестендіру құралдарын алғаннан және мұндай тауарларды түсіргеннен кейін олар уақытша сақтаудағы тауарлардың мәртебесіне иеленеді, және кедендік бақылау аймағында сақталады.
7. Үй-жайларда, ашық алаңдарда немесе УЭО-ның өзге аумақтарында, уақытша сақтау қоймасына немесе кедендік бақылаудың өзге аймағына тауарлар мен көлік құралдарын орналастырмастан, УЭО тауарларды шығару шарттарын орындағанға дейін кедендік бақылау аймағы (бұдан әрі – кедендік бақылау аймағы) құрылады.
Кедендік бақылау аймақтарының шегі Кодекстің 186-бабына сәйкес айқындалады және белгіленеді.
УЭО кедендік бақылау аймағына кіруге рұқсат ету тәртібін қамтамасыз етеді.
8. Егер Кедендік транзит ерекшеліктерінің 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде, межелі кеден органы УЭО-ны тауарлардың тексеруін (соның ішінде кедендік тексеріп қарау), көлік құралының кедендік қарап тексеруін және (немесе) сәйкестендіру құралдарының сақталуына көз жеткізгісі келетіні туралы хабарласа, онда мұндай әрекеттерді межелі кеден органы жүргізеді.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттер басталғанға дейін, сәйкестендіру құралдары алынады, ал тауарлар межелі кеден органының рұқсатымен ғана түсіріледі.
Кедендік тексеріп қарау мен кедендік қарап тексеру кедендік бақылау аймағында жүргізіледі.
9. УЭО тасымалдаушыдан тауарларды қабылдауын растағаннан кейін көліктік және (немесе) тауарға ілеспе құжаттарда тиісті белгілерді қою жолымен тасымалдаушы, УЭО белгілері бар жоғарыда көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ транзиттік декларацияны ұсына отырып, кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін межелі кеден органына келеді.
Кедендік транзит кедендік рәсімі Кодекстің 329-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес аяқталады.
10. Шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына келу орнынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орындарына кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданған жағдайда, бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының атына бірнеше көліктік (тасымалдау) құжаттары бойынша тасымалданатын болса, жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімінің декларантынан барлық тауар партияларына бір транзиттік декларацияны қабылдайды.
Ескерту. Ерекшеліктер 10-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2017 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына келу орнынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орындарына кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданған жағдайда, жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде, халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен тасымалданатын шетелдік тауарларға қатысты тек мынадай:
1) тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымы болған (бұдан әрі - ТБЖ);
2) халықаралық тасымалдау көлік құралында тасымалданатын тауарға санкциясыз кірудің белгілері болған;
3) мемлекеттік кірістер органында осы тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып тасымалдануда екені туралы жедел ақпарат болған жағдайларда ғана кедендік тексеріп қарауды жүргізуге жол беріледі.
Ескерту. Ерекшеліктер 11-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2017 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Шетелдік тауарларды бір елді мекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде орналасқан мемлекеттік кірістер органынан уақытша сақтау орнына дейін тасымалдаған жағдайда, мұндай тауарларды тасымалдау кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырусыз жүзеге асырылады, егер тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындауда осындайды қолдану керек.
Ескерту. Ерекшеліктер 12-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2017 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына келу орындарынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орындарына немесе шетелдік тауарларды өткізу бір ішкі мемлекеттік кірістер органынан басқа мемлекеттік кірістер органына ТБЖ ұсынымы негізінде кедендік алып жүру туралы шешім қабылданған жағдайда байланыс арналары бойынша дабыл беру арқылы көлік құралының орналасқан жерін айқындуға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесі техникалық жабдығын көлік құралына орнату жолымен кедендік алып жүруді жүзеге асыруға жол беріледі.
Ескерту. Ерекшеліктер 13-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2017 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.