Электрондық сайлау жүйесін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдалану ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 128/164 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 тамызда тіркелді. Тіркеу 3038

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулыға 56-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 2-жолдағы "шамамен 3,0 млн. га. алаңда" деген сөздер "шамамен 3,5 млн. гектар алаңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетiлген қаулыға 89-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 2-жолда:
      "Ақтөбе - 1 ауылдық несие серiктестiктерi;" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Атырау - 1 ауылдық несие серiктестiктерi;";
      "Қызылорда - 2 ауылдық несие серiктестiктерi;" деген сөздер "Қызылорда - 1 ауылдық несие серiктестiктерi;" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі