«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 319-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктерін бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 наурыз
№ 206 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктері
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктері (бұдан әрі – Кедендік транзиттің ерекшеліктері) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 319-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және уәкілетті экономикалық оператор үшін Кодекстің 319-бабының 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктерін айқындайды.
2. Осы Кедендік транзиттің ерекшеліктерінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жөнелтуші кеден органы – тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;
2) межелі кеден органы – қызмет өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтайтын мемлекеттік кірістер органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге де кеден органы;
3) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік төлемдер мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды, Қазақстан Республикасының заңдарымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;
4) тасымалдаушы – тауарларды және (немесе) жолаушыларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды және (немесе) Кеден одағының кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға;
5) уәкілетті экономикалық оператор (бұдан әрі - УЭО) – Кодекстің 65-бабымен қарастырылған арнайы оңайлатуларды пайдаланатын Кодекстің 62-бабында көрсетілген жағдайларға жауап беретін заңды тұлға.
3. УЭО-нің орналасқан жеріне көлік құралы кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін келгеннен кейін, УЭО үш сағаттан кешіктірмей, ал егер тауарлар межелі кеден органының белгіленген жұмыс уақытынан тыс келген жағдайда – осы органының жұмысы басталғаннан кейін үш сағаттан кешіктірмей кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару үшін қажетті Кодекстің 298-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардың не тауарларға арналған декларацияның немесе Кодекстің 291-бабына сәйкес тауарлардың алдын ала кедендік декларациялауын қолдану кезінде тауарларға арнаған декларацияны түзетудің электрондық нысанын табыс етеді.
Межелі кеден органына электрондық құжаттарды ұсыну декларациялау, бақылау мен кедендік декларацияны есепке алу, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесетін бағдарламалық өнімді міндетті түрде қолданумен автоматтандырылған жүйелер арқылы жүзеге асырылады.
Кірістердің межелі кеден органының техникалық себептеріне байланысты электрондық құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, құжаттардың қағаз даналарын ұсыну жолымен хабардар етіледі.
4. Егер осы Кедендік транзит ерекшелігінің 3-тармағына сәйкес УЭО құжаттар мен мәліметтер алынған сәттен бастап бес сағаттан аспайтын мерзімде, межелі кеден органы кедендік тексеріп қарауды жүргізу ниетіне байланысты сәйкестендіру құралдарының алуына тыйым, сондай-ақ салынған сәйкестендіру құралдарының бар болуы және тұтастығы туралы хабарламаған жағдайда, онда сәйкестендіру құралдарын алып тастауға межелі кеден органының рұқсаты алынған болып саналады. Одан кейін УЭО сәйкестендіру құралдарын алады және тауарларды түсіреді.
УЭО-ның тасымалдаушыдан тауарларды қабылдау фактісі көліктік және (немесе) тауарға ілеспе құжаттарда тауарларды қабылдау күні мен уақыты туралы тиісті белгілерді қою жолымен расталады.
Белгілер қойылғаннан кейін УЭО электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған тасымадаушыдан тауарларды қабылдаудың күні мен уақыты туралы хабарламаға мемлекеттік кірістер органына жолдайды.
Осы тармақпен белгіленген тәртіпте УЭО кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдаушыға беруді межелі кеден органының рұқсатын алмай-ақ жүзеге асырады.
5. Межелі кеден органына жолданған хабарламада көрсетілген тасымалдаушыдан тауарларды қабылдап алған сәттен бастап, олар межелі кеден органы шығарған тауарлар болып саналады.
Тауарларды шығару күнінен бастап УЭО-да Кодекстің 298-бабының 2-тармағымен көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме туындайды.
6. Егер УЭО-ның орналасқан жеріне көлік құралы келген сәтіне алдын ала кедендік декларациялауды қолдану кезінде кедендік декларацияға жетпей тұрған мәліметтер енгізілмеген және (немесе) тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленбеген не мемлекеттік кірістер органы Кедендік транзит ерекшеліктерінің 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде УЭО Кодекстің 298-бабының 1-тармағына сәйкес берілген құжаттарда тауарларды шығару үшін қажетті мәліметтердің болмауы туралы электрондық хабарлама жолдаған жағдайда, сәйкестендіру құралдарын алғаннан және мұндай тауарларды түсіргеннен кейін олар уақытша сақтаудағы тауарлардың мәртебесіне иеленеді, және кедендік бақылау аймағында сақталады.
7. Үй-жайларда, ашық алаңдарда немесе УЭО-ның өзге аумақтарында, уақытша сақтау қоймасына немесе кедендік бақылаудың өзге аймағына тауарлар мен көлік құралдарын орналастырмастан, УЭО тауарларды шығару шарттарын орындағанға дейін кедендік бақылау аймағы (бұдан әрі – кедендік бақылау аймағы) құрылады.
Кедендік бақылау аймақтарының шегі Кодекстің 186-бабына сәйкес айқындалады және белгіленеді.
УЭО кедендік бақылау аймағына кіруге рұқсат ету тәртібін қамтамасыз етеді.
8. Егер Кедендік транзит ерекшеліктерінің 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде, межелі кеден органы УЭО-ны тауарлардың тексеруін (соның ішінде кедендік тексеріп қарау), көлік құралының кедендік қарап тексеруін және (немесе) сәйкестендіру құралдарының сақталуына көз жеткізгісі келетіні туралы хабарласа, онда мұндай әрекеттерді межелі кеден органы жүргізеді.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттер басталғанға дейін, сәйкестендіру құралдары алынады, ал тауарлар межелі кеден органының рұқсатымен ғана түсіріледі.
Кедендік тексеріп қарау мен кедендік қарап тексеру кедендік бақылау аймағында жүргізіледі.
9. УЭО тасымалдаушыдан тауарларды қабылдауын растағаннан кейін көліктік және (немесе) тауарға ілеспе құжаттарда тиісті белгілерді қою жолымен тасымалдаушы, УЭО белгілері бар жоғарыда көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ транзиттік декларацияны ұсына отырып, кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін межелі кеден органына келеді.
Кедендік транзит кедендік рәсімі Кодекстің 329-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес аяқталады.