Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 23-251 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қаңтарда № 10060 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгеріс енгізілетін қаулыларының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының  заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           Қ.Тұрғанқұлов

      Хатшы                                               Б.Мелдешов

Қазақстан Республикасы      
Орталық сайлау комиссиясының   
2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 23/251
қаулысымен бекітілген     

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер
енгізілетін қаулыларының тізбесі

      1. Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/256 қаулысымен.
      2. «Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 870 болып тіркелген) қаулысында:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 12-бабының 1) тармақшасына және 34-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      аталған қаулымен бекітілген Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесінде:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 34-бабының 1-8 тармақтарында белгіленген талаптарды және осы Ережені бұзуы - кандидатты немесе партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға, ал сайлау өткізілгеннен кейін кандидаттың Президент, Парламенттің, мәслихаттардың депутаты ретінде тіркелгеніне дейін тиісті аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.».
      3. «Электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 128/164 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3038 болып тіркелген) қаулысында:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электрондық сайлау жүйесін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдалану ережелерін бекіту туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 12-бабының 1) тармақшасына және 50-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоса беріліп отырған Электрондық сайлау жүйесін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдалану ережелері (бұдан әрі - Ережелер) бекітілсін»;
      аталған қаулымен бекітілген Электрондық сайлау жүйесін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде, пайдаланудың тәртібі жөніндегі Ережелерде:
      жоғарғы оң бұрыштағы: «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» 2004 жылғы 18 тамыздағы № 128/164 қаулысымен бекітілген» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 128/164 қаулысымен бекітілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электрондық сайлау жүйесін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдалану ережелері»;
      «I, II, III, IV, V» тараулардың нөмірленуі тиісінше «1, 2, 3, 4, 5» цифрларымен ауыстырылсын;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып дауыс беру кезінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының нормалары, төмендегідей ерекшеліктерді ескере отырып, қолданылады.»;
      1-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакция да жазылсын:
      «Дауыс беруге арналған үй-жайларда орнатылған жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың ішінде: сайлаушыға дауыс беруге арналған терминалды қалай пайдалану керектігін түсіндіретін нұсқаулық, осы Ережелерге 1-қосымшаға сай экранында электрондық сайлау бюллетені көрсетілетін дауыс беруге арналған терминал орналастырылады. Электрондық сайлау бюллетенінде кандидаттардың тегі, аты, әкесінің аты, сайлау бюллетеніне енгізілген және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың атаулары көрсетіледі.»;
      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сайлаушыларды есепке алуға, осы Ережелерге 2-қосымшаға сай электрондық дауыс беруге арналған құрылғыларды - сайлаушының электрондық карточкаларын беруге жауапты және осы сайлау учаскесіне келген, бірақ сайлаушылардың тізімдерінде жоқ сайлаушылар туралы деректерді нақтылау үшін округтік немесе облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларымен байланыста болатын комиссия мүшелерін айқындайды;»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Электрондық дауыс беруді сайлаушы жасырын дауыс беруге арналған кабинада жүзеге асырады, онда Конституциялық заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге адамдардың қатысуына тыйым салынады.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Жасырын дауыс беруге арналған кабинада дауыс берген сайлаушы электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны (сайлаушының электрондық карточкасын) дауыс беруге арналған терминалдан шығарады және оны сайлаушының көзінше дереу, дауыс беру нәтижелерін учаске компьютеріне есепке қосу үшін осы Ережелерге 3-қосымшаға сай жинақтаушыға салатын сайлау комиссиясының мүшесіне береді.»;
      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Берілген өтініштерге сәйкес, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беретін сайлаушылар туралы деректерді, учаскелік сайлау комиссиясы кемінде 200 сайлаушыға арналған жады бар тасымалданатын электрондық бюллетеньге енгізеді. Дауыс беру Конституциялық заңның 41-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіпке сәйкес өткізіледі.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Дауыстарды санау, Конституциялық заңның 50-6-бабына сәйкес, осы учаскеде дауыс беру аяқталысымен дереу жүзеге асырылады, бірақ осы учаскедегі дауыс беруге арналған барлық құрылғыларда қамтылған деректер электрондық сайлау жүйесіне енгізілмей тұрып басталмауы керек.»;
      аталған Ережелерге 123-қосымшаларда:
      жоғарғы оң бұрыштағы «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 128/164 қаулысына» деген сөздер «Электрондық сайлау жүйесін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдалану ережелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4. «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/26 (2005 жылғы 8 қыркүйектегі № 164 «Юридическая газета» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3820 болып тіркелген) қаулысында:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, «Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 9/2 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      12-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның (бұдан әрі - лингвистикалық комиссия) қорытындысымен, азамат өзін-өзі ұсыну туралы өтініш берген не республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзіндісі кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса тапсырылған сәттен бастап бес күнтізбелік күн ішінде айқындалады.
      2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін тексеруді лингвистикалық комиссия бір күнтізбелік күн ішінде жүргізеді. Отырысты өткізу күні мен уақытын лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатпен келісім бойынша айқындайды.».
      5. «Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7307 болып тіркелген) қаулысында:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сенім білдірілген адамдарды тіркеу тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 және 31-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.»;
      Сенім білдірілген адамдарын тіркеу жөніндегі нұсқаулығы қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы      
Орталық сайлау комиссиясының   
2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 23/251
қаулысына қосымша      

