Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 26/223 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 13/157 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 маусымда № 28604 болып тіркелді

      Шет аудандық мәслихаты ШЕШТI:

      1. Шет аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 25 қарашадағы №26/223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2892 болып тіркелген) шешіміне, келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      10 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылатындар:

      1) азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян келтірілсе;

      2) амбулаториялық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруы, адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруы болса;

      3) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) айлық орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселік мөлшерден аспайтын жағдайда ұсынылады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер.";

      11 – тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері:

      осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көрсеткішті құрайды;

      осы Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көрсеткішті құрайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысының м.а. Г. Тусупова