Өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 сәуірде № 10767 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 548 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 № 548 бұйрығымен.

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидалары бекітілсін.
      2. «Өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 3 наурыздағы № 49-НҚ бұйрығының, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9296 тіркелген, 2014 жылғы 20 тамыздағы № 161 (27782) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы № 222
бұйрығымен бекітілген    

Өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда,
табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік
санын бекіту қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидалар өңірлік электр желілік компанияларды қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекітуге өтінімдерді ұсыну, қарау және оларды бекіту тәртібін анықтайды.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
      өтінім – табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органның ведомствосына табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын бекіту туралы ресми өтініші (арыз);
      уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополияр салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
      4. Табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі – Субъект) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімді беру алдындағы Субъектінің нормативтік санды бекітуге өтінім беру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті органның ведомствосы нормативтік санды үлгі нормативтік санның (еңбек нормалары) қолданыс мерзімінен аспайтын кезеңге бекітеді.

2. Персоналдың нормативтік санын бекітуге арналған өтінімді ұсыну тәртібі

      5. Субъект уәкілетті органның ведомствосына реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қарау және бекіту кезінде қолданылатын персоналдың нормативтік санын (бұдан әрі – өтінім) бекітуге арналған өтінімді осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
      6. Өтінімге:
      1) ұсынылатын материалдардың тізбесімен Субъектінің ресми бланкісіндегі ілеспе хат;
      2) персоналдың нормативтік санының есебін негіздейтін материалдар (персоналдың нормативтік санын анықтауға қажетті есептер, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге байланысты жабдықтың тізбесі және оның сипаттамалары);
      3) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оның ішінде электронды түрде жасалған филиалдар, өкілдіктер және (немесе) Субъектінің құрылымдық бөлімшелері және персоналдың (өндірістік персоналдың, әкімшілік персоналдың, сондай-ақ шаруашылықтар мен өндірістерде қызмет көрсетумен айналысатын персоналдың) санаттары бойынша жоспарланып отырған, өткен жылғы, сондай-ақ ағымдағы кезең және өткен екі және одан астам жыл ішінде персоналдың нормативтік саны және өткен кезеңге бұрын бекітілген нормативтік саны деректерінің жиынтық кестесі;
      4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117 бабының екінші бөлігіне және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4866 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 166-ө бұйрығымен бекітілген Тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесіне сәйкес тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдарымен еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсу бойынша бекітілген персоналдың нормативтік санының есептерінің негізінде қабылданатын санның үлгі нормативтері;
      5) «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес бекітілген ағымдағы жыл және өткен екі және одан астам жыл ішіндегі (1-т нысаны) еңбек жөніндегі есеп қоса беріледі. Жаңадан құрылған Субъектілер үшін – Субъектінің заңды тұлға ретінде құрылған сәтінен бастап жұмыс кезеңіндегі еңбек жөніндегі есебі.
      7. Өтінімге қоса берілетін есептер және өтінімнің негіздеуші материалдары тігіледі, нөмірленеді, Субъект бірінші басшысының, не оны алмастыратын тұлғаның (бірінші басшының міндеттерін жүктеу туралы Субъектінің бұйрығы көшірмесіне қоса бере отырып) мөрімен және қолымен расталады.
      8. Уәкілетті органның ведомствосы өтінімді алған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және Субъектіге өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы немесе оны қабылдаудан дәлелді бас тартылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды және ақпараттарды ұсынбау немесе толық емес көлемде ұсыну;
      2) осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарын бұза отырып құжаттарды ұсыну.
      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартылған жағдайда, Субъект өтініммен уәкілетті органның ведомствосына қайта өтініш жасайды.

3. Өтінімді қарау және персоналдың нормативтік санын бекіту тәртібі

      10. Өтінімді уәкілетті органның ведомствосы күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Өтінімді қарау мерзімі уәкілетті органның ведомствосына өтінім түскен күнінен бастап есептеледі.
      11. Уәкілетті органның ведомствосы персоналдың нормативтік санын ұсынылатын немесе қолданыстағы деңгейін Субъект ұсынған есептердің нормативтік саны есебін негіздейтін сан мен материалдардың үлгі нормативтерін талдау негізінде түзетулер жасайды.
      12. Субъекті персоналының нормативтік санын бекіту туралы уәкілетті органның ведомствосының шешімі уәкілетті органның ведомствосының бұйрығымен ресімделеді.

Өңірлік электр желісі 
компаниясын қоспағанда,
табиғи монополиялар  
субъектілері персоналының
нормативтік санын бекіту
қағидаларына     
қосымша       

Нысан

Ағымдағы және өткен кезеңдерге арналған нормативтік
және нақты санның жиынтық кестесі


Жоспарланып отырған нормативтік саны

Реттеліп көрсетілетін қызметтер түрі

Өндірістік персонал

Әкімшілік персонал

Өндірістерде және шаруашылықтарда қызмет көрсетумен айналысатын персонал

1

2

3

4

Бұрын бекітілген персоналдың нормативтік сан

Өткен кезеңге

Өндірістік персонал

Әкімшілік персонал

Өндірістерде және шаруашылықтарда қызмет көрсетумен айналысатын персонал

5

6

7

Нақты саны

Ағымдағы жылға

Өндірістік персонал

Әкімшілік персонал

Өндірістерде және шаруашылықтарда қызмет көрсетумен айналысатын персонал

8

9

10

Нақты саны

Өткен екі және одан астам жыл

Өндіріс тік персонал

Әкімшілік персонал

Өндірістерде және шаруашылықтарда қызмет көрсетумен айналысатын персонал

Өндірістік персонал


Әкім шілік персонал

Өндірістерде және шаруашылықтарда қызмет көрсетумен айналысатын персонал

11

12

13

14


15

16