Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 26/223 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 2892 болып тіркелді.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Қоса берiлiп отырған Шет ауданының Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

А. Қызылов

Аудандық мәслихаттың


хатшысы

Ә. Смағұлұлы



Шет аудандық мәслихатының
2014 жылғы 25 қарашадағы
ХХVI сессиясының
№26/223 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы

      1. Осы Шет ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және Шет ауданында тұрғылықты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.04.2021 № 4/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электорондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Респуликасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша облыстардағы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы статистика органдары есептейтін облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      8) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.04.2021 № 4/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.

      4. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңында және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.04.2021 № 4/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімі (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шет ауданының әкімдігі бекіткен ережелердің негізінде жүзеге асырады.

      7. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні -15 ақпан;

      2) Чернобыль атомдық электростанциясындағы апат күні-26 сәуір;

      3) Жеңіс күні - 9 мамыр;

      4) Астана күні – 6 шілде;

      5) Қазақстан Республикасының Конституция күні -30 тамыз;

      6) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 03.09.2019 № 32/283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.04.2021 № 4/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.04.2021 № 4/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылар тізбесі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      2) "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен наградталған адамдар;

      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар;

      4) ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері;

      5) ҰОС жылдары кемінде алты ай жұмыс істеген адамдар;

      6) Ауған соғысына қатысқандар;

      7) Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқандар;

      8) мүгедек балалар;

      9) жетім балалар;

      10) жетпіс бес жас және одан жоғары жастағы адамдар;

      11) I, II, III топ мүгедектері;

      12) Шет ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар көп балалы және аз қамтылған отбасылар;

      13) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      14) жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандары.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.04.2021 № 4/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері Шет ауданы әкімдігінің келісімі бойынша белгіленеді.

      10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылатындар:

      1) азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян келтірілсе;

      2) амбулаториялық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруы, адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруы болса;

      3) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) айлық орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселік мөлшерден аспайтын жағдайда ұсынылады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 22.06.2022 № 13/157 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері:

      осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көрсеткішті құрайды;

      осы Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көрсеткішті құрайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 22.06.2022 № 13/157 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш беру мерзімі:

      жағдай туындаған күннен бастап алты ай ішінде.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.04.2021 № 4/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымдардың ұсынымына сәйкес уәкілетті орган қалыптастырған тізім бойынша көрсетіледі.

      15. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен ;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.04.2021 № 4/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      16. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.04.2021 № 4/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      17-1. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 37/341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      24-1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы айлық орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      Ескерту. Шешім 24-1 тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 37/341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      25. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 04.10.2018 № 24/209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      26. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 23.06.2016 № 4/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      26-1. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 37/341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      26-2. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 37/341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      26-3. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 37/341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      26-4. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 37/341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      27. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Шет ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару негіздемелері

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.04.2021 № 4/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      28. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      29. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.04.2021 № 4/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      30. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингiн және есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 22.12.2015 № 36/309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.


Шет ауданы бойынша
әлеуметтік көмек көрсетудің,оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

      Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.04.2021 № 4/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.


Шет ауданы бойынша
әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.04.2021 № 4/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20____ жылғы "___"_______

      ________________________________________________________________________

      (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________

      _______________________________________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы ___________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________.

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:

Р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты(бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

























      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.

      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)_________________________________________________________________________

      ________________________________.

      5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):

      ______________________________________________________________________.

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:____________________________________________

      __________________________________________________________________.

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

1

2

3

4

5

6



















      6. Мыналардың:

      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      _______________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _______________________

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:

      __________________________________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:

      __________________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: ______________________ ______________________________

      Комиссия мүшелері: ______________________ _____________________________

      ___________________________ __________________________________________

      ___________________________ __________________________________________

      (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)

      Жасалған актімен таныстым: _______________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      Тексеру жүргізілуден бас тартқан ___________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

      Күні _______


Шет ауданы бойынша
әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.04.2021 № 4/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20__ ж. ___ ______

      Учаскелік комиссия әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауынабайланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының) _________________________________________________________ өтінішін және оған қоса берілген

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде___________________________________________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________

      Комиссия мүшелері: __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ___________ қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған кент, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы _______________________________________________________________