РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) күнтізбелік бес күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың қосымшасының 1-тармағын қоспағанда, оның қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мамытбеков
2015 жылғы ____ __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы ____ __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________ В. Школьник
2015 жылғы ____ __________
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 548 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10990 тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. «Өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 222 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10767 тіркелген, 2015 жылғы 29 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. «Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 193 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10393 тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).