Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы ХХVI сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 26/223 шешіміне өзгерістер енг

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 4/31 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 шілдеде № 3893 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы ХХVI сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 26/223 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2892 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 01 (10517) "Шет Шұғыласы" газетінде, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 8 қаңтарында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
      1) 2 тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";
      2) 26 тармақ алынып тасталсын;
      3) 26-2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 385 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13773 болып тіркелген).".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Р. Шакиржанова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б. Төлеукұлов