Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № а-6/303 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 4288 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № а-4/152 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № а-4/152 (қол қойылған күнінен бастап күшінен енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы З.Б. Жүсіповаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ерейментау ауданының әкімі Т.Қ.Мұханбеджанов

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 16 маусымдағы
№ а-6/303 қаулысымен
бекітілді

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен Сілеті ауылы әкімімен ресімделетін шешімдер мен өкімдерді қабылдайды.
      7. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 020809, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Сілеті ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 7.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      12. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары

      13. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің миссиясы: тиісті аумақтарды дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктерімен байланысып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.
      14. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері: ауыл әкiмінiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.
      15. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің атқаратын міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет егемендігін, Конституциялық құрылысын қорғау және бекіту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету саясатын жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс, аудан, округ және ауыл әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің мінсіз орындалуын ұйымдастырады;
      3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырады;
      4) ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің талдауын жүргізеді, тиісті ұсыныстар дайындайды;
      5) мемлекеттік органның жұмысына объективті талдау жасайды, ауыл әкімнің қатысумен шешімді қажет ететін маңызды мәселелерді анықтайды;
      6) заң және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік және еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті бекітуге көмектеседі;
      7) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарайды, оларды қабылдауды ұйымдастарады;
      8) мемлекеттік және орыс тілдерін дұрыс қолдануға бағытталған шараларды, іс жүргізу ережелерінің сақталуын, мемлекеттік орган жұмысының тәсілдері мен әдістерін жақсартуды жүзеге асырады.
      16. Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің құқығы мен міндеттері:
      1) Өз құзыреттігі шегінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
      2) мемлекеттік көліктерді, байланыс жүйелері мен коммуникацияларды пайдалану;
      3) мамандарды жұмысқа тарту, оның ішінде құқық қорғау, қаржы, салық және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін шарт негізінде;
      4) мемлекеттік билік органдары қызметінің құрылымын жетілдіру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, еңбек шартының, олармен шығарылған актілердің талаптарын сақтау;
      6) қызметшілерді кәсіби дайындау және қайта дайындау және біліктіліктерін жетілдіруді қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемені басшылық ету ауыл әкімімен жүзеге асырылады, ол ауыл әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапкершілікті атқарады.
      18. Ауыл әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы Ережесіне сәйкес лауазымға тағайындалады, өкілеттілігі тоқтатылады және лауазымынан босатылады.
      19. Ауыл әкімінің өкілеттігі:
      1) мемлекеттік орган мамандарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
      2) заңнамаға сәйкес ауыл аппаратының қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады;
      3) мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарда ауыл әкімі аппаратының мүддесіне өкілдік етеді;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған, шаралар қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауапкершілік атқарады;
      5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ауыл аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалауға құқылы;
      6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 10.04.2015 № а-4/200 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
      21. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.