Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 26/223 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 2892 болып тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Қоса берiлiп отырған Шет ауданының Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

А. Қызылов

Аудандық мәслихаттың


хатшысы

Ә. Смағұлұлы



Шет аудандық мәслихатының
2014 жылғы 25 қарашадағы
ХХVI сессиясының
№26/223 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы

      1. Осы Шет ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және Шет ауданында тұрғылықты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шет ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылатын комиссия;

      3) әлеуметтік көмек - атаулы немесе мерекелік күндерге және өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда көрсетілетін көмек;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Қарағанды облысының статистика департаменті тоқсан сайын есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауыл, кент әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 23.06.2016 № 4/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.

      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімі (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шет ауданының әкімдігі бекіткен ережелердің негізінде жүзеге асырады.

      7. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) Ауғанстан аумағынан Кеңес әскерлерінің шығарылған күні - 15 ақпан;

      2) Чернобыль атомдық электростанциясындағы апат күні - 26 сәуір;

      3) Жеңіс күні - 9 мамыр;

      4) Балаларды қорғау күні - 1 маусым;

      5) Қарттар күні -1 қазан;

      6) Мүгедектер күні - қазан айының екінші жексенбісі.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылар тізбесі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      2) "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен наградталған адамдар;

      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар;

      4) ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері;

      5) ҰОС жылдары кемінде алты ай жұмыс істеген адамдар;

      6) Ауған соғысына қатысқандар;

      7) Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқандар;

      8) мүгедек балалар;

      9) жетім балалар;

      10) жетпіс бес жас және одан жоғары жастағы адамдар;

      11) I, II, III топ мүгедектері.

      9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері Шет ауданы әкімдігінің келісімі бойынша белгіленеді.

      10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өклді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері 27 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш беру мерзімі:

      жағдай туындаған күннен бастап алты ай ішінде.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымдардың ұсынымына сәйкес уәкілетті орган қалыптастырған тізім бойынша көрсетіледі.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжаттарды ұсынады.

      16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      17-1. Өтініш беруші әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізеледі.

      Ескерту. Шешім 17-1 тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 22.12.2015 № 36/309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      25. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.

      26. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 23.06.2016 № 4/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      26-1. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік бейімделуі қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға біржола төленеді.

      Ескерту. Шешім 26-1 тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 22.12.2015 № 36/309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Респуликасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 17 наурыздағы "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" № 37 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15016 болып тіркелген).

      Ескерту. Шешім 26-2 тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 22.12.2015 № 36/309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 16/129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      26-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.

      Ескерту. Шешім 26-3 тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 22.12.2015 № 36/309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      27. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Шет ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      26-4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызу арқылы беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.

      Ескерту. Шешім 27-4 тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 22.12.2015 № 36/309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару негіздемелері

      28. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      29. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      30. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингiн және есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 22.12.2015 № 36/309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.


Шет ауданы бойынша
әлеуметтік көмек көрсетудің,оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

      Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      _________________________ ________________________

      (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
 

Өтініш берушіге туыстық қатынасы
 

Туған жылы
 










      Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________

      Отбасының құрамы туралы

      мәліметтерді куәландыруға уәкілетті

      органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________

      (қолы)


Шет ауданы бойынша
әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20__ ж. "___" _______ _____________________

      (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________

      2. Тұратын мекенжайы _________________________________________

      3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай

      ___________________________________________________________

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам, оның ішінде:

Р/с

Т.А.Ә.
 

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай










      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ___ адам.

      Балалар саны____жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар __ адам, оқу құны жылына ______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)

      ________________________________________________________

      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек): __________________________________________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ________________

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.
 

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына








      6. Мыналардың:

      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс____________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _______________

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

      __________________________________________________________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):

      __________________________________________________________________

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі

      __________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы

      _________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:

      ________________________ ________________________

      Комиссия мүшелері:

      ________________________ ________________________

      ________________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Жасалған актімен таныстым: ____________________________________

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын _________________

      Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні

      _______________________________________________________________

      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)


Шет ауданы бойынша
әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. ___ ______

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауынабайланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде

      __________________________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________

      Комиссия мүшелері: __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Қорытынды

      қоса берілген құжаттармен ___ данада

      20__ ж. "___" ___________ қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған кент, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

      ________________________________________________________