Қазақстан Республикасы     
Орталық сайлау комиссиясының  
2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108
қаулысымен бекітілген     

Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті, мәслихаттары депутаттығына және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдігіне кандидаттардың (бұдан әрі - кандидаттар), партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың (бұдан әрі - саяси партиялар) сенім білдірілген адамдарын тіркеуді нақтылайды.
      2. Кандидаттар, саяси партиялар сенім білдірілген адамдарын өздерінің қалауы бойынша тиісті сайлау округіндегі әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда анықтайды және олар туралы тіркеу үшін тиісті сайлау комиссиясына хабарлайды.
      Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдігіне кандидаттар (бұдан әрі - әкімдікке) сенім білдірілген адамдарын өздерінің қалауы бойынша бес адамнан аспайтын санда анықтайды және олар туралы тіркеу үшін тиісті сайлау комиссиясына хабарлайды.
      Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үштен аспайтын сенім білдірілген адамдары болады.
      Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың әрбір ауданда, қалада, қаладағы ауданда бір-бірден сенім білдірілген адамы болады.
      3. Кандидаттар олардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығының (бұдан әрі - Қағидалар) талаптарына сәйкестігін тиісті сайлау комиссиялары анықтағаннан кейін сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді.
      Саяси партиялар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімдерін ұсынғаннан кейін сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді.
      4. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішті кандидаттардың өздері береді және қол қояды.
      Саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішті «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңына және саяси партияның жарғысына сәйкес уәкілетті адам береді және қол қояды.
      5. Сенім білдірілген адамдарын тіркеу үшін кандидаттар, саяси партиялар тиісті сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі өтініш. Өтініште азаматтығы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), атқаратын лауазымы, туған күні, айы және жылы көрсетіледі;
      2) азаматтың кандидаттың, саяси партияның сенім білдірілген адамы болуға келісетіні туралы өтініші.
      6. Аумақтық сайлау комиссиялары Президенттікке, Парламент Сенатының депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, сондай-ақ саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеуді жүзеге асырады.
      Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеуді жүзеге асырады.
      Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеуді Астана немесе Алматы қаласының сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
      7. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу не тіркеуден бас тарту туралы шешімді тиісті сайлау комиссиясы екі күндік мерзімде қабылдайды.
      Сенім білдірілген адамдарды тіркеу не тіркеуден бас тарту тиісті сайлау комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
      Тиісті сайлау комиссиясы сенім білдірілген адамдарды тіркегеннен кейін оларға куәліктер береді.
      8. Тиісті сайлау комиссиясы кандидаттың, саяси партияның сенім білдірілген адамын тіркеуден мынадай жағдайларда, егер ол:
      1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаса;
      2) Конституциялық заңға сәйкес сайлау комиссиясының мүшесі болып табылса;
      3) «Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығына сәйкес мемлекеттік саяси қызметші лауазымын атқарса, бас тартады.
      9. Сенім білдірілген адамның Конституциялық заңның 31-бабы 4-тармағының, Қағидалардың 35-тармағының талаптарына сәйкестігі осы Нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес кандидат, саяси партия ұсынған құжаттардың негізінде анықталады.
      10. Сенім білдірілген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейін, өз ұйғарымымен, кандидаттың және саяси партияның шешімімен, сондай-ақ кандидатты, партиялық тізімді тіркеудің күші жойылған, Конституциялық заң бұзылған жағдайларда өз мәртебесінен айырылады.